18 шілде, KAZNEWS. Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ бастаған топпен бірге Баян-Өлгий аймағының әкімі Бауыржан Дәлелұлы Моңғолия-Ресей шекара бойындағы «Цагааннуур» бақылау-өткізу бекеті, Моңғолия-Қытай шекара бойындағы «Даян» өткізу бекетінің жұмысымен танысты.
«Цагааннуур» халықаралық бақылау–өткізу бекеті Ресеймен шекарада Цагааннуур қалашығында орналасқан. Мұнда шекарадан өтетін адамдар мен көлік құралдарының шекаралық бақылауы жүзеге асырылады.
Моңғолия Үкіметі алға қойған «Жаңа жаңғыру саясатының» Өткізу бекеттерін жаңғырту бағдарламасы аясында Баян-Өлгий аймағының Цагаануур өткізу бекеті 24 сағат жұмыс кестесімен қызмет көрсетуге дайын. Сондай-ақ, халықаралық транзиттік автомагистральдың құрылысын іске қосу жоспарлануды.
Шекералық бекетті Өлгий қаласымен асфальт жолмен қосу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 27,8 шақырымды құрайтын «Цагаануур-Улаанбайшинт» жолындағы жұмыстар былтырдан бері қарқынды жүргізіліп, тамыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бұл жолдың аяқталуымен Моңғолияның импорттық жүк тасымалы көлемі артады, сондай-ақ ел аумағы арқылы Ресей мен Қытай арасында халықаралық транзиттік бағыт құрылады.
Цагаануур мен Даян порттарын тас жолмен қосу арқылы үш елдің жүк тасымалы дәлізі жасалып, Новосібірден төрт күнде жететін жүк көліктерінің бір күнде жетуіне мүмкіндік туады.
Моңғолия Премьер-министрі Даян өткізу пункті жұмысымен танысып қайтты.
Аталмыш кеден бекеті Сагсай сұмыны аумағында орналасқан. 1992 жылы ашылып, ҚХР -ның ШҰАР Алтай аймағынан цемент, құрылыс материалдары, көкөніс қатарлы оншақты өнім импорттап келген. Алайда, 2010 жылдан бастап жұмысы тоқырап қалған.
Моңғолия Премьер-министрі Л.Оюун-Эрдэнэ: “Даян порты Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен шектесетіндіктен экономиканы, әсіресе туризмді кеңейтуге қолайлы болады. Даян өткізу пункті Өлгий қаласынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан. Жаңа жаңғыру саясаты аясында Цагааннуур мен Даян бекеттері арасына жол төселетін болады. Бұл Баян-Өлгий аймағы арқылы үш елді ең қысқа мерзімде байланыстыратын автомобиль порты болады. Батыс өңірде халық тұтынатын тауарлардың бағасы елордаға қарағанда қымбат. Порттарды асфальт жолмен қосу бәсекеге қабілеттілікті арттырады және экономикалық және стратегиялық маңызға ие болады.” – деді.
Цагаануур мен Даян порттарын тас жолмен қосу арқылы үш елдің жүк тасымалы дәлізі жасалып, Новосібірден төрт күнде жететін жүк көліктерінің бір күнде жетуіне мүмкіндік туады.