Connect with us

Моңғолияда

Жалғас Жұмаұлы Әділбаев: Қазақстан мен Моңғолия ынтымақтастығын арттырудың мол мүмкіндіктері бар

Published

on

KAZNEWS: Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жалғас Жұмаұлы Әділбаевтың сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

– Сіз осыдан алты ай бұрын Моңғолиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісіне тағайындалып келдіңіз. Қысқа мерзімде қандай істер атқарып үлгердіңіз?

– Алты ай мерзім ауқымды іс-шаралар өткізу үшін өте аз уақыт. Дегенімен, осы уақыт ішінде 25 жылдан кейін Моңғолия үкімет басшысы У.Хүрэлсүхтің ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласына ресми іс-сапарын ұйымдастырдық. Бұл тарихи сапар болумен қатар, екі елдің қарым-қатынасын жаңғыртып, жоғары деңгейдегі кездесулерді жиі ұйымдастыру қажеттілігін көрсетті. Осы сапар барысында Қазақстан-Моңғолия бизнес форумы өткізіліп, 8 коммерциялық құжатқа қол қойылды.
Бұған қоса, мәдени-гумманитарлық салаларда ынтымақтастық орнату, атап айтқанда, Моңғолияда Қазақстанның, Қазақстанда Моңғолияның мәдениет күндерін ұйымдастыру, сондай-ақ «Абай мәдениет орталығын» ашу бағыттарында жұмыстар жүргізудеміз. Қазіргі кезде бұл ұсыныстар Моңғолияның ресми органдарымен зерделенуде.

– Екі елдің ынтымақтастығын дамытудың басты қозғалтқыш күші оның экономикалық тағаны болып саналады. Дәл қазіргі жағдайда екі елдің экономикалық ынтымақтастығы қай деңгейде деп ойлайсыз?

– Біздің екі ел әлі де әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай келеді. Мысалы, 2019 жылы екі жақты сауда айналымы 59,9 млн АҚШ долларын құраса, Қазақстаннан 58,2 млн АҚШ долларының тауары экспортқа шығарылып, Қазақстан тарапы импорты 1,74 млн.АҚШ доллары болған. Бұдан тыс, жылдан жылға сауда айналымы азайып келеді. 2018 жылы екі мемлекет сауда айналымы 67.4 млн.АҚШ доллары болса, 2017 жылы ол 74.8 млн.АҚШ доллары құраған. Басқаша айтқанда, Моңғолияның сыртқы саудасы тұрғысынан Қазақстан экспорттаушы ел болып отыр.

– Сіз екі елдің экономикалық саладағы қарым –қатынасын дамытудың қандай мүмкіндіктері бар деп ойлайсыз?

– Бізден көбінесе ұн өнімдері, шылым, рапс тұқымы, майлы дақылдар тұқымы мен қатар кофе, шоколад өнімдері сияқты азық-түлік және көлік жабдықтарын Моңғолияға экпортталуда. Ал Моңғолия Қазақстанға негізінен ет, ет өнімдері, пошта маркалары, құнды қағаздар, түбіт, кілем мен жүн өнімдері импортталанады.
Екі ел арасында ауылшаруашылық саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндіктер жеткілікті, яғни тері-терсек өңдеу мен шығарылған өнімді ішкі нарыққа өткізу. Қазақстан тарапы сіздердің ішкі нарықтарыңызға ұн өнімдері, рапс пен өсімдік майын ұсына алады. Екі елдің табиғаты мен ауарайы ұқсас болғандықтан қыс мезгіліндегі қатты суық ауарайы жағдайында жұмыс істей алатын қоғамдық көліктер енгізуімізге болады.

– Моңғолдар мен қазақтарда ұқсастықтар өте көп болса да, бір – бірімізді әлі де жақсы біле бермейміз. Баян-Өлгийлік қазақ ағайындарды қоспағанда екі ел азаматтарының сапарласуы аз. Себебін айтып бере аласыз ба?

– Расында да, моңғол мен қазақ тарихи тұрғыдан сабақтас халық. Моңғол халқы көшпенділер тарихында ерекше орын иеленетінін атап өту керек. Шыңғыс хан көшпенділер империясын құрды және оның құрамына керей, жалайыр, қыпшақ, найман, қоңырат сияқты рулар енген болса, олар қазіргі қазақ ұлтының негізін құраушылар болып табылады. Бұған қоса, қазақ тілі де, моңғол тілі де алтай тілдері тобына кіреді, әрі ортақ сөздік қоры бар. Моңғолия мен Қазақстан арасын 54 шақырымдық дәліз бөліп тұрғанымен, моңғол жерінде өмір сүретін 120 мың қазақ екі ел арасын жалғайтын «көпір» саналады. Сонымен қатар, әлеуметтік және мәдениеттік ұқсастығымыз екі халықты жақындастыратын басты факторлардың бірі болып саналады.
Қазақстан мен Моңғолияда экономика, саяхат туризм, инвестиция саласында бірлесіп жұмыс істеуге барлық мүмкіндіктері бола тұра, осы әлеуетті толық пайдалана алмай келеді. Одан басқа, көп жылдар бойы көлік және әуе қатынастарының болмауы екі жақты қатынастың әлсіреуіне себепкер болды.
Ал қазіргі жағдайда Қазақстан мен Моңғолия Үкіметтері екі ел ынтымақтастығын арттыру үшін ерекше көңіл бөліп отыр. Оның нақты айғағы ретінде Моңғолия Үкімет басшысының Нұр-Сұлтан қаласына ресми іс-сапарын айтуға болады. Осы сапар барысында мемлекеттік мекемелер бірлесіп жұмыс істеп, бір қатар екіжақты шарттар жасасты. Оның ішінде Қазақстанның таңдаулы жоғары оқу орындарында бакалавр, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша Моңғолиядан 25 студент қабылдау жөніндегі мағызды уағдаластыққа қол жеткізілді.
Бұдан басқа, 2019 жылы Улаанбаатар қаласында алғаш рет «Қазақ киносының күндерін» ұйымдастырдық. Келешекте де осындай іс-шараларды жыл сайын өкізуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ,бірлескен мәдени және спорттық іс-шаралар, өнер қайраткерлері мен ғалымдар алмастырып тұруымыз қажет. Менің ойымша, осындай жобаларды жүзеге асыру қазақ халқының мәдениеті мен салт- дәстүрін моңғол ағайындарға танытумен бірге, мәдени қарым-қатынас саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайта түсеміз.

– Екі ел қарым қатынасын арттыруда жоғары деңгейдегі ресми кездесулердің маңызы ерекше. Соңғы жылдардағы жоғары деңгейдегі кездесулерді атап өтсеңіз?

– Жоғары деңгейдегі өзара ресми іссапарлар екіжақтық қатынастарға жүйелі түрде әсер етіп, өзара ортақ мүдделерді көздейтін келісімдерді жүзеге асыру, бірлесіп жұмыс істеуге түрткі болатыны сөзсіз. Екіжақты ауқымды іссапарлар саяси келісімдерді нақтылап береді.
Біздің елдердің мемлекет және үкімет басшылары халықаралық деңгейдегі басқосулар кезінде тұрақты кездесіп тұрады. Мысалы, «Азия-Еуропа» форумы, БҰҰ, Шаңхай ынтымақтастық ұйымы,Дүнежүзілік сауда ұйымы, Азия ынтымақтастығы қатарлы халықаралық ұйымның отырыстарында кездесіп, пікір алмасады. Сонымен қатар,өзара сапарлар арқылы Қазақстан мен Моңғолия арасында парламенттік әріптестік те тұрақты даму үстінде.
Географиялық орналасуы жақын болғанмен, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Моңғолияға соңғы мемлекеттік іссапары 2008 жылы өткізілді. Ал, Моңғолия Президенті Н.Энхбаярдың ресми іссапарыҚазақстанға 1998 жылы, яғни осыдан 22 жыл бұрын өткізілді.
2016 жылы Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Моңғолияға іссапармен келсе, Моңғолия Үкімет басшысы 2019 жылы 25 жылдан соң Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапарымен барды.

– Биылғы жылға жоспарланған ресми сапар бар ма?

– Әрине, бар. Моңғолия Үкімет басшысы У.Хүрэлсүх 2019 жылдың қазан айындағы ресми іссапары екі ел қарым қатынасына үлкен серпіліс берді. Биыл біздің елдің Үкімет басшысы А.Мамин сіздердің елдеріңізге келуді жоспарлауда. Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдарында Президент Х.Баттулга Қазақстанға барады деп жазылуда. Бұл сапар да өзара екі жақты қатынас үшін маңызды болуына орай қазақстандық тарап осы жоспарланып отырған сапарға ерекше назар аударуда. Сондай-ақ ағымдағы жылы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Моңғол үкіметаралық комиссияның VIII- мәжілісін Улаанбаатар қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз.

– Сіз өкілеттік мерзіміңізде қандай іс атқармақсыз. Моңғолия-Қазақстан қарым қатынасын дамыту үшін қандай мәселелерге көңіл аударасыз?

– Ең алдымен үкіметаралық комиссияның VIII мәжілісін өткізу арқылы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында алдағы екі жылда жүзеге асырылатын негізгі бағыттар мен уағдаластықтарды анықтау қажет. Екі ел үкімет басшылары 2019 жылы қазан айында кездескенде Улаанбаатар-Алматы рейсін ашуға келіскен болатын. Улаанбаатар қаласында ұйымдастырылатын Қазақстан өндірушілер көрмесі мен Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы мәселелеріне ерекше назар аударудамыз. Осы екі ірі іс-шара экономика, сыртқы сауда, инвестиция салаларындағы екіжақты әріптестікті нығайтатын болады.
Қазақстанның тәжірибесі негізінде аффинажды зауыттың құрылысын бастау маңызды болып табылады. Жасалған келісімшартқа сәйкес, осы зауытты биылғы жылдың желтоқсан айында пайдаға берілуі тиіс еді. Бұл жұмысты бастау үшін және Моңғолияға жаңа технологияларды кіргізуүшін ең бастысы қаржы мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Тиісті қаржыландыру көзі болмауына байланысты біз алты айды босқа өткізіп алдық. Осы құрылыс жұмысына жауапты компаниялар бұл зауыттың құрылысын уақытында аяқтайтынын елестету де қиын болып отыр.

Сонымен қатар, екі мемлекеттің құзыретті органдарына Қазақстан мен Моңғолия арасындағы зейнетақы беру туралы келісімнің жобасын әзірлеу бойынша жан-жақты қолғабыс көрсетудеміз. Бұл мәселе бойынша келіссөздер 2020 жылдың алғашқы жартысында Қазақстанның астанасында өтуі тиіс.

Биыл Қазақстанда Алтын Орданың 750 жылдығы, орта ғасырдың ғұлама және философыәл-Фарабидің 1150 жылдығы, қазақтың атақты ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойлары, сіздерде Қарақорым қаласының 800 жылдығы аталып өтіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның Түркістан өңіріне саяхат маршрутын зерттеу мақсатында сіздердің құзырлы мекемелеріңізге ұсыныс жолданды. Қазақстан тарихи, мәдени және экономикалық тұрғыдан Орта Азияның төрт мемлекетімен тығыз байланыста болғандықтан, бұл жағдайдымоңғол тарапымен туристік бағытты дамытуда ұтымды пайдалануға болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан, Ақтау қалаларынан тыс моңғол саяхатшылары тиімді және дұрыс маршрут ойластырған жағдайда, Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Хиуа сияқты қалаларды тамашалап қайта алады. Осылайша, Орта Азияны шарлап шығады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін Улаанбаатар-Нұр-Cұлтан бағыты бойынша тікелей әуе қатынас орнатылды. Демек, екі ел астаналары арасында тікелей әуе қатынасының болуы моңғолия туристеріне қолайлы және ұтымды маршрут жоспарлауға тамаша мүмкіндік береді.

Моңғолияда

Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның СҚ министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Published

on

2024 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Нямдоржийн Анхбаярмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың 2024 жылғы күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, олар ағымдағы жылы жоспарланған маңызды екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады, екі елдің ынтымақтастығының шарт-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру сұрақтарын қарастырды, сыртқысаяси ведомстволардың түрлі бағыттардағы өзара ықпалдастығын, оның ішінде консулдық саладағы өзара тиімді әрекеттестікті одан әрі нығайтуға келісті.
Сонымен бірге, дипломаттар Қазақстан мен Моңғолияның көпжақты алаңдардағы, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде және басқа да халықаралық құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетудің көп жылдан бері қалыптасқан оң тәжірибесін жалғастыру қажеттігіне ортақ мүдделілік танытты.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда 28 маусымда парламент сайлауы өтеді

Published

on

2024 жылғы 28 маусымда Моңғолияда парламент сайлауы өтеді.

Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы кезекті пленарлық отырыста келесі парламент сайлауын 2024 жылы өткізу туралы қаулы жобасын қарастырды.

Демократиялық партия фракциясының жобаны талқылау үшін парламенттен алған үзіліс мерзімі өтіп кеткеніне байланысты, дауыс беру өткізіліп, қаулы жобасы мақұлданды.

Қаулыға сәйкес, кезекті парламент сайлауы 2024 жылғы 28 маусымда өтеді.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті

Published

on

Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті. Ұлттық статистика комитеті бұған дейін 22 қарашаға қарай Моңғолия халқының жалпы саны 3,5 миллион адамға жететінін хабарлаған.

«Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетеді деген болжам соңғы үш жылдағы туу, өлім және халықтың табиғи қозғалысына негізделген», – деді Моңғолия ұлттық статистика комитетінің халық санағы және тұрғын үй қоры бөлімінің статисті Б.Энхжаргал.

Соңғы үш жылда орта есеппен әр жеті минут 16 секунд сайын бір бала дүниеге келіп, 27 минут 46 секунд сайын бір адам қайтыс болады, ал Моңғолия халқының саны әр тоғыз минут 55 секунд сайын бір адамға артып келеді екен.

— Бұл үрдіс 2023 жылы да жалғасты деп есептесек, 22 қарашаға дейін Моңғолия халқының саны 3,5 миллион адамға жетуі керек еді. Бүгінде халық саны 3,5 миллионнан асты, – деді Энхжаргал.

1962 жылы Моңғолия халқының саны 1 миллион болса, 1988 жылы ел екі миллион, 2015 жылы үш миллионға жетті. 2033 жылы 4 миллионға, 2048 жылы 5 миллионға жетеді деген болжам бар.

Continue Reading

Моңғолияда

Халал Сертф Аженси – Моңғолияның Халал индустрия саласының дамуына үлес қоспақ

Published

on

Халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі орган Моңғолияда пайда болды.

Парсы шығанағы елдерінің аккредиттеу орталығының Gulf Accreditation Center (GAC) бағалау тобы халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі Халал Сертф Аженси (Halal Certf Agency) компаниясында 2023 жылдың 25, 26, 27 қазанында жұмыстап, GSO 2055- 2:2021 “Сәйкестікті бағалау – 2 бөлім: Халал сертификаттау органдарына қойылатын талаптар” стандарты бойынша бастапқы аккредиттеу жұмысын жасады.

Халал – тұтас бір индус­трия.

Бүгінде әлемдегі 148 елде халал бағы­ты жақсы дамыған. Халал брендін кім көрін­ген пайдаланып, көпшіліктің түсінбестігін ту­дыр­мау үшін халал өндірісі бақылауға алынған. Осы орайда ет экспортына қызығушылық танытып отырған Моңғолияда халал индустриясын зерттеп, халал өнімдерін қалыптастыру енді жолға қойылып келеді.

Бұл жүйе UNIDO Моңғолия – Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы жүзеге асыратын Сәйкестікті бағалау органдарының әлеуетін арттыру жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Халал бойынша аккредиттеу – Моңғолиядағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттарының бірі.

Аккредиттелген Халал сертификатының оң әсері соңғы тұтынушыға таралады, ол Халал сертификатының артында сәйкестікті растаудың бүкіл жүйесі бар екеніне сенімді болады: аккредиттеу сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады. 

Өз кезегінде, сертификаттау органдары өздері ұстанатын стандарттардың жоғары талаптарын Халал өнімдерін өндірушілерге тапсырады. Өндірушілер сертификаттау арқылы тұтынушыларға халал стандарттарға сәйкес өндірілген өнімдерді немесе қызметтерді ұсынады. 

Халал Сертф Аженси – Моңғолияның Халал индустрия саласының дамуына үлес қоспақ.

www.halalcertf.com

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек12 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда