Connect with us

Орта Азия және әлемде

Қазақстан Республикасы: Даму және өркендеу жолында

Published

on

Тәуелсіздік күніне орай 

16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі, Қазақстанның Тәуелсіздік күні. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғары Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылдап, Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет деп жариялады. 1991 ж. 16 желтоқсаннан бастап «тәуелсіздік дәуір», яғни Қазақстан тарихында дамудың жаңа кезеңі басталды. Сол себепті, осы күн Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ретінде белгіленіп, атап өтуді дәстүрге айналдырылды. Қазақстанның үлкен жетістігі – тәуелсіздігін жариялау арқылы іс-жүзінде ешкімге тәуелді емес мемлекетке айналуы деп айтуға болады.
Аталған мереке күні бүкіл ел бойынша көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Мерекені атап өтпес бұрын мәдениет, өнер, спорт және саясат саласының танымал тұлғаларын елеулі еңбектері үшін жоғары мемлекеттік марапаттармен марапаттау ережесі қалыптасқан. Үкімет бірінші рет жеңіл түрде қылмыс жасағаны үшін сотталған әйелдер мен кәмелетке толмағандарға рақымшылық жасайды. Мемлекеттің елді мекендерінде мерекелік және концерттік іс-шаралар жүргізіледі. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты отшашулар болады.
Басқа ұлттық мерекелер сияқты осы елде тұратын ұлттар мен этникалық топтардың этномәдени ерекшеліктерін көрсетуге назар аударылады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тәуелсіз еркін елде ұлттық киім, би, асханалық дәстүрлер, ұлттар мен этникалық топтардың басқа да мәдени элементтерін тамашалауға болады.
Шын мәнінде, бұл мерекені тарих бойында халықтың азаттық үшін күресіп келген ерлігі мен еңбегінің нышаны деп атауға болады. Тәуелсіздік- барлық қазақстандықтар үшін құндылығы зор маңызды мереке. Ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке әр жылдың 16-17 желтоқсанда аталып өтеді. Биыл Қазақстан халқы Тәуелсіздік күнін 29-рет қарсы алып отыр.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Орталық Еуразияда дамушы елге айналып, әлемдік сахнада беделді орынға ие болды. Қазақстан тәуелсіздігін жариялау арқылы өзінің құнды қазыналарымен адам өмірі, азаттықты жоғары санайтын демократиялық, құқықтық және әлеуметтік елге айналды. Қазіргі таңда, демократия бүкіл адамзаттың құндылығы болып табылады. Сондай-ақ, ол қоғамның қарқынды түрде дамуына ықпал етеді. 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясының 3-бабында мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық деп көрсетілген. Елде біртұтас мемлекеттік билік, Конституция мен басқа заңдардың негізінде және заң шығарушы,атқарушы және сот биліктерінің өзара тәуелділігі қағидатының негізінде жұмыстар жүргізіледі.
Орталық Азия өңірінің жетекші мемлекеті болып табылатын Қазақстан Республикасы соңғы жылдары қарқынды түрде дамып келеді. Қеңес Одағы кезінде өндіруші салаларға негізделген бүкіл экономикалық жүйені қайта құру нәтижесінде, Қазақстанның экономикасы айтарлықтай дамыды. Экономикалық өзгерістерден тыс, тәуелсіз Қазақстандағы саяси жүйенің өзгеруі дүниежүзілік аренадағы Қазақстанның беделін арттыруға ықпал етті.
Бүгінде Қазақстан халықаралық пен өңірлік ұйымдардың мүшесі және Батыс, Шығыс елдерінің сенімді әріптесі болып табылады. Қазақстан-өзінің аумағында толық егемендігі бар, өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтауға құқылы бірден-бір демократиялық, заңды тәуелсіз мемлекет. Оның демократиялық саясаты Қазақстанды тәуелсіз, егемен ел ретінде көрсетуімен қатар, қазақ халқының өз ұлттық тілі мен мәдениет, дәстүрін сақтауға, өзіндік ерекшеліктерін жандандырып, дамыту мүмкіншіліктермен қамтамасыз етеді.

1. Тәуелсіз мемлекеттің қайта құрылуы.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жас мемлекеттер қатарынан болса да, қысқа мерзім ішінде аса үлкен өзгерістерді енгізіп, тәуелсіз даму жолында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекеттің тағдырына байланысты басты маңызды құжаттар әзірленіп бекітілді. Қазақстан әлем картасында шекарасы анық та айқын ел. Қазақстанда демократияның бастықағидаттарының негізінде жаңа саяси жүйе құрылып, тиімді мемлекеттік аппарат пен басқару құрылымы пайда болып, барлық мемлекеттік рәміздер қабылданып, сондай-ақ тиісті құқықтық актілер жасалып, даму процессі одан әріжалғасын табуда. Сонымен қатар, екі палаталы парламент пен тәуелсіз сот жүйесі құрылып, жаңа астана бой көтерді. Қазақстан өзінің қорғаныс жүйесін мен Мемлекеттік гвардияны және шекара күзетін, сондай-ақ әскери теңіз күштерін құрды.
Бұл ретте, Қазақстан мызғымас бітімгершілік пен бейбітшілік, тату көршілік қарым-қатынас және өзара тиімді ынтымақтастық саясатын ұстанатыны халықаралық қауымдастықтың өкілетті және толыққанды мүшесі ретінде бекітілді.
Қазақстан өзінің аумағында ядролық қару қолданудан өз еркімен бас тартып, өзін ядролық қарудан алшақ мемлекет деп жариялады. Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанның сол кездегі ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаев 1991 ж. 29 тамызда әлемдегі ең ірі ядролықполигоны болып саналатын Семей облысындағыядролық полигонды жабу жөнінде шешім қабылдады. 1941 ж. 29 тамызда аталған полигонда алғашқы ядролық сынақ басталған болатын. 40 жыл ішінде осыполигонда 500 жарылыс болып, мыңдаған жанның өмірін қиып, көптеген адамның өміріне қауіп төндірер аумақ болып келді. Тәуелсіз мемлекет ретінде, Қазақстан әлемде төртінші орынды иеленетін өзінің ядролық қару қорынан бас тартты. Қазақстанның бұл қадамы әлемдік қауымдастықтың, оның ішінде ірі елдердіңсенімін нығайтуға ықпал етумен қатар, елді сындарлы, ізгі қарым-қатынастармен қамтамасыз етті. Бүгінде Қазақстан ядролық қауіпсіздік тұрғысынан әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің бірі болып саналады. Тұңғыш Президенттің шешімімен реттелген «Невада-Семипалатинск» қоғамдық қозғалысынан бастап Қазақстан жаһандық антиядролық науқанның көшбасшысына айналды. Қазақстанның бастамасының нәтижесінде,БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарусыз әлем туралы әмбебап декларациясын бекітті.
Елдің қорғаныс күштері БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысуда. Қазақстанның бітімгершілік операциялары және антиядролық іс-шаралары аталған ел 2017 ж. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайланғаннан бастап жаңа қарқынға ие болды.
Қазақстан, шамамен он жылға жуық уақыт бойы тоқтатылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымның саммитін (ЕҚЫҰ) Астанада өткізу бастамасын көтеріп, іске асыруға мүмкіндік берді. Осылайша, аталған саммит Қазақстанда, яғни Орталық Азия аумағында тұңғыш рет өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстанның астанасында әр жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидердерінің съездері ұйымдарылуда.
Қазақстан халықаралық аренада, әлемнің экономика жүйесінде көрнекті орынды иеленіп, бұрынғы экономикалық жүйені түбегейлі өзгертунің нәтижесінде бүгінде әлемдік экономикалық жүйемен интеграциялану мүмкіндігі бар дамушы нарықтық экономикалы мемлекеттердің қатарына кірді. Сондай-ақ, инвестиция тарту бойынша Қазақстан Шығыс Еуропа елдері арасында жетекші елдердің бірі.
Қазақстанның сыртқы саясаты өз елініңегемендігі мен тәуелсіздігін қорғау мақсатында халықарылық кепілдікті нығайтуға бағытталған. Тәуелсіз жылдарда ұлттық мүддеге сай және халықаралық құқықты қатаң ұстанатын тиімді көпжақты сыртқы саясат жүргізілді. Қазақстан Шығыс пен Батыс елдерімен, ТМД елдерімен, ислам және түрік әлемімен, Азия-Тынық мұхит өңірінің елдерімен, яғни ізгі ниетті барлық елдермен достық ынтымақтастық орнатқан. Дәл осындай ұстаным аталған елге өз айналасында «бейбітшілік пен ынтымақтастық аумағын» орнатуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы Шығыс пен Еуропа елдері арасындағы нақты саяси, экономикалық және жағрафиялық көпір ретіндегі қызметін сәтті атқарып келеді. Бүгінде Қазақстан БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) және Еуразиялықэкономикалық одақ тәрізді халықаралық жетекші ұйымдар мен басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады.
Қазақстан шетелдермендостық байланыс орнату үшін көптеген жұмыс атқарды. Бүгінде Қазақстан әлемнің 180 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатқан. Қазақстан БҰҰ белсенді мүшесі болумен қатар, Еуропалық одақ және ЕҚҚДБ (Еуропалық қайта құру және даму банкі), Халықаралық валюта қоры, Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ), сондай-ақ Халықаралық Қызыл крест ұйымы, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО-мен бірлесіп жұмыс істейді. Қазақстан 40 астам көпжақты және 700 астам екіжақты келісімдерге қосылған екен.
Қазақстанның ірі жетістіктерінің бірі -астанаНұр-Сұлтан қаласының салынуы. Өткен жылдары қарапайым бір облыстың орталығы болған өңірде астананың бүкіл бағыт бағдары және заманауи әлемнің қала құрылысы мен сәулетітәрізді мәртебеге ие қаланың іргетасы қаланып, қысқа мерзім ішінде барлық талаптарға сай Қазақстанның көркіне айналған жаңа шаһар салынды. ЮНЕСКО Нұр-Сұлтан қаласын «Әлем қаласы» марапатымен марапаттады. Аталған марапат –қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өркендеу барысында ірі жетістікке қол жеткізген әлемнің жаңа қаласына берілетін марапат. Бүгінгі таңда, Нұр-Сұлтан қаласы тек әкімшілік орталық қана емес, Тәуелсіздіктің және елдің дамуының нышаны болып табылады. Аталған қала халықарылық саяси және мәдени іс-шаралар алаңына айналды. Қазақстанның астананы өз жер аумағының ортасынакөшіруі тәуелсіздік алғаннан бері ең маңызды кезең болды.
Соңғы 29 жылдың ішінде Қазақстан елдегі ұлттар, этникалық топтар және олардың мәдениеті, ұлт ерекшеліктері мен дін және сал дәстүрдің ерекшеліктерін дәйекті түрде қорғаған өзінің ішкі саясаты арқылы әлемге танылды. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанға 1 млн.астам қазақтар шетелден қоныс аударған екен. Біртұтас Қазақстан халқы бірлесіп, белсенді түрде заманауи, жоғары бәсекеге қабілетті қоғам құруда.
Қазақстанда әр жылы Әлемдік және дәстүрлі діндердіңлидерлерісъезінің өткізілуі дінаралық түсініспеушіліктер мен дауларды барынша оңтайлы жолмен шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанның көреген саясатының арқасында этникалық топтар және конфессиялардың байланыстары саласында жаһандық және әлеуметтік келісімнің керемет үлгісі пайда болды.
Аталған үлгінің маңызды бөлігі–1995 ж. Қазақстан халықтарының ассамблеясының құрылуы. Оның мақсаты елдегі әлеуметтік-саяси келісімді қамтамасыз ету болып табылады. Бастапқыда, Ассамблея Мемлекет басшысы жанындағы консултативті-кеңесші орган болып, кейіннен әлеуметтік-саяси мәртебеге ие, яғни конституциялық органға айналды. Аталған құрылым халықаралық деңгейде танылған беделді орган болып табылады.
2017 ж. Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесі сәтті жүзеге асырылды. Қазақстанның жас буын азаматтарына көрсетілген «жасыл технология» және қауіпсіз ресурстардың тиімді пайдаланылуы, яғни энергия саласындағы соңғы ғылыми-техникалық жетістіктер, сондай-ақ бірқатар инвестициялық келісімдерден тыс, көрмеден соңодан әрі белсенді қолданылатын инфрақұрылымдар сақталып қалды. Аталған ЭКСПО көрмесіне әлемнің 115 мемлекеті, 22 халықаралық ұйым қатысып, 4 млн. жуық адам қызығушылық танытты. Олардың 1 млн. шетелден келген қонақтар болды.
2018 ж. бастап «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ЭКСПО көрмесі кешенінде орналасып, өз іс-қызметін жүргізе бастады. Бұл Орталықтың мақсаты инвестициялық капиталды тарту және қаржылық орталыққа айналу болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан шын мәніндеөңірдегі жетекші мемлекеттердің бірі болып саналумен қатар, алдағы уақытта әлемнің 30 ірі экономикалық бәсекелес елдердің қатарына кіруді мақсат етеді.
Қазақстан 30 спорттық ірі елдердің қатарына кіреді. Себебі, Қазақстанда бұқаралық спорт сабақтарын және белсенді өмір салтын ұйымдастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Үкіметтің Спорттық қозғалысты қолдауының нәтижесінде, қазақстандық спортшылар Олимпиада ойындарында 70 медаль, әртүрлі халықаралық жарыстарда 700 жуық медальді қанжығасына байлаған. Тәуелсіздік алғаннан бері елде орын алған басты оқиғалардың бірі – 2011 ж. 30 ел споршыларының қатысуымен өткізілген Азиялық қысқы олимпиада болып табылады.
Қазақстанда екі рет реформа жасалды. Біріншісі тәуелсіздік алған кезден басталса, екіншісі 1990-жылдарың соңында басталып, яғни «Стратегия-2030» құжаты қабылданып, жаңа астана Нұр-Сұлтанның салынуымен 2010-жылдардың соңында аяқталды деп саналады. Қазақстан тұрақты экономикалық даму өрісіне шығып, институционалды жүйе мен орта тапты құру, халқының әлеуметтік жағдайын айтарлықтай жақсарту, жаңа астананы салу, теңестірілген және жауапты сыртқы саясат жүргізу арқылы өзінің халықаралық аренадағы беделін нығайтып, өңіргежетекшілік ету құқығын қамтамасыз етті.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары – тәуелсіз елді күшейтудің, нарықтық экономиканы және жаңа демократияны дамытудың басты кілті болып табылады. Ең бірінші Жолдау – елдегі ұзақ мерзімді еңбек іс-қызметінің іргетасын қалаған, дамудың негізгі бағыттарын айқындаған Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2030» жолдауы.
Осы уақыт ішінде Қазақстан көптеген қиыншылықтарды бастан кешті. 1990-жылдардың басында дағдарысқа тап болған барлық салалар аз уақыттың ішінде өзгеріске ұшырады. Ұлттық экономиканы қарқынды түрде дамыту, шетелден инвестиция тартудың базасы құрылды. Ұлттық қор пайда болды. Индустриялық өнімдердің мөлшерін арттырып, еңбек өнімділігін едәуір өсірді. Қоғам және зейнетақы саласында терең реформаны іске асырып, халықтың әлеуметтік жағдайын арттырды. Макроэкономиканың басты көрсеткіші болып табылатын ЖІӨ мөлшері 1990-жылдардың басында 600 АҚШ долларын құраған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 13 мың АҚШ доллардан асады.
Елдің мемлекеттік жүйесі нығайды. Мемлекеттік заң шығарушы орғанның іс-қызметі күшейіп, ол мемлекеттік органдар қабылдаған барлық шешімдерге, оларды іске асыруға белсенді әсер ететін құзырлы, дербес құрылымға айналды.
Барлық салалардағы терең өзгерістердің нәтижесінде нарықтық экономиканы дамыту, дүниежүзілік байланыс жүйесіне қосылу, жаңа бажы жүйесі және банктің заманауи инфрақұрылымын құру ұлттық кәсіпкерлікті ұйымдастырып, ауыл-аймақтарда экономиканың жаңа жүйесін бекітті. Ұлттық экономиканы қарқынды түрде дамыту мақсатында құқықтық базаны құрды. Қазақстан бұрыңғы Кеңес Одағының құрамында болған мемлекеттерден озып, «Шетелдік инвестиция жөнінде», «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау жөнінде» заң қабылдады. Нәтижесінде, Қазақстан экономикасы ең қарқынды дамып келе жатқан әлемнің көшбасшы елдері қатарынан көрініс тауып, соңғы 25 жылдың ішінде шетелдік инвестициялар көлемі 300 млрд. долл. жетті. Оның ішінде, ең ірі инвесторлар – Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Италия, Жапония, Бельгия және Канада. Маңызды нәтижелерді атап айтсақ, олар еңбек өнімділігінің көбеюі, индустриялық өнімдер өндірісінің 10 есе, жалақының 17 есе өсуі, сондай-ақ 2 млн. астам жұмыс орынның пайда болуы.
Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынастары қазірдің өзінде стратегиялық ынтымақтастық деңгейінде дамып келеді. Сонымен қатар, екі мемлекет халықаралық сахнада бір біріне қолдау көрсетіп, ал халқының тату көршілік қатынастары екі елдің тарихын ұштастыруда. 2016 ж. бастап Еуразиялық экономикалық одақтыңкеңесі шеңберінде экономикалық дамуға қатысты мәселелерді бірлесіп шешіп келеді. Қазақстан қазіргі таңдағы өзекті мәселелер мен аумақ қауіпсіздігі және посткеңестік кеңістіктегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша белсенді түрде сыртқы саясат жүргізген екен.
Қазақстан Республикасы өзінің бай табиғи ресурстары мен экономиканың барлық салаларын дамыту мақсатында көп жұмыс жасап, өңірдің маңызды рөл атқарушысына айналып, әлемнің барлық мемлекеттерімен ынтымақтастық орнатты. Оның айқын дәлелі – Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып, «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру құқығына ие болуы. Қазақстанның әлемнің барлық ұйымдарыменынтымақтастық орнатуға дайын болуы тек өзін-өзі дамыту ғана емес, сондай-ақ жаһандық өркениетке өз үлесін қосу болып табылады.

2. Экономикалық реформа саясаты

Қазақстанда жүргізілген екінші реформа – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуі. Қазақстан біртіндеп экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісін жасап қалыптастырды. Бірінші кезең, 1991-1997 жж. Қазақстан қоғамының басқару жүйесін нарықтық экономикаға көшіріп, «Қазақстан-2030» даму стратегиясын бекітіп, сондай-ақ тұрақты түрде дамитын экономиканы құру жөніндегі жетекші бағыттарды анықтау арқылы ұзақ мерзімді мақсаттарға жету мүмкіндігімен қамтамасыз етуі болып табылады.
Бірінші кезең. 1991-1997 жж. басқару жүйесін жеке меншік және бәсекелестікке негізделген нарықтық қатынасқа көшірді. Әлеуметтік-экономикалық осы реформа кезінде Қазақстанның терең экономикалық дағдарысқа тап болуы дамудың барлық салаларына кері әсерін тигізіп, кенеттен және күтпеген шешімдер қабылдаудың қажеттілігі туындады. 1993 ж. Қазақстанда әлеуметтік-экономикалық реформаны тереңдету және дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар бағдарламасы қабылданды. Аталған бағдарлама, ең алдымен елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, ұлттық валютаны енгізу, Қазақстанның нарығын тұтыну өнімдермен толыққанды қамтамасыз ету және жоспарлы басқару жүйесінен нарықтық экономикаға көшуге бағытталған болатын.
1995 ж. желтоқсан айында реформаны тереңдету мақсатындағы Үкіметтің 1996-1998 жж. арналған іс-қызметі жоспар бағдарламасын бекітіп, 1994-1995 жж. макроэкономиканы тұрақтандыру, құрылымдық және институционалдық реформалардың нәтижелерін шоғырландыру, өніркәсіптің құлдырауын тоқтату, экономика және халықтың әл-ауқатын жақсартуды мақсат етті. Аталған бағдарлама аясында, инфляция деңгейін төмендету, кәсіпорындар мен қаржы саласын өзгерту, өндірістік инфрақұрылымды жаңарту, жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті салаларға тікелей инвестицияларды ынталандыру, кәсіпкерлікті қолдап, мемлекеттік саясатты күшейту, экономиканы реттейтін мемлекеттік механизмді жетілдіру, орталықтандыруды азайту және жекешелендіруді кезең-кезеңмен жүзеге асыру, сондай-ақ әлеуметтік қорғауға зәру халыққа мемлекеттен қолдау көрсету тәрізді іс-шараларды іске асырды. Аталған іс-шаралардың нәтижесінде, елдің экономикалық жағдайы тұрақталды. Индустриялықөнімдердің өндірісі қалпына келтіріліп, көлік саласы дамып, сауда айналымы тұрақталды. Нәтижеде,1996-1997 жж. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 0,5-0,7%, индустриялық өнімдері 0,3-4,1%, көлік саласының кірісі 0,8-4% және сауда айналымының кірісі 10,7-3% өсті.
Екінші кезең. 1998-2006 жж. басты оқиғасы «Қазақстан-2030» Даму стратегиясының қабылдануы. Стратегияның мақсаты ұзақ мерзімді жетекші бағыт, бағдарлар және экономикалық дамудың жаңа үлгісін әзірлеу шеңберінде мемлекетті дамыту болып табылады. Сонымен қатар, аталған стратегия аясында, қолданыстағы жылу энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану арқылы экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи жаңа көлік қатынастарының инфрақұрылымын құру, қайта өндіру кәсіпорындар мен жаңа зауыттарды құру және жаңарту, сондай-ақ экономиканың барлық саласын қолайлы инвестициялық ортамен қамтамасыз ету, әлемдік саудада өз орнын иелену үшін ынтымақтастық және сыртқы сауданы дамыту саясатын жүзеге асыруды мақсат етті.
1997 ж. қабылданған «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы аясындағы Үкіметтің мақсаты төмендегілерге бағытталған:
– ақшалай шектеулерді қамтитын тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асырып біту, мемлекеттік бюджетті жаратудың қатаң шарттарын енгізу, баға және сыртқы сауданы ырықтандыру жұмысын аяқтау;
-кедейлікпен күресу, «Астананың дамуы – Қазақстанның дамуы», авто жолдар салу және жаңа жаңарту бағдарламаларын бекіту;
-елдің ұлттық және экономикалық қауіпсіздік стратегиясын бекіту.
2000 ж. тамыз айында елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақ үшін қаржы жинау және сыртқы факторлардың экономикаға тәуелділігін азайту, әлемдік бағаның мемлекеттік және жергілікті бюджетке келтірер әсерін төмендету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (фонд) құрылды. 2001 ж. Қордың жұмыс механизмі толыққанды әзірленіп, пайдалануға берілді. 2001 ж. соңы, 2002 ж. басында мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеген кезде, аталған Қордың айналымындағы қаражаттарының арқасында бюджеттік тапшылықтың алдын алды.Себебі, жоспарлы және дәйекті көрсеткіштер арасындағы қажетті айырмашық аталған Қор активтерінің тұрақты бөлігі есебінен қаржыландырылды. Қор пайда болғаннан бері белсенді активтердің мөлшері едәуір өсіп, 2001 ж. желтоқсан айында 1,2 млрд. долл.құраса, 2010 ж. 30,6 млрд. долл. жетті. Бүгінде осы Қор сыртқы факторлардың кері әсері, оның ішінде бағаның төмендеуі, әлемдік нарықта Қазақстанның экспортқа шығаратын ұлттық өнімдеріне сұраныс төмендеу тәрізді факторлар пайда болған жағдайда, елдің экономикасы және қаржылық ортасын тұрақтандырудың тиімді құралы болып табылады.
2015 ж. дейін Қазақстанның экономикалық дамуын анықтайтын «Қазақстан Республикасының индустриялық-инвестициялық дамуының 2003-2015 жж. арналған стратегиясы», «Каспий теңізіндегі Қазақстанның мұнай-газ және кен орындарын игерудің 2015 ж. дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» қабылданған болатын. Аталған құжаттардан басқа, елдің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында бірқатар бағдарламалар мен актілер әзірленді.
Екінші кезеңде Қазақстан Республикасының экономикалық құрылымын жетілдіру, экономиканы көтеру жене бәсекеге қабілеттілікті жақсарту шеңберінде қолайлы инвестициялық ортаны құрып, шикізатқа деген сұраныспен сәйкестіндіру арқылы жүргізген мемлекеттік саясаты елдің экономикасын көтерді. Осы кезеңде елдің жалпы ішкі өнімінің жылдық өсімі орта есеппен 10%-дан асты.
Үшіншікезең 2007 ж. бастау алған. 2007 ж.2-жартысынан бастап Қазақстанның экономикасы әлемдік экономикалық дағдарыстың ықпалында болды. 2007 ж. тамызда Американың ипотекалық нарығындатуындаған әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығының алғашқы құбылмалылығы сыртқы несие капиталы нарықтарының жабылуына әкелді. Сыртқы несиенің күрт төмендеуінен ақшаның өтімділігі төмендеп, экономикалық салаға банктік несие беру шектеле бастады. Бұл әсіресе құрылыс нарығы мен сауда саласына көбірек қатысты. Осы салалардан туындаған салыстырмалы түрдегі жоғары экономикалық өсім тұтасымен экономикалық өсуді тежеуге себепші болды.
2008 ж. басқа елдер сияқты Қазақстанның экономикасы да шетелден қарыз алу, тауарлар мен шикізат өнімдері бағаларының өсуі, сұраныстың азаюы салдарынан өнімдерді өндіру мөлшері төмендеп, халықтың кірісі азаю және банктердің несиелік ресурстарының құлдырауы тәрізді қиындықтарға тап болды. Сыртқы жағдайдың ұшығуы ЖІӨ өсімін жыл аяғында 3,3%-ға дейін баяулатты.
2009 ж. экономикалық үлкен дағдарыстың кері әсері көбейіп, пайдалы қазбалардың әлемдік нарықтағы бағаларының төмендеуі елдің дамуын баяулатып, өндірістің құлдырауына әкелді. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі және басқа да қаржы мекемелерінің 2009-2010 жж. экономиканы тұрақтандырудың бірлескен жоспарымен бекітілген дағдарысқа қарсы іс-шараны жүзеге асыру арқылы елдің экономикалық құлдырауын тоқтатып, 2009 ж. ЖІӨ 1,2%-ға өсті. Дағдарысқа қарсы іс-шара экономикалық өсімді 3%-ға арттырды. Аталған жоспар 5 бағыттажүзеге асырылды:
1) Экономика саласын тұрақтандыру;
2) Жылжымайтын мүлік нарығы мәселесін реттеу;
3) Шағын және орта бизнесті дамыту;
4) Агро-өнеркәсіптік кешенді дамыту;
5) Инвестициялар, индустрияландыру және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру. Аталған жоспардан тыс, өңірлік жұмыс топтары мен кәсіби кадрлардыәзірлеустратегиясын (жол картасы) іске асырды. Жоспар мен Жол картасын қаржыландыруда Мемлекет басшының жарлығымен Ұлттық қордан 1 трлн. теңгеден астам қаражат бөлінді.
2010 ж. ЖІӨ өсімі7% құрады. Оған ықпал еткен басты факторлар:индустрияның өсуі (7,0%, яғни дәйектіэкономикалық өсімнің 40%) және сауда мөлшері(20,4%, яғни дәйекті экономикалық өсімнің 20,4%), сондай-ақ көлік қызметі (дәйекті экономикалық өсімнің 8,7%).
Реформа жылдары Қазақстан өзінің сыртқы сауда мүмкіндіктерін әдеуір арттырды. 1995 ж. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 9 млрд. долл. құраса, 2010 ж. бұл көрсеткіш 90 млрд. долл. жетіп, экспорттың мөлшері 1995 ж. 5 млрд. долл. болса, 2010 ж. 60 млрд. долл. көтерілді. Ал аталған жылдары импорттың мөлшері 4,30 млрд. долл. өсті. Қазіргі таңда Қазақстан мұнай, қара және түсті металлдар, қызыл бидай және өндіруші салаларға арналған дайын өнімнің арнайы түрлерін шетелге экспортқа шығаруда.
Инфляцияны қадағалау үшін әртүрлі құралдарды қолдану, атап айтқанда сауданы басынан бастап ырықтандыру, келесі жылдары тарифтік құралдарды жетілдіру, бәсекелестікті дамыту, баға келісімдерін төмендету және индустриялық әлеуетті нығайту шаралары елдегі инфляцияны айтарлықтай төмендетуге ықпал етті. Инфляцияның деңгейі 1993 ж.2165%, 1994 ж. 1158%, 2008 ж. 18,8%, 2010 ж. 7,8%-ға жетіп, орта есеппен6-8%-ға тұрақтанды.
Қазақстанда нарықтық экономика басталғаннан бері еңбек нарығы мен жұмыспен қамту секторын реттеу негізінен арнайы жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 2000-2002 жж. Жұмыссыздық пен кедейлікке қарсы күресу бағдарламасы дамытылды. 2003-2005 жж. Кедейлікті төмендетуге арналған бағдарлама, ал 2005-2007 жж. халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарлама жүзеге асырылды. 2008 ж. экономикалық дағдарыстың кері әсерін болжамдау арқылы жұмыссыздықтың алдын алу, жұмыс орнын сақтап қалу және жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған мамандарды қайта даярлау стратегиясын (жол картасы) бекітті. Бұны қаржыландыруға 2009 ж. 191,5 млрд. теңге, 2010 ж. 150,6 млрд.теңге құйылған. Небәрі 2 жыл ішінде 8,8 мың бағдарлама, оның ішінде 2009 ж. 5,2 мың және 2010 ж. 3,6 мың бағдарлама жүзеге асырылған. Жалпы саны 390,6 мың жұмыс орны, оның ішінде 2009 ж. 258,6 мың, 2010 ж. 132 мың жұмыс орны пайда болған.
Жол картасы шеңберінде орындалған іс-шаралар Қазақстанда еңбек нарығы мен жұмыссыздықтың санын тұрақты тежеуде оң нәтиже көрсетті. 2009 ж. жұмыссыздық 6,6%болса, бұл көрсеткіш 2020 ж. 5,5% құраған.
Тәуелсіздік жылдардағы экономикалық өсім халықтың өмір деңгейініңөсуіне сеп болды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 1993 ж. 696,2 долл. құраған болса, бұл көрсеткіш 2003 ж. 2068,1 долл. жеткен. Ал 2004-2009 жж. ЖІӨ екі есе артып, 2009 ж. 7257,1 долл. жетті. 2009 ж. әлемдік дағдарыс елдің экономикасына кері әсерін тигізгенмен 2010 ж. бұл көрсеткіш қайта серпіліп, 8957,2 долл. жетті.
2010 ж. «Қазақстан-2020» даму стратегиясы бекітілді. Оның басты мақсаты – экономиканы жаңарту арқылы оның сапасын өсіру, адами ресурстарды дамыту, өнеркісіп-инновациялық дамуды қарқындататын базаны нығайту және халықтың әл-ауқатын жаңа сатыға шығару. Экономикалық саясат келесіге бағытталды:

1. Қазақстанның бәсекелестік қабілетінөсіру.
2. Өнеркәсіп-инновациялық бағдарлама шеңберінде экономиканы әр тараптандыру.
3. Халықтың кірісін арттыру, тұрақты жұмыс орындармен қамтамасыз ету.
4. Білім, денсаулық және тіл мәселесін қамтыған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру.
Бәсекелестік қабілетті өсіру арқылы макроэкономиканы тұрақты сақтау, инвестиция және бизнес ортаны арттыру, технология және инновациялық дамуды арттыру, экономикалық интеграцияны дамытуға арналған сауда жүйесін кеңейтуге болады (ТМД және Еуразиялық экономикалық одақтың мүше мемлекеттері) деп қараған.
Экономикалық саясаттың негізгі бағыты бағаны реттеу, ішкі нарықтағы бағаны тұрақты ұстау және бірінші кезекте азық-түлік бағасын бірқалыпты ұстау шараларын қолданған.
Осыған орай, Үкімет және жергілікті мекемелер көтерме нарықты дамыту, ішкі нарықты ұлттық өніммен қамдау және дәстүрлі монополияны реттеугі кірісті. Бұдан басқа, бәсекені сақтап қалу, әділетсіз бәсекелестікке тыйым салу, жалған бағаның өсімін, өндірушілер мен алыпсатарлар арасындағы бағаны реттеу секілді шаралар қолданылды.
2012-2014 жж. өнеркәсіп-инновацияны дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама іске қосылды. Бұл бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіп жол картасы арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, инвестициялық оңтайлы шешім шығаруға және инфрақұрылымдық секторды дамытуға серпін берді.
Өнеркәсіптік даму жылдары 1250 жаңа өндірістер құрылып, 300 мың жұмыс орны пайда болды. Әлемнің 100 астам мемлекеті қазақстандық өнімді пайдаланды. Соңғы жылдары Қазақстан жаңадан 500 астам өнім өндіретін өнеркәсіп орнын басқарып, жаңадан 50 түрлі өнімді шетелге экспортқа шығарды.
Жемқорлық дегеніміз әлеуметтік дамуға өте үлкен кері әсер көрсететін фактор. Әр мемлекет бұл факторға қарсы әртүрлі жолмен күреседі және оның нәтижесінде халықаралық сахнада беделін өсіру, шетелдік инвесторларды тарту және бизнесті дамытуды көздейді. Ал Қазақстанда жемқорлыққа қарсы күресу үшін 2011 ж. наурыз айында «Қазақстанда 2011-2015 жж. арналған жемқорлыққа қарсы әрекеттің бағдарламасы» бекітілді. Бұл бағдарламаның мақсаты жемқорлық туралы ұлттық құқықтық нормативтерді жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, көлеңкедегі экономиканы төмендету болып табылды. Сондай-ақ, «Транспаренси Интернэшл» анықтаған жемқорлық индексі 2015 ж. 180 мемлекет ішінде 90-орынға өтті.
2012 ж. «Қазақстан-2030» стратегиясында көрсетілген нысандар толықтай жүзеге асырылды. Қазақстан әлем елдері бойынша бәсекелестік қабілеті жоғары 50-орынға өтіп, орташа дамыған елдер қатарына енді. Сонымен бірге, ең жоғары дамыған 30 елдің қатарынан көріну үшін «Қазақстан-2050» стратегиясын бекітті.
2017 ж. бастап «Қазақстанда үшінші реформа: әлемдік бәсекелестік стратегиясы» жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде Н.Назарбаев: «Бұл реформа қиындықтарды жою үшін құрылған жоспар емес, «Стратегия-2050» нысандары үшін көпір болып саналады» деген. Аталмыш стратегия «100 анық қадам» атты жоспардың негізінде іске асырылады. Президенттіңнегізгі 5 реформасыэкономиканы өсіріп, көшбасшы 30 мемлекеттің бірі болу үшін нысан еді. Сонымен, келесі маңызды бағыттар айқындалды:
1) экономикалық технологиялық жаңару;
2) бизнес ортаны кеңейту;
3) микро экономиканы тұрақты сақтау;
4) адами капиталдың сапасын жақсарту;
5) институциялық жаңартулар мен жемқорлыққа қарсы күресу.
Өнеркәсіптік жол картасында Қазақстанның экономикасына оң әсер беретін біршама ісжобалар енгізілген. Бұл ісжобалар агро-өнеркәсіп, металлургия, мұнай өңдеу, энергетика, химия және фармацевтика, құрылыс, көлік, автокөлік өндірісі, туризм және ғарыш секілді Қазақстан экономикасының негізгі салаларында жүзеге асырылуы қажет.
Жергілікті аймақтарда мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру тетігі бизнесті қолдау және қарқындатуға бағытталған «2020 ж. дейінгі бизнес жол картасы» негізінде бекітілген бағдарлама еді. Осы тұрғыда, даму институттарының құрылымы мен қызмет бағыттары және оның қаржылық көздері ерекше айқындалған.
Биыл бекітілген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының негізінде жұмыссыздықтың деңгейі, әсіресе ауылдық жердегі жұмыссыздықты төмендетуге бағытталды. Жеке іскерлер, жұмыссыз азаматтар мен кірісі төмен азаматтарды қайта оқытудан тыс жұмыспен қамтудың деректер банкін құруды енгізген. Кәсіпкерліктің дамуын қолдап, шағын және орта кәсіпті қолдау үшін 2020 ж. дейін Кәсіпкерліктің жол картасын жалғастырып, келесі 4 бағытқа мән берілген: бизнес ұсыныстарды қолдау, бизнес секторларын сауықтыру (оңалту), кәсіпкерлерді валюталық қатерлерден қорғау және кәсіпкерлікті қарқындату. 2018-2022 жж. арналған ұлттық инвестициялық стратегиясы бекітілді.
Қазақстан жоспарлы экономикадан нарыққа сәтті түрде ауысып, нарықтық экономиканың барлық тетіктері мен құқықтық нормативтерге қол жеткізді. Қарқынды дамыған экономика болашақта барлық салаларды жаңартуға мүмкіндік беріп отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялау арқылы өзінің ірі ресурстарын жан-жақты пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Барлық салада қарқынды дамып, аз уақыт ішінде керемет жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстанның дамыған елдер қатарына енуіне қиындықтар орын алғанмен, «5 институцияны дамытуға арналған 10 нақты қадам» нысандары оған төтеп берудің маңызды күші болуда.
Қазақстан өз экономикасын қарқындату мақсатында әлемдік қуатты елдер, РФ мен ҚХР-мен жақсы көрші қарым-қатынасын орнатты. Замануи даму мен жетістіктің иелері АҚШ және ЕО елдерімен ынтымақтастықты нығайтты. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары Орталық Азия елдеріне арналған шетелдік инвестицияның 70% өзіне тартты.
Қазақстанда барлық көліктердің жүйелері дамып, экономикалық өсуге оң серпін берді. Жүк тасымалының көбеюі Азия мен Еуропаны ұштастырған авто және темір жолдардың артуына байланысты. 2030 ж. арналған қаржы нарығын дамытуға бағытталған тұжырымдама әзірленіп, жоғары технологиялы қаржылық секторды қалыптастыру үшін Қаржы агенттігі қызмет атқарды.


3. Сыртқы саясат.

Қазақтанның сыртқы саясатының нәтижелері:

Бірінші, ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ішкі мүддеге сай саясат жүргізілді. Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап бәсекелестік қабілеті жоғары, саяси-экономикалық жүйесі дамыған азаматтық қоғам ретінде әлемдік аренада беделін қалыптастыру нысандары жоспарланды. Бұл нысан арқылы әлемдік экономикаға қосылып, қуатты мемлекеттер мен ТМД елдерімен өзара тиісті қатынастарды дамытуға бағытталған көп салалы саясатты жүзеге асыру арқылы орындалды.
Бүгінгі күні Қазақстанның негізгі әріптестері болып табылатын Ресей, Қытай, АҚШ және Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен жоғары сапада дамуда.
Қазақстандық дипломатияның негізгі мақсаты жақын көршілері болып саналатын Азиядағымемлекеттермен достас және өзара тиімді қатынастарды тереңдету болып табылады. Одан бөлек, Азияның басқа елдері және ислам әлемімен белсенді ынтымақтастықта болуды көздейді.
Қазақстан ТМД елдері арасында дипломатиялық өкілдіктері көбірек тараған ел болып отыр. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан 56 мемлекетте 75 өкілдігін ашқан. Оның 56 елшілік, 6 дипломатиялық өкілдік, 8 бас консулдық пен 16 консулдық еді. Сонымен бірге, 27 мемлекетте қоса атқаратын елшілік жұмыс істеуде.
Екінші, жақсы көрші өзара тиімді қатынас саясатын дамыту. Әлем тарихында көрсетілгендей, ең маңызды және күрделі саясат көрші елдерменарадағы саясат болып табылады. Ал Қазақстан сыртқы саясаттың маңызды бағыты ретінде жақсы көрші саясатын айқындады. Қазіргі кезде Қазақстан барлық көршілермен достас ынтымақтастықты дамытуда және оның ішінде Ресеймен Қытай маңызды орынға ие. Бұл елдержағрафиялық тұрғыда жақын, шекаралас әрі табиғи, қаржылық, әскери және адами ресурстар жағынан маңызды стратегиялық әріптестікті айқындайды. Қазақстанның Ресей және Қытаймен сауда-инвестициялық айналымы млрд. доллармен өлшенеді және бұл елдердің екіжақты қарым-қатынастары тарих, мәдениет, ғылым, білім және спорт саласында дамиды.
Сондай-ақ, Қазақстан Орталық Азиядағы елдермен, атап айтсақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменстанмен мәңгілік достас әрі жақсы көршілік қарым-қатынастарды дамытуда. Сондай-ақ Қазақстан өз мүмкіндігіне сәйкес көршілес елдерге көмектесіп келді. 2009 ж. Тәжікстанда орын алған энергетикалық дағдарыс, 2010 ж. Қырғызстанда болған этникаралық қақтығыстар кезінде қазақстандық тарап азық-түлік пен ресурстық қайтарылымсыз көмек көрсетті. Қазақстан аз уақыт ішінде өз шекарасын анықтап, оны заңды түрде бекітіп, елінің қауіпсіз аймағын қалыптастырды. Астана қаласында Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Ресеймен шекара жөніндегі келісімге қол қойып, оны ратификациялады. Мың км құрғақ жер шекарасы бар Қазақстан сияқты мемлекет үшін шекарамәселесі және халықтың қауіпсіздігі өте маңызды.
Заңсыз сауда, есірткі және қарулы алаяқтардан шекарасын қорғау мәселесі әрбір мемлекет үшін маңызды міндет болып саналады. Есікті мықтап жаппаса Қазақстанға қатер жеткізетін мәселелер туындамасына кім кепіл? Осы тұрғыда, халықаралық ұйымдар мен екіжақты қарым-қатынастарды қорғау үшін дипломатиялық міндет арта түсуде.
Үшінші, аймақтық қауіпсіздік институтын дамыту. Қазақстан дүние жүзі қауымдастығының белсенді атсалысушысы. Қазақстанның қатысуымен ТМД елдерінің кеңесі, ЕАЭО және ШЫҰ секілді өңірлік тетіктер дамуда. Азиядағы өзара іс-қимылдар және сенім шаралары кеңесі Азия құрлығында орын алған келеңсіздікті шешуге көп әсерін тигізді.
Қазақстан секілді мұсылман дінді елдің ЕҚЫҰ-ды басқаруы аталған Ұйымның тарихындағы жаңа көрініс болып отыр. Осы Ұйымның белгілі уақытқа кідірген жоғары дәрежедегі кездесуі Астанада қайта жалғасын тапты. Астанада өткен жоғары дәрежедегі кездесуде «Еуроатлантика және Еуразия кеңістігі» атты тұжырымдаманы бекіту арқылы Қазақстанның халықаралық сахнадағы беделі біршама көтерілді.
Сонымен қатар, Қазақстан ШЫҰ шеңберінде де белсенді атсалысуда. БастапқыдаШЫҰ «Шанхай бестігі» деп аталып, бұрынғы КСРО кезіндегі Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Қытайдың шекара маңындағы қауіпсіздікті сақтап қалған ұйым болды. 2011 ж. Астанада өткен ШЫҰ10-жылдық қызметінің нәтижесінде аталмыш Ұйымның аймақтағы беделі артуда деген баға берілді. ШЫҰ жаңа ғасырда көпжақты функцияға мән берумен қатар экстремизм, жаппай қырып жою сияқты әрекеттердің болуынан алдын алып, аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамытуда.
Бүгінгі күнде Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымы шеңберінде әріптес мемлекеттермен бірлесіп, өз кеңістігін нығайтуда. Халықаралық және еуразиялық ұйымдарды нығайту жолында қазақстандық дипломаттардың біліктілігі шыңдалып, беделі өскенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, ҚР Президенті Қ.Тоқаев Женева қаласында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары лауазамында болғанын атап өту артық болмас.
Төртінші, әлемдік қауіпсіздікке үлес қосу. Қазақстан әлемдік қауіпсіздікті сақтау жолында өз ұстанымында нақ тұрды. Қазақстан өзінің халықаралық бастамалары арқылы әлемдік қауіпсіздікті сақтау мақсатында жаппай жою қаруларын таратпауды қолдады және бұны әлемнің елдері қабылдады. Қазақстанның бастамасымен 29 тамыз Ядролық қарудан азат болу жөніндегі БҰҰ қаулысы бекітілді. Сонымен бірге, Астана қаласында «Ядролық қарудан азат әлем» атты жоғары дәрежелі форум өткізілді. Форумда қабылданған мәлімдемеде ядролық қару сынағына тыйым салынды. Өз еркімен ядролық ресурстардан бас тартып, Орталық Азия елдерін ядролық қауіптен азат еткен Қазақстан қазіргі күні Таяу Шығыста да азат өңір құру үшін құлшыныс жасауда. Бүгінде МАГАТЭ-нің қолдауымен Халықаралық ядролық энергетика банкін Қазақстанда орнастыру мәселесі пысықталуда. Білікті дипломатиялық саясатқа Қазақстанды мәдениет, дін және өркениетті ұштастыру арқылы маңызды көпір болу міндеті жүктеліп отыр.
Бесінші,Қазақстанның халықаралық бастамалары, қуатты елдермен әріптестігі және халықаралық ұйымдардағы белсенділігі оның аймақтық және әлемдік әсерін арттыруда. Осылайша, Қазақстанның экономикасы тұрақты өсіп, шетелдік сауда мен инвестицияның негізі нығаюда.
«Сыртқы саясат – әр елдің ішкі саясатының айнасы» деген ұстанымға сәйкес, Қазақстанның көпжақты сыртқы саясаты өз халқының мәселесін шешуге бағытталып отырғанын байқауға болады.
Соңғы 29 жыл ішінде жүргізілген Қазақстанның көреген және тұрақты сыртқы саясаты оның беделін арттыруға әсер етті. Қазіргі уақытта әлем халықтары Қазақстанды тек ғана табиғи ресурстары мен әлемнің алғашқы ғарышкерін Байқоңырдан ғарышқа ұшырған тәжірибесімен емес, рухани және материалдық құнды әрі бай мәдениетімен таныды.

4. Қазақстан мен Моңғолияның екіжақты қарым-қатынастары.

Қазақстан мен Моңғолия арасындағы дипломатиялық қатынастар1992 ж. 22 қаңтарда орнатылған. Моңғолияның Елшілігі 1992 ж. Алматы қаласында ашылып, 2010 ж. Астанаға көшірілген. Ал Қазақстанның Дипломатиялық миссиясы 1997 ж. Ұлан-Батыр қаласында ашылып, 2007 ж. ҚР Елшілігі етіп өзгертілді. Моңғолия тарапынан 1998 ж. Президент Н.Багабанди, 2007 ж. Президент Н.Энхбаяр, 1994 ж. Премьер-министр П.Жасрай, 2003 ж. Парламент төрағасы С.Төмөр-Очир, 2019 ж. Премьер-министр У.Хүрэлсүх, ал Қазақстан тарапынан 1993 ж.,1999 ж.,2008 ж. Президент Н.Назарбаев, 1992 ж. Премьер-министр С.Терещенко, 2015 ж. Премьер-министрдің Бірінші орынбасары Б.Сағынтаев, 2006 ж. Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың сапарлары өткізіліп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар, екі елдің парламенттерінің екіжақты достық топтарының басшылары бірнеше мәрте іссапарда болды. Екіжақты Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның мәжілістерінің нәтижесінде өзекті мәселелерді уақтылы шешуге мән берілді.

Мәдениет саласының докторы, экономист Т.ЕТЕКБАЙ
Журналист Т.Дашням

Advertisement


Орта Азия және әлемде

Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады

Published

on

Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстандық-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әр тараптың спутниктерді дербес басқаруы Қазақстан мен Моңғолияға табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Айрықша атап өтетін жайт — бұл Қазақстан тарихындағы қазақстандық инженерлер толық әзірлеген алғашқы экспорттық спутник болмақ. Спутник Моңғолияның қажеттіліктеріне бейімделіп, өңірлік спутниктік инфрақұрылымды нығайтады және Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді, — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Қашықтықтан зондтау технологиялары екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Моңғолия өздерінің техникалық құзыреттерін біріктіре отырып, экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған құралдар әзірлейді.

Жоба Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында моңғол инженерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстандық мамандар жоба барысында моңғол әріптестерін оқыту міндетін өз мойнына алып, қажетті білімнің берілуі мен кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады. Мұндай өзара әрекеттестік моңғол инженерлерінің біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты тереңдетеді.

Бұл жоба Қазақстан мен Моңғолияның озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын білдіріп, ғарыш саласы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануда серіктестікке жаңа перспективалар ашады.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді

Published

on

Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыртуымен Моңғолияға келеді.

Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.
Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, – делінген ресми баспасөз парағында.
Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті

Published

on

Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммиті аясында Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

Published

on

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақы­тыңыздың тығыздығына қара­мастан «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беруге келіскеніңіз үшін риза­шылығымызды білдіреміз. Сіздің қоғамды толғандыратын мәселелер туралы пікіріңіз қазақ баспасөзі үшін өте маңызды. Сондық­тан түрлі тақырыпта өзіңізбен ашық әңгіме өрбіткіміз келеді. Өткен жыл несімен есіңізде қалды?

– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мей­рамымен құттықтаймын!

2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық. Конституциялық Сот жұмысын бастады. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайладық. Ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасты. Былтыр 700-ге жуық ауыл әкімі сайланды.

Біз әділ және бәсекелі экономика жүйесін құруға кірістік. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстарымен мықтап айналыстық. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қол­дау көрсету үшін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Зиянды еңбек жағ­дайында жұмыс істейтін азамат­тар үшін арнайы төлемақы енгі­зіл­ді. Табиғатты қорғауға жауапты ме­ке­мелердің қызметкерлеріне олар­дың өмірі мен денсаулығына төне­тін қауіп-қатерге қатысты үстеме­ақы төленетін болды. Медицина қыз­мет­керлерінің, мектепте, колледж­де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданды.

Осы жұмыстың бәрі 2024 жылы да жалғасады. Біз тиянақты және жоспарлы әрекет жасаймыз, мақсатқа жету үшін үздіксіз алға ұмтыламыз. Бұл – айрықша маңызды жыл болмақ. Өйткені осы кезең еліміздің алдағы бес жылдағы дамуына негіз болады.

Сұхбаттың жалғасын толық оқу үшін сайтқа өтіңіз.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда