Connect with us

Әлемде

Қазақ мемлекеттілігінің тарихы және Зардыхан Қинаятұлы

Published

on

28  қараша, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері болған Зардыхан Қинаятұлының 80 жылдығына арналған халықаралық онлайн «дөңгелек үстел» Алматы қаласында өтті.
Еуразия ғылыми зерттеу институтының конференция залы экран, микрофон, диктофон, компьютер мен толық жабдықталған. Екі сағатқа жоспарланған шара тағы бір сағатқа ұзартылып, модераторлық істі ғылым докторы Д.Баймолда абыроймен атқарып шықты.
Онлайн «дөңгелекүстел»-ге Қазақстан, Моңғолия, Түркия, Германия, Венгрия, Ресей, Өзбекстан елдерінен, сондай-ақ, Алматы, Ақтау, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Өскемен, Қостанай қалаларынан тарихшы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері және де бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ғалымның туыс туғандары мен қатар Моңғолияның Алматы қаласындағы бас консулы Ч.Баярмагнай қатысты.
Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Қабылдинов З, «Отандастар» қоры президентінің кеңесшісі Қобландин Қ., Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы қаласы филиалының жетекшісі Мақұлбекова А. құттықтады.

Сұлтан Тәукей, тарих ғылымдарының докторы, жазушы: Монғолияның «Демократиялық жаңа негізгі заңының» жобасын даярлауға Қ.Зардыхан белсене қатынасты. Қ.Зардыханның жаңаша бастамалары мен көтерген тың идеялары Монғолияның көп партиялы құрылымы мен демократиялық өзгерістеріне, қызу қанды жастардың саяси бағыт, бағдарына елеулі ықпал жасады. Демократиялық қозғалыстың саяси көшбасшыларының бірболды.

Ханкелді Әбжанов, академик, т.ғ.д.: Тарих ғылымындағы Зардыхан құбылысының басты ерекшелігі – ұзақ жылдар бойы социалистік идея мен идеология мәселелерін зерделеген маманның қысқа мерзім ішінде орта ғасырлар тарихынан ең таңдаулы ғалымдар қатарына қосылғаны.
МәжитовСаттар, академик, т.ғ.д: «Ақорданың ізбасары Қазақ мемлекеті ғана. Сондықтан да тарихтың жолын қуар болсақ, Қазақ мемлекеті Жошы Ұлысының басты мұрагері болып табылады», – деген Зардыхан Қинаятұлының жасаған қорытындысы дәл бүгінгі күннің ең маңызды тақырыбына айналғаны шындық екенін ұмытпауымыз керек.

Бәкей Ағыпарұлы, академик, э.ғ.д., проф: Моңғол және қазақ халқының көрнекті қоғам қайраткері, әрі белгілі ғалым, тарихшы, ұлы тұлға – Зардыхан ағай туралы қысқаша ой-естелігімді ортаға салу – мен үшін үлкен парызым деп санаймын. Зардыхан Қинаятұлы Моңғолия қоғамының демократялық қозғалысының әрі кеңесшісі, әрі жетекшілерінің бірі және де осы елдің тұрақты Парламентінің іргетасын қалаушылардың бірі болды.


Нәбижан Мұқамедханұлы, тарих ғылымдарының докторы, проф.: Қазақстанда ел тәуелсіздігі қайт ақалпына келген соң ғана мемлекеттілік мәселесі көтерілді. Отандық тарих ғылымында Қазақ мемлекеттілігінің тарихын зерттеудің кешенді жобасын алғаш ұсынған ғалым Зардыхан Қинаятұлы еді десем қателесе қоймаспын.
Хабсатар Омар, социология ғылымдарының докторы: Зақаң озық ойлы үлкен реформатор еді: Ол “15 ғалымның ұсыныс пікірі” деген атпен ел тарихында қалған ұлы өзгерістің идеясын көтеріп ары қарай демократиялық бет бұрыстың платформасы болған еді. Және де осы істің яғни сол он бес ғалымның іс әрекетін бастаған Қ.Зардыхан ағамыз болды.

Сайран Қадыр, Бұрыңғы Төтенше және Өкілетті елші: ауқымды еңбектерінің арасынан «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» атты туындысы тек кәсіби мамандардың ғана емес, өскелең заманның рухани сұранысына толығымен лайықты құнды тарихи мұраға айналды десек артық айтқанымыз емес. Ол Жошы Ұлысынан бастау алған Қазақ мемлекеті АқОрдадан басталатынын шегелеп дәлелдеп кетті.

Қалыбек Қобландин, «Отандастар» қоры президентінің кеңесшісі, т.ғ.д.: Зақаңның өмір жолына көз жүгіртсек, ол кісінің екі шың құз биігіне көтерілгенін көруге болады. Оның бірінші биіктігі, Кіші құрылтай төрағасының орынбасары мен Үкімет басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған моңғолиялық саясаткер, қоғам қайраткері ретінде. Бұл кезде Зақаң жаңа кезеңдегі моңғол қоғамы дамуының бағдар-болашағын анықтауда, саяси-әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға, жаңа Ата Заңның қабылдауына жанкешті атсалысқан азамат, тұлға болды. Екінші биіктігі – ғылым саласында моңғолтанушы тарихшы, философ ретіндегі ұлағатты ғалымдығы.
Қазіргі таңдағы Қазақстандағы ұлттық рухани жаңғырудың өзекті бір саласы – Ұлы Дала тарихындағы ақтаңдақтардың бірі – қазақ даласындағы Алтын Орда тарихының 750 жылдық мерекесінің атап өтілуі – осы хандық дәуірдің білгірі, көрнекті ғалым Зардыхан Қинаятұлының 80 жылдығымен сәйкес келуінің өзі тарихи сабақтастық, символикалық мәні бар дүние деп есептеуге болады»,- дейді.

Сондай-ақ, жас ғалымдарымыз Ө.Қанай, Р.Өміртай, белгілі журналистеріміз Е.Бапи, Ә.Меңдеке, ғалым ағамыздың кенже баласы Ж.Зардыхан, туыстары Ө.Ертісханқызы, Қ.Қаснай белсене атсалысты.
Павлодарда тұратын Әбшүкір Ертісбайұлы «Тау қопарылып, тас атылған жұртта туған ұл» мақаласын, ақын-жазушы Зуқай Шәрбақынұлы «Жоқтау» өлеңін, Әлем Монғолдары қауымдастығының төрағасы, Еңбек сіңірген қайраткер, доктор, профессор Д.Цахилгаан «құттықтауын», ал, Моңғолия Президенті іс басқармасының бастығы болған, ғылым докторы Б.Батхишиг «Демократия теоретигі» атты көлемді мақаласын шараға қатысушыларға оқып, таныстырды.

Аталмыш іс шараның қорытындысы ретінде естелік, мақалаларды құрастырып кітап шығаруды біз міндетімізге алдық. Ал, Н.Мұқамедханұлының құрастырған З.Қинаятұлының «Мақалалар жиынтығы» кітабы баспада, кешікпей жарыққа шығады. Кітап қадемеушілік көрсеткен кәсіпкер бауырымыз Жанат Алтынғадысұлына, автордың «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» кітабының үшінші басылымына демеушілік көрсеткен Сайранқызы Райсаға рақмет айта отырып,жұмыстарына табыс тілейміз!
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар» қоры атынан онлайн дөңгелек үстелді өткізуге мүмкіндік туғызған Еуроазия ғылыми зерттеу институтының ұжымына және де атсалысқан басқа да азаматтарға алғысымыз шексіз!
Зардыхана ғамыз 2017 жылғы 23 қарашада ауыр науқастан қайтыс болып, Алматы облысы Райымбек ауылында жерленген. Үстіміздегі желтоқсан айының 31-і күні 80 жасқа толар еді… Ағамыздың жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын! Артына өшпестей мұра қалдырған ғалым ағамыздың аты халықтың жүрегінде мәңгі сақталады.

Ботагөз УАТҚАН,

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қызметкері

PS: Зардыхан аға туралы естелік, мақала жазып берем деушілер болса ubota56@gmail.com электрон адресіне жолдауларыңызға болады.

Advertisement


Әлемде

ҚР-ның Президенті адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды

Published

on

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққы қол қойды, деп хабарлайды Моңғолиядағы ҚР-ның Елшілігінің баспасөз қызметі.

Адам құқықтары саласында одан әрі шаралар қабылдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

   1) Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітсін, онда мынадай жұмыс бағыттарын көздесін:
БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
әйелдерге қатысты кемсітуді жою;
бірлесу бостандығына құқық;
пікір білдіру бостандығына құқық;
адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы;
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары;

   2) Іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз етсін;

  3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын;

   4) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шараларды қабылдасын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 9 маусым
№ 597

Continue Reading

Әлемде

Вакцина қабылдаған Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Published

on

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиландия мен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ҚР-ның Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында Венгрия, Таиландия және Моңғолия азаматтарының қолындағы вакциналау туралы паспорттың, сертификаттың, анықтаманың күші бар деп танылсын», делінген сенбіде жарияланған қаулыда.

Осылайша, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтағы департаменттері, мемлекеттік кірістер органдарның құрылымдық бөлімшелері Қазақстан шекарасына кірген Венгрия, Таиландия мен Моңғолия азаматтарын еш кедергісіз өткізеді.

Алайда аталған мемлекеттерден келген азаматтардың қолында тиісті құжаты болуы керек.

Continue Reading

Әлемде

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

Published

on

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен егілді.
Вакцинаны енгізер алдында медицина қызметкері бұл екі дозалы вакцина екенін және бір бөтелке бір адамға арналғанын, сонымен қатар отандық вакцина мұздатуды қажет етпейтінін, плюс 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталатынын айтты.
Бұдан әрі министр журналистке берген сұхбатында Қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында 50 мың доза көлемінде шығарылғанын және қазірдің өзінде өңірлер бойынша таратылып жатқанын хабарлады.
«Біз вакциналар өндірісін іске қосқан және вакциналарды шығарудың толық циклін – әзірлеуден бастап қолдануға дейін өз бетінше игерген әлемнің он елінің қатарына кірудеміз, бұл – үлкен жетістік. Қарағандылық фармазавод вакциналардың негізгі партияларын қосымша өндіреді, нарықты қанықтырады, ол біздің азаматтарымызға заманауи препараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алексей Цой вакцинациядан кейін.
Ол сондай-ақ бүгінгі таңда әрбір жиырмасыншы қазақстандықтың вакцинацияланғанын, сондықтан қарқын жақсы жүріп жатқанын, біздің міндетіміз – мүмкіндік беру, одан әрі біздің азаматтар вакцинацияның оқшауланудан шығудың жалғыз жолы екенін өздері түсінетінін атап өтті.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында COVID-19 қарсы Қазақстандық вакцинаның QazCovid-in (QAZVAC) алғашқы партиясы шығарылды.
«СҚ-Фармация» Бірыңғай Дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның бірінші партиясын жеткізу 23 сәуірде жүзеге асырылды. Оның ішінде 6 000 дозаны Нұр-сұлтан мен Алматы, 4 000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан түседі.

Continue Reading

Әлемде

СӘЛЕМ, ҚАНДАСТАР! ҰБТ-ҒА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ!

Published

on

Барлық сұрақтар бойынша «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың қызметкерлері төменде көрсетілген кесте бойынша жеке жауап беретін болады:

Дүйсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00 – 16.00.
Сейсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00 – 16.00.
Сәрсенбі: 10.00 – 12.00. 14.00 – 16.00.

Байланыс үшін:
✅ 1404 (бүкіл қазақстандық оператордың қоңырауы тегін қабылданады);
✅ 8 800 080 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады);
✅ +7 7172 98 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады, шет елдерден сол елдің байланыс операторының төлем мөлшерлемесі бойынша);
✅ +7 701 000 14 04 (WhatsApp және Telegram хабарламалары үшін);

Сондай-ақ, “Отандастар қоры” инстаграм парақшасында 3 КҮН тікелей эфирлер ұйымдастырылады. УАҚЫТЫ: 17.00 (Нұр-Сұлтан уақыты).

Сонымен қатар:
❗Тіркелу кезінде Сіз ҰБТ өткізілетін күнді, уақытты және орынды өзіңіз таңдайсыз.
❗15 сәуірден бастап ҰБТ-ның БІРІНШІ МҮМКІНДІККЕ тіркелуге болады.
❗1 мамырдан бастап ЕКІНШІ МҮМКІНДІККЕ тіркелу басталады.
❗Кез-келген күнді таңдауға болады, тіпті егер Сіз алғашқы тестілеуді әлі тапсырмаған болсаңыз да.
✅ Тестілеудің өзі: 25 сәуірден 30 маусымға дейін жалғасады.
Барлық талапкерлерге Білім саласына қатысты ақпараттық телеграм каналға тіркелуді сұраймыз: https://t.me/otandastarbilim

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде7 days ago

ҚР-ның Президенті адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлыққы қол қойды, деп хабарлайды Моңғолиядағы ҚР-ның Елшілігінің баспасөз қызметі. Адам...

Әлемде7 days ago

Вакцина қабылдаған Моңғолия азаматтары Қазақстанға емін-еркін кіре алады

Бүгіннен бастап Венгрия, Таиландия мен Моңғолияда вакцина алғандар Қазақстанға емін-еркін кіре алады, деп хабарлайды inbusiness.kz. ҚР-ның Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің...

Дерек2 weeks ago

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі

Бесбармақ Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады....

Дерек3 weeks ago

Timeline: Атақ пен абыройдың айырмашылығы неде?

1 маусым, KAZNEWS. «Абырой атақ шығарады, даңққа жеткізеді» – деген нақыл сөз қазақ халқында бар. Біз әлеуметтік желі қолданушыларынан “Атақ...

Дерек1 month ago

Моңғолиялықтар Google -дан нені көп іздеді?

20 мамыр, KAZNEWS. Google 2021 жылдың сәуір айындағы мәліметтер бойынша Моңғолия азаматтарының интернеттен нені көп іздегенін анықтады. Моңғолияда биыл Google...

Дерек1 month ago

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

17 мамыр, KAZNEWS. Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең...

Дерек1 month ago

Карантиндегі өзгерістер және вакцина жайлы жастардың пікірі

16 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияда коронавирус инфекциясы 2020 жылдың қараша айында анықталып, елде әртүрлі деңгейдегі төтенше жағдай жарияланып, халықты үйден шықпауға...

Әлемде2 months ago

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен...

Басты назарда