Connect with us

Дерек

Адам туралы ең қызықты 20 дерек

Published

on

Адам – біздің планетамыздағы ең ғажайып жаратылыс. Біздің миымыз кез-келген компьютерлік бағдарламадан гөрі күшті және күрделі. Бұл мақалада – адамдар туралы ең қызықты 20 деректі білетін боласыздар.

Picture

Дерек 1

Адамның көз алмасы туған уақыттан өмірінің соңына дейін мүлдем өзгермейді.

Picture

Дерек 2

Бір шыны кофені жылытатындай энергия бөлу үшін адамға 8 жыл, 7 ай, 6 күн айқаулау қажет болады.

Picture

Дерек 3

Ең ерекше фобия – селенофобия – Айдан қорқу.

Picture

Дерек 4

Адамның сүйектері бетоннан мықты.

Picture

Дерек 5

Сиам егіздері 200 мың жылда бір рет өмірге келеді.

Picture

Дерек 6

Статистикаға сүйенсек, шашын оңға қайырып тарайтын ер азаматтар, солға тарайтындардан гөрі ұзақ өмір сүреді.

Picture

Дерек 7

Биік өкшелі аяқ-киімдер әуелде еркектерге арналған.

Picture

Дерек 8

Күн сайын біз 100 мыңға жуық ми клеткаларын жоғалтамыз.

Picture

Дерек 9

Орта есеппен алғанда, темекі шегетін адам әр он жылда екі тісінен айырылады.

Picture

Дерек 10

Егер мұрынды жауып жалбыз шайнайтын болсаңыз, сіз оның дәмін сезіне алмайсыз.

Picture

Дерек 11

Бүкіл ғұмырында адам Жерді үш айналып шығатындай жаяу жүреді.

Picture

Дерек 12

Төрт жасар бала күніне 400-ге жуық сұрақ қояды.

Picture

Дерек 13

Адам баласы бүкіл өмірінде 35 тонна тамақ ішеді.

Picture

Дерек 14

Адамның мұрны мен құлағы өмір бойы өсіп отырады.

Picture

Дерек 15

Көзді ашып түшкіре алмайсыз.

Picture

Дерек 16

Адам өмірінің соңында орта есеппен 150 триллион бит ақпаратты кино лентасындай көз алдынан өткізеді.

Picture

Дерек 17

Адам миының сыйымдылығы 4 терабайтқа пара-пар.

Picture

Дерек 18

Адам көрген түсін 90% ұмытып қалады.

Picture

Дерек 19

Күніне бір қорап темекі шегетін адам жылына жарты кесе шайыр ішкен адаммен пара-пар.

Picture

Дерек 20

Әйелдер еркектерге қарағанда көзін 2 есе жыпылықтатады.

Дерек

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Published

on

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:

1. Астана Актісі;

2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;

3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;

6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;

8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;

9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;

10. «Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені» әзірлеу туралы шешім;

11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Continue Reading

Дерек

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

Published

on

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді.

Үндістанның Ғарышты зерттеу ұйымы (ISRO) ай бетіндегі күн батып, түн басталғаннан кейін, станциялары шамамен 22 қыркүйекте қайта жұмыс істей бастайды деп хабарлады.

Жоғарыда аталған станциялардың батареялары күн сәулесімен қуатталады.

Айдағы бір тәулік төрт аптадан астам уақытты құрайды. 

23 тамызда Үндістанның «Чандрайан-3» станциясы «Викрам» қондырғышын айға сәтті қондырған.

Викрам станциясының корпусына бекітілген Прагяан өздігінен жүретін станциясы ай бетінде жұмыс істей бастады.

Continue Reading

Дерек

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

Published

on

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып қайтты.

Сонымен Кристиан Бэйл деген кім?

Кристиан Чарльз Филип Бэйл (ағылш. Christian Charles Philip Bale; 30 қаңтар 1974, Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері. Алғашқы кинокарьерасын тәуелсіз шағын жобалардан бастаған.

Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.

Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер ролі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер ролі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады.

2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер ролі үшін еді.

Continue Reading

Дерек

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

Published

on

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. 

Баян-Өлгий аймағының құрамасы алғаш рет 4 -ші орынға тұрақтап, 1 миллион 500 мың төгрөг ақшалай сыйлықмен марапатталды.

Казньюс ақпарат агенттігі аталмыш ел біріншілігіне қатысқан ойыншылардың орташа жасын есептеп шығарды.

Казньюс сараптамасына сүйенсек, К.Наурызғажы бапкерлік еткен футболшыларымыздың орташа жасы – 23 де.

Ең кішкенесі 16 жаста, ең үлкені 32 жаста екенін байқауға болады. 

Н.Халук 16, З.Капитрон 17, Т.Серлан, С.Ердос, М.Айболат, Е.Ақжол 21, Т.Бақыт 22, Қ.Дәуренбек, Қ.Ерқанат 23, М.Ертіс, Т.Ақжол 25, А.Айдын 26, Б.Ертіс 29, А.Тұрар 32 жаста.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек6 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек8 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек9 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек1 year ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек1 year ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек1 year ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 year ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда