Connect with us

Моңғолияда

Бүгін Моңғолияда Республика күні

Published

on

26 қараша, KAZNEWS – 1924 жылғы 26 қарашада Моңғолияның тәуелсіз және егемен мемлекет ретінде “Моңғол Халық Республикасы” атауымен орнаған және алғашқы конституциясы қабылданған.

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга халықты “Республика күні”-мен құттықтады.

Моңғолияда жыл сайын бұл мейрамды 26 қарашада атап өтеді. Елде бұл күні халыққа демалыс беріледі.

 

Моңғолияда

«Mobicom» ұтысынан Баян-Өлгийлік тұрғын «Suzuki Jimnу» автокөлігін ұтып алды

Published

on

14 қаңтар, KAZNEWS. Моңғолияның ұялы байланыс операторы «Mobicom» корпорациясы өткен жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Сыйлық берейік» акциясы аясында тұтынушыларға әр кұн сайын дата, бірлік, монпэй және партнерлердің баучерлерін беріп келген. Әр апта сайын ұялы телефон, робот шаңсорғыш, ауа тазартушы қатарлы сыйлықтар табыс еткен. Ал, 28 желтоқсан күні соңғы ұтыста iPhone 12 PRO ұялы телефонының 2 жеңіпазы, Suzuki Jimnу автокөлігінің 1 жеңіпазы анықталған болатын.

«Mobicom» ұтысындағы дөңгелегіне шаң жұқпаған, салоннан шыққан судай жаңа «Suzuki Jimnу»  автокөлігін Баян-Өлгий аймағының тұрғыны Сембі Қуанұлы тақымдап қайтты.

Баян-Өлгий аймағының Баяннуур ауылында тұратын Сембі Қуанұлы зейнет демалысына шыққанға дейін автотранспорт саласында үздіксіз қызмет еткен екен.

Ел көлемінде жүрілген ұтыстан жерлесімізге нарықтағы құны 64 миллион төгрөг тұратын автокөлік бұйырып отыр.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолияға 30 күннен көп уақытқа келген шетел азаматтары 48 сағат ішінде тіркеледі

Published

on

5 қаңтар, KAZNEWS. Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңға еңгізілген өзгерістер бойынша Моңғолия аумағына 30 күннен көп уақытқа келген шетелдік азаматтар 7 тәулік ішінде құзырлы мекемелерге тіркелуге тиісті реттеулер қуатсыз етілді. Енді ел аумағына 30 күннен көп уақытқа келген шетел азаматтары 48 сағат ішінде Көші қон және шетел азаматтары қызметіне тіркелуге міндетті. Бұл процедурадан онлайн өтуге болады.

Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңның өзгерістері 2021 жылғы 1 маусымда күшіне енеді.

Continue Reading

Моңғолияда

Сапа, стандартының таңдаулы адамы – Риза Мизанбай

Published

on

30 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының 2020 жылдың «Сапа, стандартының таңдаулы адамы» номинациясы сыйлығына Баян-Медиана компаниясына қарасты “Медиана” мейрамханасының директоры Риза Мизанбайқызы ие болды.

Бұл сыйлық аймақтық Стандарт, метрология басқармасы тарапынан Стандарттау, техникалық реттеу, сертификаттау және аккредитация туралы заң, Метрология туралы заңның орындалуына және тұтынушыларға стандарт талаптарына сай даяшылық қызмет көрсеткені үшін берілді.

Сыйлықты басқарма бастығы Өмір Құрметұлы табыс етті.

Continue Reading

Моңғолияда

Ұлттық бостандық пен тәуелсіздіктің қалпына келгеніне 109 жыл толуда

Published

on

29 желтоқсан, KAZNEWS. 1911 жылы 29 желтоқсанда 200 жыл бойы Манжурия билігінде болып келген Моңғол елі дербес Боғда (Моңғол) хандығын құрып, Боғда Живзундамбаны хан тағына отырғызады. Осылайша Моңғол халқы өз тәуелсіздігін жариялап, бес министрлікен тұратын үкімет құрып, Моңғолияның алғашқы Премьер-министріне Сайн ноён хан Намнансүрэн тағайындалды.

Боғда хан үкіметі барлық моңғолдарды біріктіретін Моңғол елін құруға ұмтылып, 1912 жылы басқа аймақтар секілді Цинь үкіметінің құрамында болып келген Қобда өлкесін азат етіп, Манж Цинь үкіметінің Қобда, Улиастай қалаларындағы өкілдігін қуып шықты.

1912 жылы шілденің 14 күні Шеруші руының Қылаң бастаған 11 билеушісі 400 отбасы атынан Боғда ханға ұсыныс хат жолдап, Моңғолия құрамына кіруге дайын екенін білдірді.

1912 жылы қарашаның 23 күні Боғда ханның жарлығы шығып Қобда өңіріндегі қазақтар Моңғолия құрамына қабылданды.

Моңғол елі 1915 жылы Қытаймен Ресей патшалығының арасындағы Хиагта келісімі бойынша автономиялық статус беріліп, 1919 жылы Қытайдың әскери басқаруында болғанымен 1921 жылы Ұлттық революция жеңіп, өз тәуелсіздігін қайта жариялаған болатын.

29 желтоқсан ел тұрғындары үшін мерекелік демалыс күні болып есептеледі.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде3 days ago

Түркі академиясы «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді

Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді. Бірқатар бауырлас...

Әлемде4 days ago

Үш партия Мәжілісте қанша мандат алды

12 қаңтар, ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, ол...

10 дерек5 days ago

Сіз қандай кітап оқисыз? #1

11 қаңтар, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігі оқырмандар арасынан төменгі сұрақтар бойынша апта сайын жауап алып отыратын болады. Сіз қандай кітап...

Іскер азамат5 days ago

Нұрсұлтан Жеңісханұлы: Арманым – аймағымызда ғылыми-технологиялық парк құру

10 қаңтар, KAZNEWS. «Тояа – Грейпсийд» оқыту орталығының негізін қалаушы, Назарбаев университетінің магистранты Нұрсұлтан Жеңісханұлы Казньюс агенттігінің «Іскер азамат» бағдарламасының...

Әлемде6 days ago

Қазақстанда Парламент, Қырғызстанда Президент сайлауы өтіп жатыр

10 қаңтар, KAZNEWS. Қазақстанның 9 облысы мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар...

Іскер азамат1 week ago

Іскер азаматтар кімнен, неден күш қуат алады #kaznews

08 қаңтар, KAZNEWS. Әркімнің жұмыс стилі мен уақытты басқару менеджменті әр түрлі. Осыған байланысты жұмысқа өзін ынталандырудың да әр түрлі...

Әлемде2 weeks ago

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздік бәрінен қымбат

2021 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала жариялады Бағдар мен...

Іскер азамат2 weeks ago

Зәуреш Қайсақызы: Ауылдағы әйелдер құқығы әлі де бұзылып келеді

05 қаңтар, KAZNEWS. Біз бұл жолы Қазақ әйелдері «Арулар» одағының атқарушы директоры Зәуреш Қайсақызы мен ауылдағы әйелдер құқығы жайлы сұхбат...

Басты назарда