Connect with us

Орта Азия және әлемде

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QAZVAC вакцинасымен егілді

Published

on

2021 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының № 9 емханасында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ға қарсы Қазақстандық QazCovid-in (QAZVAC) вакцинасымен егілді.
Вакцинаны енгізер алдында медицина қызметкері бұл екі дозалы вакцина екенін және бір бөтелке бір адамға арналғанын, сонымен қатар отандық вакцина мұздатуды қажет етпейтінін, плюс 2-ден 8 градусқа дейінгі температурада сақталатынын айтты.
Бұдан әрі министр журналистке берген сұхбатында Қазақстандық вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында 50 мың доза көлемінде шығарылғанын және қазірдің өзінде өңірлер бойынша таратылып жатқанын хабарлады.
«Біз вакциналар өндірісін іске қосқан және вакциналарды шығарудың толық циклін – әзірлеуден бастап қолдануға дейін өз бетінше игерген әлемнің он елінің қатарына кірудеміз, бұл – үлкен жетістік. Қарағандылық фармазавод вакциналардың негізгі партияларын қосымша өндіреді, нарықты қанықтырады, ол біздің азаматтарымызға заманауи препараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алексей Цой вакцинациядан кейін.
Ол сондай-ақ бүгінгі таңда әрбір жиырмасыншы қазақстандықтың вакцинацияланғанын, сондықтан қарқын жақсы жүріп жатқанын, біздің міндетіміз – мүмкіндік беру, одан әрі біздің азаматтар вакцинацияның оқшауланудан шығудың жалғыз жолы екенін өздері түсінетінін атап өтті.
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында COVID-19 қарсы Қазақстандық вакцинаның QazCovid-in (QAZVAC) алғашқы партиясы шығарылды.
«СҚ-Фармация» Бірыңғай Дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның бірінші партиясын жеткізу 23 сәуірде жүзеге асырылды. Оның ішінде 6 000 дозаны Нұр-сұлтан мен Алматы, 4 000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан түседі.

Advertisement


Орта Азия және әлемде

Бүркітші Айшолпан туралы ағылшын тілінде кітап жарық көрді

Published

on

23 желтоқсан, KAZNEWS. Орталық Азия медиафорумында Лиз Уэлштің «Eagle Huntress» кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың басты кейіпкері – Айшолпан Нұрғайыпқызы. Кітаптың тұсаукесер рәсімін автор мен кейіпкерінен бөлек ҚР-ның Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Айда Балаева, Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Моңғолияның экс президенті Намбарын Энхбаяр қатысты.

«Көптеген адамдар менен онымен қалай кездескенімізді және неге оның тарихын айтуды сұрады. Алдымен мен бүркіттерді түсірген израильдік фотографтың суретін және оларды Моңғолияда қалай жаттықтырғанын көрдім. Ол қыздар арасында кездейсоқ бүркіттің бар-жоғын білуге шешім қабылдады. Осылайша олар Айшолпанға шықты. Оның отбасында бүркітші болу жеті ұрпақтан кейінгі нағыз отбасылық дәстүрге айналған. Айшолпанның бүркітпен түскен бұл суреті оның өмірін өзгертті», – деп еске алады Лиз Уэлш.

«Мен бала кезімнен бүркітші болуды армандадым. Авторлар мен туралы фильм түсіріп, кітап жазды. Мен туралы фильмнің премьерасын жасаған 30 елге бардым. Бүкіл әлем бойынша біздің дәстүрлеріміз туралы айтып, халықаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосуға мүмкіндігім бар екеніне қуаныштымын. Қазір Қазақстанда «педагог» мамандығы бойынша үшінші курста оқып жатырмын», – деді Айшолпан Нұрғайып.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Намбарын Энхбаяр орталық Азия медиа форумына қатысуда

Published

on

20 желтоқсан, KAZNEWS. Астанада бірінші Орталық Азия медиафорумы жұмысын бастады.

Екі күнге созылатын форум аясында медиа мамандар мен танымал сарапшылар өңірдегі медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын сараптайды.

Орталық Азия Медиа Форумының күн тәртібіндегі басты мәселе – бірыңғай медиа платформа қалыптастыру.

Іс-шараға 100-ден астам спикер қатысады. Форумның панельдік сессиясында Түркияның он бірінші президенті Абдолла Гүл, Монғолияның үшінші президенті Намбарын Енхбаяр өз ойларын ортаға салады. 

Іс-шараның хэдлайнері – америкалық New York Times-тың 4 мәрте бестселлер иегері, қазақ қызы, бүркітші Айшолпан жайлы жазылған «Eagle Huntress» кітабының авторы Лиз Уелш, голливуд актері, әйгілі боксшы Рой Джонс, YouTube желісінде 18 миллиард қаралым жиған дүние жүзіндегі балаларға арналған ең танымал dBillions жобасының авторы Ернис Уметалиев және Пулитцар сыйлығының иегерлері болмақ.

Моңғолияның 3-ші президенті
Намбарын Энхбаяр

Намбарын Энхбаяр – 2000-2004 жылдары Моңғолияның Премьер-министрі, 2004- 2005 жылдары Парламент төрағасы, 2005-2009 жылдары Моңғолияның президенті қызметін атқарды. Ол – Моңғолиядағы ең жоғары үш лауазымда істеген алғашқы саясаткер. 1997-2005 жылдары Моңғолия Халықтық-революциялық партиясының (бұдан әрі – МХРП) және 2010-2021 жылдар аралығында Моңғол Халықтық- революциялық партиясының төрағасы қызметін атқарған. Үлкен ұлы Батшугар Энхбаяр – Моңғолия ұлттық партиясының атынан Мемлекеттік Ұлы Хуралдың депутаты.

2010 жылы Энхбаяр «Моңғол Халықтық революциялық партиясы» атты жаңа партияны құрды. 2011 жылдың 26 маусымында бұл партия Моңғолияның Жоғарғы сотынан Моңғол халық партиясының бұрынғы атауын қолдануға рұқсат алды. Энхбаяр осы құрылған партияның төрағасы қызметін атқарды.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Ұлт ұстазы ұлықталды

Published

on

Ахмет Байтұрсынұлы халқының азаттығы үшін отаршыл империямен алысып, саяси күрес майданына араласты. Басын бәйгеге тігіп, ұлтының қамын жеді. «Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек» деп «Қазақ» газетін шығарды. Ұйқыдағы халқын «Маса» боп ызыңдап оятуға тырысты. Бір сөзбен айтқанда, «Тән көмілер, көмілмес еткен ісім» деген Ұлт ұстазының халқы үшін еткен қызметі шаш етектен. Осы жолда қуғын-сүргінге ұшырап, солақай саясаттың құрбаны болды. Ал, оның «Асықпаңдар, артымызда қазы бар!» деген сөзі ақиқатқа айналды…

АЛАШТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІНЕ
АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ

Биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толды. Осыған орай жұма күні Алматыдағы Достық үйінде «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараның басты мақсаты – қазақ халқының ар-ожданына айналған біртуар тұлғаның өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін, қайраткерлігі мен күрескерлігін, шығармашылық мұрасын насихаттау болды.

Расында, түркі әлемінің ойшылдары санатына қосылған қазақ ағартушысының ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысын модернизациялаудағы шеберлігі мен реформаторлық өнегелі істерін бағалаудың маңызы өте зор. Жұма күнгі басқосуда отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен Ахмет Байтұрсынұлы мұраларын жан-жақты ғылыми талдау, Ахметтану ғылымының өзекті мәселелерін талқылау, соны көзқарастар мен жаңа тұжырымдарға жол ашу да ортақ әңгіменің өзегіне айналды.

Халықаралық конференцияға отандық және алыс-жақын шет елдерден 100-ден астам ғалым-зерттеуші қатысты. ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Мәмбет Қойгелдиев, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Әкімшілік департаменті директорының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы, профессор Нергиз Бирай (Түркия), профессор Гүлжанат Эрджиласун (Түркия), PhD доктор Өзгежан Кисижи (Германия), профессор Ким Сан Чоль (Оңтүстік Корея), профессор Бекир Түмен Сомунджуоглу (Түркия), PhD доктор Бахром Ирзаев (Өзбекстан) секілді ғалымдар баяндама жасады.

«Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлік жолы бүкіл түркі жұртына ортақ, оның өлшеусіз еңбегін жұмыла зерттеп, саяси тұлғалық бейнесін танытатын уақыт жетті», – деді жиынға қатысушылар.

Басқосу барысында Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағы және Түркиядағы Памуккале университетінің профессоры, алаштанушы ғалым Нергиз Бирайдың Ахмет Байтұрсынұлы туралы зерттеу кітабының тұсауы кесілді. Жинаққа қайраткердің бұрын-соңды жарияланбаған «Шаруашылық өзгеріс» мақаласы және орыс тіліндегі еңбектері енген.

АХМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжановтың айтуынша, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері әлі жинақталып біткен жоқ. Сондықтан Ахаңның шығармаларына толық текстологиялық зерттеу жүргізу және әлі табылмаған, әлі жарияланбаған еңбектерін іздестіру жұмыстары бар.

«Мәселен, осы соңғы кездің өзінде Ахаңның Ленинге жазған үш хаты табылды. Осы үш хаттың өзінде Ахаңның ұлттық ұстанымы, саяси көзқарасы айқын көрінеді. Мұны тәуелсіз сананың тұрғысынан қайтадан зерттеу керек», – деді Кенжехан Ісләмжанұлы.

«Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры, алаштанушы ғалым, журналист Сұлтан Хан Аққұлұлы Ахаңның айдауда жүрген кезінде «Мәдениет тарихы» деген қолжазба еңбегі болғаны, оның әзірге табылмай жатқаны туралы айтты.

«1934 жылы қуғында жүрген Ахаңды Әлихан Бөкейхан босатып алғанда, алдымен ол Мәскеуге Әлиханның үйіне барып, бір-екі күн түнеп, сол еңбегін қолжазба күйінде Әлекеңе тапсырып кеткені жөнінде әңгіме бар. Болашақта Ахаңның біз білмейтін әлі талай еңбегі табылатынына ешқандай күмән жоқ», – деп санайды Сұлтан Хан Аққұлұлы.

Мәні мен маңызы зор басқосуда Ұлт ұстазы туралы аз әңгіме айтылған жоқ. Салиқалы ой, салмақты пікір де молынан ұшырасты. Оның бәрі көңіл түкпіріне жылы қонақтап қалды. Бұл бағыттағы ізденістер алдағы уақытта да жалғасын тауып, ғалым мұрасы ел игілігіне айналары сөзсіз.

Ахмет Байтұрсынұлына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында танымал суретші Алмас Сырғабайдың «Ахмет әлемі» көрмесі де өтті.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

«Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген Ахмет Байтұрсынұлының осылайша ұлықталып жатқаны қуантады. Бұл да азаттықтың арқасы. Өйткені, қазақты аяусыз қырған «қызыл империя» тұсында Алаш арыстарының атын атаудың өзі қылмыс саналды. Ендеше, туған халқының бостандығы жолында құрбан болған қайраткерлердің барлығы да елдік пен ерліктің өшпес өнегесі ретінде әспеттеле беруі керек.

Qazaq1913.com, Индира БІРЖАНСАЛ

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

«Біріккен Алаш» қорының жасөспірімдер арасындағы І Халықаралық байқауы жарияланды

Published

on

НЬЮ-ЙОРК. KAZNEWS – АҚШ-та құрылған «Біріккен Алаш» қоры дүние жүзіндегі шығармашыл қазақ жасөспірімдерін анықтап, оларды жігерлендіру мақсатында І халықаралық байқауын жариялайды. Бұл туралы АҚШ-тағы тұңғыш қазақ басылымы Kazunite.com хабарлады.

Байқауға Қазастандағы және дүние жүзіндегі қазақ диаспораларындағы 10 және 18 жас аралығындағы өрендер қатыса алады.

Тұңғыш рет өтетін байқаудың тақырыбы – “Менің тұлғам”.

Байқау шарттары:

⁃ Байқауға қатысушының жасы 10-18 аралығында болуы тиіс;

⁃ Байқауға қатысушы өзі құрмет тұтатын тарихтағы немесе бүгінгі заманғы тұлғалардың бірі жайлы эссе жазуы тиіс. Эсседе: «сіздің үлгі тұтатын тұлғаңыз кім, ол тұлға несімен ерекше, тұлғаның нақты қандай қасиеті, мінезі немесе еңбегі үлгі боларлық, тұлғаның ерекше қасиеті, мінезі немесе болмысы ХХІ ғасырдағы қазақ жастарына үлгі болуға жарай ма, қазақ жастарының дамуына, жақсы өмір сүруіне көмектесе ала ма, сіз ол тұлғаны өз замандастарыңыз арасында қалай насихаттап, қалай дәріптер едіңіз?» деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Яғни “Менің тұлғам” атты шығармада шығармашыл жас үлгі тұтатын тұлғасы жайлы жалпылама мақтамай, нақты детальдармен, белгілі бір қырын аша отырып жазуы тиіс. Жазу формасы, стилі еркін, шығармашыл жастың ой еркіндігі мен шығармашылық қабілетін айшықтайтындай болуы құпталады.

Байқау ережесі:

⁃ Шығарма Times New Roman 14-пен 2 – 2.5 беттен аспауы тиіс. Шығарманың (вордтағы) ең соңына қатысушының толық аты-жөні, мемлекет, қала (аудан, ауыл) атауы, байланыс нөмірі міндетті түрде жазылуы керек.

⁃ Жазылған шығарма қатысушының суреті мен бірге info@kazunite.com электронды поштасына жолдануы қажет.

⁃ Материалдар 30 қараша күні Нью-Йорк уақытымен сағат 23.00-ге дейін қабылданады. Бұл уақыттан кеш жіберілген шығармалар байқауға қатыстырылмайды.

Қосымша ақпарат:

⁃ Іріктеуден өткен шығармалар АҚШ-тағы тұңғыш қазақ басылымы kazunite.com халықаралық порталында жарияланады.

Байқау жеңімпаздарын Қазақстан, АҚШ, Еуропа елдері мен Түркиядағы белгілі тұлғалардан құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Жүлде қоры:

⁃ I орын – 200 мың теңге (бір);

⁃ ІІ орын – 100 мың теңге (екі);

⁃ ІІІ орын 50 мың теңге (үш);

⁃ Ынталандыру сыйлығы 20 мың теңге (бес).

Қосымша АҚШ-тағы «Біріккен Алаш» қорының Халықаралық байқауының жүлдесін растайтын мақтау қағазы мен шағын сый-қоржын тапсырылады.

 

View this post on Instagram

 

A post shared by KazUnite (@kazunitecom)

 

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек4 weeks ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек1 month ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек2 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Дерек4 months ago

Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек

05 қазан, KAZNEWS. Мемлекет және қоғам қайраткері, халқының адал перзенті, Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын құруға атсалысқан қайраткерлердің бірі Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы...

Дерек4 months ago

Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды

19 қыркүйек, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағынан 8 түлек Моңғолия Президентінің «Жолдау-2100» стипендиясының иегері атанды. Бұл туралы Kaznews.mn Моңғолия Президентінің Баспасөз қызметіне...

Дерек5 months ago

Топ-10 Моңғолияның белгілі актерлері

14 қыркүйек, KAZNEWS. Моңғолияның ұлттық кино өндірісі қарқынды дамып келеді. Казньюс ақпарат агенттігінің көзқарасы бойынша осы саладағы үздік деген он...

Дерек5 months ago

Моңғолияның 2050 жылға дейінгі стратегиясының 9 бағыты

Моңғолия 2020 жылы елдің “2050 стратегиясын” жасақтаған. Оны ел үкіметі министрлермен, қоғам қайраткерлері және саясаттанушылармен бірлесе отырып жасаған. 2050 стратегиясы...

Басты назарда