Connect with us

Мәдениет

Моңғолиялық ерлі-зайыпты әншілер «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін орындады

Published

on

13 қаңтар, KAZNEWS. Моңғолиялық ерлі-зайыпты әншілер А.Анхбаяр мен Б.Чанцалдулам ақын сазгер Тынышбайұлы Рахымның «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнін орындап, әлеуметтік желіде хит болуда. Казньюс ақпараттық агенттігі қос әншімен байланыс орнатып, әңгімеге тартқан еді.

«Алтайдың ар жағынан келген ару» әні 90-жылдары хит болған ән. Қазір де сахна төрінен орын алып, әртүрлі әншілер шырқап келеді. Осы әнмен қай кезден таныссыз?

– А.Анхбаяр: Қайрлы күн! Ең алдымен барлықтарыңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Бұл әнді алғаш рет 1993 жылы Увс аймағында әскери міндетімді атқарып жүрген кезде Баян-Өлгий аймағынан келген Молдаш, Қуанған, Аманбек есімді қазақ әскерлер аузынан естіп, сөзі мен әнін жаттап алған едім. Содан бері ішімнен ыңылдап айтып жүретінмін. Өнер жолын қуғаннан бері Қобда аймағының Бұлғын, Қобда сұмындарына гастрольдік сапармен барған кездерде гитарамен есімде сақталған сөздерін «теріс болып кетуі мүмкін» деп, көрермендер тілегі бойынша орындап беретінмін. Халық өте жақсы қабылдағандықтан арнайы орындау қажет екен деген ой туды.

Бұл әнді қазақша орындау идеясы қашан туды?

– А.Анхбаяр: Жалпы кез келген шығарманы жазылған тілінде, өз мақамымен тарихи дәстүрін сақтай отырып орындауға тырысамыз. Моңғолшаға аударып айтуға болар еді. Бірақ солай жасайық дегенді еш ойламаппыз. Қазақ халқы сүйіспеншілігіне бөленген шығарма болғандықтан мағынасы қандай, қалай орындасақ болады деп ойлап, зор жауапкершілікпен қарадық. Ең жақсы және сөзін дұрыс орындап шығуға тырыстық.

– Б. Чанцалдулам: Сәлеметсіздер? Тыңдаушылар мен оқырмандарға сәлем жолдаймын. Біз дос болып жүріп үйленіп, отбасын құрғанымызға 15 жыл болды. Алғаш танысқан кезде Анхаа маған гитарамен бір ән орындап беретін. Ол әннің сөзін түсінбесем де әуені керемет болатын. Сөйтсем осы ән екен. Махаббат туралы ән әрі музыкасы көңілімнен шыққан соң бұл әнді ұнатып қалдым. Содан дует болып орындайық деп жолдасыма ұсыныс жасадым. Ол да қуана келісті /күліп/

Авторлық құқық мәселесі қалай шешілді?

-Б.Чанцалдулам: Біз екеуіміз шығармашылық пен авторларға өте құрметпен қараймыз. Кез келген шығарманы авторларының рұқсатын алып, содан кейін ғана көпшілікке жария етеміз. Елімізде Моңғолия композиторлары және шығармашылық иелерінің МОСКАП атты ұйымы бар. Олар сазгерлер мен ақындардың авторлық құқығын қорғаумен қатар Азияның 30-дай елімен қарым-қатынас орнатқан. Анхаа өзі сазгер болғандықтан да осы одаққа мүше. Біз жоғарыдағы әнді орындау тілегімізді білдірдік. Содан олар біздің атымыздан Қазақстандағы ұйымдарымен байланысқа шығып, рұқсатын алып берді.

Қазақша орындау кезінде қандай қиындықтар болды?

-А.Анхбаяр: Біз бірдей крилл әрпін қолдансақ та 4-5 әріп бөлекше таңбаланып, бөлекше айтылады. Сол дыбыстарды дұрыс айтпасаңыз, сөз мағынасы өзгеріп кетуі мүмкін деп ойлап, дәлме-дәл жеткізуге шамамызша тырыстық.

-Б.Чанцалдулам: Қазір ғаламтор дамып, әлеуметтік желі қанат жайған дәуірде кез келген тілдегі әнді тыңдау қабілеті бойынша айту мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуанамын. Осы әнді жаттау үшін оны youtube-ден жүктеп алып, 10-дай әншінің орындауындағы сөздермен салыстырып айтып көріп, жаттыққан соң ғана дыбыс жазуға кірістік. Бұған «Mongolia’s Got Talent» шоуының таңдаулы қатысушысы Бердібек бауырымыз қол ұшын беріп көмектесті. Соның нәтижесінде ән өте сәтті шықты деп ойлаймын.

Алғаш рет қазақ ән орындадыңыздар. Өздеріңізге көңілдеріңіз толды ма?

-А.Анхбаяр: Қазақ әндерінің әуені керемет болады. Сол үшін де олардың шығармаларында биік құзар шыңдар, әдемі табиғат, қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілетіні ұнайды. Менің әкем мен анам екеуі де әскери адамдар болғандықтан Увс аймағының Бөхмөрөн сұмыны өлкесіндегі шекаралық заставада міндетін атқаратын. Ол жерден көп алыс емес Ногооннуур сұмынындағы қазақ халқымен аға-бауыр сияқты қарым-қатынаста болуымыз менің бақытты балалық шағымның естен кетпес сәттері ретінде есімде сақталып қалды. Сондықтан да бұл ән жаныма жақын.

-Б.Чанцалдулам: Расын айтқанда, тілін түсінбегендіктен қазақ халқы жайлы жақсы білмейтінмін. Ал қазір ізденіс барысында олардың салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық киімі мен тарихына деген қызығыушылығым оянып, олармен жақынырақ достасуға ниеттеніп отырмын. Достар да таптым /күліп/.

Моңғол ағайындарға бұрыннан танымал, сүйіп айтатын қазақ әндері де баршылық. Мысалы, «Ана туралы жыр» дегендей. Басқа қандай әндерді білесіз?

-А.Анхбаяр: «Ана туралы жыр», «Сүйгенім менің қалада», «Әкеме», «Ақтамақ» қатарлы әндерді тыңдап жүріп жаттап алдым. Енді ресми түрде толықтап, қайта орындауды жоспарлап отырмыз /күліп/.

Сіздер қазақ тілінде сөйлемесеңіздер де, бұл шығарманы нақышына келтіріп орындапсыздар. Халыққа да ұнапты. Сіздерге әлеуметтік желі арқылы алғыстарын да жеткізіп жатыр. Сіздерге бұдан да зор шығармашылық табыс тілейміз!.

-А.Анхбаяр: Көп рақмет! Өздеріңізге де табыс тілейміз!

-Б.Чанцалдулам: Әнді жарыққа шығарғалы көп болмаса да, қазақ халқының зор алғысына бөленіп жатырмыз. Бұл бізді ерекше жігерлендірді. Тезірек әдемі киімдер тіккізіп, клип жасап шығаруды ойлап отырмыз. Сіздерге бізді құрметтеп, сұхбат жасау мүмкіндігін беріп отырғандарыңызға алғыс білдіреміз. Оқырмандар мен барша қазақ халқына тек қана әлемдегі бар жақсылықтарды тілейміз!

-А.Анхбаяр: Мен де жарымның тілегіне қосыламын. Кешікпей басқа да қазақ әндерін сахнада орындауға жазсын! Рақмет!

Мәдениет

Мирас Жугунусов – Шыда

Published

on

Түн,
Қала ояу,
Келем баяу,
Таңға таяу.
Жол,
Ойым терең,
Естілді әрең,
Осы әуен.

Әрбір әрекет пен әрбір қадам,
Мүмкіндіктер беріп кетті маған.
Қателік – оттегі.
Қалдырма өкпені.
Небір қиындықта кейбір адам,
Шыдамастан көп рет құлаған.
Бәрі де өтпелі,
Қалдырма өкпені.

Апарар биік шыңға,
Өмірдің ағы бар қарасы да.
Болса да қиындық арасында.
Бәрібір бәріне шыда.
Берілме бірақ мұңға,
Шашпа тек өзіңді оңды-солға.
Болса да жүректің жарасы да,
Бәрібір бәріне шыда.

Күн,
Менен алыс,
Мың арпалыс,
Бәрі таныс.
Жол,
Таңдайтын сен,
Әрбір кезең,
Өзіңе сен.

Continue Reading

Мәдениет

Құрманхан Мұқамедиұлы туралы жазылған «Жарық жұлдыз» монодрамасы театрда сахналанады

Published

on

14 қараша, KAZNEWS. Карантиндік үзілістерден кейін Баян-Өлгий аймақтық М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театры өзінің көрермендерін 65-ші реткі қысқа сезонының ашылуымен қуантпақ.

Театр сахнасында көрерменмен кездесетін күн өте жақын. 2021 жылы 19 қараша күні сағат 18.00-де Салтанатты концерті, 2021 жылы 20 қараша күні сағат 18:00-де белгілі жазушы-ақын, Моңғолияға Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сұраған Рахметұлының тарихи тұлға Құрманхан Мұқамедиұлы туралы жазылған «Жарық жұлдыз» монодрамасы сахналанады.

Continue Reading

Мәдениет

Димаш Құдайберген Billboard чартында үздік 20 әншінің қатарына енді

Published

on

Billboard Hot Trending Songs чартында Димаш Құдайберген Fly Away әнімен чартта 19-орында тұр.

Billboard – музыка индустриясына арналған апта сайын шығатын америкалық журнал. Онда сатылымдар туралы статистикалық мәліметтер, радио айналымы және музыкалық чарттың сипатына байланысты кейбір басқа параметрлер негізінде қалыптасатын әртүрлі бағыттағы музыкалық шығарылымдар жарияланады.

Billboard алғашқы хиті 1936 жылы пайда болды. Чарттар журналда және веб-сайтта жарияланған. Негізгі чарттар – Hot 100 (үздік 100 ән) және Billboard 200 (үздік 200 альбом).

Continue Reading

Мәдениет

Хишигдалай – Ганцхан зун

Published

on

Әнші А.Хишигдалай «Ганцхан зун» атты жеке әнін шығарды.

Әннің музыкасын «The Hu» тобының музыканты Н.Тэмүлэн, сөзін G4BRIEL жазған.

Бейнебаянға рэпер ThunderZ ойнаған.

Өткен жылы әнші А.Хишигдалай мен рэпер ThunderZ қатерлі ісікпен күресіп жүрген жігітті жігерлендіру және шабыттандыру үшін «Ганцхан шалтгаан» әнін бірге шығарған болатын.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 day ago

Жолдау-2100: Дәрігерұлы Бағдаулет енді білімін шетелде жалғастырмақ

29 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның Ғылым, технология университетінен құрылыс инженері мамандығы бойынша білім алып жүрген 1 курс студенті Дәрігерұлы Бағдаулет енді...

Дерек5 days ago

Казньюс ақпарат агенттігінің 10 жылдық мерей тойы тойланды

25 қараша күні Казньюс ақпарат агенттігінің орнауының 10 жылдық мерей тойы тойланды. Салтанатты рәсімді Казньюс ақпарат агенттігінің негізін қалаушысы Өмірбек...

Дерек6 days ago

Америка мен өзге державалар мұнай бағасын түсіру үшін күш біріктіріп жатыр

25 қараша, KAZNEWS. Дүниенің алып экономикалары әлемді қымбатшылық қысқан шақта ОПЕК+ альянсын өндірісті қысқартуға көндіре алмады. Бұл жөнінде мақала Inbusiness.kz...

Дерек6 days ago

Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті

2021 жылы 23 қараша Нұр-Сұлтан қаласы Astana Hub технопаркінде қандас студенттермен кездесу өтті. Іс-шараға «Отандастары Қоры» КЕАҚ Президент кеңесшісі Дидар...

Кітаптан үзінді...2 weeks ago

Сұлтан Тәукейұлының «Сеңгір таулар» романы туралы

17 қараша, KAZNEWS. Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Моңғолия жазушылар одағы сыйлығының иегері, Мемлекет, қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлының «Сеңгір таулар»...

Дерек2 weeks ago

Tapsir.com платформасы қәзіргі қоғамда үлкен сұранысқа ие

15 қараша, KAZNEWS. Жәнібекұлы Тәпсір моңғолияда компанияларды басқаруға арналған веб-бағларламаны жасап шықты. Tapsir.com деп аталатын платформасы қәзіргі қоғамда сұранысқа ие...

Дерек3 weeks ago

«Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов құттықтау жолдады

12 қараша, KAZNEWS. «Отандастар қоры» жанынан құрылған «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясының» мүшесі, Моңғолиядағы қазақ тілді KazNews.mn ақпарат...

Дерек1 month ago

«Отандастар Қоры» КЕАҚ жанынан «Шетелдегі қазақ тілді БАҚ ассоциациясы» құрылды

2021 жылы 27 қазан «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанынан «Шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары ассоциациясы» құрылды. Аталған...

Басты назарда