Connect with us

Қазақстан және әлемде

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы

Published

on

Тарихтың сырлы үні – қазақ радиосы

Қазақ радиосы — қазақтың өткен өмірінің жаңғырығы һәм қордалы сандығы. Қуанышы мен күйінішінің, тебіренісі мен тербелісінің айғағы. Аумалы-төкпелі заманның бүркемеленген шын бейнесін біз осы ғасыр жасаған халық үнімен зерделі санамен сүзгілеп алмақпыз. Мұнда ашкөздің жымысқы саясатынан аш өзегіне түсім бұралған миллиондаған қазақтың зары бар, жазықсыз жапа шеккен зиялылардың “Оян, қазақтаған” ұраны бар. Ақтандақтардың ақадал төгілген қаны мен көктей орылған жасы бар. Бәрі- бәрі… бар!!! Кей шындық тікелей айтылмаған да болар (жоғарының заһарынан қаймығып) бірақ, бойды бұғып қалғаны жоқ. Астарлы түрде алаштың жүрегіне жол тартқан ақиқаттар қаншама!? Қазақтың ұлттық театр өнерінің негізін салушы Жұмат Шаниннің Мәскеуді дүркіретіп, кәрі құрлықтың құлағын түргізген театр оркестрінің дабылы, асқақ үні, көмейіне бұлбұл ұялаған әнші Әміренің Парижді балқытқан әсем әуезді дауысы және де көптеген өнер майталмандары мен әдебиет-мәдениет дарабоздарының естелікке толы ең қымбат мұралары осы қасиетті де қастерлі қазақ радиосының “алтын қорында” сақтаулы. Қасіреті қан құстырған қырқыншы жылдардағы қанқұйлы соғыстың біткенін жариялап, халықтан “сүйінші сұраған да осы “ақжолтай” радио!

Бүгінде еліміздің ең ірі ақпарат жүйесіне айналып отырған аталмыш радионың тарихына қысқаша тоқталсақ. 1921 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің шешімімен құрылған радио бір ғасыр бойында Қазақстан, ТМД, сондай-ақ шет елдердегі тыңдармандарының сенімді ақпарат көзіне, көңілінің кілтін табар көзайымына, жігер берер ұраншысына айналды. Ғасырлық тарихын «бойтұмарындағы» 1921 деген санның өзі айқындап тұрады. Радионың басым бағыты еліміздегі демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді ашық көрсету, міндеті – мемлекеттік саясатты елді- мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу. Әлеуметтік («Жан жылуы», «Алаң», «Бармысың, бауырым?», «Әлеумет»), қоғамдық- саяси («Өз сөзім», «Алаң», «Алашнама», «Бәйтерек»), рухани-мәдени («Інжу- маржан», «Дәуір үні», «Терме», «Қауырсын қалам», «Бұл – менің жүрегім»), сауықтық-көңілашар («Қайырлы таң, Қазақ елі!», «Армандастар», «Ән салайық», «Ән шеру – жұлдыздар лигасы», «Көркемдік кеңес») бағдаламаларымен қоса 30 шақты Алматы студиясының хабар орталықтары халыққа қызмет көрсетіп келеді (Қазақ мәдениеті, энциклопедиялық анықтамалық, Алматы «Аруна Ltd», 2005).

Қым-қуыт тіршілік. Сонымен алысып атар таң, жарысып батар күн. Сол аралықта бір сәт радио тыңдап жүрсіз бе? Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін рухани-мәдени бағыттағы «Шалқарды», жастар мен елорданың тыныс тіршілігіне арналған «Астананы», классикалық музыка мәдениетіне құмартсаңыз «Классикті», ал жалпы ұлт пен әлеуметтің, қоғамның түгел дерлік саласынан қапы қалғыңыз келмесе, серіктестіктің құрамындағы негізгі «Қазақ радиосын» қосыңыз. Мүмкін сіз іздеп жүрген сұрақтарға жауап сонда?! Бәлкім өнбей жүрген ісіңіздің кілтін табарсыз?! Әлде сіз жасар ұлы жаңалықтың шоғын үрлеп жіберер?!

Қорыта айтқанда, әр ақпарат бүтін бір қазақтың, қалаберді адамзаттың игілігіне арналған. Тарихтың сырлы үнін, жарқын да көлеңкелі тұстарын шындықты ту ете жырлаған, елдің рухани дамуына ықпал етіп отырған қазақ радиосының 100 жылдығы құтты болсын!

Жазған: Жалгасова Алия Базарбайқызы, Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ филология
факультетінің Тіл білімі кафедрасының 1-курс студенті
Жетекшісі: Козыбакова Фатима Акынбаевна, Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің
Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Advertisement


Қазақстан және әлемде

Моңғолия Өзбекстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді

Published

on

Моңғолия осы жылдың 3 маусымынан бастап, Өзбекстан азаматтары үшін визасыз режимді енгізді. 

Бұл жөніндегі шешім Моңғолия Сыртқы істер вице министрі Б.Мөнхжин бастаған делегацияның 2-3 маусым күндері Өзбекстан Республикасына жасаған сапарында белгілі болды.

Сапар барысында Моңғолия мен Өзбекстан Республикасының Көлік және коммуникация министрліктері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Жол және көлікті дамыту министрлігі Азаматтық авиация саясатын жүзеге асыруды үйлестіру департаментінің директоры Ч.Мөнхтуяа, Өзбекстан Республикасының Көлік және коммуникация вице министрі Жасурбек Чориев қол қойған.

Бұған дейін, Өзбекстан Республикасы 2019 жылы 1 желтоқсаннан бастап Моңғолия азаматтары үшін визасыз режим еңгізген болатын.

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

Қырғыз шекарада ПТР тест мен вакцина паспортын талап етпейді

Published

on

22 мамыр, KAZNEWS. Қырғыз аумағында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес және оның салдарын жою жөніндегі жедел штаб осындай шешім қабылдады.

Қырғыс Республикасы 2022 жылғы 1 мамырдан бастап елдің мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін қырғыз және шетел азаматтарынан ПТР тест пен вакцина паспорты талап етілмейді.

Сонымен қатар, бұған ұқсас шешімді Австрия Республикасы Үкіметі де шығарған. 2022 жылғы 13 мамырдан бастап бұл елге баратын шетелдіктер 3G немесе коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алуға, олардың коронавирустық инфекциядан айыққанын дәлелдеуге және ПТР тесті беру талабынан босатылады.

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

Қарағанды облыстық филормониясы Баян-Өлгийде концерт бере ме?

Published

on

Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дорж Баярхүү Отандастар қорының президенті Абзал Сапарбекұлын жаңа қызметімен құттықтай келіп, бірлесе жұмыс жасауға ниетті екенін айтты.

Тараптар екі елдің арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту бойынша пікір алмасты.

Осы орайда Қоғам президенті Абзал Сапарбекұлы биыл Қазақстан мен Моңғолияның дипломатиялық байланыс орнатқанына және қазақтардың ұлы көшінің 30 жылдығына орай екі ел арасындағы ынтымақтастығын бекітетін бірлескен концерттік шараны ұйымдастыру туралы ұсыныс білдірді.

Биыл жазғы маусымда Қарағанды облыстық филормониясының әртістері Баян-Өлгий жеріне барып, концент қою жөнінде ойын жеткізді.

Елші өз кезегінде бұл ұсынысты қолдайтынын жеткізіп, аталған жоспарды пысықтайтынын айтты. Кездесу нәтижесінде екі тарап та елдер арасындағы достық байланысты нығайтуға уағдаласты.

Continue Reading

Қазақстан және әлемде

Онлайн қазақ тілі курстары басталады

Published

on

22 қаңтар, KAZNEWS. Шетелдегі отандастарымызға арналған тегін онлайн қазақ тілі курстары басталады, – деп Отандастар қорының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Басталуы: 1 ақпан 2022 жыл
Форматы: онлайн

«Отандастар Қоры» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам) шетелде тұратын қазақтарға арналған қазақ тілін курстарын ұйымдастырады. Осылайша, ана тіліміздің шетелде кеңінен насихатталып, қазақ диаспорасы өкілдерінің туған тілімізді ұмыт қалдырмауына жағдай жасайды.

«ОНЛАЙН ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ» жобасы Қоғам бастамасымен 2020 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қоғам 2020 жылы 333 онлайн сабақ өткізсе, 2021 жылы 780 онлайн сабақ ұйымдастырды. Бүгінде курсқа жалпы 2554 отандасымыз тіркеліп, оның 1000-ға жуығы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификатқа ие болды.
Қазақ тілі сабақтары – орыс, ағылшын, түрік, парсы тілдерінде оқытылады.


Курс ТЕГІН.
Деңгей: А1, А2, В1, В2

Курсқа тіркелу ақпан айына дейін жалғасады. Толық ақпаратты
( https://t.me/otandastar_qory ) онлайн қазақ тілі курсының Telegram арнасынан немесе +7 778 552 8116 (WhatsApp/Telegram) нөмірі арқылы білуге болады.

* Курсқа қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіп, деңгейлік тестті тапсыру керек.

Қазақ тілін орыс тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSegJkglQ3GYs28YTACxIas1x56EWDGR1l47CwgYnpQW3CaqIg/viewform

Қазақ тілін ағылшын тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc_FOzBxeGEf8t8feXORK0lXsThRBxEXffaSrWvTwufcs2J4w/viewform

Қазақ тілін түрік тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdCpatG_VqmFcWuyTDexGI9Np6vlMdBSEsVOI_GWPAwtvsRjA/viewform

Қазақ тілін парсы тілінде үйренушілерге арналған тест:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfSJtJCgyc2cuKISX-7o25Eey-9rdrR1nRpbNreAdJjAxYDtg/viewform

ҚОСЫМША:

Сонымен қатар биыл шетелде тұратын отандастарымызға арналған қазақ тілінен А1, А2 деңгейіндегі электронды əмбебап оқулықтары әзірленді.
Кітаптар орыс, ағылшын жəне түрік тілдеріне аударылу үстінде. Сондай-ақ, қазақ тілін үйренуге көмектесетін «Абай институты» (https://abai.institute/) порталы мен мобилді қосымшасы (https://play.google.com/store/apps/details?id=abai.institute) іске қосылды.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Кітаптан үзінді...12 hours ago

Түркияда “Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi” атты кітап жарық көрді

09 тамыз, KAZNEWS. Түркиядa “GÜNÜMÜZ MOĞOLİSTAN KAZAK ÖYKÜSÜ” (Қaзiргi Моңғолия қaзaқ әңгiмесi) деген кiтaп жaрық көрдi. Әйгiлi HECE (XЕЖЕ) бaспaсынaн...

Дерек6 days ago

Ахмет Байтұрсынұлы туралы 20 дерек

Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өмірінің ең өзекті кезеңдерінен 20 дерек ұсынамыз. 1. Ахмет Байтұрсынұлының нақты туған...

Дерек2 weeks ago

Твиттердегі белсенді президент кім?

25 шілде, KAZNEWS. Әлемдік көшбасшылардың 85 пайызы твиттер желісін қолданады. Ең көп оқырмандары бар президент ол – Нарендра Моди. Үндістан...

Дерек2 months ago

Ел көлемінде инфляция деңгейі 15,1%, Баян-Өлгийде 13,8% -ден асты

21 маусым, KAZNEWS. 2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға салыстырғанда жылдық инфляция 15,1 пайызды құрады. Азықтүлік өнімдері мен бензин бағасы...

Дерек2 months ago

Ғарышкер В.А.Жанибеков “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атанды

17 маусым, KAZNEWS. Бүгін Кеңес одағының және Моңғол Халық Республикасының батыры, ғарышкер В.А.Жанибековке “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атағы берілді, деп...

Дерек2 months ago

Моңғолияға келген туристер арасында саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр

15 маусым, KAZNEWS. Моңғолияға келген туристер саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр. 2021 жылдың қаңтар-мамыр айында Моңғолияға 8,554 турист келген...

Дерек2 months ago

Баян-Өлгий һәм Ховд: Қай аймақтың инвестициялық әлеуеті жоғары?

13 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий мен Ховд аймағы да Моңғолияның батыс өлкесінде орналасқан. Халық саны 2021 жылғы көрсеткіш бойынша Баян-Өлгийде 112,836...

Дерек2 months ago

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет. Әуежайлардағы...

Басты назарда