15 наурыз, KAZNEWS. Моңғолия Парламентінің депутаты Әубәкір Тілеуханұлы Моңғолияның Жоғарғы оқу орындарына ілестіру (ЭЕШ) сынағынан ең жоғарғы ұпай жинаған 6 оқушыға 1 миллион төгрөг стипендия ұсынады. Бұл туралы Парламент депутатының баспасөз қызметі хабарлады.
Моңғолия Парламентінің мүшесі Әубәкір Тілеуханұлының бастамасымен Баян-Өлгий аймағының жалпы білім беретін мектептердің 12 сынып оқушыларына ұлттық бірынғай тестілеу сынағына онлайн дайындығын ELAB Education Academy орталығының көмегімен жүзеге асырады.
Жоба аясында Математика, Монгол тілі, Физика, Химия, Қоғамтану, Ағылшын тілі пәндерінен дайындық жұмысы маусымның 28 күніне дейін жалғасады.
Биыл аймағымызда 12 сыныпты 1680 оқушы бітіреді.
Ковид-19 пандемиясына байланысты ҰБТ -ға арналған оқытулар шектеулі болып тұрғаны белгілі. Бұл жоба арқылы қашықтықтан Моңғолияның үздік 150 -ге жуық ұстазынан тәлім алуға болады.
Депутат алдағы уақытта білім саласы, соның ішінде Баян-Өлгий аймағының білім сапасын жақсарту, ұстаздардың біліктілігін арттыру қатарлы шаруаларға ат салысатынын мәлімдеді.
Сондай ақ, 12 сыныпты табысты жетектеп моңғолияның ҰБТ(ЭЕШ) сынағынан жоғарғы ұпай жинап аймақта көшбастаған үздік 6 ұстазға ноутбук, ҰБТ сынағынан аймақта көшбастаған 6 оқушыға 1 миллион төгрөгтен сптипендия беретін хабарлады.