Connect with us

Лайфстайл

Бангкок ең көп туристер қабылдаған қала атанды

Published

on

KAZNEWS – Халықаралық қаржы фирмасы Mastercard тарапынан жарияланған 2017 жаһандық қалалар индексінде биыл ең көп шетелдік туристті тартқан алғашқы 30 қаланы белгіледі.
2017 жылы ең көп шет елдік турист қабылдаған қала ретінде Тайланд астанасы Бангкок танылып отыр. Бангкок биыл 19,4 миллион шетелдік турист қабылдаған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 21,4 млн болатын. Репортта өткен жылы ең көп турист күтіп алған 30 қаланың тізімін екі жыл қатарынан Тайландтың астанасы Бангкок бірінші орынды иеленіп келеді.
9 жылдан бері жарияланған рапорт жалпы халықаралық турист саны, шекарадан өтулері, туристтердің қалада жұмсаған ақшалары және жолаушы санындағы өзгерістер назарға алына отырып дайындалуда.
Одан кейін ретімен Ұлыбританияның астанасы Лондон, Францияның астанасы Париж, Біріккен Араб Әмірліктерінің ең үлкен қаласы Дубай және Азияның қала мемлекеті Сингапур, АҚШ-тан Нью-Йорк, Оңтүстік Корея астанасы Сөул, Малайзия астанасы Куала-Лумпур, Жапония астанасы Токио, Түркия астанасы Истамбул еніп отыр.

Advertisement


Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лайфстайл

МҰХ-ның мүшелері мен аймақ басшыларына ашық хат

Published

on

МҰХ-ның мүшелері Қ. Бәделхан, Г. Солтан, Д. Мұрат
Баян-Өлгий Аймақтық азаматтар өкілдері Хуралы төрағасы Д. Бауыржан, Аймақ әкімі Ә. Ғылымхан,
Білім, мәдениет және өнер басқармасы бастығы Қ. Зәурелерге

Ашық хат

2019.12.18 Соғақ

Мен Уақ-қыдырма тегі Баатаржав Жүкейұлы 1990 жылы Қобда мұғалімдер институтын моңғол тілі мен жазуы мамандығы бойынша бітірдім. Алғашқы еңбек жолымды Баяннуур сұмындық он жылдық орта мектебінен бастап, Көкмойнақ, Ойғыр мектептерінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры қатарлы қызметтерді атқарып, білім саласына 30-дай жылғы терімді төккен ауыл мектебінің қатардағы қарапайым ұстаздарының бірімін. Білім саласын нарықтық жүйеге бейімдеу, білім туралы топтама заңдарды іске асыру, оқыту технологиясын жаңалау «шәкірт орталықты» әдістемені қолдану, «тірек бағдарламасы», «жетілдірілген бағдарлама» секілді бұл салада жүргізілген барлық өзгерту жаңартулардың бел ортасында болдым.
Соңғы 30 жылда аймағымыздың білім саласы бүгінгі өскелең талапқа сай дамып, ілгерледі ме? Әлде, кейін қалды ма? Бұған қорытынды жасау үшін кешенді, ауқымды зерттеу қажет болғанымен 30 жыл осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген адам тұрғысынан сіздерге айтар сөзім бар. Өткен ғасырдың 80-90- жылдарына тоқталмай –ақ, бүгінгі ұлт алдында, ұрпақ алдында, қазақ мектептерінің алдында тұрған ең көкейкесті мәселелерді сіздердің назарларыңызға жеткізіп, оны шешу жолдары жайлы өз ойымды ұсынбақпын:
1. Қазіргі біздің оқу бағдарламамыз «қос тілді оқыту бағдарламасы» дегені болмаса, аты бар да заты жоқ, тұғырнамасы да жоқ. Оның оқыту мазмұны мен әдістемесі ғылыми негізде жүйеленбеген. Қазақ, тыва балаларының күндік, апталық жүктемесі ауыр. Айталық, бастауыш, орта сыныптарда ұлттық бағдарламамен салыстырғанда қос тілді бағдарламамен сабақ істейтін оқушылардың апталық жүктемесі 2-3 сағатпен артық. Кейбір сабақтар күндік кестеге сыйыспайтындықтан түстен кейін шақырып, үйреткен болып жүр. Ал түстен кейін бос орын, кабинет жеткілікті ме? Жоқ, әрине. Шын мәнінде, сабақ жүрілмейді, баланың құқығы бұзылуда. Қазіргі 7-сынып балалары кезіндегі 5-сынып балалары деген сөз. Соңғы сағаттарда парта құшақтап, есінеп еңсесі түскен баланы көз алдарыңызға елестетіп көріңіздер. Атан түйенің жүгін тайлақ түйеге артуға бола ма?!
2. Бастауыш сыныпта моңғол тілі сағатының үлес салмағы басым. Ана тілінде қарыптап оқып, сауаты жаңа ғана ашылып келе жатқан балаға моңғол тілі қатар үйретіле бастайды. 2015 жылы бекітілген Моңғол тілі туралы заңда моңғол балаларына 5-сыныпқа дейін шет тілін енгізбеу туралы арнайы бап бар. Мұның негізін бала бастауыш сыныпта ана тілінде таза, тұнық сөйлеп, қатесіз дұрыс жазып қалыптасу және ана тілінің қыр сырын, оның иірімдерін толық меңгеру керек дегенмен түсіндіреді. Ал, қазақ балалары үшін моңғол тілін ана тілі емес, шет тілі деп көрсек, бұл баптың қазақ балаларына қатысы бар ма, жоқ па? Моңғол тілі сағатын қосу арқылы балалар моңғол тілін толық меңгереді деп көру жаңсақ пікір. Бұл мәселені тек ғана жүйелі оқулық, білікті ұстаз, үздік әдістемемен ғана шешуге болады.
3. Оқулық мәселесі. Қазақ балаларының тіл үйренуіне арналған моңғол тілі оқулығы жоқ. Тек моңғол балаларына арналған оқулықты тура пайдаланып жүр. Бұрыңғы Базылхан, Шерікбай, Өмірзақ жазған оқулықтардың көбі диалог, сұхбаттарға құрылған, жеңіл мәтіндер, мәтін сайын сөздіктер берілумен қатар кітап соңында арнайы сөздік қосымшасы көрсетілетін. Грамматикалық ережелер жүйелі беріліп, оқушы өз бетімен аударма жасап, тіл үйреніп кететін мүмкіндіктер жасалатын. Бүгіндері баланың өз бетімен тіл үйреніп кететін түрлі диалогтарға құрылған қойын кітапшалары, қалта сөздіктері, оқушының моңғол-қазақ сөздігі жоқ. Осыдан жарты ғасырға таяу уақыттың алдында жарық көрген Б.Базылханның «Қазақша-моңғолша» 30 мыңдық сөздігі, 1984 жылы баспадан шыққан «Моңғол-қазақ сөздігі» бүгіндері табылуы қиын және алып жүруге, қолдануға қолайсыз.
4. Орта сынып бағдарламасының соңында жалғыз ғана нұсқау бар. Ол – «барлық сабақты тек моңғол тілінде жүргізу». 6-сыныптан барлық сабақты тура моңғол тілінде жүргізу өте ауыр. Ешбір әдістемесесі жоқ, тек моңғол тілі ғана емес басқа барлық сабақ осы тілде жүріліп отыр. Мұғалім қазақша түсіндіріп береді. Алайда кітап мазмұнындағы ғылыми түсініктер, ереже, анықтамалардың қазақша баламасы жоқ. Көп ұстаздар ғылыми негізде емес қара дүрсін түсінік береді. Моңғолша түсінбеген баланың сабаққа көңілі соқпайды. Сонан біраздан соң тастайды. Ол айналып келіп, білім сапасына келіп тіреледі.
5. Орталықта тұратын кейбір ағайындар тіпті кейбір зиялыларымыздың өзі «баланы жастайынан моңғолша оқыту керек», « қоғамдық ортада тек моңғол тілінде сөйлеу қажет» деген секілді пікірлерді әредік болса да білдіріп жатады. Әрине, бұл жеке адамның құқығы. Әйтсе де, бала жастайынан өз ана тілінің қадір қасиетін сезініп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өссе, өзге ұлттың тілін тез үйреніп, өзге ұлтқа зор құрметпен қарайтын ұлтжанды азамат болып ер жетеді. Бұл орайда Ата заңның 8-ші тармағының екінші бабында көрсетілгендей « ұлт азшылығының ана тілінде қарым қатынас жасау, оқып білім алу, өнер, мәдениет ғылыми жұмыстармен шұғылдану» жайындағы құқықтарымыз толық білуіміз керек және бұл бап жайында жоғарғы сотың түсініктемесін халық көпшілікке тәптіштеп түсіндіруіміз қажет деп білемін.
6. Көп ұлтты Қазақстан, Ресей сынды мемлекеттердің орта сынып тарих оқулықтарында сол елге қоныстанған ұлттардың қалай келгені, қалай қоныстанғаны жайлы шолулар берілген. Ал, осы өлкеге қоныстанғалы 2 ғасырға таяу уақыт болған қазақ ұлты жайлы бастауыш, орта сынып тарих оқулығында бірде бір сөйлем жоқ. Тіпті қазақ балалары мен жастарының өзі қайдан келіп, қайда тұрғаны жайында еш хабарсыз. Мектеп қабырғасында қазақ ұлтының озық дәстүр, үлгі өнеге, тәрбиесі жайлы еш нәрсе айтылмайды. Осыдан болып қазақ балаларына тәлім тәрбиесі босаңсып бара жатқандығы жасырын емес. Соңғы кездері орталық кейбір басылымдарда, әлеуметтік желіде қазақ ұлты жайлы сыңаржақ пікір айтылып жатуының бір себебі осы деп білемін. Егер орта сынып тарих оқулығында қазақ ұлты жайлы 2-4 сағат бағдарлама енсе, моңғол ағайындар біздер жайлы басқаша түсінікте болар еді.
7. Басты тұлға ұстаз мәселесі. Білім саласының ауыр жүгін арқалап жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген көптеген әріптестеріммен мақтанамын. Алайда мұнымен бірге білім, білігі таяз, үйрету әдіс тәсілі осал ұстаз деп айтудың өзі қиын адамдар да білім саласында баршылық. «Е, мал іші ғой, бірер жарым ондайлар болады ғой» деп көрсек те, ондайлардың үлес салмағы жылдап-айлап артып келе жатқанын айтпау мүмкін емес. Ешбір сынақсыз, білім, білігі осал адамдар мектеп деген киелі орданың табалдырығын аттай беретін болды. Мектеп жас ұрпақты оқытатын, тәрбиелейтін, дамытатын, соңында азамат етіп қалыптастыратын үлгі өнеге, тәлім тәрбие беретін ғылым мен білімнің ұясы. Іс әрекеті үздіксіз жүріліп, нәтижесі ұзақ мерзімде шығатын технологиясы өте нәзік сала. Соңғы кезде мектептің осы бір ізгі мұраты көмескіленіп, сайлауда жеңген партия адамдарының жалақы алып, жан сақтайтын қамқорлық орнына айналып бара жатқаны жасырын емес. Бұл турасында Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлтты түзеймін десең, ұрпақты түзе, ұрпақты түзеймін десең, ұстазды түзе» деген ұлағатты сөзін еш естен шығармаған абзал.
8. Басшылық жайлы. Бастық ол жүрегінде иманы, бетінде ары, басында білімі, бойында өмір көрген тәжірибесі мен бірге туа біткен дарыны бар, ұйымдастырушылық қабілеті зор адамдардың айналысатын өнері. Яғни, басшылық ақылмен, айламен жүргізетін өнер. Халықтың өмірін оның жан дүниесін терең сезінетін, қол астындағы адамдардың өсіп жетілуіне ықпал ететін елгезек, кішіпейіл, білімді, арлы білікті басшылар бар. Әрине олардың іс әрекетіне қуанып отырамыз. Елдің сөзін сөйлеп, жыртысын жыртып жүрген халық қалаулылары да көп. Сонымен бірге басшылықтың әліпбиін де танымайтын, әр нәрсеге партиялық көзқараспен қарайтын, елді ұнамды ақыл парасаты, білім білігі, өзінің көшбасышылық қасиеті емес, қорқытып үркітіп, бопсалап басқаратын басшылар да баршылық. Абай атамыз:
Қолда келе бере ме жұрт меңгермек,
Адалдық, арамдықты кім теңгермек?
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттей қор боп, өзіне сөз келтірмек, – дегендей осындайдан болып, ел ішінде шолақ депутат, шолақ әкім, шолақ белсенді деген сөз тіркесі қалыптаса бастады.
1928-30 жылдары өздерін солшылдармыз деп билікке келген білім тәжірибесі аз, ар иманы төмен адамдар халықтың нақты жағдайымен санаспай, мыңдаған жылдар қалыптасқан салт дәстүріне жат әрекеттер жасап, асыра сілтеушіліктен болып, халық қаншама зардап шекті. Сол зардапты жою үшін қаншама уақыт, қаншама қаржы жұмсалды. Біз өткен тарихтан ғибрат алуымыз керек. «Қатынның қарызы байында, халықтың қарызы ханында» деген атам қазақ. Жүз мың халықтың көз жасын арқалап, тауқыметін көтеріп отырған сіздерді менің төмендегі ұсыныс, пікірімді мемлекет, үкімет құзырына жеткізіп, шештіру үшін атсалысады деп сенемін.
1. Қос тілді бағдарламаны ғылыми орталықтар, әдістемелік мекемелер, жетекші ғалымдар, ұстаз педагогтардың пікір ұсынысын ала отырып, ғылыми негізде жасатып бекіттіру;
2. Қазақ, тыва мектептерінде сабақтың жүрілу уақытын 40 минуттан 35 минут болдыру мәселесін жүйелі түрде түсіндіріп шештіру;
3. Бастауыш сыныпта ана тілі мен моңғол тілінің үйлесімді қатынасын енгізіп, әлем тәжірибесіне негіздеп, баланың психологиялық және физиологиялық ерекшелігі мен оның қызығушылығына негіздеп, моңғол тілінің оқулықтарын бастыру;
4. Моңғол тілінің орта сынып оқулықтарын білікті тәжірибелі ұстаздарды жұмылдырып, жаздырып бастыру, оқулықтарды күнделікті қолданысқа негіздеп жасау;
5. Оқушылар мен жастардың тіл үйрену қажеттілігін өтей алатын әртүрлі диалогтық сөздіктер, қалта сөздіктері, моңғолша-қазақша оқушы сөздігін басып шығару, оған қаржы бөлу;
6. Орта сыныптарда моңғол тілінен басқа сабақтарды моңғолша жүргізетін әдістеме дайындау, пәндер бойынша терминологиялық сөздіктер жасау, табиғат тану сабақтарында Қазақстан оқулықтарын қосымша пайдалану;
7. Ата заңның 8-тармақ, 2-бабына Жоғарғы соттан түсінік алу. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілікке түсінік беру, насихаттау;
8. Орта сыныптың «Моңғол тарихы» оқулығына қазақ халқы жайлы шолу енгізу мәселесін қою;
9. Мектептің мәртебесін көтеру, ұстаздарды ашық сынақтан өткізіп, жұмысқа алу туралы арнайы ереже бекіту. Халық көпшілік мемлекет емес ұйымдардың бақылауында сынақтан өткізу;
10. Бұл мәселеге қоғамның назарын аударту. Аймағымыздың барлық ұйым мекеме басшылары, мемлекеттік емес ұйымдардың жетекшілері, кезіндегі ел бастаған азаматтар, зейнеттегі мектеп директорлары, аға ұстаздар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қамтыған аймақ деңгейінде жиын өткізіп, көпшілік талқысына салу;
11. Еліміз 2025 жылы моңғол ұлттық жазуына, Қазақстан 2021 жылы латын әліпбиіне көшеді. Бұл жайлы басшылар да, зиялы қауым да әзірге ауыз ашпай келеді. Тіпті дайындығымыз да жоқ. Осыны да естен шығармай, әзірлік шараларын алуымыз қажет.
Бүгін дүние өте жылдам өзгеру үстінде. Электрондық үкімет, жасанды интеллект, жаһандану секілді ұғымдар күнделікті өмірімізге ене бастады. Әрбір ел дүниенің төрінен орын алуға ұмтылып жатыр. Ал біздер болсақ, бір-бірімізді қудалауға, айтысып тартысуға, бақталасып, соттасуға көп уақытымызды арнап жүрміз. «Екі түйе сүйкенсе арасында шыбын өледі» дейді. Партиялардың теке тіресінен жас ұрпақ зардап шегуге тиіс емес. Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы осыдан бір ғасыр бұрын : «Елді оқығандар бүлдіреді. Ең әуелі, Алашқа аты шыққан азаматтар сендер ауыз бірлікте болыңдар! Сендер ауыз бірлікте болмасаңдар, ертеңгі халықтың көз жасына өздерің қаласыңдар!» – деген сөзі бүгінге дейін маңыздылығын жойған жоқ. Большевиктік партияның жырын жырлап, сойылын соққан Сәкен, Бейімбет, Ілиястар қайда?! Алаштың ұранын көтеріп, күнін жоқтаған Ахмет, Әлихан, Міржақыптар қайда?! Ойланайық… Қазақты қазақ жеңіп қай мұратқа жетеміз?! Ұрпақтың келешегі үшін іс тындырып, із қалдырайық.

Зор құрметпен, аға ұстаз Жүкейұлы Баатаржав

Continue Reading

Лайфстайл

Жаңа жылда қандай сыйлық сыйлаймын?

Published

on

Мерекеде бастысы қымбат сыйлық емес, көңіл екенін ұмытпаңыз.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жұмыс кестесі тығыз болып, көптеген адам жақындарына сыйлық сатып алуда қиналып жатады. Бірінің уақыты болмаса, екіншілері дұрыс таңдау жасай алмайды. Осы орайда назарларыңызға ерекше сыйлықтар тізбесін ұсынамыз.

Тәтті кәмпит пен печенье

Жаңа жыл мерекесінде алыс-жақын туысқандарыңызға не сыйлайтыныңызды білмесеңіз, әдемі қапталған кәмпит немесе бәліш әзірлеуіңізге болады. Бұл сыйлығыңыз жасы үлкеннің де, кішінің де көңілінен шығатыны сөзсіз. Тіпті, ұнатпай жатса, оны екінші бір адамға сыйлап жібере алады.

Егер Жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас салдарынан жоғарыдағыларды әзірлеуге уақытыңыз болмаса, оны арнайы дүкеннен сатып алуыңызға болады. Сондай-ақ, осы дүкен өнімінің сыртын безендіретін байлауыш пен түрлі-түсті қағаз сатып алуды ұмытпаңыз.

Барлығымыз да жан-дүниемізде бала болғандықтан, тәтті тағам ағзамыз үшін антидепрессант ретінде әсер ететіні сөзсіз. Мұнымен қатар, сусындар туралы да ұмытпаған жөн: шай немесе кофе жиынтығы мұндайда таптырмас сый болмақ. Ыстық сусын тәнді ғана емес, көңілді де жылытатын болады.

Печеньеден жасалған үй

Ерекше заттар

Қиялыңызға аздап ерік беретін болсаңыз, Жаңа жыл мерекесіне не сыйлауға болатынын міндетті түрде табасыз. Ол үшін міндетті түрде қымбат сыйлық іздеудің қажеті жоқ. Мысалы, іздегеніңізді кәдесыйлар сататын дүкеннен табуыңызға болады.

Достар мен әріптестерге

Жаңа жылға арналған сыйлықтар мереке кезінде көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, әріптестеріңізбен арадағы ренішті ұмытуға көмектеседі. Мысалы:

  • флешка;
  • визитка салғыш;
  • блокнот;
  • кітап;
  • күнтізбе;
  • танымал брендертер қаламы;
  • үстелге қоятын мүсіндер;
  • термокесе;
  • телефон қуаттағыш;
  • оятқыш;
  • қолдан жасалған сабын;
  • хош иісті шам;
  • арзан сыйлықтар

Жаңа жыл қарсаңында барлығына бірдей сый жасағымыз келетіні сөзсіз. Мұндайда эконом-сыйлықтар көмекке келеді. Кішкене сыйлықтың өзі адамның керегіне жарауы мүмкін.

Қолжетімді сыйлықтарға мысал:

  • ваннаға арналған кішігірім жиынтық;
  • жанатын автоқалам;
  • шыршаға ілетін ойыншық;
  • жүннен тоқылған шұлық;
  • қолғап;
  • планшет немесе телефонға арналған қап;
  • косметика;
  • әмиян.

Пайдалы заттар айтарлықтай қымбат емес. Мұндай креативті сыйлықтар бірінші кезекте оны сыйлаған адам және бірге өткізген уақытты еске түсіреді.

Бірегей сыйлықтар

Айналаңыздағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлағыңыз келе ме? Неге әзілдеп көрмес ке?! Ол үшін келесі сыйлықтарға сыйға тартуға болады:

  • Жаңажылдық “Оскар”;
  • түрлі тілек жазылған печенье;
  • көңіл-күй күнтізбесі;
  • армандар жазатын чек кітапшасы;
  • қарға арналған стақан;
  • түнде жанатын бәтіңке бауы.

Енді достарыңызға не сыйлау керектігін білесіз.

Ерекше шешім

Терезеден қысқы көріністі тамашалап отырып, бір сәтке жылы жазға оралғың келеді. Бұл ойыңызды келесі сыйлықтар арқылы жүзеге асыруға болады:

  • трансформер жамылғы;
  • косметика жиынтығы;
  • кеңседе қолдануға болатын жастық;
  • үстел ойындарының жиынтығы;
  • әдемі суреттері бар шәйнектер.

Қарапайым әрі жарқын түсті

Қарапайым кәдесыйлар тамаша жаңажылдық сыйлық бола алады. Минимализмді жақсы көретін жақындарыңызға келесілердің біреуін таңдауыңызға болады:

  • тиын салуға арналған футляр;
  • фотосуретке арналған жиектеме;
  • органайзер-шәшке;
  • галстукке арналған қысқыш;
  • планшетке арналған тіреуіш;
  • салауатты өмір салтын ұстанатындарға ланчбокс пен су құятын бөтелке;
  • тиынға арналған ерекше сандықша.

Бірақ бұл сыйлықтарды мүмкіндігінше ерте алғаныңыз жөн. Әйтпесе мерекеге дейін сыртын безендіріп үлгермеуіңіз мүмкін. Сондай-ақ, қолдан жасалған ашықхат та артық болмайды. Ашықхатты ішіне тілек жазылған қағаздар салынған банкамен алмастыруыңызға болады.

Хенд-мейд тосынсыйлар

Махаббатпен қолдан жасалған кез келген сыйлықтың энергетикасы жақсы болады. Аздаған уақытыңыз болса, қиялыңызға ерік беріп, сыйлықты қолдан жасауыңызға болады.

Қолдан жасалған бұйымдар

Мысалы:

  • интерьерді толықтыратын жастықтар;
  • шыршаға тағатын жұмсақ ойыншықтар;
  • жұқа жіптен тоқылған дастархан;
  • кілт салғыш;
  • әдемі суреті бар алжапқыш;
  • майда-шүйде заттар салуға арналған органайзер;
  • печеньеден жасалған шырша;
  • скрапбукинг стиліндегі фотоальбом.

Жақындарыңызға Жаңа жыл мерекесінде қандай сыйлық сыйлайтыныңызға қарамастан, бастысы көңіл екенін ұмытпаңыз. Кейде қымбат сыйлыққа қарағанда, уақытылы айтылған жылы сөз жанды жылытады.

Sputnik

Continue Reading

Лайфстайл

Бұл — темір, ал біз — адамбыз. Ең бастысы өзіміз аман болайық ағасы. Уайымдамай жүре беріңіз!

Published

on

Кеше кешкісін мешіттен шығып келе жатып, мына оқиғаның куәгері болдым. Жас шамасы 60-тардағы ер адам, көлігін артқа жүргізіп жатып, байқаусызда, авто-тұрақта тұрған қымбат шет-елдік көлікті соғып алды.

Дабыл-қаққыш іске қосылды. Көліктің иесі жақын маңда жүрген болуы керек, лезде оқиға орнына келіп жетті.

Тіпті, көлікті соққан кісі көліктен шығып та үлгермеген еді. Соғылған көліктің иесі, келе салып әлгі кісіге: — Ас-саляму алейкум аға, — деп қолын алды да, — Жағдайыңыз қалай? Жарақат алмадыңыз ба? — деп сөзін жалғады.

Әлгі кісі түк түсінбей, таңырқай қарап:

— Көліктің иесі кім? — деп сұрады. Ал көліктің иесі жылы қабақ танытқан жігіт екенін білген сәтте, кешірім сұрай бастады.

Ал жігіт болса, көлігінің соғылған жерінен 1-2 рет ұрғылап қойып:

— О не дегеніңіз аға? Бұл — темір, ал біз — адамбыз. Ең бастысы өзіміз аман болайық ағасы. Уайымдамай жүре беріңіз! Жолыңыз болсын, — деді де көлігіне отырып кете барды.

Мұндай кісілердің жер бетінде өмір сүріп жатқандығына Аллаға шүкіршілік айтып, олардан көп үлгі алу керек екен деп, ол жігітке екі дүниенің бақытын тіледім.

 А.Ахмет

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде3 days ago

Коронавирустың неден жұққаны анықталды

Ғалымдар Қытайда тараған коронавируске генетикалық талдау жасады. Бұл туралы зерттеу Journal of Medical Virology басылымында жарық көрді,- деп хабарлайды Nege...

Әлемде4 days ago

ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын...

Әлемде1 month ago

Айман Бекболатқызы «Owlypia-2019» халықаралық сайысында үздік атанды

KAZNEWS – Баян-Өлгий аймағының оқушысы Айман Бекболатқызы 7 желтоқсанда өткен «Owlypia-2019» халықаралық сайысының онлайн нәтижесінде үздік үштіктен көрініп, 2020 жылы...

Әлемде1 month ago

Импичмент деген не?

Massaget.kz Дональд Трамп – конгресс өкілдерінің Палатасы импичмент жариялаған АҚШ тарихындағы үшінші президенті. Оның қызметінде қалу-қалмауын келесі жылдың қаңтар айында...

Әлемде2 months ago

Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмен Алматы қаласында «All Math Y» деп аталатын оқыту орталығын ашты

KAZNEWS – Моңғолияда тұратын қазақ бизнесмені Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы Қазақстан Республикасының Алматы қаласына өзінің  компаниясының филиалын ашып,...

Әлемде2 months ago

Жазушы қоғам сұранысына бас иетін болса, әдебиет құлдырайды – Дәулеткерей Кәпұлы

Қазақпарат ХАА – Биыл Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Одақ Алматы қаласында орналасқаны көпке мәлім. Қаламгерлер ұйымы...

Әлемде2 months ago

Шетелдіктерге арналған «Ашық есік күні» өтті

Жақында әлемнің үздік жоғары оқу орындарының қатарында келе жатқан, әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда танымал болған...

Әлемде2 months ago

Шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылады

KAZNEWS – «Отандастар. Болашаққа бағдар» халықаралық дөңгелек үстел аясында шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдері бас қосты. Басқосу барысында «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің...

Басты назарда