5 шілде, KAZNEWS. Бүгін Ресей Федерациясының СІМ-і Сергей Викторович Лавров Моңғолияға іс-сапармен келді.
Іс-сапар барысында Моңғолия СІМ Б.Батцэцэг РФ-ның СІМ С.В.Лавровпен кездесу өткізеді.
Сонымен қатар Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх, МҰХ төрағасы Г.Занданшатар, Премьер-министр Л.Оюун-Эрдэнэ қатарлы лауазым өкілдерінің қабылдауында болады.
Сапар аясында Моңғолия мен Ресей арасындағы стратегиялық ынтымақтастық байланыстарды арттыратын мега жобаларды жылжыту қатарлы мәселелер талқыланады.
Атап айтсақ, Моңғолия мен Ресей арасындағы шекералық өткізу бекеттерінің қуатын арттыру, “Алтанбулаг”, “Цагааннуур” еркінзоналарына ресей тарапынан инвестиция салу, жанармай тасымалдау, энергия, мәдениет, білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруды көздейді.
https://mfa.gov.mn/68945