Құрметті Отандастар!
Моңғолияның Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 30 тамызда Улаанбаатар – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшақ таңертенгі сағат 8.00-де «Шыңғыс хан» әуежайынан ұшады.
Осыған орай, COVID-19 пандемиясы уақытында Моңғолияға жеке істерімен келіп, қалып қалған немесе еңбек-шарты негізінде жұмыс істейтін тек Қазақстан Республикасының азаматтарына Улаанбаатар – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшаққа отыру мүмкіндіктері бар екеніне назар аударамыз. Осы мүмкіндікті жіберіп алмауды еске саламыз.
Осы себепті, аталған ұшақпен тек Қазақстан Республикасы азаматтарының елге қайту мәселесіне қатысты туындаған сұрақтар бойынша Улаанбаатар қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Елшілігіне хабарласуды сұраймыз.
Байланыс телефоны: +976 11 345408
Құрметпен, Қазақстан Елшілігі