21 наурыз, KAZNEWS. Қазақ халқының көктем мерекесі – Наурыз мейрамына орай Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх жарлық шығарып, елінің дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар азаматтарды мемлекеттік жоғары атақ, орден, медальдармен марапаттап, олардың отбасы, балаларын, туған-туыстарын құттықтап, қазақ халқына бақыт, еңбегіне табыс, Алтай қыранындай рух тіледі.
ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗ АТАҒЫ:
Ұлықпан Каманұлы, Ph.D., Моңғолия Ұлттық университетінің ғылым мектебінің биология кафедрасының кеңесші ұстазы;
Ризагүл Қалидолдойқызы, Налайх аудандық аға мұғалімдер қауымдастығының басқарма мүшесі;
ЕҢБЕК СІҢІРГЕН МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ АТАҒЫ:
Етекбай Тәтеұлы, «Дастан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңесшісі және ғылыми қызметкер;
ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЭКОНОМИСТ АТАҒЫ:
Ғылымхан Әйіпұлы – Автотранспорт ұлттық орталығы директорының орынбасары, экс аймақ әкімі;

ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ТАСЫМАЛДАУШЫ АТАҒЫ:
Айвал Саяболд – Жол полициясының аға қызметкері, полиция полковнигі
ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰШҚЫШ АТАҒЫ
Әуез Таштуанұлы – «МИАТ» мемлекеттік қазынадағы кәсіпорынның Ұшу бөлімшесінің бастығы, ұшқыш
«ЕҢБЕК ҚЫЗЫЛ ТУ» ОРДЕНІМЕН:
Налайх ауданының тұрғыны Хулжай Упей қария;
Ахан Көкенай, «Тариан Цацал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Сэлэнгэ аймағы, Цагааннуур сұмыны;

АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ ОРДЕНІ:
Күлзипа Қибекей, Налайх ауданының тұрғыны;
Қавидеш Білдіхан, «ЖЭС-3» МКҚК процедуралар және есеп айырысу бөлімінің технигі;
Төв аймағы Батсүмбер сұмыны Мандал ауылының малшысы Телувмед Мұғараж,
Кәлкей Манас, Улаанбаатар қаласы, Сонгинохайрхан ауданы Мемлекеттік тіркеу басқармасының Мемлекеттік тіркеушісі;
Юльс Жапархан, Шарветхан атындағы бокс клубының жаттықтырушысы;
ӘСКЕРИ ҚЫЗЫЛ ТУ ОРДЕНІ
Аманбек Білімұлы, Шекара қызметі әскери дайындық және тәртіптік бөлімінің бастығы;
ӘСКЕРИ ҚҰРМЕТТІ МЕДАЛЫ:
Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттігі жанындағы 9-Тау-кен-құтқару жасағының құтқарушысы, жүргізуші-байланысшысы Мөтөл Болат;
«ЕҢБЕК ҚҰРМЕТ» МЕДАЛЫ:
Рахман Жанарбек, Налайх ауданының 4-ші ауылының Қоғамдық Хуралының төрағасы;
Еркежан Сейіл, Сонгинохайрхан ауданының «Буянт-Манал» отбасылық денсаулық орталығының дәрігері;
Жосай Бадамжав, Коммуналдық шаруашылық басқармасының орталық тарату орталығының машинисі;
«Принцесс» ауруханасының бас дәрігері Жанболат Тілеубек марапатталды.