Неміс фотографы Лео Томас негізінен әр халықтың өмір сүру салты мен пейзаж түсіргенді ұнатады. Оның суретке қызығушылығын кәсіби ландшафт-фотографы Леннарт Пагель оятқан. Бұл туралы Айқын агенттігі хабарлады.
Міне, содан бастап Томас телефонның камерасымен түсіре бастаған. Кейін ол фотоаппарат сатып алып, саяхаттап жүріп, кәсіби суретке түсіруге бел байлаған.
Сондай сапарының бірі – Моңғолияға түскен.
«Бұғанға дейін аң аулап, бүркіт ұстайтын құсбегі ер-азамат қана болады деп жүрсем, қателесіппін. Ол жақта қыз баланың да аңшылықпен айналысқанын көріп, қайран қалдым» дейді ол.
Оған қоса, бұл халықтың көшпенді өмір сүретіні, ата-салтын сақтап, атадан балаға берілетін дәстүр жалғастығын үзбеуі оны тәнтті етті. Тіпті, ұл-қыз деп бөлместен, өз кәсібін ұрпағына үйретіп кетуге тырысады екен.
Соның бірі – аңшылық. Бүгінде 300-ге жуық аңшы бар. Оның көпшілігі ер адам. Бұл жайытты Томас Алтай аумағында жүргенде құсбегі Заманболдан естіген.
Бойжеткен сол жерде бір топ аңшымен аңшылықта жүріпті. Көшпенді қазақ отбасынан шыққан ол, қала ішіндегі мектепте оқиды екен.
Әр демалыс сайын Заманбол інісі Базарбаймен бірге аңшылықпен айналысып, жаттығып тұруы дәстүрге айналған.
Сол сәтті түсіріп үлгерген фотограф Лео Томас сол суреттерді өзінің Инстаграм мен Facebook парақшаларына бөліскен.