22 қараша, KAZNEWS. ЖАЗҰОрталығы (ХӨСҮТ)-ның бөлім басшысы А.Амбасэлмаа “Бүгінгі сағат 11:00 -дан кейінгі мәліметтермен бөлісейін. Бұл уақытта 21 адам коронавирусқа шалдығып, ел бойынша ауырғандар саны 629-ға жеткен. Жазылып шыққандар саны 340.
Сағат 11:00 ден кейін Улаанбаатар қаласы және Дархан-Уул, Орхон, Дорноговь, Говьсүмбэр аймақтарында инфекция жұқтырғандар тіркелген жоқ. Ал Сэлэнгэ аймағында 21 адамнан коронавирус анықталды. Сэлэнгэ аймағында ауру жұқтырғандар саны 96 -ға жетті. Сырттан тасымалданбаған жағдайды қоспағанда ел ішінде коронавирус инфекциясын жұқтарған 193 жағдай тіркеліп отыр.
Сэлэнгэ аймағының орталығы Сүхбаатар қаласы мен Мандал ауылында науқастар тіркелген.”-деді.