KAZNEWS – Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігінің ұсынысымен, моңғол тарапының қолдауымен 2020 жылғы 10 маусымда таңертенгі сағат 8.00 –де Улаанбаатар – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша «MIAT» Моңғолияның мемлекеттік әуе компаниясының арнайы чартерлік рейсі ұйымдастырылды.
Осы ұшақпен Қазақстан Республикасының 96 азаматы отанына қайтарылды.
Олар Моңғолияға Қазақстаннан карантин енгізіліп, моңғол-ресей шекарасы жабылғанға дейін жеке сапармен келіп (жерлеу рәсіміне қатысу, емделу, жеке істерімен және туған-туысқандарына келу), осы елде қалуға мәжбүр болған азаматтар болып табылады.
Елшілік Қазақстан Республикасы азаматтарын елге қайтару мақсатында оларға бірқатар қолдаулар көрсетті. Ең бастысы аталған азаматтардың миграциялық тіркеулерін ұзарту мәселесін оңтайландырды.
Бұның өзі Моңғолияда 3-4 ай қалуға мәжбүр болған азаматтар үшін қаржылық жағынан үлкен көмек болғанын атап өткен жөн.
ҚР-ның Моңғолиядағы Елшілігі
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтаннан арнайы ұшақпен 170 азамат елге жеткізіледі