12 наурыз, KAZNEWS. Моңғолия үкіметі жүзеге асырып жатқан «Жаңа жаңғыру саясаты» аясында «Ауылдың жаңғыруы» атты конференция ұйымдастырылды.
Осы орайда ел үкіметі тарапынан қаладан аймаққа, ауылға көшуге ниет білдірген азаматтарды жан-жақты қолдайтынын жеткізді. Мұнда,
– Орталықсыздандыру және аймақ халқын арттыру мақсаты аясында ірі елді мекендердің халқы 20 пайызға, ал аймақ халқы 10 пайызға артады.
– Ауылға келіп жұмыс орындарын ашқан тау-кен саласының компанияларынан өзге компанияларға салықтық жеңілдіктер көрсетіледі.
– Жергілікті жерлерге /ауылға/ көшіп келген азаматтарға 3 пайыздық ипотекалық несие беріледі.
– Жергілікті жерлерге /ауылға/ қоныс аударған кәсіпорындарға бір пайыздық жеңілдікпен несие беріледі.
– Жылу және электр энергиясын өндіретін жобалар табыс тауып бастағаннан кейін алғашқы үш жылда 90 пайыз салықтан босату және келесі үш жылда 50 пайыз салықтан босатылады.
– Шекаралық бекеттерді жаңғырту аясында ауылдық жерлерде 600-ден астам жаңа жұмыс орны, ал энергетиканы жаңғырту аясында 700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.