Connect with us

Моңғолияда

Антони Миллер: Монғолия үнемі кеңшілік жасаумен келеді

Published

on

«Комментатор» бағдарламасының қонағы Антони Миллер. Доктор, профессор Миллер халықаралық сарапшы академик. Англия Мамандандырылған колледжінің тұрақты зерттеуші мүшесі. Әлемнің 16 елінде экономика, саясат бойынша кеңесшілік қызмет атқарған тәжірибесі бар. Соның ішінде екеуінде жоғары оқу орнының басшысы болып жұмыс атқарған. Сарапшы ғалыммен журналист Ц.Энхбаттың сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

– Монғолияда жайлы қыстап жатырсыз ба?

– Рахмет, жаман емес.

– Жұмыс-шаруаңыз ойдағыдай болып жатыр ма?

– Ең әуелі бағдарламаңызға шақырғаныңызға рахмет айтамын. Ұлы Хурал сайлауы кезінде сізбен алғаш ойда жоқта танысқаннан бері де біраз уақыт өткен екен. Зерттеу жұмыстарымды жалғастырудамын. Және бір баяндама да жазып тастадым.

– Алғаш кездескенде сіз Монғолияның даму жолына, әсіресе экономикасына біршама сыни көзбен қарайтыныңызды білдірген едіңіз. Соны аңғарғандықтан да Монғолияның экономикасын шетел адамының, көлденең көздің таразысы арқылы бағамдау үшін өзіңізді шақырып отырған жағдайымыз бар.

– Жалпы, мемлекет тұрақты және табысты болуы тиіс. Мемлекеттің бақуаттылық жағдайын дұрыс жолға қойылған салық саясаты қамтамасыз етеді. Монғолия мемлекетінің қазіргі экономикалық ахуалын бағалап, пікір білдіруден бұрын бір нәрсені айқындап алайық.

Монғолия мемлекеті өзгеге кеңшілік танытумен келеді. Осының салдарынан Монғолия Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Халықаралық валюта қоры қатарлы халықаралық қаржы ұйымдарына тікелей тәуелді бола түсуде. Бұл тәуелділікті тек құрдымға кетумен ғана сипаттауға болады. Монғолия – тәуелді мемлекет жағдайына ұшырады.

– Ең үлкен қауіп-қасіретті тап басып көре білген екенсіз.

– Өкініштісі, бұл – Монғолия экономикасының қазіргі шынайы бет-бейнесі.

– Сіз зерттеуші ғалым ретінде Монғолияның экономикасын Қазақстан мемлекетімен салыстыра отырып талдау жасап жүргендігіңізден хабардармыз. Осы зерттеуіңіздің нәтижесі біз үшін қызықты.

– Мен 2017 жылдан бері Монғолияда жұмыс істеп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Алғаш Монғолияға аяқ басқан кезімде бұл елдің жерасты байлығы, ол байлықты игеру барысы гүлдену сатысында екендігі туралы әркім-ақ мақтанышпен айтып жүретін еді. Әрине оның ар жағында үлкен пайда, тау-төбе қаржылай табыс туралы әңгімелер жататын. Алайда бір жағдай менің таңданысымды тудырған еді. Бұл – молынан игеріп, сатып жатқан байлықтың мөлшері мен елдің даму деңгейі мүлде сәйкеспейтіндігі болатын. Бұл сәйкессіздік мені еріксіз осы елдің жерасты байлығы, оны өндіру мен сыртқа шығарып сату көлемін есептеуге жетеледі. Бұдан шыққан сан-цифрлар да өзара мүлде сәйкеспейтін. Сондықтан да мұны назар сала, тереңірек зерттеу қажет екен деген тоқтамға келген едім. Алғашқы салыстырмалы зерттеуді Нұр-Сұлтан қаласының статистикасы мен Монғолия Ұлттық статистика агенттігі шығарған ресми қуаттандырылған дереккөздер, сан-фактілерге сүйене отырып, жеті ай бойы жасадым. Мәліметтер өзара үйлесімсіз, сәйкеспейтін себепті зерттеуді бұрынғыдан да тереңдете түсу керек деген ойға бекінген едім.

Бұдан соң Қазақстан мен Монғолияның тау-кен байлықтарынан түскен салық мөлшерін салыстырып, зерттеу аясын кеңейте түстім. Себебі, Қазақстан мен Монғолия мемлекеттері географиялық және геологиялық тұрғыдан алғанда өте ұқсас. Ресей мемлекеті үшін Монғолия емес, керісінше Қазақстан басым сенімділікке ие.

Трансұлттық корпорациялар Монғолияда да, Қазақстанда да шикізат байлық көздерін өндіріп, шетелдік нарыққа шығарып жатыр. Монғолия сыртқы саудасының 80 пайызын тау-кен өнімдері иеленуде. Мен осындағы алтын, күміс, мыс, платина, темір рудасы, цинк, молибден, көмір қатарлы 12 түрлі тау-кен өніміне тоқталып зерттеу жүргіздім. Сыртқы сауданың 80 пайызын иеленуші бұл тау-кен өнімдері өз кезегінде Монғолия бюджетінің тек 20 пайызын ғана толықтырып отыр екен. Бұл – ешқандай ақылға сыймайтын, тым аз мөлшер. Басқаша айтқанда, «Рио-Тинто» компаниясы мен «Туркойлз» компаниялары Қазақстанда да кен өндіру жұмыстарын жүргізуде. Олар Қазақстанның заңы бойынша 35, 40, 45, 50 пайыздық салықтарын төлеп отыр.

Негізінде Қазақстан мен Монғолияның жағдайы дәлме-дәл ұқсас. Монғолияда «Оюутолгойды» игеріп пайдасын көріп отырған «Рио Тинто» мен «Туркойлз» компаниялары дәл осы бағыт бойынша Қазақстанда өндіру жұмыстарын жүргізу барысында артық-ауыс әңгімесіз-ақ 35, 40, 45, 50 пайыздық салықтарын төлеп отыр. Олар Қазақстанды қорқытып, бопсалап отырған жоқ, жалынып-жалпайып жұмыс жасауда. Қарапайым ғана бір мысал келтірейікші: «Рио-Тинто» сізбен кездесіп, өтініш жасайды: «Сіздің қыстауыңыздың астында алтын, күміс, мыс бар. Осыны қазайық, Кен өндірейік. Барлық шығынды біз өзіміз шығарамыз. Инвестицияны өз мойнымызға аламыз. Адам күшін де жалдайық. Сөйтіп өндірген кенді әлемдік нарыққа шығарайық. Осыдан түскен табыстың 60 пайызын біз алып, қалған 40 пайызын ақы иесі Сіз алу жағдайын рұқсаттаңызшы», – деп «Рио Тинто» сізге жалынып отыр деп елестетіңіз. Қазақстанның жер астынан өндірген байлықты әлемдік нарыққа шығарушы кім болса да 40 пайыз, ең аз дегенде 35 пайыз салық төлейтін заң бар. Оны «Рио Тинто», «Туркойлз» компаниялары сөзсіз мойындап отыр. Мінеки, айырмасы осында, Қазақстан тиісті пайдасын көріп, Монғолия көре алмай отыр.

– Олай болса Монғолия тау-кен өнімі салығын Қазақстанмен бірдей болдырса, біз не ұтар едік?

– Осы стандартпен Монғолия жүре берсе қалай болады деген есепті 2018 жылы жасап көргенмін. Барлығы 27 өнімнің ішінде алтын, күміс, мыс, цинк, платина, молибден, көмір, темір рудасы, мұнай т.б. 12 өнімге ғана Қазақстанның салық стандартын қойып есептеп көрдім. Сөйткенде Монғолияның бюджетіне жылына 1,4 млрд. АҚШ доллары қосымша үстелетін есептеу шықты. Тек бір жылда ғана ғой.

– Демек, сіздің жасаған осы есептеу зерттеуіңіз бойынша Монғолия салықтан 5 триллион төгрөгтен қағылып отырғаны анық екен. Монғолия билігі «Оюутолгойдағы» байлығын пайдалануға беріп, салығын жеңілдетіп, қосымша құн табысын да ала алмай отырғаны ғой, сонда. Осылайша шетелдік экономика жендеттерімен ымыраласты десек болады екен де.

– Бюджетке жоғарыдағы мөлшердегі ақшаны енгізе алған жағдайда Монғолия үлкен экономикалық жаңғыру жасай алады. Мемлекеттің дамуы тек алға басып емес, гүлденіп дамитын болады.

– Сіздің көзіңізбен қарағанда Монғолия қалай дамып келе жатыр?

– Дамып жатыр деп айту қиын болар. Амалдап, жан бағып отыр деп айтсақ көбірек сәйкесетін шығар. Менің ұнатпайтын бір сөзім бар. Ол – кеңшілік жасау. Монғолия тым көп кеңшілік жасауда.

Негізі Монғолия жер иесі ретінде «Рио Тинто» компаниясымен тең дәреже қарым-қатынас жасауы керек қой. Олармен жасасқан келісімдерді жақсарта түсуі тиіс. Ортақ келісім – өзара пайдалы түрде болуы тиіс. Салық түсімін ала алмауда. Бірлескен іс-әрекеттер, өзара пайда деген сөздермен қатар, монғолдар үстеме қайтарым дегенді қазбалайтын уақыт жетті.

– Салықтан жалтарушылық мәселесін қалай шешкен жөн деп білесіз?

– Тек Монғолияда ғана емес, туған жерінің қойнауын игеруге ұсынғаны, астындағы байлықты қазып алғаны үшін салық ала алмай отырған мемлекеттер көп. Бұл мемелкеттер кедейленіп, қарызға батқан үстіне бата түсуде. Әлемге әйгілі трансұлттық тау-кен өндіріс компаниялары жылына 800 млрд. АҚШ долларына тең мөлшердегі салықтан жалтарады деген зерттеу қорытындысы бар. Салығын толықтай ала алмай отырған мемлекеттің бірі – Монғолия.

Олай болса алдыңғы билік иелерінің шетелдіктермен шексіз ымыраласқан келісімдерін жаңарту, әділетсіз заңдарды жаңадан бекіту, қайтадан қарау құқығы монғолдардың өз қолында тұрған жоқ па? Осы әдіс-тәсілдермен ғана қателікті қалпына келтіруге болады. Салық дегеніміз – Монғолияның мемлекеттік аппаратын қозғалысқа енгізуші басты қаржыландыру көзі емес пе.

– Монғолиямен дәл бірдей деңгейде болған Қазақстан даму жолына түсті. Қазақстан дамуының кейбір кілтін атап өтсеңіз?

– Иә, Қазақстанның сыртқы қарызы бар. Бірақ өте жақсы дамып жатыр. Үкіметін күш-жігерлі жас адамдармен жасақтап алды. Салықтың өте тиімді құрылымына ие. Бақылау жақсы. Кеңшіліктер жасай беруге емес, нақты жағдайға сүйене алады.

– Сіз Монғолияның Қаржы министріне, билеуші партияның басшысына қандай кеңес берген болар едіңіз?

– Ең алдымен «Оюутолгой» келісімінің бағалауын жасап, өзара пайдалы болуы туралы бапты келісімге жаңадан енгізу керек. Салықты ең кем дегенде 35 пайыз болғызыңыз. Қазақстанда «Рио Тинто», «Турк ойлз» компаниялары дәл осындай салық төлеп отыр. Олар бұл салық мөлшеріне дауласпауға тиіс деген болар едім.

– Сіз Монғолия билігі басындағылардың жіберген қателіктерін түзетуге тиіс деп көресіз ғой. Бұдан өзге шетелдік экономикалық ұйымдарына тәуелді болмау керектігі туралы әлденеше рет айтып өттіңіз.

– Батыс әлемінің Жер шарындағы кедей елдерді өз ықпалына енгізіп қанау тәсілдері бар. Соның бірі – қарызға кіргізіп, несиеге батырып, тәуелді қылу. Осы жағдай Монғолияда өріс алып келе жатыр. Монғолдар бұл мәселенің сайлау кезінде ғана басын шығарып айтқанымен, сайлаудың ертеңінде ұмытып кетеді. Монғолия мемлекеті ірі көлемдегі қарызын төлеуі тиіс. Монғолия несиеден несиеге дейінгі уақытпен ғана өмір сүріп жатыр. Билігі де, халқы да дәл солай.

– Тәуелсіз зерттеуші ретінде бұл мәселе ұлғая келе қандай салдары болуы мүмкін деп болжамдайсыз?

– Өте қауіпті. Бұл жағдай ары қарай жалғаса берсе Монғолияның тәуелсіздігіне қатер төнетін болады. Азия даму банкі, Халықаралық валюта қорының қарызынан құтыла алмаса, Монғолия солардың толық бақылауында өмір сүретін болады. Халықаралық валюта қоры Монголбанкті бақылауына алған. Тұрақты мерзімде келіп, есеп қорытындыларын тексеріп тұру құқығын қолдарына алған. Адам ретінде мысалға алатын болсақ, Монғолия мемлекеті күші басым адамға әлі жетпей, ығысып, шетқақпайланып бара жатыр деп елестетуге болады. Құлап кетсе, қайта тұра алмайды. ХВҚ Монғолияның экономикасын тәп-тәуір ықпалына алған. Сөйтіп Монғолия дербес, тәуелсіздік мәртебесіннен айырылуға жақын деуге болады.

– Сіз көптеген зерттеулер жасадыңыз. Сіздің баяндамаларыңызбен Монғолияның ықпал-билігі бар шешім шығарушылары қаншалықты танысып қаперге алып отыр?

– Менің баяндамаларым – ашық, қолжетімді. Баяндамаларымды Монғолия мемлекеттік университетінің вебсайтына орналастырғанмын. Осы жоғары оқу орнының кітапханасына барып танысуға да болады. Университеттің бизнестік даму мектебі журналында да жарияланған.

– Сіз бен біздің сұхбатымыз да аяқталып келеді. Сізге Монғолия Президенті Х.Баттулгамен кездесу мүмкіндігі туар болса оған қандай кеңес берген болар едіңіз?

– Менің естуімше, Президент Х.Баттулга халық-көпшіліктің арасында бет-беделі жоғары саясаткерлердің бірі. Ол мемлекеттің басшысы ретінде елін осы бір қиын-қыстау жағдайда тастап кетуіне болмайды. Шыңғыс ханның алдынан: «Менің ақшам, табысым қайда деп сұрайтын құқықа ие жалғыс адам. Ол қазіргі уақыттағы жағдайды қандай құнмен болса да жақсартуға міндет жүктеп сайланған саясаткер. Кездесу сәті түсіп қалар болса, айтар маңызды кеңестерім бар.

– Монғолияның экономистері сөз сөйлегенімен, шындықты айналып өтіп жатады. Шындықты айналып өтпей, нақты жағдайға баға беріп сұхбаттасқаныңыз үшін рақмет.

– Оқасы жоқ. Мені тыңдап, зерттеу нәтижелерімнің шет-жағасын монғолдардың назарына ұсынуға мүмкіндік тудырған Control.mn сайт, «Комментатор» бағдарламасы «Ғасыр ақпараты» газеті ұжымына алғыс білдіремін.

Дереккөз: «Ғасыр ақпараты» газетінің 2021 жылғы 1 ақпандағы №22 (6499) саны,

Монғол тілінен аударған Асылбек Байтанұлы

Advertisement


Моңғолияда

Қазақстан елшілігі елдегі жағдайға байланысты брифинг өткізді

Published

on

19 қаңтар, Улаанбаатар, KAZNEWS. 2022 жылғы 18 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолияның жетекші БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізіп, Қазақстандағы ағымдағы жағдай туралы мәлімет берді.

Іс-шара басында оқиғалар дамуының егжей-тегжейін көрсететін деректі бейнеролик көрсетілді.

Елші Ж.Әділбаев Жаңаөзен қаласындағы бейбіт митингілерден бастап Алматы мен Қазақстанның басқа да қалаларындағы қайғылы оқиғаларға дейінгі оқиғалардың желісін егжей-тегжейлі айтып берді. Ол лаңкестік топтардың еліміздің конституциялық құрылысына нұқсан келтіруге әрекеттенгенін, әкімшілік мекемелерге, полиция бөлімшелеріне, бейбіт тұрғындарға, соның ішінде медицина қызметкерлеріне, өрт сөндірушілер мен журналистерге жаппай қарулы шабуылдар жасағанын атап өтті.

Сондай-ақ қазақстандық дипломат төтенше жағдай режимі кезінде адам өліміне, қайғылы оқиғаларға және құқық бұзушылықтарға қатысты соңғы фактілерді келтірді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының соңғы мәліметтері бойынша бүгінгі күні оқиғадан зардап шеккен 4578 адам анықталды, оның ішінде 4353 жарақат алды және 3393 құқық қорғау органының қызметкері (78%) болып табылады. 5-14 қаңтар аралығында 225 адам қайтыс болды. Олардың арасында лаңкестік әрекеттерге қатысы бар қарулы қылмыскерлер де бар. 19 полиция мен әскери қызметкер қаза тапты.

Ж.Әділбаев журналистердің назарын Құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері кейбір БАҚ бұрмалап көрсететіндей «бейбіт шерушілерге» емес, лаңкестерге қарсы тұрғанына аударды.

Қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы Қазақстанның ҰҚШҰ-ға бітімгершілік контингентін жіберу туралы өтінішімен заңды түрде жүгінгенін, ол өз миссиясын сәтті орындап, тараптар өзара келіскендей Қазақстанның аумағынан кезең-кезеңімен шығарылуда екенін айтты.

Елші Премьер-Министр А.Смайылов бастаған Үкіметтің жаңа құрамы мен Мемлекет басшысының еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму мен саяси реформаларды одан әрі жетілдіру жөніндегі тапсырмаларына тоқталды.

Дипломат брифингке қатысушыларды қазақстандық-моңғол достық қарым-қатынастардың мызғымайтынына, сондай-ақ еліміздегі шетелдік инвестициялар мен дипломатиялық корпустың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетініне сендірді.

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі биылғы жылы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына арнайы жоспарланған барлық іс-шараларды жүзеге асыруға мүдделі екені жеткізілді.

Брифинг соңында журналистер Елшіге еліміздегі қалыптасқан жағдайлар мен тараптар арасындағы ынтымақтастық шаралары туралы сұрақтарға жауаптар алды.


Эмгэнэлт 1-р сар: үйл явдал ба баримтууд

Улаанбаатар, 2022 оны 1-р сарын 18 нь – БНКазУ-аас Монгол Улсад суугаа Элчин сайд Жалгас Адилбаев Монголын хэвлэл мэдээллийн төлөөлөгчидтэй хэвлэлийн хурал хийж, Казахстан дахь нөхцөл байдлын талаар мэдээлэл өглөө.

Хэвлэлийн хурлын эхэнд хүрэлцэн ирсэн сэтгүүлчдэд болсон үйл явдлын талаар баримтат видео бичлэг үзүүллээ.

Элчин сайд Ж.Адилбаев Жанаөзен хотод болсон тайван жагсаалаас авахуулаад Алматы болон Казахстаны бусад хотуудад болсон эмгэнэлт үйл явдлын талаар дэлгэрэнгүй ярилаа. Террорист бүлэглэлүүд Казахстаны үндсэн хуулийн дэг журмыг бусниулахыг оролдож, засаг захиргааны байгууллага, цагдаагийн газар, энгийн иргэд, тэр дундаа эмнэлгийн ажилчид, гал сөнөөгчид, сэтгүүлчид рүү зэвсэгт халдлага үйлдсэнийг дурдлаа.

Тэрээр Элчин сайд онц байдлын үед амь эрсдэгсэд болон гэмт хэргийн талаарх сүүлийн үеийн баримтуудыг танилцуулав. Тухайлбал, Бүгд Найрамдах Казахстан Улсын Ерөнхий Прокурорын газрын хамгийн сүүлийн үеийн мэдээллээр өнөөдрийн байдлаар энэхүү үйл явдлын хохирогч болсон 4578 хүн тогтоогдсоны 4353 нь гэмтэл авсан ба 3393 нь хууль сахиулах байгууллагын ажилтнууд (78%) байна.

1-р сарын 5-17-ний хооронд 225 хүн амь эрдсэн. Тэдний дунд террорист үйлдэлтэй холбоотой зэвсэгтэй гэмт этгээдүүд ч бий. 19 цагдаа, цэргийн ажилтан нас барлаа.

Тэрбээр Элчин сайд Ж.Адилбаев БНКазУ-ын хууль сахиулах байгууллага, Зэвсэгт хүчин зарим хэвлэл мэдээллийн хэрэгслээр гуйвуулж байгаа шиг “тайван жагсагчдын” эсрэг биш, харин террористуудын эсрэг байгаа гэдэгт сэтгүүлчдийн анхаарлыг хандуулав.

Цаашлаад Казахстан Улс ХАБГБ-д энхийг сахиулагчдыг илгээх тухай гаргасан хүсэлт нь хуулийн дагуу байсан бөгөөд тэд даалгавраа биелүүлмэгц талуудын тохиролцсоны дагуу Казахстаны нутаг дэвсгэрээс үе шаттайгаар гаргаж байгааг онцлов.

Түүнчлэн Ерөнхий сайд А. Смайлов тэргүүтэй шинэ Засгийн газрын бүрэлдэхүүн болон Тэргүүний зүгээс улс орны нийгэм, эдийн засгийн хөгжил болон улс төрийн шинэчлэлүүдийг улам сайжруулахад чиглэсэн даалгавруудын талаар мэдээлэл өглөө.

Элчин сайд Казахстан-Монголын найрсаг харилцаа цаашид эвдрэхгүй гэдэгт мөн Казахстан дахь гадаадын хөрөнгө оруулалт болон гадаадын дипломат төлөөлөгчийн газруудын аюулгүй байдлыг хангана гэдэгт итгэл дүүрэн байгаагаа илэрхийллээ. Тэрбээр энэ жил Казахстан-Монголын хооронд дипломат харилцаа тогтоосны 30 жилийн ойд зориулж төлөвлөсөн бүх арга хэмжээг хэрэгжүүлнэ гэдэгт итгэл дүүрэн байгаагаа хэллээ.

Хэвлэлийн хурлын төгсгөлд сэтгүүлчид сонирхосон асуултандаа хариулт авлаа.

Continue Reading

Моңғолияда

АҚШ Елшісі Майкл С. Клечески Конституция күнімен құттықтады

Published

on

13 қаңтар, KAZNEWS. Америка Құрама Штатының Моңғолиядағы Елшісі Майкл С. Клечески моңғолиялықтарды Конституция күнімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің твиттер парақшасында хабарлады.

Continue Reading

Моңғолияда

Сейітмұрат Жапарханұлы “Еңбек сіңірген мал дәрігері” атағымен марапатталды

Published

on

13 қаңтар, Улаанбаатар, KAZNEWS. Ғұн империясына 2231 жыл, Ұлы Моңғол мемлекетіне 816 жыл, Ұлт азаттық қозғалысына 111 жыл, Моңғол Халық революциясының төңкерісіне 101 жыл, демократиялық жаңа “Негізгі заң” бекітілгеніне 30 жыл толуына орай Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх жарлық шығарып бірқатар азаматтарға мемлекеттік жоғарғы атақ, орден, медаль табыстады.

Баян-Өлгий аймағының Бугат сұмынынан 1990 жылғы Халық Ұлы Құрылтайына сайланып, Моңғолияның демократиялық жаңа «Негізгі заң»-ын бекітуге атсалысқан Сейітмұрат Жапарханұлына “Моңғолияның Еңбек сіңірген мал дәрігері” атағы берілді.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда мал басы 67,3 миллионға жетті

Published

on

5 қаңтар, KAZNEWS. Моңғолияның Ұлттық статистика комитеті 2021 жылдың қорытындысы бойынша төрт түлік малды есепке алу қорытындысын таныстырды.

Алдын ала қорытындылар бойынша елдегі мал басы 67,3 миллионға жеткен.

Ұлттық статистика комитетінің Ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және өнеркәсіп статистикасы басқармасының басшысы Э.Мягмархандтың айтуынша, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға немесе 268,4 мың басқа өскен.

Жалпы жылқы саны мал басына шаққанда 4,3 млн басты немесе 6,4% -ды, сиыр – 5 млн-ды (7,6%), түйе- 453,5 мыңды (0,7%), қой-31,1 млн-ды (46,2%) және ешкі-26,5 млн-ды (39,3%) құрайды.

Өткен жылмен салыстырғанда қой саны 3,4 пайызға немесе 1 млн-ға , сиыр 6,1 пайызға немесе 288,8 мыңға, жылқы 230,1 мыңға немесе 5,6 пайызға өсті, ешкі мен түйе саны бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда керісінше кемігені байқалады, атап айтқанда ешкі 1,3 млн немесе 4,6%-ға және түйе 19,1 мыңға немесе 4,0%-ға кеміген.

Ал, Баян-Өлгий аймағының мал басы  2,7 млнға жеткен.  Жылқы саны 113340, сиыр – 181908, түйе- 5879, қой-1063627 және ешкі- 1013799 басқа жеткен.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...2 weeks ago

Опра Уинфри – “What I Know For Sure” жалғасы…

07 қаңтар, KAZNEWS. Американдық тележүргізуші, актриса, продюсер О́пра Гэйл Уи́нфри 1954 жылы 29 қаңтарда Миссисипи штатының Косиускода дүниеге келеді. Аты...

Дерек3 weeks ago

Барыс жылы қандай болған? 1902-2022 жылғы оқиғаларға шолу

04 қаңтар, KAZNEWS. Барыс – сиыр жылынан кейін, қоян жылынан бұрын кіретін мүшел есебінің үшінші жылы. Барыс сақтардың ұғымында қасиетті...

Дерек4 weeks ago

Ұлттық бостандық пен тәуелсіздіктің қалпына келгеніне 110 жыл толды

28 желтоқсан, KAZNEWS. 1911 жылы 29 желтоқсанда 200 жыл бойы Манжурия билігінде болып келген Моңғол елі дербес Боғда (Моңғол) хандығын...

Дерек4 weeks ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

26 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2021 жылдың үздік...

Дерек1 month ago

Millennium Challenge Account және Оюу толгой компаниясындағы жалақысы жоғары бос жұмыс орындар

Әкімшілік көмекші Компания: Millennium Challenge Account (Мянганы сорилтын сан) Мекен жайы: Улаанбаатар, Монгол Улс, Улаанбаатар хот, Сүхбаатар районы, “ЮНЕСКО” көшесі,...

Дерек1 month ago

Мемлекет және қоғам қайраткері Сарай Асқанбайұлы туралы деректі фильм жарық көрді

18 желтоқсан, KAZNEWS. Бүгін Баян-Өлгий аймағының жұртшылығы тарихшы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сарай Асқанбайұлының 90 жылдық мерей тойына арналған...

Дерек1 month ago

Шетелдегі қандас оқушылар үшін ҰБТ-ға дайындық

Қазақстанда білім алғысы келетін қандас жастар үшін ҰБТ-ның маңызы зор. Осы уақытқа дейін түлектер маңызды емтиханға дайындық курсына түссе ғана...

Кітаптан үзінді...1 month ago

Опра Уинфри – “What I Know For Sure”

Американдық тележүргізуші, актриса, продюсер О́пра Гэйл Уи́нфри 1954 жылы 29 қаңтарда Миссисипи штатының Косиускода дүниеге келеді. Аты аңызға айналған ток-шоумен...

Басты назарда