Connect with us

Мәдениет

Жылдың үздік таңдаулы туындылары анықталады

Published

on

30 желтоқсан, KAZNEWS. «Қазақ ұлтының мәдениетін дамыту» мемлекеттік емес ұйымының ұйымдастыруымен 2022 жылы 3 қаңтар күні сағат 17:00 -де Медиана мейрамханасында өнер майталмандарын марапаттауға арналған «Жылдың таңдаулы туындысы» атты жаңа жыл кештігі өтеді.

«Біз өлкеміздің өнерпаздарының туындысын жаңғыртып, тума талант иелерінің өнерін қолдау, көпшілікке паш ету арқылы келешек өнер иелеріне үлгі, мәдениетті қоғамның дамуына үлес қосамыз» – дейді Қазақ ұлтының мәдениетін дамыту мемлекеттік емес ұйымының төрайымы Гүлмайра Әкімқызы.

Төмендегі 14 номинацияда өнер майталмандарын марапаттау кешінің қонағы болыңыз.

1.Таңдаулы Әнші- азамат
2.Таңдаулы Әнші- ханым
3.Таңдаулы топ
4.Таңдаулы ақын
5.Таңдаулы сазгер
6.Таңдаулы суретші, сурет салушы
7.Таңдаулы мүсінші
8.Таңдаулы музыкант
9.Таңдаулы актёр, актриса
10. Таңдаулы фотосурет
11. Таңдаулы бейне-баян
12. Таңдаулы әуен студио
13. Таңдаулы дәстүрлі әнші
14. Таңдаулы асаба

Мәдениет

KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN

Published

on

KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN

Continue Reading

Моңғолияда

Түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының үш кітабының тұсауы кесілді

Published

on

26 шілде, KAZNEWS. Бүгін Баян-Өлгий аймағының Ақтан Бабиұлы атындағы орталық кітапханасында белгілі түркітанушы ғалым, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон ескерткішінің толық атласы» үш томдық еңбегі және «Керейлердің этникалық тарихы», «Тас кітаптың құпиясы» атты үш кітабының тұсауы кесілді.

Салтанатты іс-шараға аймақтық АӨХ-ның депутаты Мүпти Қабылұлы, тарихшы Қабсатор Омарұлы, Өмірбек Биқұмарұлы, ақын жазушы Рысбек Зұрғанбайұлы, Марат Бәкейұлы, Әбіжат Райханұлы, Сьезд Абайқызы, Аманжол Бәделұлы және өзге азаматтар қатысты. 

Орхон ескерткішінің толық атласы

Aтласта Моңғолия-Чехия, Моңғолия-Түркия (ТИКА), Моңғолия-Кеңес одағы біріккен экспедицияларының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті экспедициясының материалдары, сондай-ақ әлем түріктанушыларының ғасырдан астам уақыт жүргізген зерттеулерінің қорытындысы пайдаланылған.

Атлас авторы байырғы түрік мәтіндерін қайта көшіріп, қайта оқыған, сондай-ақ бұрынғы зерттеушілердің қателері түзетілген, түпнұсқа мәтінінің жаңа транскрипциясы, жаңа аудармасы жасалған, жаңа түсініктемесі берілген; жартылай көшпелі дәуірдің тарихи-мәдени мұралары Атласта тегіс қарастырылып, олардың археологиялық сипаттамасы, фото, сызба суреттері тұңғыш рет толық берілген.

Атлас тілші, тарихшы, этнограф, археолог, философ, әдебиетші және мәдениеттанушы мамандарға, сондай-ақ студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, ізденушілерге арналған.

Керейлердің этникалық тарихы

Керейлердің этникалық тарихын зерттеу арқылы қазақ халқының тарихы ғасырлар тереңінен басталатынын дәлелдейді.

Монография тарихшыларға, студенттерге, магистранттар мен докторларға аспиранттарға, тарихты қызығып оқушыларға арналады. Бұл кітапты түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы мен қытайтанушы, тарихшы Жәнімхан Ошанұлы жазып, Қаржаубай Сартқожаұлының 75 жылдық мерейтойы қарсаңында баспадан шыққан.

Тас кітаптың құпиясы

Еңбекте профессор, доктор Қаржаубай Сартқожаұлының көшпелілер мәдени құндылықтарына соңғы жылдары жасалған ғылыми мақалалары жинақталған. Оның ішінде: көшпелілер тарихы, дүниетанымы, идеологиялық құндылықтары, ру-тайпалық жүйе зерттелуімен қатар, тас бетіндегі ежелгі хунну жазулары және археологиялық қазба мұралардан табылған көне түркі мәтіндері.

Еңбек археолог, түркітанушы, тарихшы, әдебиетші, этнографтармен қатар жалпы көшпелілер тарихын қызықтаушы оқырмандарға арналған.


Түрколог ғалымның қысқаша өмірбаяны

Түріктанушы ғалым, доктор, профессор Қаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 22 наурызда Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында дүниеге келген.

1973 жылы Моңғолия мемлекеттік университетін бітірген. 1985–1988 жылдары Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасында оқыған. 1973–1975 жылдары Баян-Өлгий аймағында №10 мектепте ұстаз, 1975–1989 жылдары Моңғолия Ғылым академиясы Тарих институтының аға ғылыми қызметкері, 1989–1995 жылдары Түркі-Қазақ ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, директоры, 1995–1998 жылдары Баян-Өлгий аймағының Азаматтар Өкілдері Хуралы (аймақтық мәслихат) төрағасы, 1995–1998 жылдары Моңғолия Ғылым академиясы Түркі-Қазақ ғылыми орталығының директоры болған.

1990 жылғы сайлауда Халық Ұлы Хуралы депутатына сайланып, 1992 жылғы Моңғолияның Негізгі заңын бекітісуге ат салысқан. 

2001 жылдан Еуразия Ұлттық университетінің Эпиграфика және этнография зертханасының меңгерушісі.

Тарих ғылымының кандидаты, профессор. «Қош бол, апа!», «Қыранның қазасы», «Сәйгүліктер» атты көркем прозалық кітаптардың, 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.

Continue Reading

Мәдениет

Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді

Published

on

KAZNEWS. 20 шілде күні сағат 17:00 және 20:00 -де М.Құрманхан атындағы Музыкалы драма театрында Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің түлегі, Құрманғазы атындағы Қазақ Консерваториясының студенті Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді.

Байланыс телефоны: 9999 9844, 9541 9441

Continue Reading

Мәдениет

Үлкен шоу – Toonot 21×21

Published

on

08 маусым, KAZNEWS. Toonot продакш Моңғолияның 21 аймағын аралап концерт беріп жүр. Бүгін яғни 8 маусым Өлгий қаласының орталық алаңында тегін концерт береді. 

 

 

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...9 hours ago

Түркияда “Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi” атты кітап жарық көрді

09 тамыз, KAZNEWS. Түркиядa “GÜNÜMÜZ MOĞOLİSTAN KAZAK ÖYKÜSÜ” (Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi) деген кiтaп жaрық көрдi. Әйгiлi HECE (XЕЖЕ) бaспaсынaн...

Дерек6 days ago

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 20 дерек

Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өмірінің ең өзекті кезеңдерінен 20 дерек ұсынамыз. 1. Ахмет Байтұрсынұлының нақты туған...

Дерек2 weeks ago

Твиттердегі белсенді президент кім?

25 шілде, KAZNEWS. Әлемдік көшбасшылардың 85 пайызы твиттер желісін қолданады. Ең көп оқырмандары бар президент ол – Нарендра Моди. Үндістан...

Дерек2 months ago

Ел көлемінде инфляция деңгейі 15,1%, Баян-Өлгийде 13,8% -ден асты

21 маусым, KAZNEWS. 2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға салыстырғанда жылдық инфляция 15,1 пайызды құрады. Азықтүлік өнімдері мен бензин бағасы...

Дерек2 months ago

Ғарышкер В.А.Жанибеков “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атанды

17 маусым, KAZNEWS. Бүгін Кеңес одағының және Моңғол Халық Республикасының батыры, ғарышкер В.А.Жанибековке “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атағы берілді, деп...

Дерек2 months ago

Моңғолияға келген туристер арасында саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр

15 маусым, KAZNEWS. Моңғолияға келген туристер саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр. 2021 жылдың қаңтар-мамыр айында Моңғолияға 8,554 турист келген...

Дерек2 months ago

Баян-Өлгий һәм Ховд: Қай аймақтың инвестициялық әлеуеті жоғары?

13 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий мен Ховд аймағы да Моңғолияның батыс өлкесінде орналасқан. Халық саны 2021 жылғы көрсеткіш бойынша Баян-Өлгийде 112,836...

Дерек2 months ago

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет. Әуежайлардағы...

Басты назарда