KAZNEWS – 1 қазан күні Улаанбаатарда Қазақстанның Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулгаға сенім грамоталарын тапсырды.
Рәсім барысында Халтмаагийн Баттулгаға моңғол-қазақ елдері арасындағы қалыптасқан достық қатынастар мен өзара сенім ахуалын, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша екі мемлекеттің ынтымақтастығын атап өтті.
Кездесуде сауда экономикалық, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтар және жоғарғы деңгейдегі сапарлар мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Моңғолия Президенті кездесу соңында өзара байланыстардың одан әрі нығая беретініне сенім білдіріп, Елшіге дипломатиялық жұмыста табыс тіледі.