Connect with us

Мақала

The wisdom of Abay is the sacral treasure of the Kazakh people

Published

on

Great Abay is a symbol of Kazakh spirituality and culture. His teaching is inextricably linked with the spiritual revival of the people, and wisdom still finds a place in the heart of every Kazakh.

The prosperity of this or that people, development of culture, literature and art – in a word, the triumph of consciousness and desire for harmony of the inner spiritual world to achieve universal benefits are inextricably linked with the life of the people and historical achievements of its outstanding people who, with their unique talent, changed society for the better. He was a great man of his period. The word and creativity, which became a model of wisdom for every Kazakh, is, of course, a philosopher, an outstanding poet – Abay. Thanks to his natural talent and intelligence, he not only laid the foundations of Kazakh written literature, but also with its help, he became the educator of the entire Kazakh society and great figure who showed the way to goodness and real guardian of the people who fought for honour and justice. “Kazakhs should fully know and understand the creative work of Abay,” wrote the outstanding Kazakh amateur educator Akhmet Baitursynov in this letter.

Acquaintance with the creative work of Abay awakens consciousness, makes you think wider and deeper, gives new moods and feelings, leads to bright dreams and encourages purification and spiritual enrichment through self-knowledge. Abay made an invaluable contribution not only for his people, but for all the peoples of the world. Upon learning of this, Nursultan Abishevich Nazarbayev, the First President of the Republic of Kazakhstan – Elbasy sent a letter to UNESCO with a request to include the anniversary of Abay Kunanbayev in the UNESCO calendar of historical dates. Thus, UNESCO declares 1995 the Year of Abay. Thanks to this, the 150th anniversary of Abay became a global event that aroused the interest of the foreign reader in the heritage of the great poet.

Kassym-Jomart Tokayev, the President of the Republic of Kazakhstan, in his article “Abay and Kazakhstan in the XXI century”, speaking about the significance of Abay’s heritage for the modern generation, says: “We must carefully read the works of Abay if we are talking about the modernization of national consciousness and formation of achievement-oriented nation. Abay is a man who embodies not only his time, but the modern society as well.

Abay is the national pride and conscience of the Kazakh people. It’s a spirit, who brought the Kazakh national “I” to the world level. Undoubtedly, in the Kazakh steppes, there were enough wise men of their time. But Abay, from a young age, was distinguished by his perspicacity and observation skills. He read a lot, helped his father in resolving intertribal disputes, and learned to immerse himself in the essence of the problem. The height of Abay’s thought above other poets lies in the fact that he managed to reveal not only the external side of the problem, but also the inner and deep essence. Absorbing the wisdom of steppe nomads, and using all the advantages of nomadic society, he praises the mind and knowledge in his poems. And his “words of edification” have become an invaluable value in understanding the world and human soul. As a man of wisdom, he absorbed all the wisdom of the advanced representatives of the steppe, he knew the legends and customs of the Kazakh people well. And his acquaintance with the works of Russian and Western classical literature strengthened the understanding of knowledge superiority in his memory. He saw a bright future for the Kazakh people in educated youth. He urged young people to avoid ignorance, dishonor and recklessness, not to be slaves to stereotypes. “Three things that constitute the qualities of a person: hot power, bright mind and warm heart,” – the great thinker recalls. The poet warns that the main thing is faith in one’s work and mind. According to Abay, only education and upbringing can take over and shorten the path to success. To do this, we need to build many schools for Kazakh children, send them to school. Only education may open the way to a civilized future for talented youth.

The wisdom of Abay is the folk wisdom. The thinker’s heritage as a reflection of his inner world is an inexhaustible source of folk wisdom and consciousness.

Omarbayeva G.S. candidate of philology

al-Farabi Kazakh National University

Advertisement


Мақала

Жаңа Қазақстан: 19 наурыздағы сайлау қазақ қоғамын қайда жетелейді?

Published

on

Қазақстанның бүгінгі күн тәртібін яғни, 19 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын, өз алдына дербес саяси компаниядан бұрын, мақсаты мен миссиясы тұрғысынан Қазақстан билігінің кешенді әрі жүйелі түрде жүсеге асырып келе жатқан жаңа сападағы түбегейлі һәм бір тұтас реформаларының құрамдас бір бөлігі, жүзеге асу тұрғысынан «тәмамдаушы» циклі әрі мемлекеттің заң шығарушы саяси құрылымын жаңалай отырып, оны жаңа сапаға көтеруге, оны барынша кешенді түрде модернизациялауға бағытталған ұмтылысы ретінде бағалау орынды болмақ. Сөзімізді қуаттау үшін, Қазақстанда бұған дейін электоралды науқан ретінде 2022 жылдың 5 маусымында Республикалық референдумның, 2022 жылдың 20 қарашасында ҚР-ның кезектен тыс Президент сайлауының, 2023 жылдың 14 қаңтарында Парламентің жоғарғы палатасы – Сенат депутаттарының сайлауы өткенін айта кеткеніміз жөн.

Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының ерекшелігі мен маңызы

Біздіңше, алдағы сайлаудың бұған дейінгі науқандардан басты ерекшелігі – оңтайландырылған шарттарында, азаматтық қоғамның сыни пікірлеріне ашықтығында және сайлау додасына түсуге талап білдірген үмтікерлер үшін қолжетімді болуында. Мысалы, жаңа шаттар бойынша осы сайлауда Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтер бойынша сайланса, партиялардың Мәжіліске өтудегі шекті кедергісі 5 пайыз болып бектілген (бұған дейін 7 пайыз болатын), ал жаңа саяси патияны тіркеу үшін мүше санының ең кемі 5 мың болуы жеткілікті болып есептеледі. Айта кетуіміз керек, бұған дейін жаңа партияны тіркеу үшін жалпы мүше санының 20 000, аймақ өкілдіктерінің саны 600 болуы шарт болатын. Жаңа шарттар бойынша аталған талап едәуір жеңілдетіліп, тіркеу шегі 4 есеге, өкілдіктердің шегі 3 есеге қысқартылған. Өз кезегінде аталған сапалы жаңа шарттар Қазақстанның саяси аренасына экологиялық мәселелерді мұрат тұтқан «Байтақ» пен кәсіпкерлік салаға басымдық беретін Respublica атты екі жаңа партияның шығуына негіз болып, саяси пікір мен бағыт алуандығын қамтамасыз етті.

Ал облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына депутттар аралас жүйе (50/50) бойынша сайланса, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарындағы сайлауда қазақстандықтар тек бір мандатты округтердегі кандидаттарға ғана дауыс береді. Сонымен қатар, алдағы сайлауда бұған дейінгі сайлаулардағы кемшін тұстар ескеріле отырып, партия тізіміндегі 30 пайыздық жастар және әйелдермен қатар, мүгедек жандарға да арнайы квота қарастырлғанын және мандат тапсыруда квота шаттарының қатаң сақталатынын айта кетуіміз керек.

Орталық сайлау орталығының мәліметіне сәйкес, 19 наурызда өтетін сайлау додасында AMANAT, Ақ жол, Ауыл, Қазақстан халық партиясы, Respublica, ЖСДП және Байтақ патиялары бақ сынайды. Парламент мәжілісіндегі 98 орынға 892 үміткер таласады, олардың ішінде барлық партиялардан мәжіліс депутттығына 281 үміткер, ал бір мандатты сайлау округтерінен 609 үміткер қатысады, партиялардың тұтастай тізімі бойынша жастар, әйелдер және мүгедек жандар бойынша квота 38.1 пайызды құрайды. Ал, барлық деңгейдегі 223 мәслихатағы 3415 мандат үшін жалпы саны 13 315 үміткер таласады. Үміткерлердің орташа жасы 45,4 болса, 29 жасқа дейінгі үміткелердің саны 19, әйел үміткердің саны 80 (28,5 пайыз), ер үміткердің саны 201. Партиялық тізім бойынша сайлауға 12 ұлт өкілдері қатысады.

Сайлау науқанын ерекше айқындайтын тағы бір жәйт, ол – партиялық тізімнен бөлек, тіркеуден өткен тәуелсіз үміткерлердің саны (525 үміткер) мен саяси ұстанымдарының әралуандығында. Мысалы, тәуелсіз үміткерлердің арасында бұған дейін тіркеуден өтпеген саяси партия мен қозғалыс өкілдерінің, оппозициялық ұстанымдағы қоғам қайраткелері мен белсенділердің мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткер ретінде қатысып жатқанын атап өтуіміз керек.

Сондай-ақ, сайлау команиясының барысы (әзірге сыни пікірлер техникалық мазмұнда болса да) мен жекелеген партиялар мен тәуелсіз үміткерлерге қатысты сыни пікірлердің әртүрлі медиа плафтормалар мен әлеуметтік желілерде ашық әрі еркін түрде көтеріліп жатқанын да қаперге сала кеткеніміз жөн. Сыни пікірлердің (жекелеген партияларға қатысты) көтерілуі моралдық тұрғыдан заңды да… Біздіңше, мұның түп-төркіні мен басты себебі – шартты түрдегі «Ескі Қазақстан» кезеңіндегі әртүрлі саяси үдеріс барысында орын алған алған бұрмалаушылық пен әртүрлі манипуляцияның салдарынан туындап отыр. Пайымдауымызша, азаматтық қоғам да, билік те мұның парқында…

Осы ракустан бағалар болсақ, сайлау додасына 7 партиямен қатар, ондаған қоғам белсенділері мен жастардың қатысып, үгіт-насихат жұмыстары мен дебаттарды белсенді түрде жүргізуі – ең алдымен Қазақстан билігінің саясат аренасына «Ескі Қазақстан» кезеңінде «көлеңкеде» қалып қойған, перспективті жаңа тұлғаларды алып келумен қатар пікір алуандығын қамтамасыз етіп, оның инклюзивті және репрезентивті келбетін қалыптастыруға деген ұмтылысын һәм «Ескі Қазақстан» кезеңінінің қателерін сараптай отырып, сайлаушылар мен азаматтардың құзырындағы шынайылығын айқындайды. Қала берді, бұл– өркениетті сайлау дәстүрінің мызғымас пастулатты да…

Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы Қазақстанның саяси тұғырына қандай оң өзгеріс алып келуі мүмкін?

Қазақстан билігінің жоғарыда айтып өткен жігері мен сайлау додасында партиялардың атынан немесе дебес түрде түсіп жатқан үміткерлерге қатысты мәліметтерді саралай отырып мынадай болжам жасауға болады:
– Сайлау үдерісінің қорытындысы бойынша жасақталатын жаңа Парламент (Мәжіліс) жаңа саяси партиялармен (Байтақ пен Rescpublica), жаңа көзқарастағы жаңа буын өкілдерімен, сәйкесінше жаңа әрі тың идеялармен толығады;

– Парламентте (Мәжіліс) саяси партиялардың көбеюуі, бірінші кезекте қоғамның барлық қабаттарын қамтитын саяси пікір мен ұстаным алуандығын қамтамасыз ете отырып, сапалы заң өнідірісін қамтамасыз етеді.

– Партиялар арасындағы жаңа сападағы бәсекелестік тұрақты демократиялық құндылықтар мен азаматтық қоғамның жаңа сапада қалыптасуына оң ықпал етеді.
– Аталған оң өзгерістер бір жағынан мемлекеттік саясат пен басқаруда сапаның артуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан шартты түрде «Ескі Қазақстан» кезеңінде тұралап қалған азаматтар мен билік арасынадғы өзара сенімділік, коммуникацияның деңгейін жаңа сапада жаңғыртады, көтереді.
– Ықтималдылығы жоғары оң тенденциялар өз кезегінде алдағы саяси үдерісте (шартты түрде «Ескі Қазасқтанда» қалыптасқан) билік тармақтары мен құзіретті уәкілдіктердің демократиялық құндылықтарға қайшы формада (мұрагерлік, кландық-туыстық, жеке бас мүддесінен туындайтын қатынастар арқылы т.б.) өтуіне тоқтау сала отырып, жаңа сападағы саяси дәстүрдің қалыптасуына негіз болады.
Қорыта айтқанда, «Қаңтар оқиғасы» қазақ қоғамның да биіліктің де ойлау жүйесі мен дағдысын түбегейлі өзгертті. Ендігінде, билік те, азаматтық қоғам да бірін-бірі толықтыратын, барлық саладағы тұғыры мығым да бекем бір тұтас жүйе ретінде жаңа сапаға көтерілгенде ғана, мемлекет ретінде, ұлт ретінде жаһанды шарпып тұрған «алмағайып жағдай», «пост-шындық» (post-truth) пен «гибридті соғыс» (hybrid warfare) шарттарының қатерлеріне төтеп бере алатынын айқын түсінуде. Ал Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы – жаңа сапаға, яғни, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатына жетелейтін жаңа белес болып табылады.

Нұрғали Жүсіпбай 

Continue Reading

Мақала

Қасиетті Рамазан айын Стамбұлда өткізіңіз

Published

on

Екі құрлықты жалғастырған Стамбұл – Рамазан айының ерекше әдет-ғұрпын сақтайтын ерекше мекен. Түрік мәдениетінде «Он бір айдың сұлтаны» аталатын Рамазан айы – іштей Жаратқанды тану, сабыр сақтау, бармен бөлісу, құлшылық ету мен ораза ұстау айы. Биыл Рамазан айы 23 наурыздан 20 сәуірге тура келеді. Стамбұлға асыққан туристер Рамазанның қалалық әдет-ғұрыптары мен мәдениетін көзбен көреді. Адамдар сүйіспеншілік, мейірімділік және төзімділік көрсетуге күш салатын ортада уақыт өткізеді.

Рамазанның берекесі барлық жерде сезіледі

Стамбұлдағы қасиетті айда мешіттердің мұнараларына ерекше жарықтармен безендірілген жазулар ілінеді. Османлыдан қалған мұралардың бірі – жарапазан айтатын барабаншылар. Олар таң атқанша көшелерді аралап, барабан соғып, Рамазан туралы аяттарды айтып, таң намазының алдында сәресіге оятады.

Рамазан айында ораза ұстау – қалыптасқан рәсім. Сәресіде алатаңнан басталатын ораза ақшам намазымен және зеңбіректер дыбысымен аяқталады. Кешке ауызашарда үлкен дастархандарда бас қосатын адамдар бір жұтым су мен бірнеше зәйтүн немесе құрмамен ауыз ашады.

Стамбұлдың үйлеріндегі ауызашар дастархандары Рамазан айының сән-салтанатын көрсетсе, қаланың кафелері мен мейрамханалары дәстүрлі тағамдардың бай мәзірін ұсынады. Оның ішінде буы бұрқырап, жаңа піскен Рамазан нандары қаланы керемет хош иіспен толтырады. Бұл кезеңде ең танымал тағам – түріктердің “Гүллах” деген тіскебасары. Сүт, раушан суы, анар мен ерекше қамырдан жасалатын гүллахты түріктер “баклаваның атасы” деп атайды.

Сәресі алдындағы дәстүрлі ойын-сауық

Стамбұлдың мешіттерінде ауызашарлан кейін оқылатын тарауих намазы құлшылық пен жамағаттың Жаратқанға деген сезімін күшейте түседі. Түрлі алаңдарда, әсіресе тарихи Сұлтанахмет ауданында намаздан кейін дәстүрлі Рамазан ойын-сауықтары басталып, қала мен оның тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Қала алаңдарында діни әңгімелер, поэзия кештері мен халық қойылымдары – музыка, би және әңгімелер ұйымдастырылады. Әсіресе, ауыз әдебиетінен мұраға қалған «Қарагөз бен Хадживат» кейіпкерлерінің қатысуымен дәстүрлі қуыршақ театрлары балалардың да, үлкендердің де көңілін көтереді.

Стамбұлдың киелі жерлеріне рухани саяхат

Стамбұлды Рамазан айында ерекше ететін тағы бір мәселе – оның киелі жерлері. Мұхаммед пайғамбардың сахабасы Халид бин Зейд Эбу Эйюб Ел-Энсаридің қабірі орналасқан Эйүп Сұлтан Камии мешіті. Рамазан айының алғашқы оразасы тұтылған Оруч баба бейіті, Юша төбе (Юша пайғамбардың қабірі орналасқан деседі), Яхья Эфендидің қабірі. Сонымен қатар Айя София, Сұлтанахмет мешіті, Османлының падишаһтары салтанат құрған Топкапы сарайы да туристердің сүйкті мекеніне айналған. Hz. Мұхаммедтің қасиетті жәдігері Хирка-и-Шерифті Рамазан айы бойы Хирка-и-Шериф мешітінде көруге болады.

Стамбұлда айт қуанышын сезініңіз…

Стамбұлда ғибадатпен өткізілген бейбіт Рамазан айымен қоштасатын Айттың алғашұы күні мерекелік дұғалармен тойланады. Көрші-қолау, туған-туыспен арқа-жарқа араласып, үлкендерге сәлем беру үшін қонаққа баратын сәт. Мереке кезінде қаладағы саябақтар мен алаңдарда ине шаншар жер қалмайды. Айттың құрметіне түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, көңілді уақыт өткізуге жағдай жасалады. Сырлы Туған-туыстар бас қосқаннан кейін айт мерекесі балаларды мерекелік ықыласпен тамашалау үшін қалалық саябақтар мен ойын-сауық орталықтарында жалғасуда. Тарихи орындарды, дәстүрлі тәжірибелерді және Рамазаннан шабыттандырылған ойын-сауықты ұсда ине шаншар жер болмайды. Халық натын Стамбул биылғы Рамазан айында қонақтарын күтуде.

Сілтеме

Continue Reading

Мақала

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS WUR рейтингінде 150 орынға көтерілді

Published

on

Қазіргі уақытта біздің еліміз бен әлемдік қауымдастық аса күрделі саяси, экономикалық, әлеуметтік және білім, ғылым салаларымен байланысты реформаларды атқаруда. Бұл реформалар бүкіл әлемдік қауымдастықты дүр сілкіндірген жалпы адамзаттың бұған дейнгі қалыптасқан таным, сенім құндылықтарын ой елегінен өткізіп, қайта пайымдауына ықпал еткен пандемия нәтижесінде туындаған бұл реформалар ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Жаңа Қазақстан” идеясымен қабысады. Егер елдің білім және ғылым әлеуеті күшті болса, кез-келген реформаны еңсеруге болатыны белгілі. Бүгінгі таңда білім, ғылым беру ісін қайта қарап жаңа шешімдер қажеттілігі туындап отыр. Осы тұрғыдан алғанда Президент алға қойған ұлттық міндеттер мен ғылымдағы басым бағыттар, еліміздің дамуына жаңа серпін береді. Президенттің Қазақстан халқына жолдауында ғылым мен өндірістің дамына неғұрлым терең көзқарас қажеттілігі көрсетілген. Жас ғалымдардың қатысуымен атқарылатын ғылыми жобаларды қаржыландыруға басымдылық берілді. Сондай-ақ, Президент қазақстандық ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыратын қазақстандық ғылыми дәйексөз индексін құру туралы атап өтті және осы тұста ғылым мен техниканы ілгерілетуде университеттердің рөлі айқындалды. Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін назарға ала отырып, бүгінде Үкімет университеттік ғылымды қаржыландыруға басымдылық беріп отыр. Мемлекет басшысы өз сөзінде атап өткендей, университеттер тікелей бірінші дәрежелі ғылым орталығы ретінде әрекет ететін болады. Дәл қазіргі уақытта, еліміздің білімі мен ғылыми әлеуетіне зор жауапкершілік жүктелгені белгілі. Осы тұрғыда университеттердің рөлі алдыңғы орында. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Университет QS World University Rankings рейтингінде әлемдік үздік 150 университеттің қатарына енгені белгілі.

Танымал профессорлар мен оқытушылардың басын біріктірген озық Smart University инфрақұрылымы қалыптасқан университет, алдағы уақыттада интеллектуалды жастардың орталығы бола бермек. Білім және ғылыми үдерісте, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және кәсіби құзыреттіліктерді игеруді қамтамасыз ететін инновациялық білім мен кәсіби бағдарламаларға айрықша көңіл бөлінеді. Бұл ретте, студенттердің практикалық дайындығына басымдылық берілетіні өз алдына. “Қала ішіндегі қала” концепциясы бойынша тұрғызылған университет аумағы өте ауқымды, ол: оқу ғимараттары, студенттер сарайы, заманауи ғылыми кітапхана, мұражайлар, спорт кешені, студенттік жатаханалар.

ҚазҰУ ректоры Ж.Қ. Түймебаевтың бастамасымен университетте белгілі ғалымдар, саясаткерлер мен бизнесмендердің көшбасшылық дәрістері өткізілуі әдетке айналған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің интеллектуалды жастарының бәсекеге қабілетті кәсіби дағдылары мен сұранысқа ие, жан-жақты дамыған маман болып қалыптасуына негіз болады деп сеніммен айтуға болады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары
Аймагамбетова М.М., Жанысбекова Э.Т.

Continue Reading

Мақала

Көптілділік және қостілділік мәселелері

Published

on

Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғ. Мүсірепов

Қазіргі уақытта көп тіл білу – өмір қажеттілігі. Осы қажеттілік негізінде қостілділік (көптілділік) пайда болып қалыптасады және қоғамда ұлт саны қаншама көп болса, ол үшін қостілділік пен көптілділік соншама қажет. Иә, көп тіл білу ــ әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты ету тексіздің ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе ــ бұл сүйініш, мақтаныш. Ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе ــ бұл күйініш, өкініш. Бұл – бұзылмас заңдылық. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады. Бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Тілдің зерттеліп анықталғаны баршылық, алайда толық ашылмаған тұстары да жетерлік. Ал бұл құбылысты жаппай ой қазығына айналдыру, идеология ретінде ұстану қаншалықты тиімді әрі нәтижелі болатындығы бізді ойландырады. Екі тілді білетін адамды қостілді дейміз, екеуден артық тіл білсе, көптілді, ал алты тілден көп тіл білетіндерді, әдетте полиглот дейміз. Әлемде қостілділікті де, көптілділікті де дұрыс үрдіс деп бағалайды. Өйткені көптілділердің мүмкіндіктері зор, артықшылығы мол болады. Мәселені арнайы қарастыра отырып, біздің пікірімізше, артықшылығы және кемшілігі мынада.
Алдымен артықшылығы туралы айтар болсақ, көптілді болу арқылы тұлғаның ақпараттық кеңестігі кеңи түседі, мол ақпаратқа ие болады, әлемдік мәдениетті жетік біледі, жақсы түсінеді; еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болады, кез келген мәселені талдауға, салыстыруға бейім келеді және т.б. қасиеттер тән. Сол секілді көптілділік пен қостілділіктің кері әсерін, қарсы жақтарын зерделегенімізде мынадай бағыттарды көрдік: бірнеше ұлттық мәдениеттің белгілері бір тұлғаның бойы¬нан тек жартылай сипатта тоғысады, көптілді тұлғаның мінез-құлқы ұлттық сипаттан өзгешелеу болып қалыптасуы себепті менталитет күрт өзгереді. Отбасында берілетін тәрбие, оның салдарынан өмір салты түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Тұлғаның өзін-өзі ұстауы, өмірлік ұстанымы өзгереді (сән, таңдауы, қызығушылығы, т.б.) жаһандану үдерісі бойына ұялауы ықтимал (өзге өркениетке құмарту, қазақ құндылықтарынан әлемдік құндылықтарды жоғары қоюы т.б.) озық мәдениетке басымдық бере отырып, жеке басының қай ұлтқа сыйым¬ды екендігін айыра алмай қалуы (проблема этнической идентичности) ұлттық нарцицизм, яғни өзгелерге деген менсінбеушіліктің пайда болуы мүмкін. Тілдің шұбарлануы арта түсіп, тілдік құрылымға әсері мол болады (супер, ок, спикер, кэш, тағы басқа сөздердің нормалану; аралас некеге баруы ықтимал және т.б.).
Жоғарыда келтірілген салыстыруды сараласақ, көптілділіктің артық-шылықтары адамның сыртқы сапалық қасиеттерінің жетілуі тұрғысынан екендігі айқындалып отыр, кемші¬ліктер рухани ішкі жан дүниесі, арғы түптамырынан алшақтау және түбе¬гейлі өзгеру үрдісі ретінде болып көрінеді. Осы орайда көптілділікті жарқын идея ретінде ұсынуға асығуға болмайды. Өйткені оның ұлтымыздың тілі үшін қауіпті тұстары да жоқ емес. Көптілділікті ұлттың өркендеуі, рухани баюы үшін қолдануымыз қажет.
Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тəжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін ана тілімізді мұраға қалдыруымыз керек. Бұл – өзін қадірлейтін əрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО дейінгі білім беру факультетіне білім алуға келіп жатқан қандас бауырларымыз бірнеше тілді меңгеріп еркін сөйлейтіндері, сондай-ақ ана тіліне ерекше құрметпен қарайтындары қуантады.
Жастарымызды көптілділікке тәрбиелеуде олардың қазақылығы, қазақи тәрбиесі негіз болуы міндетті, басқаша жағдайда ұлттық белгілердің жыл санап, күн санап жоғалатындығы ақиқат. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің https://www.kaznu.kz ЖОО дейінгі білім беру факультетінің ұстаздар қауымы осы салада аянбай еңбек етіп, білім алуға шет елден келген жастарды ана тілін ардақтай білулеріне дұрыс бағыт-бағдар беруде. Жастардың бойындағы отансүйгіштік тәрбие тіл арқылы, тілді ұстану арқылы жүргізілуі тиіс. Көптілділіктің жемісі бұл – өзге тілдер қазақ тілінің баюына, ақпараттық кеңестігінің ашылып, тілдегі ақпарлардың молая түсуіне жұмыс жасағанда ғана көрінеді. Қазақ тілінің және оны оқытудың маңыздылығы бүгінгі ел тәуелсіздігімен, ұлттық рух пен сананың биіктігімен тікелей байланысты екендігін әрқашан естен шығармауымыз керек. Сәйкесінше, тіл арқылы ұлттық зияткерлік әлеуеттің артары сөзсіз.
Демек, «Тілі бірдің – тілегі бір», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі – тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету қазақстандықтардың ортақ парызы. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу мақсатына өз үлесіміздің бар екендігін мақтан тұтайық.

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО дейінгі білім беруфакультетінің аға оқытушылары
А.М. Какенова, С.Р. Нұртілеуова, М.П. Ешимов

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек3 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек3 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек4 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек4 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек6 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек6 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек6 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Басты назарда