Connect with us

Моңғолияда

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мен Абай күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді

Published

on

2021 жылғы 10 тамызда Ұлан-Батырда моңғол қоғамы мен қазақ диаспорасы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығы мен Абай күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс -шараны Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі ұйымдастырды.

Қазақстан Елшісі Ж.Әділбаев Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуындағы, диверсфикацияланған нарықтық экономиканы құрудағы, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің бірегей үлгісіндегі басты тарихи белестерге тоқталды. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның қалыптасуындағы ерекше үлесі, сондай -ақ мемлекеттік реформаларды ілгерілету мен қоғамдық тәртіпті жаңғыртудағы ел басшылығы саясатының сабақтастығын атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат бүгін 10 тамызда Қазақстанда Абай күні аталып өтуде екенін баса айтты. Өткен жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні (1845 ж. 10 тамыз) Қазақстанда ресми түрде мерекелік күнге айналды.

Осыған орай, Қазақстанның Елшілігінде Ұлан-Батыр қаласының Д.Нацагдорж атындағы орталық кітапханасының меңгерушісі Д.Индра мен Моңғолияны мекендейтін қазақ диаспорасының атақты абайтанушысы Т.Етекбайға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарын тапсыру рәсімі өтті.

Бұған қоса, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтота Райымқұлованың алғыс хаттарымен «Elite» халықаралық мектебінің директоры Б.Тамир, Д.Нацагдорж атындағы орталық кітапханасының қызметшісі Ж.Рая, «Elite» халықаралық мектебінің мұғалімі Д.Белгібаева және «Алаш Моңғолия» үкіметтік емес ұйымының мүшесі Ж.Барс марапатталды.

Алғыс хаттар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы мәдени -ағартушылық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттауға қосқан үлесі үшін табысталды.

Дөңгелек үстел барысында Моңғолия Ғылым академиясының академигі А.Бакей Абайдың Тәуелсіз Қазақстанның визиттік картасы және оның есімі бүкіл әлем бойынша Қазақстанмен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның әлемдік аренадағы жоғары беделін ерекше айта отырып, біздің елімізде 30 жыл ішінде жүргізілген экономикалық реформаларына оң баға берді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар і-шара туралы пікір алмасып, Қазақстан Елшілігінің жұмысына сәттілік тіледі.

Улаанбаатар хотод Казахстан Улсын Тусгаар тогтнолын 30 жилийн ой болон Абайн өдөрт зориулсан дугуй ширээний уулзалт болж өнгөрлөө

2021 оны 8 дугаар сарын 10-нд Улаанбаатар хотод Казахстан Улсын Тусгаар тогтнолын 30 жилийн ой болон Абайн өдөрт зориулсан дугуй ширээий уулзалт болж өнгөрлөө. Энэхүү арга хэмжээг Казахстан Улсаас Монгол Улсад суугаа ЭСЯ зохион байгуулав.

Элчин сайд Ж.Адилбаев Казахстан Улс тусгаар улс болон хөгжсөн замнал, төрөлжсөн зах зээлийн эдийн засгийг хөгжүүлсэн туршлага, нийгмийн хэлэлцээр болон үндэсний эв нэгдэлд суурилсан түүхэн чухал сорилтуудын талаар дурдлаа. Өнөөгийн Казахстан бүрэлдэхэд оруулсан Анхны Ерөнхийлөгч – Улсын тэргүүн Нурсултан Назарбаевын онцгой хувь нэмэр хийгээд төрийн шинэчлэлийг урагшлуулах, нийтийн сахилга батыг шинэчлэхэд чиглэсэн бодлогын уялдаа холбоог онцлов.

Тэрбээр Казахстанд 8 дугаар сарын 10-ны өдрийг Абайн өдөр хэмээн тэмдэглэн өнгөрүүлж байгааг хэллээ. Өнгөрсөн жил БНКазУ-ын Засгийн газрын шийдвэрээр казахын суут сэтгэгч, их яруу найрагч Абай Кунанбайн төрсөн өдрийг (1845 оны 8 дугаар сарын 10-нд) тэмдэглэлт өдөр болгон зарласан билээ.

Үүнтэй холбогдуулан Д.Нацагдоржийн нэрэмжит Улаанбаатар хотын Төв номын сангийн захирал Д.Индра болон Монголын казах түмний төлөөлөл, нэрт Абай судлаач Т.Етекбай нарт Казахстан Улсын Ерөнхийлөгч Касым-Жомарт Токаеваас ирүүлсэн Талархлын захидлыг гардууллаа.

Мөн түүнчлэн БНКазУ-ын Соел, спортын сайд Актота Райымкуловагаас ирүүлсэн Талархлын захидлыг «Elite» олон улсын сургуулийн захирал Б.Тамир, Д.Нацагдоржийн нэрэмжит Улаанбаатар хотын Төв номын сангийн ажилтан Ж.Рая, Elite» олон улсын сургуулийн багш Д.Белгибаева болон «Алаш Монгол» ТББ-ын гишүүн Ж.Барс нарт гардуулж өглөө.

Эдгээр талархлын захидлыг Казахстан-Монголын соелын хамтын ажиллагааг хөгжүүлэхэд мөн казахын суут сэтгэгч, их яруу найрагч Абай Кунанбайн бүтээлүүдийг түгээн таниулахад хувь нэмэр оруулсан явдалд ийнхүү гардуулсан билээ.

Дугуй ширээний уулзалтын үеэр академич А.Бакей Абайн амьдралын түүхэн замнал мөн түүний алдар нэр Казахстан төдийгүй дэлхий нийтэд танигдсан талаар үг хэллээ.

Энэхүү арга хэмжээний зочид Казахстан Улсын дэлхийн тавцан дахь нэр хүндийг онцлон, өнгөрсөн 30 жилд Казахстанд явагдсан эдийн засгийн шинэчлэлүүдийг өндрөөр үнэлэв.

Хүрэлцэн ирсэн зочид арга хэмжээний талаар санал солилцож, Элчин сайдын яамны цаашдын ажилд амжилт хүслээ.

Моңғолияда

Елші Ғабит Қойшыбаев брифинг өткізді

Published

on

06 қыркүйек, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігі Ғабит Қойшыбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған брифинг өткізді. Бұл туралы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға Моңғолия телеарналарының, ақпараттық агенттіктерінің және баспа басылымдарының өкілдері, сондай-ақ Моңғолияның Стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшылары шақырылды.

Брифинг барысында Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев моңғол бұқаралық ақпарат құралдары мен сарапшылар қауымдастығының өкілдеріне Жолдаудың негізгі мазмұны мен түйінді тұстарын жеткізді. Атап айтқанда, ол аудиторияны бұған дейін Президент Қ.Тоқаев ұсынған бастамаларды іске асырудағы ағымдағы жетістіктермен, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған елдің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі өзгерістерді тереңдету бойынша ҚР Үкіметінің алдына қойған жаңа міндеттерімен таныстырды.

Ол Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстанның жаңа экономикалық бағытын айқындайтын қағидаттары әділдік, инклюзивтілік және үнемшілдік екенін атап өтті. Бұл ретте Жолдауда баяндалған міндеттер мен тапсырмаларды іске асыруға үш жыл ғана уақыт бөлінгенін баса айтты.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат алдағы салалық экономикалық реформалардың негізгі бағыттары мен тұстары туралы қысқаша баяндады. Осымен бірге, ол көзделген реформаларды сапалы және толыққанды жүзеге асыру үшін атқарушы билік жүйесінің өзін трансформациялау қажет болатынына назар аударды. Бұл трансформациялаудың негізгі бағыттары ретінде Мемлекет басшысы келесіні айқындады. Салалық шешімдерді әзірлеу және оларды орындау үшін жауапкершілікті, сондай-ақ олардың нәтижелі болуына дербес жауапкершілікті министрлер мен әкімдерге жүктеу; экономикалық саясатты іске асырудың толық жауапкершілігін Үкіметке жүктеу; Президент Әкімшілігін «саяси штаб» ретінде қайта құру және оның күш-жігерін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқықтық және кадрлық саясат мәселелеріне шоғырландыру; мемлекеттік аппаратты бюрократиядан одан әрі арылту; саяси қызметкерлердің кадрлық резервін құру және т.б.
Қазақстан Елшісі көзделген реформалардың басты мақсаты – жылына 6-7% деңгейіндегі тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету, 2029 жылға дейін ұлттық экономика көлемін екі есеге арттырып, 450 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізу екенін айтты.
Брифинг барысында Ғ.Қойшыбаев сондай-ақ ағымдағы жылы моңғол тарапының қатысуымен Қазақстанда өткізілетін кейбір көпжақты іс-шаралар туралы әңгімелеп берді. Атап айтқанда, ол аудиторияны 80-нен астам іс-шара аясында өткізіледі деп жоспарланған Шаңхай ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстанның қазіргі төрағалығының негізгі басымдықтарымен таныстырып, Моңғолия буддистерінің жоғары лауазымды өкілінің қатысуымен өтеді деп күтілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының алдағы мерейтойлық отырысының жоспарланғанын жеткізді.
Іс-шараның аясында қазақстандық дипломат Моңғолияның Стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшыларымен Қазақстанда өткізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың мазмұнын егжей-тегжейлі талқылап, Қазақстанның сыртқы сауда саясаты мен қазақстандық-моңғол екіжақты қатынастарының кейбір мәселелері бойынша пікір алмасты.

Continue Reading

Моңғолияда

Рим Папасы Франциск Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді

Published

on

3 қыркүйек, KAZNEWS. Рим Папасы Франциск Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді.

Рим Папасын Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх салтанатты түрде қарсы алды.

Мемлекет басшыларының халық алдында сөз сөйлеу рәсімі өтті.

Президент У.Хүрэлсүх өз сөзінде Рим Папасы Франциск Сіздің Моңғолияға мемлекеттік сапарыңыз еліміздің көп тұғырлы бейбітшілікке бағытталған сыртқы саясаты мен қарым-қатынастары тарихында жаңа парақша ашатынына және екі ел арасындағы достық қарым-қатынаста маңызды рөл атқаратынына сенімдімін.

Рим Папасы Франциск: «Зор тыныштықпен ағаш уықты, киіз туырлықты ордаңыздың алдына келдім” деп өз сөзін құрметпен бастады.

Салт дәстүрін сақтаған Моңғолияны мәңгілік көк аспаны жарылқаған, барлық жаратылысқа қамқорлықпен қарайтын будда дініндегі елде көптеген діндер бірлігінің символына айналғанын атап өтті.

#KazNews

Continue Reading

Моңғолияда

Футбол федерациясының бас демеушісі ретінде Turan World компаниясы жұмыстайды

Published

on

29 тамыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының Футбол федерациясының бас демеушісі ретінде Turan World компаниясы жұмыстайды.

Бұл туралы ақпарат Turan World компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы мен аймақтық Футбол федерациясының басшысы Ертай Оралұлы арасындағы кездесуден кейін белгілі болды.

Тараптар 5 жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.

Келісім шарт аясында аймақтық футбол құрамасының киімдері толығымен жаңартылып, жарыстарға қатысу үшін қаржылай қолдау көрсетіліп тұрады.

#KazNews

Continue Reading

Моңғолияда

“Altai Academy” Ресейдің Алтай Республикасының университетімен ынтымақтастық орнатты

Published

on

28 тамыз, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағында орналасқан “Altai Academy” тіл үйрету орталығы Ресейдің Алтай Республикасының университетімен ынтымақтастық орнатты. Бұл туралы Altai Academy орталығының директоры Берік Әкебайұлы хабарлады.

Ынтымақтастық бойынша аймақтағы мектеп оқушыларының орыс тілінің біліктілігін арттыру мақсатында Ресейден ұстаздар Алтай академиясына тұрақты келіп тұрмақ.

Оқушылардың жазғы және қысқы демалыстарында арнайы курстар жұмыстайтын болады.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек2 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек6 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек6 months ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек9 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек9 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек10 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек10 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Басты назарда