Орта Азия және әлемде
Ресей коронавируспен қалай күресіп жатыр
Published
5 years agoon
Бір айлық карантиннің кесірінен 2020 жылы елдің ЖІӨ-сі 1,5-2%-ға қысқаруы мүмкін.
Владимир Путин ел аумағында төтенше жағдай жариялаған жоқ. Ал өңірлердегі билік коронавируспен қалай күресетінін, қандай шаралар қабылдайтынын өзі шешетін болды. Соңғы ресми мәлімет бойынша, Ресейде вирус жұқтырғандардың саны 5389-ға жеткен. 45 адам қайтыс болды. 355 кісі аурудан құлантаза жазылған.
Оқшаулану қалай жүзеге асырылып жатыр?
Ресейде коронавирустың таралу қарқыны баяулап келеді. Десе де Путин 30 сәуірге дейін демалыс күндері режимін жариялады. Яғни ол уақытқа дейін халықтың басым бөлігі жұмыс істемейді, бірақ олардың жалақылары сақталады. Ал 30 наурызда премьер-министр Михаил Мишустин өңірдегі биліктен Мәскеудегідей шектеу шараларын енгізуді сұраған болатын. Осыдан кейін бірнеше аймақтың басшысы толықтай оқшаулану режимін жариялады. Мысалы, Санкт-Петербург тұрғындарына тек ауруханаға (шұғыл медициналық көмек алу үшін), дүкенге және жұмысқа баруға (қашықтықтан жұмыс істеуге рұқсат берілмеген жағдайда) тыйым салынбаған. Шаһар басшысы Александр Бегловтың айтуынша, үй жануарларын үйден 100 метр қашықтықта серуендетуге және қоқыс лақтыруға рұқсат берілген. Мәскеуде де дәл осындай шектеулер. Мұнда карантин бұзғандарға 15000-300000 рубль көлемінде айыппұл салынып жатыр. Толықтай оқшаулану режимін жариялаған елдімекендер: Мәскеу, Мәскеу облысы, Санкт-Петербург, Ленинград облысы, Адыгея, Архангельск, Белгород, Волгоград, Калининград, Курск, Мурманск, Нижегород, Новгород, Липецк, Новосибирск, Рязань, Саратов, Свердлов, Ульяновск, Ростов, Калуга облыстары, Марий Эл, Коми Республикасы, Татарстан, Шешенстан, Чувашия, Якутия, Башқұртстан.
Путин карантин бұзуды қалай бағалады?
Карантин нормаларын бұзу – қылмыстық немқұрайлылық. Ресей президенті Владимир Путиннің оқшаулану ережесін сақтамағандарға деген көзқарасы осындай. Ол өңірлердегі билік те осындай пікірде болуы керектігін алға тартты.
Карантиннің салдары қандай болмақ?
Бір айлық карантиннің кесірінен 2020 жылы Ресейдің ЖІӨ-сі 1,5-2%-ға (Қазақстанда 0,9-ға) қысқаруы мүмкін. Ресей Орталық банк басшысы Эльвира Набиулина осылай болады деп топшылап отыр. Оның сөзінше, пандемияның кері әсері осы жылдың екінші тоқсанында ғана байқалады, ал екінші жартыжылдықтан бастап Ресей мен әлем экономикасы қалыпқа келе бастайды. «Еліміздің бірқатар өңірінде вирустың таралуын тежеу мақсатында қосымша экономикалық шектеулер енгізілді. Бұл шаралар, әрине, керек. Бірақ олардың экономикаға келтірер залалы орасан. Қызмет көрсету бойынша PMI көрсеткіштер төмендеп кетті. Жағдай одан сайын нашарлауы мүмкін», – деді Набиулина.
Әуе қатынасы қысқарып, пойыздардың да жүруі шектеледі
Коронавирус салдарынан пойызбен жүрушілердің саны азайғандықтан, жергілікті РЖД 7 сәуірден бастап 37 пойыздың кестесіне өзгерту енгізіп, 53 пойыздың жүруін мүлдем тоқтатып тастайды. Ал «Аэрофлот» әуе компаниясы 4 сәуірден бастап ішкі рейстердің санын азайтты. Яғни 50 бағытқа ұшырылатын рейс қысқартылады. Компания өкілдерінің айтуынша, мұндай қадамға баруға сұраныстың азаюы түрткі болған. Премьер-министр Михаил Мишустин бұған дейін жариялағандай, үкімет алдағы уақытта көлік саласына қолдау көрсетпек. Сонымен қатар министрлер кабинеті қазір мәдениет саласында, тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін компанияларға арналған қолдау шараларын дайындап жатыр.
Шет елдердегі ресейліктер елге қайтарылмайтын болды
4 сәуірден бастап басқа елдерде қалып қойған ресейліктерді қайтаруға арналған халықаралық әуе рейстері тоқтады. Биліктің айтуынша, бұл тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында жасалып отыр. Яғни түпкі мақсат – шет елден келушілердің басқаларға вирусты жұқтыруын болдыртпау. Елге ораламын деушілер мемлекеттік қызметтер порталында арнайы құжатты толтыруға тиіс. Содан кейін ғана оларды басқа жақтан алып келу-келмеуі қарастыралады. Сонымен қатар ел билігі шетелдерде қалып қойған ресейліктерге қаржылай көмек көрсетпек. Осы мақсатта үкімет елдің Сыртқы істер министрлігіне 500 млн рубль көлемінде қаражат бөлген.
Мемлекеттік банктерге кепілдік беріледі
Сбербанк және ВТБ банктеріне үкіметтен 20 млрд рубль көлемінде кепілдік беріледі. Компанияларға бөлінетін бұл қаражат – қызмекерлердің жалақысын төлеуге арналған кредит.
You may like
-
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
-
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
-
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
-
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
-
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
-
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Орта Азия және әлемде
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Published
1 month agoon
November 19, 2024Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Д.Баярхүү 2024 жылы 15 қарашада Түркістан қаласында өткен Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына байланысты шараға қатысып, сөз сөйледі.
Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрар Рысқұлов (1894-1938) Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 1924-1925 жылдары Моңғолиядағы Коминтерннің өкілетті өкілі қызметін атқара жүріп, Моңғолияның бірінші Конституциясының бекітілуіне және Республиканың жариялануына маңызды үлес қосты.
Орта Азия және әлемде
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Published
1 month agoon
November 15, 2024Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстандық-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әр тараптың спутниктерді дербес басқаруы Қазақстан мен Моңғолияға табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Айрықша атап өтетін жайт — бұл Қазақстан тарихындағы қазақстандық инженерлер толық әзірлеген алғашқы экспорттық спутник болмақ. Спутник Моңғолияның қажеттіліктеріне бейімделіп, өңірлік спутниктік инфрақұрылымды нығайтады және Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді, — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Қашықтықтан зондтау технологиялары екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Моңғолия өздерінің техникалық құзыреттерін біріктіре отырып, экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған құралдар әзірлейді.
Жоба Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында моңғол инженерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстандық мамандар жоба барысында моңғол әріптестерін оқыту міндетін өз мойнына алып, қажетті білімнің берілуі мен кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады. Мұндай өзара әрекеттестік моңғол инженерлерінің біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты тереңдетеді.
Бұл жоба Қазақстан мен Моңғолияның озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын білдіріп, ғарыш саласы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануда серіктестікке жаңа перспективалар ашады.
Орта Азия және әлемде
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Published
2 months agoon
October 25, 2024Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыртуымен Моңғолияға келеді.
Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.
Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, – делінген ресми баспасөз парағында.
Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.
Орта Азия және әлемде
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
Published
2 months agoon
October 24, 2024Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммиті аясында Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...