15 ақпан, KAZNEWS. Моңғолияның Құрылыс министрі қызметін 20 жыл атқарған, Моңғолияға “Еңбек сіңірген құрылысшы” Тілейхан Орынұлының туғанына 100 жыл толуына орай Улаанбаатар қаласындағы О.Тілейхан атындағы Құрылыс политехникалық коллежінде ғылыми-практикалық конференция өтті.
Оған еліміздің белгілі тарихшы ғалымдар, құрылыс саласының майталмандары, билік өкілдері қатысты.
Тілейхан Орынұлы 1923 жылы Баян-Өлгий аймағы Улаанхус сұмынында дүниеге келген деп жазады, Жаңа дәуір газеті. Аталмыш ақпарат құралы келтірген деректе, Тілейхан Орынұлын 1935-1941 жылдары аталмыш сұмынның орта мектебінде білім алып, 1942-1944 жылдары Улаанбаатар қаласындағы партия мектебін “өте жақсы” деген бағамен бітіріп шыққан деп баяндайды.
1944-1947 жылдары сол оқу орнында ұстаздық қызмет атқарған. Кейін партия қызметіне ауысып, елдің саяси өміріне белсенді түрде араласа бастаған.
Тілейхан Орынұлы Құрылыс, материал, өндіріс министрі қызметін 1962-1982 жылға дейін атқарған.