KAZNEWS – Мемлекеттік энергетикалық реттеу жөніндегі комитетінен электр энергиясының түнгі тарифтік жеңілдіктеріне байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.
Мемлекеттік энергетикалық реттеу жөніндегі комитетінің бастығы Тілейхан Әлмәлікұлы: Электр энергиясына түнгі тарифтік жеңілдік еңгізу туралы Моңғолия Үкіметінің №119 қаулысы шыққан. Соған байланысты, ауыл үйлердің электр энергиясына тарифік жеңілдіктер көрсетілмек.
2017 жылы 6 миллиард, 2018 жылы 9 миллиард, 2019 жылы 20 миллиард төгрөгке дейін жеңілдік көрсетілген. Түнгі тарифке көрсетілетін жеңілдік 2020 жылы 28 миллиардқа жетпек. Бұл қаражаттар мемлекеттік бюджеттен шығып отыр.
Улаанбаатар қаласының энергетикалық сұранысы жыл сайын өсіп, жылына орташа есеппен 60-80 мВтпен артып келеді.
Электр энергиясының жеңілдігіне астанамыз бойынша 116 мың үй, жалпы ел көлемінде 160 мың үй қамтылып отыр. Олар, 1 қарашадан бастап кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 06:00-ға дейін тұтынған электр энергиясының құнын тарифтік жеңілдік бойынша төлей алады.
Азаматтардың электр тұтыну шамасы 220В болса 700кВт.сағ, 380 В болса 1,500 кВт.сағ болады. Бұдан асып тұтынған электр энергиясын азаматтар 50 пайыздық жеңілдік бойынша төлейді.
“Моңғолияда бір отбасы айына орта есеппен 220 кВт электр энергиясын пайдаланады”
Кездесу соңында журналистердің сұрағына жауап берді.
-Үнемі шығынға батып жүретін саланың бірі электр энергетика саласы. Тарифтік жеңілдік көрсеткеннен кейін тіпті шығынға ұшырамай ма?
-Электр энергиясының бағасы 16 пайызға өскен. Бағаның өскеніне қарамастан тарифтік жеңілдік көрсетіліп отыр. Энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетінен екі түрлі жеңілдіктер көрсетіледі. Біріншісі, түнгі тарифтік жеңілдік. Екіншісі, тұрғын үйлердегі азаматтар да жеңілдікті алып отыр.
Моңғолияда бір үй айына орта есеппен 220 кВт электр энергиясын тұтынады. Жылына 111 мың төгрөгтің жеңілдігін алып отыр.
Систем шығынға батып отырғаны шындық. Өткен жылы шығын көлемі 29 миллиард төгрөг болған. Биылда қайталанатыны сөзсіз. Бірақ, тарифтік өзгерістер бойынша шамамыз келгенше шығынды азайту үшін жұмыстап отырмыз. Ең маңыздысы біз электр энергия көздерін үнемдеп отырмыз. Түнгі тарифтік жеңілдікті тұтынушылардың қалтасынан емес, мемлекет бюджеттен төлейтіндіктен халыққа ауыртпаушылық алып келмейді.
Казньюс ұсынады. Тұрмыстық құралдар қуаттылығының кестесі
Тұрмыстық құрал |
Қуат бірлігі Вт |
Асүй сорғысы |
140–250 |
Киім үтіктейтін қондырғы (үтік) |
1000–3500 |
Компьютер |
400–1000 |
Салқындатқыш |
500–2500 |
Қысқа толқынды пеш |
800–2000 |
Асүй араластырғышы |
200 |
Тоңазытқыш |
200 |
Ыдыс жуғыш мәшине |
3500 |
Шаң сорғыш |
1000 – 1500 |
Автоматты кіржуғыш мәшине |
3300 |
Теледидар |
180 |
Тостер |
900–1600 |
Шаш кептіргіш |
800 |
Мысалы: тоңазытқыш үшін 24 сағатта тұтынылатын энергия мынаған тең:
Электр энергиясы = қуат ∙ уақыт (сағатпен)/1000
Тоңазытқыш энергиясы = (қуат ∙ уақыт(сағ))/1000 = 200∙ 24/1000= 4.8 (кВт/сағ)
Тоңазытқыш үшін бір тәуліктегі электрге төлейтін жоғарғы құны =4.8 (кВт/сағ)*126=604.8 төг
P.S. Баян-Өлгий аймағында 1 кВт электр энергиясының құны қосымша құн салығын қоспағанда 126 төгрөг.