Connect with us

Мақала

Ширек ғасыр шетелдіктерге жол ашып келген ұжым

Published

on

Биыл Қазақ елінің егемендік алғанына 30 жыл толып отыр. Қазақстанның тәуелсіздік жылдардағы жетістіктері жетерлік. Іргесін бекітіп, тілін тұғырына қондырған жас тәуелсіз мемлекет, ең алдымен, өзге елдермен саяси, мәдени қарым-қатынас орнатып, әлемдік кеңістікте өз орнын табуға ұмтылды.

Елдегі білім, мәдениет ошақтарының жұмыстарының барлығы да осы бағытта жұмыс істеуге жұмылдырылды. Солардың бірі Қазақстандағы алдыңғы қатарлы университеттердің бірегейі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргесінде құрылған жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті.

Аталған факультет 1985 жылы шетелдік азаматтарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқытудың алдында тілдік даярлауды жүзеге асыру мақсатында ашылған шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультетінің негізінде құрылған. Факультет бұл атауды 2011 жылдан бастап алды. Оның тарихы университет тарихының бір бөлігі болып табылады.

Осы уақытқа дейін факультетте әлемнің 100-ден аса елінен 7 000-нан астам шетелдік және қазақстандық 1000-нан аса азамат тілдік даярлықтан өтіп, шетелдіктердің еліміздің жоғары оқу орындарында оқып, қазақ елімен байланыста өмір сүруіне жол ашып келеді. Жалпы факультетке шетелдік тыңдаушылар және жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық бағдарламалар бойынша алмасумен шетелдік университеттерден студенттер келіп оқиды, сондай-ақ мұнда шетелдік компаниялардың, елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, жақын және алыс шетелдердегі қазақ диаспорасының өкілдері қазақ және орыс тілдерін үйренуге келеді.

Факультет қазіргі уақытта АҚШ, Жапония, Ауғанстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Испания, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Иран және т.б. бірқатар елдердің елшіліктерімен, консулдықтарымен белсенді ынтымақтастық қызмет жүргізеді. Факультетте 2 кафедра, колледж және бейіндік мектеп жұмыс істейді. Екі кафедрада әртүрлі бағыттағы тіл үйрету бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Ширек ғасырдан аса уақыт өзге ұлт өкілдеріне қазақ және орыс тілдерін оқытатын шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде немесе Қазақстан Республикасының басқа да жоғары оқу орындарында жоғары білім алғысы келетін шетелдік азаматтарға қазақ және орыс тілдерін оқытады. Мұнда шетелдіктерді тілдік даярлау оқу мақсаттарына қарай ЖОО-ға түспейтіндер үшін бастапқы және жалғастырушы деңгей, ЖОО-ға түсушілер үшін жалғастырушы деңгей бойынша жүзеге асырылады.

Факультеттің келесі бөлімі Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру кафедрасы жоғары оқу орнына түсетін шетел азаматтарын тілдік және мамандық пәндері бойынша даярлаумен айналысады. Мұнда қазақ диаспорасының тыңдаушыларына арналған дайындық курсы бар. Онда оқу сауаттылығы, математика, математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы, биология, география, қазақ әдебиеті, химия, дүниежүзі тарихы, физика, ағылшын тілі пәндері бойынша дайындықтар жасауға бағытталдан дәрістер өтеді.

Егемендік жылдары Қазақстан мен Ауғанстан арасында білім беру саласында көпжылдық келісім бар. Осыған сәйкес Қазақстан Ауғанстанның бір мың азаматын, соның ішінде 700 адамды жоғары оқу орындарына қабылдау мүмкіндігін білдірген болатын. Осыған орай аталған кафедрада қазақ елінде бакалавриатқа түсетін Ауғанстан елінің азаматтары үшін дайындық курсы (оқу сауаттылығы (қазақ тілі), математика, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндері бойынша дайындық сабақтарын өтеді. Сондай-ақ магистратураға түсуші Ауғанстан елінің азаматтары үшін дайындық курсы қазақ тілі, кәсіби қазақ тілі, қазақ тілінің ғылыми стилі, елтану сынды пәндерді жүргізіп келді.

Тіл үйренуге келген шетелдіктер қажет болған жағдайда университет тарапынан жатақханамен қамтамасыз етіледі. Университет ғимаратының жанында орналасқан жатақханада әртүрлі ұлт өкілдері оқу мерзімі аяқталғанша тұра алады. Университет оқытушылары сабақтан тыс уақытта шетелдік тыңдаушыларға қазақ елін таныстыру мақсатында әртүрлі мазмұндағы қызықты тәрбие шараларын ұйымдастырып тұрады. Тәрбие шараларының бағыты шетелдіктерді қазақ елінің мәдени-тұрмыстық, ұлттық ерекшеліктерімен етене жақын таныстыру болып табылады. Оқу жылы бойы өткізілген шаралар нәтижесінде әлемнің әр түкпірінен келген шетелдік азаматтар арасында мәдениетаралық түсінушілік қалыптасып, жылы қатынас орнайды. Әрине, бұл үдеріс факультет ұстаздарының тынымсыз еңбегінің нәтижесінде жүзеге асырылады.

Факультетте осы саланың жілігін шағып, майын ішкен білікті мамандар, ғылым кандидаттары, ғылым докторлары қызмет етеді. Олар тіл үйренуге келген әрбір тыңдаушының арманына қанат бітіріп, үміттерін үкілеп отырады. Факультеттен тіл үйреніп өз мақсаттарын орындауға шартарапқа кеткен түлектердің біразы ұзақ жылдар бойы өз ұстаздарымен хабарласып, байланыстарын үзбейді. Олардың ішінде өз елімен Қазақстан арасында достық көпірін орнатуға қызмет етіп жүргендері де баршылық. Ал кейбірі өз елінде қазақ тілін үйретумен айналысуда.

Мысалы ретінде, бірнеше жыл бұрын шетелдіктердің тілдік және білім беру кафедрасында қазақ тілін үйреніп, өз еліне барып корейше-қазақша сөздік жасауды қолға алған корей қызы Чой Ен Сонның атын ыстық сезіммен еске аламыз. Чой Ен Сонның қазақ тілін жетік меңгеріп, БАҚ-та берген сұқбатынан кейін еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс айтып, кәріс қызының қазақ тіліне деген құрметіне ризашылығын білдіріп, мемлекет тарапынан алғыс хат жолдады.

Факультетте оқыған жапондық тіл үйренушілердің көпшілігі тілмен бірге қазақ мәдениетін үйренуге деген құлшыныстары қуантады. Сонау күншығыс елінен бірнеше жыл бұрын қазақ тілін оқып кеткен жапондық студенттер Токио университетінің ауласына киіз үй құрып, онда «Наурыз» мерекесін тойлауы және ұлттық аспабымызда қазақ күйлерін нақышына келтіре орындауын олардың қазақ мәдениетіне деген құрметті көзқарастарының дәлелі деп қабылдадық. Факультет тарихын ақтарып қарасақ, сағына еске алатын мұндай естеліктер көптеп кездеседі. Олардың барлығын бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес.

Сөз соңында айтарымыз, шетел азаматтарының қазақ еліне келіп тез бейімделуіне, ондағы адамдармен еркін тілдесуіне дәнекер болып отырған ордалы оқу орны Әл-Фараби атындағы ұлттық университет іргесіндегі шетел азаматтарына арналған ЖОО дейінгі білім беру факультетінің қазақ елінің әлем елдерімен етене араласуына қосқан үлесі қомақты. Аталған ұжымның осы бағытта жоспарлаған жұмыстарының ауқымдылығы да көңіл толтыралықтай. Ендеше достық бағытына арналған мақсаттардың болашақ сапалы орындалуына тілектестік білдірейік.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
ЖОО дейінгі білім беру дайындығы факультетінің аға оқытушылары
Г.Ә. Машинбаева, С.Р. Нұртілеуова, М.П. Ешимов

Advertisement


Мақала

Қазақтықтан сырмақ пен түскиіз ғана қалмасын…

Published

on

«Әр қазақ менің жалғызым»… Бұл сөздің астарын жырақта жүрген, елдің жердің қадірін білетін, өзге елде өгей ұлт болып тіршілік етіп жатқан жандар өте жақсы түсінеді. Қазаққа қазақтың жаны ашымаса ешкімнің де жаны ашымайды. «Адам боп оңай туғанмен адам боп қалу көп қиын» деген Қадір Мырзалидің сөзі бүгіндері әлемге шашыраған қазақ үшін «Қазақ боп оңай туғанмен қазақ боп қалу көп қиын» дегенге саяды. Барлығында ортақ тақырып – тілдің шұбарланып, халықтың ассимилацияға ұшырауы. Ассимилация дегеніміз саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен саны да, қуаты да көп халықтың басыңқы ықпалы нәтижесінде сол халық құрамына біртіндеп сіңіп, жұтылып кету құбылысы.

Ассимиляция барысында бір халық өзінен үлкен екінші доминант халыққа сіңіп кетіп, ана тілін, әдет-ғұрпын, дінін, мәдениетін, өзіндік сана-сезімін, т.б. ұлттық ерекшеліктерін жоғалтады. Доминант – дегеніміз байырғы сол жердегі тұрғылықты, ықпалы күшті халық. Ассимиляция екі жолмен жүреді: күштеу арқылы немесе табиғи жолмен. Осылардың қай-қайсы болсын дүниенің төрт күл бұрышына шашыраған қазақтарға ықпалын тигізуде. Ал, біздің елімізге келсек, демократиялы, діліне, тіліне, ұлттық құндылықтарына ешқандай шектеу қойылмаған киіз туырлықты монгол елінің қолтығының астында мамыражай күн кешудеміз. Монголия көлемінде бейресми деректер бойынша 120 мыңнан астам қазақ бар деп есептелінеді. Осының 90-нан астам пайызы Баян-Өлгий аймағында тіршілік етсе, 11 мыңы Қобда аймағында, қалғаны Улаанбаатар қаласы мен орталық аймақтарда тіршілік етеді. Баян-Өлгий аймағында халықтың басым бөлігі қазақ болғандықтан ұлттық болмыс, құндылық, тіл-дін жақсы сақталған. Ал, көпшіліктің ортасында азшылықтың жайы біз айтпасақ та түсінікті. Олар табиғи жолмен, өмір сүру барысында ақырындап, тілінен ділінен айырылып бара жатыр. Орталық аймақтардағы қазақтардың жан айқайы – олардың ұрпақтарының тіл білмейтіні аға буын өкілдерін алаңдатуда. Тілін білмеген ұрпақ, тегін де білмейді. Осылай тексізденіп, қазақтықтан біржола айырылады. Кезінде атақты Мөңке бидің «Алашұбар тілің болады, дүдамалдау дінің болады» деп дәл осы кезді меңзегені болса керек. Әрбір зиалы азамат ел ертеңін, жастардың болашағын ойлауы қажет-ақ. Алайда орталық аймақтардағы азғана қазақтың жан айқайына жауап берер адам да, ұрпақтың келешегін ойлайтын басшы саусақпен санарлық.

Сонымен Орталық аймақтардағы қазақтардың хал-ақуалымен танысу мақсатында Төв аймағының Батсүмбэр сұмынына жол тарттық. Мұнда 120-дан астам қазақ отбасы өмір сүреді екен. Улаанбаатар қаласына жақын орналасқан жерде дамыс бар. Қысқасы осындағы қазақтардың хал-ақуалы жақсы. Көбісі фермерлік мал шаруашылығымен айналысады, мол мөлшерде сүт беретін асыл тұқымды сиыр ұстайды. Сүтін ірі заводтарға өткізеді. Бәз біреулері қолөнермен айналысса, егін салатындары да кездеседі. Мемлекеттік іс-қызмет атқаратындар да көп. Қазақ үйлерін аралағанда алдымен қазақ тілінен бейхабар аулада ойнап жүрген балалар көзге шалынады. Қазақша сөйлесең монголша жауап береді. Олардың әке-шешелері де сол. Қысқасы қазақ тілі – 50жастан жоғарғы адамдардың тілі болып есептелінеді екен. Ата-әже аға буын өкілдері ғана қазақша сөйлейді. Ал, орта буын мен жастарда қазақ тіліне деген қызығушылық жоқ, тіпті отбасында да қолданбайтындары бар екен. Себебі олар туадан монголша оқиды. Балабақшадан бастап мектеп, жоғарғы оқу орнын отандық тілде бітіреді. Оларға сын да таға алмаймыз. Енді қайтпек керек?! Сұрақ көп болғанмен жауап жоқ. Тіпті 21 аймақтың дәл қай жерінде қанша қазақ өмір сүріп жатқаны да беймәлім. Нақты санақ, зерттеулер жасалмаған.

«Ортаң қалай болса, бөркің солай» демекші қазіргі таңда үлкен ауылға қыз беріп, келін түсіріп отырған қазақтар да бар.

«Бұл қазаққа Ислам, имам керек
Кісі өлгенде немесе түс көргенде» демекші тіл мен ділді білмей тұрған адамға дін айтудың да қажеті шамалы ма демеске лажың да жоқ тәрізді.

Ағайын туысы жоқ жалғыз жарым, немесе басқа ұлтпен шаңырақ көтерген кейбір адамдар жаназасыз ақтық сапарға шығарылуда деген сөздер де айтылуда.

Орта жастағы азаматтардың да тілегі жастарға қазақи құндылық пен ұлттық тәрбиені сіңіру болса керек. Өйткені ұлттық құндылығымыз – ұлттық кодымыз. Ол жас ұрпақтың жадында жүрсе, қай қашан да қазақ екенін ұмытпайды.

Ішкері аймақтардағы халықтың проблемасына қазіргі таңдағы атқамінер азаматтар бей-жай қарамауы тиіс. Бұл жерде айтылғанмен мәселе де шешілмейді. Арнайы жобалар, бағдарламалар жасап, үкіметтік және бейресми ұйымдар, Улаанбаатар қаласындағы қазақ елшілігі, жерлестер алқасы, МҰҚ мүшелері, т.б қоғам белсенділері қолға алып тез арада іске кірісу қажет. Өйткені бұл мәселе соңғы 20 жыл бойы айтылып келе жатыр. Қазақ тілді кітап құралдар, газет-журналдар таратып кетеді. Қазақ тілін білмесе мұны қалай оқиды? Бізге қазақ тіл үйрететін маман қажет деген мәселелерді халық өкілдері айтып отыр. Бір білеріміз осы мәселе шешімін таппаса, немесе әлдекімдер алаңдамаса Қазақтықтан сырмақ пен түскиіз, Исламдықтан құран ғана қалуы ықтимыл. Ендеше ойланайық, оянайық қазағым!

/Суретте Төв аймағы, Батсүмбэр сұмыны. Сол сұмында өмір сүретін Сарқыт аға зайыбымен және сұмын мешітінің имамы Асылбек аға. Көптеген мәліметті осы кісілерден алдық. Алла разы болсын!/

Айбота Әлиханқызы

Continue Reading

Мақала

Қазақ көркем туындылары туыстас түркі тілдер ішіндегі моңғол тіліне аударылуы

Published

on

Төнкер Айсулу

 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Филология факультеті,

шетел филологиясы аударма ісі кафедрасы

 

Моңғолия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстар жанданып дами бастауы әдебиет пен көркем аударма саласына үлкен үлес қосты. Алғаш 1968 жылы 28 желтоқсанда, Моңғол Халық Республикасының «Жазушылар Одағының Қазақ бөлімшесі» ресми түрде құрылды. Осылай бастама алып әдебиет саласы қарқынды жандана түсті. Кейін келе көркем аударма саласы да қарқынды дамуға бет бұрды.

Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының туындылары моңғол тіліне аударыла бастады. Атап айтар болсақ, А. Құнанбайұлы, Ж. Жабаев, М. М.  Әуезовтың «Абай жолы романы», Жұмабаев, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқановтың «Ботагөз» романы, М. Мағауин т.с.с. көптеген қаламгерлердің белгілі туындылары моңғол тіліне тәржімаланды. Бұл іске аударма шеберлері ат Ж. Шалұлы, О. Қаһар, И. Қабышұлы, Т. Сұлтан, Б. Құрманханұлы М. Сұлтанияұлы, Е. Мұқамәдиұлы, М. Бестайұлы  Ж. Қамайұлы өз үлесін қосты. Әсіресе М.Әуезовтің “Абай жолы” романынан бастап қазақстандық атақты қалам қайраткерлерінің туындыларын аударуға өмірін арнаған ақын-жазушы Жамлиқа Шалұлымен, А. Құнанбайұлы, М. Өтемісұлының шығармаларының толық жинағын моңғол тілінде сөйлеткен ақын, аудармашы  Жүкел Қамайұлының және И. Қабышұлы, Х. Хангайсайхан, Д. Нямаа, Б. Монголхүү  еңбектерін ерекше атап атауға тиіспіз.  [3, 241бет ]

Бұл көңілге қанағаттанғандық  сезімін ұялататын үлкен іс болғаны анық. Ендеше осы аударма жайында азырақ сөз қозғамақпыз. Жоғарыда атап өткен тұғырлы туындылар моңғол тіліне аударылғанымен ғылыми тұрғыдан сараланып жетістігімен кемшілігін даралап көрсеткен талдау еңбектері бүгінгі күннің еншісінде талап етіліп отырған мәселенің бірі болып қана қоймай әлі күнге ешкім аяқ баспаған тың әлем болып жатыр.

Қай ұлттың салт сана, мәдениет, әдет- ғұрып, тарихи танымын және өмір болмысын ұлттық ерекшелікпен нақыштап, шешен тілмен сөзден маржан түзетін көркем әдебиетті өзге тілде бұлжытпай сөйлету – талантпен бірге асқан жауапкершілікпен төзімді талап  ететін тұңғиық әлем. Аудармашыларымыз сол тұнғиық әлемге қаншалықты бойлай алды екен… Осы ой мені жиі мазалайды…

Абай өлеңдерінің жалпы қай тілге дерлік аударылған нұсқалары жасалған зерттеулер мен талдаулар нәтижесі ақын мұрасының өз денгейінде аударыла алмағанын көрсетіп келеді. Бұл бүгінгі таңда аударатану ғылымының өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр.  Осы тұрғыда ақын мұрасы моңғол тіліне қалай аударылды деген ой еріксіз туындайды.

Бұл зерттеу жұмысында Абай қазақ тілінен моңғол тіліне қалай аударылды? Абайды моңғол халқы қалай қабылдады?  Әлем классиктері қатарынан орын алатын У. Шекспир,  Гёте,  А. С. Пушкин,  М. Ю. Лермонтов сынды тұлғаларды тани білгені сияқты – Абайды да біле алдыма?. Бұл сұрақтарға жауап беру үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап ететіні анық. Алдымызға қойылған мақсат міндеттер барысында ақын шығармаларының моңғол нұсқаларын бөліп алып қарастырып отырмыз.

Абайдың өлендері мен поэмалары, қара сөздері моңғол тіліне 1958 жылдан бері қарай аударыла бастаған. Бұл деректер жайында Моңғолияның Ұлан- батор қаласына арнай зерттеу жұмыстары сапарымен барып Х. Хангайсайхан ағамыздың көмегімен біраз деректер жинап қайтқан едік. [Х. Хангайсайхан сұхбаттан]

   Кейіннен ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында моңғол тіліне Қ. Жүкел, Х. Хангайсайхан, Д. Нямаа, Б. Монголхүү қаламгерлердің көмегімен  аударылған өлеңдері  «Абайн түүвэр зохиол»  (Абай өлеңдер жинағы) деген атпен 1995 жылы Ұланбатор қаласында жеке кітап болып жарық көреді. Ал 2008 жылы Ұланбатор қаласындағы «Моңғол ұлттық университетінің баспапаханасынан «Дэлхийн яаpуу найраг» («Әлем классигі») деп аталатын шағын кітапшасы табиғат және махаббат поэзиясы Х. Хангайсайхан аудармасымен жарық көреді. Бұл іске ат салысқан аудармашыларымыз қатарында «Қыз Жібек» дастанын аударған Х. Ислам, сынды талант иелері де болды. Аудармашыларымызға келер болсақ қазақ және моңғол аудармашылар қатар ат салысқан. Талдау барысында кейбір тәржімалар түпнұсқадан гөрі орыс тіліндегі тәржімасынан аударылған жайттар да байқалуда. Ақынның туындыларының кейбір нұсқаларының бір емес бірнеше тәржімалары болған. Соңғы келіп түскен жаңалықтарда Абай қара сөздерінің жаңадан аударылған нұсқасы 2015 жылы желтоқсан айында Ұланбатыр қаласында Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігі мен Моңғолия Ғылым академиясының ұйымдастыруымен  Абай Құнанбаевтың 170 жылдық мерейтой қарсаңында арнайы басылып шығып, ашылу салтанаты ресми түрде аталынып өтілді. Абай шығармаларының моңғол тіліндегі аударма нұсқасының толық жинағындағы алғы сөзінде былай деп жазылуынан ақынның дана екеніне моңғол жұрты да құрметпен қарайтынын байқауға болады.

Continue Reading

Мақала

Қазақтар дүниетанымындағы құндылықтар ұғымы

Published

on

Мақатаева Ш.М
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Филология факультеті,
шетел филологиясы аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы

Адамзат қоғамында әр дәуір алыстап, ұрпақтар алмасқан сайын рухани сабақтастығы үзілмей, адамдар арасында жазылмаған қайсыбір өмір заңдылықтары қалыптасады. Сол заңдылықтар атадан балаға құндылықтар ретінде беріледі. Адам мәңгі жасамайды, алайда оның тіршілігінде игі іс ретінде жасағаны, көрген білгені, яғни әлеуметтік қарым-қатынасы белгілі бір өлшеммен бағаланады. Жақсы мен жаманның парқын қалай ажыратты, нені құндылық деп қабылдады деген ойларды түрлі әлеуметтік топтың өмір сүру дағдысына қарап бағалаймыз. Ал бағалау дегеніміз: «Адамды қоршаған ортамен, табиғатпен, әлеуметтік және басқа да шындықпен, адамдармен байланыстырып, құндылықтар әлеміне енгізетін бағалау болып табылады» (Нечепуренко, 2006:173).
Құндылықтарды зерттейтін сала аксиология деп аталады. Аксиология –(axia – құндылық және logos – және сөз). Аксиология – құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта алатын орны және құндылықтар әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Құндылық ұғымымен байланысты аксиологиялық талдауларға негізінен философтар мен әлеуметтанушылар зерттеу нысаны ретінде айтарлықтай көңіл бөлген. Аксиология терминін ғылымға ең алғаш рет 1902 жылы француз философы П. Лапи енгізді. 1904 жылы неміс философы Э.фон Гартман аксиологияны философиялық ұғымдар жүйесін құрайтын негізгі ғылым ретінде ұсынды. Қазіргі уақытта бұл термин тек философия мен әлеуметтануда ғана емес, сондай-ақ мәдениеттану және тіл білімі ғылымдарында да кеңінен қолданысқа ие болды.
Зерттеу парадигмасына қарай аксиологиялық талдаудың басты ұғымдарына: бағалау, баға, құндылық, құндылықты мағына, құндылықты бағдарлау жатады. Терминдердің жан-жақты жұмсалуы мен жасалу барысында мағыналылығы жағынан алғашқы орынға «құндылық» ұғымының басым болуы аңғарылады.
«Жалпы адамзаттық» құндылықтар мәдениеттің дамуын және тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ұлттық (ұлттық аксиосфера), саяси-әлеуметтік, индивидуалды жеке құндылықтар (жеке аксиосфера) бар. Антропология мен психологияда құндылықтар діни және эмоциялық факторларға байланысты позитивті, негативті, абсолютті деп бөлінеді. Құндылықтар әлемін адамдардың моральдық әлемі деуге болады. Демек құндылықтар – адамдардың рухани байлығының өлшемі.
«Адамның құндылығы оның не ала алатындығында емес, не бере алатындығында»- дейді А. Эйнштейн. Оның себебі, адам өмір сүрген жерде ғана, қоғам болған жерде ғана құндылықтар өмір сүретіні аксиомалық ақиқат. Олай болса, антропологиялық концепция бойынша құндылықтар мәселесі философияның ғана емес, өзге де ғылымдардың ерекше зерттеу нысаны екені даусыз. Антропологиялық лингвистика аясынан адам санасында қорытылған білім бөліктері концептілерді қарастыратын лингвоконцептология бөлініп шығады. Лингвистикалық концептология философия, мәдениеттану, психология сияқты пәндердің ғылыми жетістіктерімен лингвистиканың зерттеу бағыттарының толығуы арқылы жетілдірілген бағыт. Адамзат мәдениеті, оның әлеуметтік мінез-құлқы және ойлау өрісі тілден тыс өмір сүрмейді. Әр халықтың мәдени ерекшеліктері оның ғасырлар бойы жасап келе жатқан тілінен көрінеді. Қазіргі тіл біліміндегі антропологиялық бағыттар: лингвокоцептология, лингвосоциология, лингвопсихология, лингвоэтнология, лингвомәдениеттану және лингвоаксиология яғни тіл арқылы құндылықтарды тану. «Адам – барлық заттың өлшемі» деп, Протогор айтқан ежелгі қағиданы еске алсақ, барлық құндылықтардың жиналып, түйісетін жері адам болып табылады. Демек оның адами мүдделері, қажеттіліктері, ілгері жетектейтін үмітті күтілімдері, сондай-ақ, барлық, түрлі әрекеттерінің себептері де бір жерге қордаланады. М. Хайдеггер бойынша, құндылықтар әлемі (олардың спектрлері, сатылануы, құрылымы) адамның әлемде болуымен анықталады. Соған сәйкес, құндылық – адам жасаған жай ғана зат емес, тіпті заттың ой жүзіндегі образы да емес, ол адамның қоршаған ортамен, әлеммен қатынасының қасиеттері екен. (Сарсенбаева, 2018:12). Адамдардың құндылықтық қатынастарының қалыптасуы мен нәтижелеріне қарай, аксиологиялық теориялар тәжірибелерін талдап, зерттей келе, құндылықтар әлемінің түрлері анықтала бастайды. Мәселен, Г.Риккерт құндылықтардың ғылым, дін, өнер, мораль, жетілген мораль, және «құдіретті сүйіспеншілік» сияқты алты түрін сөз етеді. Аксиологиялық зерттеулер арасында тілге қатысты «лингвистикалық аксиология» басым бағытта. Құндылықтар таңбасы тіл арқылы ғана әлеммен байланыстыратыны белгілі. Аксиология мен тіл білімінің арақатынасы тілдің аксиологиялық аймағын қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Адам – Тіл – Әлем» жүйесінде адам және қоғам болмысы қалыптасуының негізгі мағыналары арқылы тілде көрініс табуы басты назарға алынады. Бұл бағыттың мақсаты – тілдік тұлғаның ішкі әлемін танудың әдісі мен технологиясын анықтау, тілдік мәліметтер арқылы тұлға мен қоғамның құндылыққа деген көзқарасын зерттеу. Лингвистикалық аксиология үшін ең алдымен аксиологиялық парадигмадағы «бағалау» концептісін қарастыру маңызды. Бағалау – танымдық феномен ретінде сапаны анықтау формасы. Бағалау – жалпы алғанда, әлемді тану. Өмір сүру кеңістігіндегі субъектінің қабылдау, тану тәжірибесі.
Құндылықтар адам өмірінде табиғи, мәдени, танымдық, этикалық, эсетикалық т.б. болып бөлінеді. Сөйлеуші адам тіл арқылы құндылықтар әлемінде қатынас арқылы қызмет етіп, басқа да адамдармен, субъектілермен, социуммен байланыс жасайды. Сол себепті тіл жүйесінде лингвистикалық құндылықтар да болады. Осыған орай лингвистикалық аксиология мына жүйеде қызмет етеді: «Адам – Тіл – Қоғам – Мәдениет – Әлем». Бұл жүйе әлеуметтік маңызды әлем құрып, бір жағынан тілде қолданылса, екінші жағынан сөйлеу актісінде дискурстық бірліктер немесе мәтін арқылы адамдар қарым-қатынасын білдіреді.

Continue Reading

Мақала

The wisdom of Abay is the sacral treasure of the Kazakh people

Published

on

Great Abay is a symbol of Kazakh spirituality and culture. His teaching is inextricably linked with the spiritual revival of the people, and wisdom still finds a place in the heart of every Kazakh.

The prosperity of this or that people, development of culture, literature and art – in a word, the triumph of consciousness and desire for harmony of the inner spiritual world to achieve universal benefits are inextricably linked with the life of the people and historical achievements of its outstanding people who, with their unique talent, changed society for the better. He was a great man of his period. The word and creativity, which became a model of wisdom for every Kazakh, is, of course, a philosopher, an outstanding poet – Abay. Thanks to his natural talent and intelligence, he not only laid the foundations of Kazakh written literature, but also with its help, he became the educator of the entire Kazakh society and great figure who showed the way to goodness and real guardian of the people who fought for honour and justice. “Kazakhs should fully know and understand the creative work of Abay,” wrote the outstanding Kazakh amateur educator Akhmet Baitursynov in this letter.

Acquaintance with the creative work of Abay awakens consciousness, makes you think wider and deeper, gives new moods and feelings, leads to bright dreams and encourages purification and spiritual enrichment through self-knowledge. Abay made an invaluable contribution not only for his people, but for all the peoples of the world. Upon learning of this, Nursultan Abishevich Nazarbayev, the First President of the Republic of Kazakhstan – Elbasy sent a letter to UNESCO with a request to include the anniversary of Abay Kunanbayev in the UNESCO calendar of historical dates. Thus, UNESCO declares 1995 the Year of Abay. Thanks to this, the 150th anniversary of Abay became a global event that aroused the interest of the foreign reader in the heritage of the great poet.

Kassym-Jomart Tokayev, the President of the Republic of Kazakhstan, in his article “Abay and Kazakhstan in the XXI century”, speaking about the significance of Abay’s heritage for the modern generation, says: “We must carefully read the works of Abay if we are talking about the modernization of national consciousness and formation of achievement-oriented nation. Abay is a man who embodies not only his time, but the modern society as well.

Abay is the national pride and conscience of the Kazakh people. It’s a spirit, who brought the Kazakh national “I” to the world level. Undoubtedly, in the Kazakh steppes, there were enough wise men of their time. But Abay, from a young age, was distinguished by his perspicacity and observation skills. He read a lot, helped his father in resolving intertribal disputes, and learned to immerse himself in the essence of the problem. The height of Abay’s thought above other poets lies in the fact that he managed to reveal not only the external side of the problem, but also the inner and deep essence. Absorbing the wisdom of steppe nomads, and using all the advantages of nomadic society, he praises the mind and knowledge in his poems. And his “words of edification” have become an invaluable value in understanding the world and human soul. As a man of wisdom, he absorbed all the wisdom of the advanced representatives of the steppe, he knew the legends and customs of the Kazakh people well. And his acquaintance with the works of Russian and Western classical literature strengthened the understanding of knowledge superiority in his memory. He saw a bright future for the Kazakh people in educated youth. He urged young people to avoid ignorance, dishonor and recklessness, not to be slaves to stereotypes. “Three things that constitute the qualities of a person: hot power, bright mind and warm heart,” – the great thinker recalls. The poet warns that the main thing is faith in one’s work and mind. According to Abay, only education and upbringing can take over and shorten the path to success. To do this, we need to build many schools for Kazakh children, send them to school. Only education may open the way to a civilized future for talented youth.

The wisdom of Abay is the folk wisdom. The thinker’s heritage as a reflection of his inner world is an inexhaustible source of folk wisdom and consciousness.

Omarbayeva G.S. candidate of philology

al-Farabi Kazakh National University

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...8 hours ago

Түркияда “Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi” атты кітап жарық көрді

09 тамыз, KAZNEWS. Түркиядa “GÜNÜMÜZ MOĞOLİSTAN KAZAK ÖYKÜSÜ” (Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi) деген кiтaп жaрық көрдi. Әйгiлi HECE (XЕЖЕ) бaспaсынaн...

Дерек6 days ago

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 20 дерек

Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өмірінің ең өзекті кезеңдерінен 20 дерек ұсынамыз. 1. Ахмет Байтұрсынұлының нақты туған...

Дерек2 weeks ago

Твиттердегі белсенді президент кім?

25 шілде, KAZNEWS. Әлемдік көшбасшылардың 85 пайызы твиттер желісін қолданады. Ең көп оқырмандары бар президент ол – Нарендра Моди. Үндістан...

Дерек2 months ago

Ел көлемінде инфляция деңгейі 15,1%, Баян-Өлгийде 13,8% -ден асты

21 маусым, KAZNEWS. 2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға салыстырғанда жылдық инфляция 15,1 пайызды құрады. Азықтүлік өнімдері мен бензин бағасы...

Дерек2 months ago

Ғарышкер В.А.Жанибеков “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атанды

17 маусым, KAZNEWS. Бүгін Кеңес одағының және Моңғол Халық Республикасының батыры, ғарышкер В.А.Жанибековке “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атағы берілді, деп...

Дерек2 months ago

Моңғолияға келген туристер арасында саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр

15 маусым, KAZNEWS. Моңғолияға келген туристер саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр. 2021 жылдың қаңтар-мамыр айында Моңғолияға 8,554 турист келген...

Дерек2 months ago

Баян-Өлгий һәм Ховд: Қай аймақтың инвестициялық әлеуеті жоғары?

13 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий мен Ховд аймағы да Моңғолияның батыс өлкесінде орналасқан. Халық саны 2021 жылғы көрсеткіш бойынша Баян-Өлгийде 112,836...

Дерек2 months ago

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет. Әуежайлардағы...

Басты назарда