KAZNEWS – Моңғолия Парламентінің спикері Гомбожавын Занданшатар 28 қыркүйекте Баян-Өлгий аймағына жұмыстап қайтқан болатын. Спикер өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында төмендегідей жазба қалдырыпты.
“Баян-Өлгийде тұрғындармен кездесу кезінде әкемнің сыныптасы, еңбек сіңірген агрономшы Рахадыл және әкеммен бірге «Чандаган» бірлестігінде жұмыс істеген тракторшы Айыпхан өздерінің жақсы естеліктерімен бөлісіп, маған жақсылық пен табыс тіледі. Рахадыл ақсақал қазақтың қамшысын сыйға тартты. Ол қамшының елде әділдікті, тәртіпті сақтау үшін қажет болатынын айтты.
Әкемнің достарының батасын қабыл алып, әділеттілік жолында өзімді де қамшылап жүретін боламын.
Қарттарым аман сау болсын, көп жасаңыздар.” -делінген.