Connect with us

Моңғолияда

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы зейнетақы туралы келісім жөнінде конференция өтті

Published

on

Қазақстан мен Моңғолия арасында зейнетақы туралы келісімді жасасу жөніндегі сарапшылар жұмыс тобының 5-мәжілісінің бейнеконференция түрінде өткізілуі туралы

Қазақстан-Моңғолия сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 7-мәжілісінің хаттамасын орындау мақсатында, 2020 ж. 19 қазанда Қазақстан мен Моңғолия арасында зейнетақы туралы келісімді жасасу жөніндегі сарапшылар жұмыс тобының 5-мәжілісі бейнеконференция түрінде өткізілді.
Мәжіліс ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов пен Моңғолияның Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі А.Ариунзаяаның өзара құттықтау сөздерімен басталды. Б.Нұрымбетов осы Келісімнің екі елдің азаматтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. А.Ариунзаяа өз кезегінде Моңғолия азаматтарының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жаңарту, қарттарға базалық зейнетақы беру және көп деңгейлі зейнетақы жүйесіне көшу саясаты әзірленіп, Моңғолия Парламентінің 2020 ж. күзгі сессияда талқылауға ұсынылатынын мәлімдеді.
Тараптардың сарапшылары аталған құжаттың әрбір тармағы бойынша талқылау жүргізді, көптеген баптардың мәтінін өзара келісіп реттеді. Келесі онлайн түріндегі кездесуді ү.ж. желтоқсанның 1-жартысында өткізу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

***
Бүгд Найрамдах Казахстан Улс болон Монгол Улс хоорондын тэтгэврийн тухай хэлэлцээр байгуулах ажлын хэсгийн 5 дугаар цахим уулзалт боллоо

Худалдаа, эдийн засаг, шинжлэх ухаан, техник, соёлын хамтын ажиллагааны тухай Казахстан, Монголын Засгийн газар хоорондын комиссын 7 дугаар хуралдааны протоколыг хэрэгжүүлэх зорилгоор энэ оны 10 дугаар сарын 19-ний өдөр Казахстан болон Монгол Улс хоорондын тэтгэврийн тухай хэлэлцээр байгуулах ажлын хэсгийн 5 дугаар цахим уулзалт зохион байгуулагдлаа.
Уг хэлэлцээ Бүгд Найрамдах Казахстан Улсын Хөдөлмөр, хүн амын нийгмийн хамгааллын сайд Б.Нурымбетов болон Монгол Улсын Хөдөлмөр, нийгмийн хамгааллын сайд А.Ариунзаяа нарын мэндчилгээний үгээр эхэллээ. Тэтгэврийн тухай хэлэлцээр байгуулснаар хоёр улсын иргэдийн нийгмийн хамгааллын баталгааг хангахад нэн чухал үүрэг гүйцэтгэхийг сайд Б.Нурымбетов онцлов. Тэрбээр сайд А.Ариунзаяа Монгол Улсын Засгийн газар иргэдийн нийгмийн баталгааг хангах, нийгмийн даатгалын тогтолцоог шинэчлэх, ахмад настан бүрт суурь тэтгэвэр олгох, олон давхаргат тэтгэврийн тогтолцоонд шилжих зорилтыг тавин ажиллаж байгаа бөгөөд нийгмийн даатгалын багц хуулийн шинэчлэлийг боловсруулж 2020 оны намрын чуулганы хуралдаанаар хэлэлцүүлэх зорилгоор өргөн мэдүүлэхээр ажиллаж байгаа талаар танилцууллаа.
Цахим уулзалтаар талууд хэлэлцээрийн зүйл заалт тус бүрээр үргэлжлүүлэн хэлэлцэж, олон зүйл заалтын агуулгыг харилцан нягтлав. Түүнчлэн энэ оны 12 дугаар сарын эхний хагаст Тэтгэврийн тухай хэлэлцээ байгуулах ажлын хэсгийн 6 дахь хэлэлцээг цахим хэлбэрээр зохион байгуулахаар тохирлоо.

***
About holding a video conference of the 5th meeting of the working group of experts on conclusion of a pension agreement
between Kazakhstan and Mongolia

On October 19, 2020 for the implementation of the 7th session’s protocol of the Kazakh-Mongolian Intergovernmental Commission for Trade, Economic, Scientific, Technical and Cultural Cooperation, the 5th meeting of the working group of experts on the conclusion of a pension agreement between Kazakhstan and Mongolia was virtually held.
The meeting began with a congratulatory speech by the Minister of Labor and Social Protection of Kazakhstan B.Nurymbetov and the Minister of Labor and Social Protection of Mongolia A.Ariunzaya. B.Nurymbetov noted that this agreement plays an important role in providing social protection to citizens of the two countries. A.Ariunzaya, in turn, stated that a policy to ensure the social security of Mongolian citizens, modernization of the social insurance system, basic pensions for the elderly and the transition to a multi-level pension system will be prepared and submitted for discussion at the Parliament’s autumn session.
Experts of the parties carried out a detailed discussion of the document and many articles of the draft were reciprocally agreed. There was reached an agreement on holding the next online meeting in the first half of December.

Моңғолияда

Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның СҚ министрлігінің Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Published

on

2024 жылы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев Моңғолияның Сыртқы қатынастар министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Нямдоржийн Анхбаярмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықтың 2024 жылғы күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, олар ағымдағы жылы жоспарланған маңызды екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады, екі елдің ынтымақтастығының шарт-құқықтық базасын одан әрі жетілдіру сұрақтарын қарастырды, сыртқысаяси ведомстволардың түрлі бағыттардағы өзара ықпалдастығын, оның ішінде консулдық саладағы өзара тиімді әрекеттестікті одан әрі нығайтуға келісті.
Сонымен бірге, дипломаттар Қазақстан мен Моңғолияның көпжақты алаңдардағы, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде және басқа да халықаралық құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетудің көп жылдан бері қалыптасқан оң тәжірибесін жалғастыру қажеттігіне ортақ мүдделілік танытты.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияда 28 маусымда парламент сайлауы өтеді

Published

on

2024 жылғы 28 маусымда Моңғолияда парламент сайлауы өтеді.

Моңғолияның Ұлы Мемлекеттік Хуралы кезекті пленарлық отырыста келесі парламент сайлауын 2024 жылы өткізу туралы қаулы жобасын қарастырды.

Демократиялық партия фракциясының жобаны талқылау үшін парламенттен алған үзіліс мерзімі өтіп кеткеніне байланысты, дауыс беру өткізіліп, қаулы жобасы мақұлданды.

Қаулыға сәйкес, кезекті парламент сайлауы 2024 жылғы 28 маусымда өтеді.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті

Published

on

Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетті. Ұлттық статистика комитеті бұған дейін 22 қарашаға қарай Моңғолия халқының жалпы саны 3,5 миллион адамға жететінін хабарлаған.

«Моңғолия халқының саны 3,5 миллионға жетеді деген болжам соңғы үш жылдағы туу, өлім және халықтың табиғи қозғалысына негізделген», – деді Моңғолия ұлттық статистика комитетінің халық санағы және тұрғын үй қоры бөлімінің статисті Б.Энхжаргал.

Соңғы үш жылда орта есеппен әр жеті минут 16 секунд сайын бір бала дүниеге келіп, 27 минут 46 секунд сайын бір адам қайтыс болады, ал Моңғолия халқының саны әр тоғыз минут 55 секунд сайын бір адамға артып келеді екен.

— Бұл үрдіс 2023 жылы да жалғасты деп есептесек, 22 қарашаға дейін Моңғолия халқының саны 3,5 миллион адамға жетуі керек еді. Бүгінде халық саны 3,5 миллионнан асты, – деді Энхжаргал.

1962 жылы Моңғолия халқының саны 1 миллион болса, 1988 жылы ел екі миллион, 2015 жылы үш миллионға жетті. 2033 жылы 4 миллионға, 2048 жылы 5 миллионға жетеді деген болжам бар.

Continue Reading

Моңғолияда

Халал Сертф Аженси – Моңғолияның Халал индустрия саласының дамуына үлес қоспақ

Published

on

Халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі орган Моңғолияда пайда болды.

Парсы шығанағы елдерінің аккредиттеу орталығының Gulf Accreditation Center (GAC) бағалау тобы халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі Халал Сертф Аженси (Halal Certf Agency) компаниясында 2023 жылдың 25, 26, 27 қазанында жұмыстап, GSO 2055- 2:2021 “Сәйкестікті бағалау – 2 бөлім: Халал сертификаттау органдарына қойылатын талаптар” стандарты бойынша бастапқы аккредиттеу жұмысын жасады.

Халал – тұтас бір индус­трия.

Бүгінде әлемдегі 148 елде халал бағы­ты жақсы дамыған. Халал брендін кім көрін­ген пайдаланып, көпшіліктің түсінбестігін ту­дыр­мау үшін халал өндірісі бақылауға алынған. Осы орайда ет экспортына қызығушылық танытып отырған Моңғолияда халал индустриясын зерттеп, халал өнімдерін қалыптастыру енді жолға қойылып келеді.

Бұл жүйе UNIDO Моңғолия – Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы жүзеге асыратын Сәйкестікті бағалау органдарының әлеуетін арттыру жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Халал бойынша аккредиттеу – Моңғолиядағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттарының бірі.

Аккредиттелген Халал сертификатының оң әсері соңғы тұтынушыға таралады, ол Халал сертификатының артында сәйкестікті растаудың бүкіл жүйесі бар екеніне сенімді болады: аккредиттеу сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады. 

Өз кезегінде, сертификаттау органдары өздері ұстанатын стандарттардың жоғары талаптарын Халал өнімдерін өндірушілерге тапсырады. Өндірушілер сертификаттау арқылы тұтынушыларға халал стандарттарға сәйкес өндірілген өнімдерді немесе қызметтерді ұсынады. 

Халал Сертф Аженси – Моңғолияның Халал индустрия саласының дамуына үлес қоспақ.

www.halalcertf.com

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек6 months ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек8 months ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек9 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек1 year ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек1 year ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек1 year ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 year ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек1 year ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда