29 қаңтар, KAZNEWS. 27-30 қаңтар аралығында Ресейдің Красноярск қаласында еркін күрестен Иван Ярыгин атындағы дәстүрлі Гран-при сайысы өтіп жатыр.
Аталмыш сайыстан, Моңғолияның бес палуаны қола жүлде жеңіп алды.
Атап айтсақ, кеше Иван Ярыгин атындағы Гран-при сайысында 50 келі салмақта белдескен Осло-2021 әлем чемпионатының қола жүлдегері, «Женко» клубының спортшысы Отгонжаргал Долгоржав қола жүлдегер атанды.

Одан кейін 55 келі салмақтағы қыздарға қола жүлде бұйырды.
«Будапешт-2013» әлем чемпионатының күміс жүлдегері «Хилчин» спорт клубының спортшысы Э.Сумьяа, 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы Б.Марал қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, 59 келі салмақта «Будапешт-2018», «Нұр-Сұлтан-2019» және «Осло-2021» әлем кубогының қола жүлдегері Б.Шоовдор да қола жүлдегер атанды.

Ең соңында өткен жылғы Азия чемпионы З.Болортунгалаг бесінші қола жүлдені қоржынға салды. Ол, жұбату белдесуінде Анна Краснованы таза әдіспен ұтты.