Connect with us

Дерек

Улаанбаатардағы қазақ, түрік ас үйінің тағамдарын жеп көруге болатын жерлер

Published

on

22 қаңтар, KAZNEWS.Орда, Бесбармақ, Мармара және Султана: қазақ, түрік ас үйінің тағамдарын жеп көруге болатын жерлерді таныстырамыз.

Орда халал рестораны

Мейрамхана америкалық үлгідегі интерьер дизайнымен ерекшеленеді. Ас мәзірінде әр түрлі моңғол, еуропа, қазақ халқының халал тағамдары бар.

Қазы, пицца қатарлы жеңіл тағамдарды қымызбен бірге дәмін татып көруге болады.

Мекен-жайы: Баянзүрх районы, Орчлон комплекстің 2-қабаты

Жұмыс кестесі: 10:00 — 22:00

Байланыс нөмірі: 99106578 Facebook

«Бесбармақ» мейрамханасы

«Бесбармақ» мейрамханасы Улаанбаатар қаласы «Манлайбаатар Дамдинсүрэн» көшесі мен «Сангийн хороо» көшесінің қиылысында орналасқан. Мұнда жалғыз немесе достарыңызбен дәмді және тойымды тамақ іше аласыз. «Бесбармақ»-та қазақтың ұлттық тағамдардан басқа Еуропа, Моңғол ас үйінің халал тағамдары ұсынылады.

Сонымен қатар қала аумағында жанұялық сет «қазы, жылқы еті, бесбармақ, плов, кеспе, бауырсақ» жеткізіліп беріледі. Бағасы қол жетімді.

Мекен-жайы: Баянзүрх районы

Жұмыс кестесі: 11:00 — 20:00

Байланыс нөмірі: 99496255, Facebook

Marmara Turkish Food House

Мейрамxана мәзірінде көбінесе: Қуырылған балық, қуырылған тауық, BBQ қуырылған қабырға, түрік қуырдақ, дәмді картоп. Өзіндік рецепт бойынша дайындалатын оңдаған тағамнан тұратын мәзір европа және түрік тағамдары ұсынылған.

Сонымен қатар күнделікті түрік таңғы асы сізді күтуде.

Мекен-жайы: Чингэлтэй районы

Жұмыс кестесі: 09:00 — 22:00 (25 қаңтардан бастап жұмыстайды)

Байланыс нөмірі: 94099000, Facebook

Sultana Arabic and Turkish Cuisine

Мейрамxана мәзірін араб және түрік тағамдар құрайды: измир кофте, адана кебаб, шашлық, котлет, сорпа және өзге тағамдар ұсынылады.

Әр түрлі мейрамдарға арналған ас мәзірі, Рамазан айында ифтарға арналған мәзір даярланады.

Мекен-жайы: Хан-Уул районы, Зайсан, Танк көшесінің қасында

Жұмыс кестесі: 10:00 — 22:00

Байланыс нөмірі: 75777011, 94997011 Facebook

Advertisement


Дерек

Жолдау-2100: Дәрігерұлы Бағдаулет енді білімін шетелде жалғастырмақ

Published

on

29 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның Ғылым, технология университетінен құрылыс инженері мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенті Дәрігерұлы Бағдаулет енді білімін шетелде жалғастырмақ. Бұл туралы Моңғолия Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баян-Өлгий аймағынан Дәрігерұлы Бағдаулет Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» бағдарламасы арқылы құрылыс инженері мамандығы бойынша шетелге оқуға жолдама алды.

Ол жоғарғы оқу орындарына ілестіру бірыңғай сынағын сәтті тапсырған. Ағылшын тілі пәні бойынша ең жоғарғы яғни 800 ұпай, математика пәні бойынша 758 ұпай, орташа есеппен 779 ұпай жинаған.

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің жолдауын ата-анасына Президент әкімшілігінің өкілдері жеткізіп берген.

Continue Reading

Дерек

Казньюс ақпарат агенттігінің 10 жылдық мерей тойы тойланды

Published

on

25 қараша күні Казньюс ақпарат агенттігінің орнауының 10 жылдық мерей тойы тойланды.

Салтанатты рәсімді Казньюс ақпарат агенттігінің негізін қалаушысы Өмірбек Қабайұлы ашып, құттықтау жолдады. 

«Кеш жарық құрметті ағайындар! «Казньюс» ақпарат агенттігінің құрылғанына биыл 10 жыл толып отыр. 2011 жылы 11 қарашада құрылып, 2018 жылы Моңғолияның Байланысты реттеу комитетінен ақпараттық құрал мәртебесін алған. Өздеріңізге белгілі болғандай 2020 жылы Қазақпарат халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдығына орай “Үркер” ұлттық сыйлығымен марапатталдық. 2021 жылға дейін агенттіктің сайты 5 рет жаңарып, заманауи, жаңа технологиялық талаптарға сай қызмет көрсетуде. Бүгінге дейін 3500 ге жуық материал жарияланып, интернетте қазақ тілді контенттердің санын арттыруға, Моңғолия мен Баян-Өлгий аймағын дәріптеу жолында сүбелі еңбек атқарып келеді. Бүгін біз Моңғолияда алғаш рет KAZNEWS агенттігінің 10 жылдығына орай HIT NEWS 2021 сыйлығын табыстау рәсімін өткізбекпіз. Ақпарат агенттігінде 2021 жылы жарияланған мақала, жаңалық, сұхбаттардан ең көп талқыланып, ең көп оқылған ақпараттардан үздіктерді анықтап отырмыз. Сыйлықты дауыс беру арқылы емес сайттағы сандық жүйеге негізделген статистикалық мәліметтерге жүгіне отырып анықтадық.

Жақсы жаңалығымыз көп болсын! Барлықтарыңызға, отбасыларыңызға амандық, саулық, сәттілік тілеймін. Той құтты болсын ағайын!»-деді Өмірбек Қабайұлы құттықтау сөзінде.

Салтанатты іс-шарада Моңғолия Парламентінің депутаты Әубәкір Тілеуханұлының, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев мырзаның, Отандастар қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов мырзаның құттықтауы оқылды.

Аймақ әкімі Бауыржан Дәлелұлы Казньюс ақпарат агенттігінің 10 жылдық мерей тойымен құттықтап сөз сөйлеп, Өмірбек Қабайұлын «Баян-Өлгий аймағының озат қызметкері» төсбелгісімен марапаттады.

HIT NEWS 2021 аясында ең көп оқылған сұхбат иелеріне алғашқы марапатты аймақ әкімі Бауыржан Дәлелұлы табыстады.

Мирас Мұхамеджанұлына «Кәсіп бастау үшін – ең бастысы талап пен ниет дұрыс болу керек», Сәуле Серікбайқызына «Баян-Өлгийден шыққан граффити-суретші», Серікболат Манапұлына «Туристерді Баян-Өлгийдің әсем табиғатымен саятшылық өнері қызықтырады» тақырыбындағы сұхбаттары ең көп оқылғаны үшін HIT NEWS 2021 сыйлығы берілді.

Ең көп көрген бейнебаян аталымы бойынша тағайындалған сыйлықты сахана төрінде аймақтық Азаматтар Өкілдері Хуралының депутаты Дәрмен Құзыкейұлы табыстады. Бұл сыйлық «Ағажай-Алтай» әнін қазақ тілінде шырқап Моңғолияда және Қазақ елінде үлкен қошеметке ие болған жас әнші Амгаланқызы Мөнх-Ундрахға берілді.

KAZNEWS ақпараттық порталы дайындаған материалдарды 2021 жылы 200 мыңға жуық интернет тұтынушы оқыған. Ең үздік ақпарат «Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі» рекордтық көрсеткішке ие болды. Биыл бұл мақаланы 190560 адам оқыған болса, «Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы жастардың пікірін» – 162931 адам қарап шыққан. 

Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы пікірін білдірген Берденбек Ерғабылұлы, Гүлбану Төлеуханқызы  HIT NEWS 2021 сыйлығымен марапатталды.

Марапатты Монцамэ агенттігінің өкілі Нұрболат Өнерханұлы, аймақтық Журналистер одағының төрағасы Еркінбек Бөденұлы табыс етті.

 

Казньюс ақпарат агенттігінің дамуына ақыл кеңесін беріп, үлес қосқан Сәбет Насырұлына алғыс хат, Дербес телеарнасының 10 жылдығына орай арнайы марапат табысталды.

HIT NEWS 2021 сыйлығының Мәдениет айдары бойынша тағайындалған сыйлықты М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрының директоры Сәйгүлік Жәнімханқызы табыстады. Бұл сыйлық халықаралық байқауда жүлдегер атанған Дастан Қаламханұлы мен Сәтжан Класханұлына, «Күлтегін» этно-фольклорлық ансамблінің директоры Еркінбек Мамырханұлына берілді.

HIT NEWS 2021 сыйлығының Спорт айдары бойынша тағайындалған сыйлық жас палуан Иманғали Бақытұлы мен ең нәтижелі футболшы атанған Өтеген Естайұлына табысталды. Марапатты Денешынықтыру, спорт басқармасының бастығы Қайнар Қайсанайұлы табыс етті.

 

 

Сонымен қатар, Ең көп пікір жинаған үздік фотографияға берілетін HIT NEWS 2021 сыйлығы жапонияда өткен халықаралық жасөспірімдердің фестивалінде жеңімпаз атанған оқушыларға берілді. Марапатты аймақтық АӨХуралының депутаты, аймақтағы НИК компаниясының бөлімшесінің директоры Асылбек Сыдықұлы табыстап берді.

Моңғолия Парламентінің депутаты Әубәкір Тілеуханұлының құттықтауын Өмір Құрметұлы табыс етті. Тойға келген қонақтар арасынан аймақтық депутаттар Дәрмен Құзыкейұлы, Асылбек Сыдықұлы, Заңғар Есентайұлы, Мүпти Қабылұлы және Спорт, денешынықтыру басқармасының басшысы Қайнар Қайсанайұлы, М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрының директоры Сәйгүлік Жәнімханқызы, Өлгий қаласы әкімінің өкілі Айтуған Әлиханұлы, Стандарт, метрология басқармасының өкілі Мұрат Пушкейұлы, Журналистер одағының төрағасы Еркінбек Бөденұлы, журналист Сәбет Насырұлы, Нұрболат Өнерханұлы, Бақытбек Әбділұлы, Аманкелді Тоқтамұратұлы қатарлы азаматтар құттықтау жолдап, табыс тіледі. 

КАЗНЬЮС АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ

Continue Reading

Дерек

Америка мен өзге державалар мұнай бағасын түсіру үшін күш біріктіріп жатыр

Published

on

25 қараша, KAZNEWS. Дүниенің алып экономикалары әлемді қымбатшылық қысқан шақта ОПЕК+ альянсын өндірісті қысқартуға көндіре алмады. Бұл жөнінде мақала Inbusiness.kz ақпарат порталында жарық көрді.

АҚШ бастаған бірқатар ірі елдер резервтегі отынын нарыққа шығарып, ғаламдық нарықта шикізат бағасын арзандатудан үмітті.

Соңғы кездері АҚШ ОПЕК пен оның одақтастарына (ОПЕК+) мұнайды көбірек өндіріп, бағаны түсір деген қысымды күшейтіп келеді. Алайда шикізат экспорттаушы картель үшін бұл талап жаңа проблемаға айналып отыр. Өйткені онда өндірісті арттыруды қалағанның өзінде, көмірсутегіні бұрынғыдан көбірек шығаратын мүмкіндік жоқ.

ОПЕК+ ұсынысты көбейту үшін 2020 жылы өндіріске қойылған шектеулердің рекордтық бөлігін алып тастады. Айта кетсек, былтыр әлемде пандемияға байланысты энергияға сұраныс мейлінше құлдырағаны белгілі. Бірақ биыл үш жылдық максимумға жеткен мұнай бағасына алаңдап отырған Вашингтон өндірістің қазіргі арту деңгейіне риза емес.

Құрамына Ресей, Қазақстан тәрізді елдер кіретін ОПЕК+ Құрама Штаттардың өндірісті тезірек арттыру туралы қысымына көнбей, оны тамыздан бері тәулігіне 400 мың баррельге ғана өсіруге келісті. Себебі бұл межеден асса, ғаламдық нарықта мұнай тым көбейіп кетеді деген қауіп бар. Халықаралық энергия агенттігінің мәлімдеуінше, ОПЕК+ күніне сол 400 мың бөшке мұнай шығару мақсатына да жете алмай отыр. Сондықтан шикізат бағасы әлі ұзақ уақыт бойы жоғары болуы мүмкін.

Бұрындары ОПЕК-тің Африкадағы мүшелері мен тіпті Парсы шығанағындағы мемлекеттері қосымша қолма-қол ақша керек болғанда, өндірісті квотадан асырып жіберетін. Бірақ пандемия мен экологиялық талаптарға байланысты, әсіресе, ОПЕК-тің кедей елдерінде бұл салаға инвестиция азайып, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ирак мемлекеттерінде ғана өндірісті жылдам арттыруға мүмкіндік қалып отыр.

Президент Дональд Трамп тұсында Вашингтон ОПЕК-тен өндірісті, керісінше, қысқартуды талап етті. Ол кезде мұнай бағасы барынша құлдырап, АҚШ-тың мұнай өнеркәсібін күйретуге шақ қалған еді. Пандемия барысында ОПЕК радикалдық қадамға барып, өндірісті тәулігіне 10 миллион баррельге азайтты. Қазір заман өзгерді. Сұраныс болжамдағыдан әлдеқайда тез қалпына келіп жатыр. Байден әкімшілігі баяғы позициясынан бас тартып, өндірісті күшейтуді талап етуге кірісті. Ақ үйдегілердің ойынша, биылдың өзінде 50 пайыздан астам қымбаттаған мұнай бағасы әрі қарай өсе беретін болса, әлем экономикасының қайта жандану үрдісі тоқтап қалуы ғажап емес.

Бұған қоса, сейсенбі күні Құрама Штаттарда бензиннің орташа бағасы 3,40 долларға жетті. Ал былтыр Америкада жанармай шамамен 2,11 долларға сатылған еді. Энергетикалық отынның қымбаттауынан АҚШ-та инфляция деңгейі соңғы отыз жылда тез өсіп, азық-түлік бағасы шарықтап барады. Осының салдарынан бүгінде Байден саяси және экономикалық қиындықтарға тап болып, оның партияластары – демократтарға республикашылдар тарапынан шабуылдар жиіледі.

ОПЕК+ альянсын дегеніне көндіре алмаған және келесі жылы өтетін аралық сайлау қарсаңында рейтингін төмендетіп алған Байден Ұлыбританияны, Қытайды, Үндістанды, Жапонияны, Оңтүстік Кореяны АҚШ-пен бірге резервтегі отын қорын нарыққа жіберуге үндеп отыр. Сейсенбі күні АҚШ әкімшілігінің өкілдері Байденнің Энергетика министріне Стратегиялық резервтен 50 млн бөшке мұнайды қолдану туралы бұйрық бергенін хабарлады.

Алайда Лондондағы Energy Aspects нарықты зерттеу фирмасының дерегінше, трейдерлер қоймадан 100 миллион баррель босатылады деп үміттенген.

Ұлыбритания 1,5 миллион шығаруға келіссе, Үндістан запастан тек 5 миллион алуға дайын. Ал Жапония мен Оңтүстік Корея 4-5 миллион шығаруға әзірлік білдірсе, Қытай бұл бағыттағы жоспарының мән-жайын ашып айтпай отыр. Бірақ мемлекеттердің мұнайды көптеп сатуына бір кедергі бар.

Ол қандай кедергі. Толығырақ оқу үшін Inbusiness.kz сайтына өтіңіз.

Continue Reading

Дерек

Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті

Published

on

2021 жылы 23 қараша Нұр-Сұлтан қаласы Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға «Отандастары Қоры» КЕАҚ Президент кеңесшісі Дидар Болат, Зерделі ақыл-ой орталығының негізін қалаушы Өжет Мәуіт, Йокохамманың Қазақстандағы ресми өкілі, меценат, кәсіпкер Сырымбек Тау қатысты.

Қоғам ұйымдастыруымен өткен жиынның мақсаты атажұртқа келіп кәсібін дөңгелетіп отырған қандас кәсіпкерлермен кейінгі буын жастардың пікір алмасуын ұйымдастыру. Кездесу аясында «Отандастар Қорының бүгіні мен болашағы», «Білім және бизнес», «Қазақстандағы кандастардың мүмкіндіктері» тақырыптары ортаға салынып, спикерлер өз пікірін білдірді.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 day ago

Жолдау-2100: Дәрігерұлы Бағдаулет енді білімін шетелде жалғастырмақ

29 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның Ғылым, технология университетінен құрылыс инженері мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенті Дәрігерұлы Бағдаулет енді...

Дерек5 days ago

Казньюс ақпарат агенттігінің 10 жылдық мерей тойы тойланды

25 қараша күні Казньюс ақпарат агенттігінің орнауының 10 жылдық мерей тойы тойланды. Салтанатты рәсімді Казньюс ақпарат агенттігінің негізін қалаушысы Өмірбек...

Дерек6 days ago

Америка мен өзге державалар мұнай бағасын түсіру үшін күш біріктіріп жатыр

25 қараша, KAZNEWS. Дүниенің алып экономикалары әлемді қымбатшылық қысқан шақта ОПЕК+ альянсын өндірісті қысқартуға көндіре алмады. Бұл жөнінде мақала Inbusiness.kz...

Дерек6 days ago

Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті

2021 жылы 23 қараша Нұр-Сұлтан қаласы Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға «Отандастары Қоры» КЕАҚ Президент кеңесшісі Дидар...

Кітаптан үзінді...2 weeks ago

Сұлтан Тәукейұлының «Сеңгір таулар» романы туралы

17 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Моңғолия жазушылар одағы сыйлығының иегері, Мемлекет, қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлының «Сеңгір таулар»...

Дерек2 weeks ago

Tapsir.com платформасы қәзіргі қоғамда үлкен сұранысқа ие

15 қараша, KAZNEWS. Жәнібекұлы Тәпсір моңғолияда компанияларды басқаруға арналған веб-бағларламаны жасап шықты. Tapsir.com деп аталатын платформасы қәзіргі қоғамда сұранысқа ие...

Дерек3 weeks ago

«Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов құттықтау жолдады

12 қараша, KAZNEWS. «Отандастар қоры» жанынан құрылған «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясының» мүшесі, Моңғолиядағы қазақ тілді KazNews.mn ақпарат...

Дерек1 month ago

«Отандастар Қоры» КЕАҚ жанынан «Шетелдегі қазақ тілді БАҚ ассоциациясы» құрылды

2021 жылы 27 қазан «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясы» құрылды. Аталған...

Басты назарда