Connect with us

Моңғолияда

Мемлекеттік Ұлы Хурал төрағасы Г.Занданшатардың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Published

on

21 наурыз, KAZNEWS. Көктеммен қауышып, жаңа жылды қарсы алатын мереке – Наурыз мейрамымен барша қазақ халқын Мемлекеттің Ұлы Хурал және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын.

Ассалаумағалейкум!

Наурыз мерекесінің тарихы тереңде. Тіптен күллі адамзат сауат ашпай тұрып-ақ наурыз мейрамын ұлықтап, атап өтетін болғаны жайлы тарихи деректер кездеседі. Сондықтан 2009 жылы Наурыз мейрамы адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне тіркелсе, 2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеяның 64-сессиясында халықаралық мейрам ретінде жарияланды. Бұл наурыз мейрамы бүкіл адамзаттың ұлы мәдени мұрасы екенін растайды.

Әлемнің 40-тан астам елінде 400 миллионнан астам адам тойлайтын бұл мереке татулық, ынтымақ, әдет-ғұрып пен тәлім-тәрбиелік маңызы зор, ұлттық мәдениеттің маңызды рәсімі болып табылады. Зерттеушілер Моңғолия қазақтары дүние жүзі қазақтары арасында өзінің тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын тұмса, таза күйінде сақтап қалғанын бір ауыздан құптауда. Сондықтан Моңғолия Үкіметі бұл күнді қазақ халқының мұрасын сақтап, қорғау, тарату, насихаттау, қастерлеу, еңбегін бағалау және даму мақсаттарын айқындау мағынасында атап өтуде.

Біз қазақ халқының ұлттық мәдениет, тарих, салт-дәстүрін қастерлеп сақтап, өз тарихын жасап, аймақ пен жергілікті өлкеде ғана емес отанымыздың атын әлемге танытқан мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер мен мәдениет майталмандары, еңбек ерлері, ғалымдарын әрдайым мақтан тұтамыз.

Баршаңыздың ана тілінде білім алу, қарым-қатынас жасау, ақпарат алмасу, дінді ұстану және шеттетпеу құқықтарыңызды қамтамасыз ету, Баян-Өлгий аймағының қоғамы мен экономикасын дамыту, халықтың жақсы өмір сүруіне жағдай жасау бағыттарында құқықтық ортаны одан әрмен жетілдіріп, саяси шешімдер қабылдап, жүзеге асыру мәселесі жоғары заң шығарушы орган – Мемлекеттік Ұлы Хуралдың үнемі назарында болды және бұл дәстүрлі саясат алдағы уақытта да жалғасын табады.

Құрметті, қазақ халқы!

Парсы тілінде Наурыз «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Наурызды «Күн мейрамы» деп те атайды. Ендеше, әрбір жаңа күннің алтын шуағы жарылқап, жаңа табыс, жаңа бақыт, жаңа ырыс пен құт әкелсін. Наурыз мейрамын ақжарма ақ батамен, аспа-төк ас-тағаммен қарсы алыңыздар!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметпен,

МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛЫ ХУРАЛ ТӨРАҒАСЫ ГОМБОЖАВЫН ЗАНДАНШАТАР

Моңғолияда

Моңғолия-Қазақстан үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысы өтті

Published

on

26 мамыр, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қазақстан-Моңғол Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Дархан Қыдырәлі моңғол тарапының қонақжайлылығына алғыс білдіріп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көліктік- логистика, инвестиция салаларындағы байланыстардың қазіргі жағдайына тоқталды. Бұл туралы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрдің айтуынша, 2020 жылы пандемияға байланысты тоқтатылған “Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр” бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы қайта іске қосылды. Дегенмен, бұл салада әлі де істейтін жұмыстар көп.

«Қазақстан достас әрі бауырлас Моңғолиямен тығыз көпсалалы байланысты дамытуға мүдделі және бұған ерекше мән береді. 2022 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым- қатынастардың 30 жылдық мерейтойын атап өттік. Биыл Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойғанына 30 жыл толып отыр. Осылайша, екі ел достық қарым-қатынастардың символдық әрі әріптестік байланыстардың жаңа тарихи кезеңіне аяқ басты. Бүгінгі комиссияның отырысы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді деп сенеміз», – деді Д.Қыдырәлі.

Қос тарап Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және екі елдің экономикасының дамуына елеулі үлес қосатын ірі жобаларды жүзеге асыруға мән берді. Сондай-ақ, мәдениет, білім, ғылым, туризм, ақпарат, дін, азаматтық қоғамды дамыту және жастар саясаты салаларындағы байланыстарды күшейту туралы қозғалды.

Моңғолияның Қаржы министрі, Қазақстан-Моңғолия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Болдын Жавхлан екі жақты қарым-қатынастардығ жеткілікті әлеуеті бар екенін айтып, Қазақстанның ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал мен егін шаруашылығында тәжірибе алмасуға мүдделі екенін білдірді.

Отырыс қорытысында Комиссияның хаттамасына қол қою рәсімі өткізілді.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Моңғолияның Қоршаған орта және туризм министрлігі табиғат қорғау бойынша өзара меморандумға қол қойылды.

Photography: Nurbek Amisha

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия Президенті қазақстандық делегацияны қабылдады

Published

on

26 мамыр, KAZNEWS. Моңғолияның Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысына келген қазақстандық делегацияны қабылдады. Бұл туралы ҚР Елшілігі баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қазақстан мен Моңғолия арасындағы байланыстарға жоғары баға беретінін айтып, Үкіметаралық комиссияның жұмысына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қазақстан-Моңғолия үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Дархан Қыдырәлі моңғол мемлекет басшысының тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, қазақстандық делегацияны қабылдағаны үшін алғысын жеткізді.

Тараптар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, экономикалық байланыстар туралы сөз қозғады.

Айта кетейік, Ұлан-Батырда Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 9-шы отырысы өтіп жатыр. Онда сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ауыл шаруашылық, көлік, мәдениет пен спорт, білім мег ғылым салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланды.

Photography: Nurbek Amisha

Continue Reading

Моңғолияда

Д.Қыдырәлі Моңғолияның Білім және ғылым министрі Л.Энх-Амгаланмен кездесті

Published

on

26 мамыр, KAZNEWS.  Улаанбаатарда өткізілетін Қазақстан-Моңғолия Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның ІХ отырысы шеңберінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қазақстан-Моңғолия Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы Дархан Қыдырәлі Моңғолияның Білім және ғылым министрі Лувсанцэрэн Энх-Амгаланмен кездесті. Бұл туралы ҚР -ның Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Моңғолия Қазақстан үшін сенімді серіктес саналады және еліміз әртүрлі салалардағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға үлкен мән беріп келеді.
Халықаралық ұйымдарда да тығыз әріптестігіміз бар. Осы орайда екі ел арасында білім және ғылым, ақпарат, археология саласында, әсіресе, ортақ музей ашу, көшпелілер тарихын бірге зерттеуде біріккен жұмыс істеуге ниетіміз бар. Күні кеше ғана Моңғолияның UBS арнасы мен “Хабар” телеарнасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл бағыттағы жұмысымыз жалғасады», – деді Д.Қыдырәлі.

Сонымен бірге Д.Қыдырәлі министрліктің жұмысынан ақпарат беріп, алдағы уақытта бірге жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.
Өз кезегінде Лувсанцэрэн Энх-Амгалан мырза қос мемлекет арасында тату-тәтті байланыс бар екенін және білім, мәдениет, археология саласындағы ортақ жобалар жасау туралы Д.Қыдырәлінің ұсыныстарын қолдайтынын айтты.
Тараптар үкіметаралық гранттар аясында студенттерді оқыту, академиялық байланыс орнату, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту жайын талқылады.
Айта кетейік, Комиссия отырысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ауыл шаруашылығы, көлік, мәдениет және спорт, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер қаралады.

Continue Reading

Моңғолияда

Тілейхан Әлмәлікұлы Сүхбаатар орденімен марапатталды

Published

on

19 мамыр,  KAZNEWS. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх энергетика саласының 100 жылдық мерей тойына орай жарлық шығарып бірқатар азаматтарды мемлекеттік жоғарғы атақ, орден, медалдармен марапаттады.

Президент жарлығы бойынша Моңғолияның Энергетикалық реттеу комитетінің бұрыңғы төрағасы Тілейхан Әлмәлікұлы “Сүхбаатар” орденімен марапатталды.

Тілейхан Әлмәлікұлы 1955 жылы Баян-Өлгий аймағында туылған. 1976 жылы Моңғолия Мемлекеттік Университетін Өндірістік жылумен қамтамасыз ету инженері мамандығы, 1989 жылы Экономикалық кешкі университет Өндірістік экономист бойынша тәмамдаған. Тілейхан Әлмәлікұлы Моңғолия парламентіне екі рет сайланған депутат.

2008-2012 жылдары Моңғолия Парламентінің Әлеуметтік саясат, білім, мәдениет, ғылым мәселелері бойынша тұрақты комитетінің бастығы болды. 1991 жылы Халық Революциялық 70 жылдық медалі, 1993 жылы Энергетика саласының озат қызметкері, 2001 жылы Халық Революциясының 80 жылдық медалі, 2005 жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталған. 2014 жылы Моңғолияның “Өнеркәсіп саласына еңбек сіңірген қайраткері” атағын алған.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек3 months ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек5 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек5 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек6 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек6 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек8 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек9 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Басты назарда