Connect with us

Дерек

Осы наурызда Улаанбаатарда қандай концерттерді көру керек

Published

on


Нұр тобы

Баян-Өлгий аймағының эстрадасының танымал тобы “Нұр тобы” Улаанбаатар қаласында гастролдық сапармен барып, Тәуелсіздік сарайында жеке концерт береді.

18 наурызда сағат 19:00-да

Билет сатып алу: 99666074, 99975722


Әнші Бахат Сайнмуратұлы

Улаанбаатар қаласында Бахат Сайнмуратұлының жанды дауыста жеке концерті өтеді.

18 наурызда сағат 18:00-де

Бахат Сайнмуратұлының VIP ән кеші

Билет сатып алу: 9111-7805


Әнші Берденбек Ерғабылұлы

Улаанбаатар қаласының “Улаанбаатар чуулга” концерт залында әнші Берденбек Ерғабылұлы мен музыкант Р.Гариптың “Сағыныш” атты жеке концерті өтеді. 

16 наурызда сағат 19:00-да

Билет сатып алу: 95013773


Дәстүрлі әнші Қаратышқан Бақираұлы

Дәстүрлі, халық әндерінің шебері Қаратышқан Бақираұлының Ұлыстың Ұлы күніне орай ұйымдастырылып отырған “Қоңыр әнді көктем” ән кешіне шақырады. 

12 наурызда сағат 19:00 -да

Билет сатып алу: 99159413

Дерек

29 жастағы Айсулуу Тыныбекова туралы 29 дерек

Published

on

9 мамыр, KAZNEWS. Қырғыз елінің мақтанышы, еркін күрестен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Айсулуу Тыныбекова 29 жасқа толды. 

Азияның үздік палуаны атанып жүрген Айсулуу туралы 29 қызықты деректі ұсынамыз. 

1. Айсулуу 1992 жылы 4 сәуірде Қырғыз Республикасының Майлуу-Суу қаласында туған. Балалық шағын Тендик қалашығында өткізген.

2. Үйдің 4-ші баласы. Екі әпкесі, бір ағасы және бір інісі бар. 

3. Жастайынан спортпен шұғылданумен қатар газет беттеріне шығуды, телеарнадан көрінуді армандайтын. 

4. Спортқа алғаш анасы әкелген. Айсулуудың отбасы күнде таңертең жүгіруді дәстүрге айналдырған. 

5. Сегізінші сынып бітіргенше ол мектептегі баскетбол құрамасының капитаны болған. 

6. Ал, тоғызыншы сыныпта каратэмен шұғылданған. 

7. Оныншы сыныпта еркін күреспен шұғылдана бастаған. Сол жылы кәсіби деңгейде шұғылдану үшін Бішкекке келген. 

8. Алғашқы мектебінде татами болмағандықтан жаттығуды матрастың үстінде жасап жүрген. 

9. 2009 жылы Айсулуу Тыныбекова алғаш рет Қырғыз құрамасына шақырту алған. Ол сол жылғы ел чемпионатынан күміс жүлде алып қалады. Күрестен біржола кетіп, туған жеріне қатуды ойлаған. Бірақ бапкерлері жібермеген. 

10. Айсулуу Тыныбекова еркін күрестен халықаралық дәрежелі спортшы. 2015 жылы алған.

11. 19 жасында 2012 жылғы Лондон олимпиадасына қатысқан. Қырғыз елінен қыздар арасынан олимпиада ойындарына қатысқан алғашқы палуан атанды. 

12. 2013 жылы Азияның жастар арасындағы чемпионатта қырғыз қыздары арасынан алғаш рет чемпион атанған. 

13. Алғашқы олимпиада ойындарында 13-ші орын. Кейінгі Рио олимпиадасында бесінші орын иеленген. Үндістандық Сакши Маликадан қола медаль үшінгі бәсекеде ұтылып қалған. 

14. Айсулууға 2010 жылдан бері Қырғыздың Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нурбек Изабеков бапкерлік етіп келеді.

15. 2019 жылы Нурсултан қаласында алғаш рет әлем чемпионы атанды. 

16. 2021 жылы тамыздың 4 күні Токио олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 

17. Қырғыз техникалық университетінде экономика факултетінде тәлім алған.

18. Қырғыздың ең көп табыс табатын спортшыларының бірі. Ай сайын мемлекеттен 60 мың сом стипендия алады. Азия ойындарында чемпион атанып “Данк” медаль, 1 млн 250 мың соммен сыйланған. 2016 жылы олимпиада ойындарындағы бесінші орыны үшін мемлекет  1 млн сом берген.

19. Айсулуу қырғыз қыздары арасынан шыққан алғашқы әлем чемпионы. 

20. Қырғыздағы ең көп марапат алған спортшы. Күрестің барлық жарыстарынан медаль алған. Олимпиада, Әлем чемпионаты, Ислам елдері ойындары, Студенттер универсиадасы, Азия ойындары т.б 

21. Америка продюссері Рейчел Сайн ол туралы Aisuluu: Against the Wind фильмін жасаған.

22. Әкесі Болот Тыныбековтың айтуынша Айсулуу есепке өте жақсы болған. 

23. 2012 жылы Ұлттық құрамадағы досымен бірге жасөспірім баланы ұрып соққаны үшін екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған. 

24. 2022 жылы сәуір айында Моңғолияда өткен Азия чемпионатында күміс жүлде алған. 

25. 2021 жылы Токио олимпиадасындағы жетістігі үшін Мемлекеттік Манас сыйлығын алған. Сондай-ақ, 10 млн сом, Toyota Rav 4 көлігі берілген. 

26. 2019 жылы Чингиз Айтматов атындағы жылдың Үздік жас спортшысы номинациясын алған. 

27. Парис олимпиадасынан кейін спорттық мәнсабын аяқтап, бапкер болуды қалайды. 

28. Алты жасынан картоп егіп, жеті жасында мал баққан. Таңертең, кешкісін сиыр сауатын, жұмыскер қыз болған. 

29. Олимпиада чемпионы болғанға дейін үйлену тойы болмайды деп мәлімдеген. 

Continue Reading

Дерек

Моңғолия азаматтары 60 елге визасыз бара алады

Published

on

KAZNEWS – 2021 жылдың 1 қазанынан бастап қарапайым паспорты бар Моңғолия азаматы 25 шет мемлекетке 14-90 күнге визасыз баруға құқылы. Ал, дипломатиялық паспорты бар азаматтар 35 елге визасыз бара алады.

Бұл туралы Моңғолияны Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің consul.mn сайтынан көруіңізге болады.  

Henley & Partners компаниясы жариялаған жаңартылған паспорттар индексінде Моңғолия 81-ші орында яғни Африкада орналасқан Бенин, Руанда Республикасымен бірдей көрсеткішке ие болды. Бұл индексте 2021 жылы 87-ші, 2020 жылы 78-ші орында болған.

Зерттеулерге сәйкес, Индексте Жапония мен Сингапур көш бастап тұр. Бұл елдің азаматтары әлемнің 192 еліне визасыз бара алады. Екінші орында Германия мен Оңтүстік Корея тұр. Бұл елдің азаматтары 190 елге визасыз барады. Үздік үштікте Финландия, Италия, Люксембург, Испания жайғасты. Бұл елдің азаматтары 189 елге визасыз бара алады.

Инвестициялар арқылы азаматтық алу бағдарламалары бар елдер жоғары орындарға ие. Мысалға, Мальта әлемнің 182 еліне визасыз баруға қол жеткізе отырып, индексте 7-ші орынды иеленіп тұр.

Ал, көршілес Ресей Федерациясы 49-шы орында 117 елге, Қытай Халық Республикасы 66-шы орында 79 елге, Қазақстан Республикасы 69-шы орында 75 елге визасыз қатынайды.

Continue Reading

Дерек

Оңтүстік Корея Моңғолиялық туристер үшін 30 күн визасыз режимге көшті

Published

on

Оңтүстік Корея үкіметі маусымның 1 күнінен бастап Моңғолия, Вьетнам, Филиппин, Индонезия қатарлы елдің 5 және одан жоғары құраммен келетін туристер үшін 30 күн визасыз режимге көшті. Бұл туралы «Ikon.mn» хабарлады.

Осылайша Моңғолия азаматтары Корея Республикасына 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз қайта кіре алады. Бұл жеңілдік тек Яньян (Yangyang) әуежайы арқылы келетін туристерге ғана беріледі.

Яньян Оңтүстік Кореяның солтүстік-шығысында орналасқан Ганвон облысы Яньян ауданындағы шағын әуежай болып саналады.

Ал, Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге, оқуға немесе тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алу қажет екенін ескерген жөн.

Continue Reading

Дерек

Илон Маск Twıtter-ге қазақ тілін енгізе ма?

Published

on

26 сәуір, KAZNEWS. Илон Маск Twıtter-ді сатып алған соң оған бірқатар өзгеріс енгізетінін айтты. Бұл туралы KazUnite.com хабарлады.

Әзірге 23 сәуір Әлемдік Жер күні қазіргі климат дағдарысы жайлы жалған ақпарат беретін, климаттың өзгеруі проблемасын жоққа шығаратын жарнамаларға тыйым салынғаны мәлім болды.

Бұл бағытта жарнамаларға ғана емес, климаттың өзгеруін жоққа шығаратын, экологиялық проблеманы мойындамай, оның асқынуына жол ашатын ғалымдардың еңбектері де жарияланбайды.

Әлеуметтік платформаның иесі атанысымен Илон Маск желі қолданушыларының ұсыныстары мен сынын қабылдайтынын жазды.

Қазіргі уақытта Twitter-ді қолданушы қазақтар, яғни қазақ тілінің жанашырлары Илон Масктен Twitter платформасына қазақ тілін енгізуді сұрап пост жариялады. Олар өтініштерін #kazakhlanguageintwitter хэштегімен “платформаға қазақ тілін қосыңызшы” деп жолдады.

Әлемдік инновация мен технологияның көш басында келе жатқан Twitter иесі “тілім жоғалмаса” деген қазақ жастарының үніне құлақ аса ма?

Twitter-ге қазақ тілін енгізе ме? Ол жағы алдағы уақыттың еншісінде.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 week ago

29 жастағы Айсулуу Тыныбекова туралы 29 дерек

9 мамыр, KAZNEWS. Қырғыз елінің мақтанышы, еркін күрестен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлемнің екі дүркін чемпионы Айсулуу Тыныбекова 29 жасқа...

Дерек1 week ago

Моңғолия азаматтары 60 елге визасыз бара алады

KAZNEWS – 2021 жылдың 1 қазанынан бастап қарапайым паспорты бар Моңғолия азаматы 25 шет мемлекетке 14-90 күнге визасыз баруға құқылы....

Дерек2 weeks ago

Оңтүстік Корея Моңғолиялық туристер үшін 30 күн визасыз режимге көшті

Оңтүстік Корея үкіметі маусымның 1 күнінен бастап Моңғолия, Вьетнам, Филиппин, Индонезия қатарлы елдің 5 және одан жоғары құраммен келетін туристер...

Дерек3 weeks ago

Илон Маск Twıtter-ге қазақ тілін енгізе ма?

26 сәуір, KAZNEWS. Илон Маск Twıtter-ді сатып алған соң оған бірқатар өзгеріс енгізетінін айтты. Бұл туралы KazUnite.com хабарлады. Әзірге 23...

Дерек3 weeks ago

Ә.Базар мен Т.Аягүл моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді

27 сәуір, KAZNEWS. Базар Әшімұлы мен Аягүль Тілейханқызы моңғолиялық Forbes-тің «30-ға дейінгі 30» рейтингіне енді. Бұл туралы KazNews АА Forbes...

Дерек2 months ago

Еліміздегі 400 ге жуық бүркітшінің 80 пайызы 30-70 жас аралығындағы ерлер

14 наурыз, KAZNEWS. Еліміздегі 400 ге жуық бүркітшінің 80 пайызы 30-70 жас аралығында ерлер. Бұл ақпаратты Моңғолияның Қоршаған ортаны қорғау...

Дерек2 months ago

Цэнгэл өлкесінде жұмыстайтын “ЭС ЖИ Групп” компаниясындағы бос жұмыс орындар

Цэнгэл өлкесінде жұмыстайтын “ЭС ЖИ Групп” компаниясындағы бос жұмыс орындар жарияланды. Үміткерлерді 13 наурызға дейін тізімдейді. Мекен жайы: Баян-Өлгий аймағы,...

Дерек2 months ago

Осы наурызда Улаанбаатарда қандай концерттерді көру керек

Нұр тобы Баян-Өлгий аймағының эстрадасының танымал тобы “Нұр тобы” Улаанбаатар қаласында гастролдық сапармен барып, Тәуелсіздік сарайында жеке концерт береді. 18...

Басты назарда