Connect with us

Мақала

Халық жазушысы Ә. Нұршайықов 100 жаста! 10 жылға жалғасқан шығармашылық байқау

Published

on

«Дүние-мүлік мұра емес, балаға әкенің өмірде алған жақсы атағы мен істеген үлгілі ісі мұра» деп жазады Әз аға. Әз ағаның артында қалған өз ұрпағы: екі ұлы және екі қызы әкенің өшпес рұхани мұрасын дәріптеп, ардагер қаламгердің өмірі мен шығармасын кейінгі жастарға үлгі етіп, түрлі шаралар ұйымдастырып келеді.
Осындай ұрпақ тәрбиесінде үлкен орны бар 10 жылға жалғасқан шығармашылық байқау туралы бірер сөз.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да көп жылдан бері еңбек ететін филология ғылымдарының докторы профессор Жанар Әзілханқызы Нұршайықова алғаш 2012 жылы Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына байланысты студент жастар мен жоғары сынып оқушылары арасында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған поэзиялық және прозалық туындыға байқау жариялады. Сол жылы байқауға 85 өтініш келіп түсті. Байқау қорытындысы бұл бастама жас оқырмандар арасында үлкен қызығушылық туғызғанын көрсетті. Осыған орай, келесі 2013 жылдан бастап жазушы отбасы «Жастар арасында жыл сайын берілетін Ә. Нұршайықов атындағы стипендия» тағайындады.
Әр жылы байқау әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен университетттің «100 кітап» жобасы аясында жүргізілді.
2012 жылғы байқауға тек Алматы қаласының ЖОО студенттері мен жоғары сынып оқушылары қатысып, филология факультетінің нөмірі 2 залында 85 сайыскер бір жарым сағат ішінде «Жазушының өмірі мен шығармашылығы» бойынша өз еңбектерін жазып әділқазылар алқасына тапсырды. Одан кейінгі жылдары байқаудың тақырыбы мен ауқымы кеңейіп «Адам және әлем» деген атпен бүкіл республика көлемінде қазақ және орыс тілдерінде байқау жарияланды.
2012 жылдан 2019 жылға дейінгі байқауға барлығы 463 студент пен жоғары мектеп оқушысы 854 шығармамен сайысқа түсті. Бұл шығармаларды кафедра оқытушылары арасынан арнайы құрылған әділқазылар алдына ала бір апта бойы оқып, саралап, нәтижесінде әр жылдары жүйрік шыққан жеңімпаздар диплом мен қазақ, орыс тілдері бойынша жеке-жеке 1, 2 және 3-ші дәрежелі стипендия және ынталандыру сыйлығымен, ардагер жазушының факсимилесі қойылған кітаптармен марапатталып отырды. Сондай-ақ үздік шығармалар кафедрада екі тілде шығатын «Дайджест педогагогических новаций» атты журналда және жазушы Ә. Нұршайықовтың http://nurshihov.kz/ru/ сайтында жарияланды.
«Өнер – сезім тілі» Қандай да бір өнер туындысы адам сезіміне қозғау салумен бірге, баяндалған оқиғаны басынан кешкендей күйге түсіріп, эстетикалық ләззатқа бөлейді.


Сөз өнерін ғана емес, өнердің барлық түріне сүйіспеншілікпен, шығармашылықпен қарайтын Жанар Әзілханқызы – әрқашан ізденіс үстінде жүретін адам. 2019 жылы ұйымдстырушыларға сөз өнерінен өзге, сурет өнерін де байқап көру идеясын ұсынды. Осыған орай, Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан таңдап алынған қысқаша үзіндіге иллюстрация ретінде түрлі техникамен орындалған (әртүрлі бояулармен: акварельмен, майлы бояумен, пастельмен) фотосуреттер мен көркем суреттерге байқау жарияланды. Нәтижесінде 2019 және 2021 жылдары 40 шақты жұмыс келіп түсті. Арнайы құрылған әділқазылар алқасы бұл байқаулардың да қорытындысын шығарып, арнайы белгіленген сыйақылармен марапаттады.
Аталған байқаулар 2015 жылға дейін университет қабырғасында өткізілсе, 2016 жылы ҚР Ұлттық кітапханасында Ә.Нұршайықовтың мемориалды кабинеті ашылуына орай, кітапхана басшылығы байқау қорытындысын сол білім ордасында өткізуге ұсыныс жасады. 2016 жылдан 2022 жылға дейін шығармашыл студент жастар мен оқытушалар арасында әсерлі әдеби кеш пен байқау қорытындысы ҚР Ұлттық кітапханасының Кіші залында өткізіліп тұрды. Кештен кейін жастар жазушының мемориалды кабинетін тамашалап, естелікке суретке түсіп, алған әсерлерін айтып жүрді.
Бұл сайыстың нәтижесі жастарға өзге байқаулар секілді болашаққа нақты жолдама беріп, өмір жолдарында кездесетін есіктерді айқара ашпаса да, уақыттарын босқа өткізбей үйренуге, ізденуге, өздерінің қолынан іс келетініне сенуге, күресе білуге шақыру, әділеттіктен үміт үзбеу, өмірде жақсы адамдар бар екеніне, өзімен пікірлес өзге жастардың да бар екеніне көздерін жеткізуге көмектеседі. Байқау арқылы жастарды әдебиетке, өнерге, әдемілікке баулу, тілін құрметтеу, сол арқылы елін құрметтеу сияқты ұлы сезімдерді бойларына сіңіру – аталмыш бастаманың түпкі мақсаты болды.
Әзілхан аға өзінің бір сөзінде: «Тәрбие екі түрлі: жұдырық және жүрек тәрбиесі. Жұдырықпен сіңірген тәрбие жүз жылда да жұқпайды. Жүрек тәрбиесі жүз жыл балталасаң да бұзылмайды» деп еді. Әке тәрбиесін бойына әбден сіңірген, үлкенге құрмет, кішіге ізеттіліктен танбайтын, табиғи болмысы қарапайым Жанар Әзілханқызы жыл сайын байқаудың ұйымдастыру жұмысын шынайы сүйіспеншілікпен, үлкен ыждаһаттылықпен атқара жүріп, өз мақсатына жетті деп ойлаймыз. www.kaznu.kz

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасының оқытушылары
Г.Ә. Мұсаева, М.П. Ешимов, Р.И. Дүйсенбаева

Advertisement


Мақала

Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы

Published

on

Бүгінгі таңда білім берудің негізгі мақсаты – білім алушының тек қана білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру. Бұл дегеніміз – ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.
Ұлттық өнер – халқымыздың қолданбалы өнерінің ең биік жетістіктерінің бірі. Бүгінгі күнге дейін күнделікті тіршілігімізде қолданылып келген түрлі ою-өрнектер, сәндік, әшекейлік бұйымдар – талай ұрпақтың ақыл-ойы мен шеберлігінің жемісі. Алайда озық технологиямыз дамыған мына заманда қазір көпшілік, әсіресе, жастарымыз оған аса назар аударып жатқан жоқ. Жастарымыз интернеттің шырмауына түсіп, көп уақыттарын болмашы нәрселерге жұмсап жатады. Бұрынғы кезде тәрбие балаға ата-анасының үйреткен өнерімен берілетін. Ал бүгінде сол ата-анасының өздері балаларына жарты сағат уақытын әрең бөліп жүргенде, бұл өнерді кім насихаттамақ? Сондықтан да жоғары оқу орындарының қабырғаларында ұлттық мәдениетімізді, өнерімізді насихаттайтын қосымша қолөнер үйірмелері көптеп ұйымдастырылса, бұл студент жастарымыздың білім ала жүріп, бос уақытын тиімді пайдалануына да өз көмегін тигізер еді деп ойлаймыз. Ұмытылып бара жатқан қолданбалы ұлттық өнерімізді қайтадан игере бастасақ, нұр үстіне нұр болар еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті www.kaznu.kz жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында құрылған «Жас шебер» қолөнер үйірмесінің басты мақсаты да осы. Ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық өнерімізді ұмытпай, келесі ұрпаққа аманат етіп жеткізу, ұлттық мәдениетте өзіндік орнын көрсету және де мүмкіндігінше қазақ сәндік қолөнерінің өзіне ғана тән құндылықтарын, халықтың мінез-құлқын көрсете білу.
Үйірме бағыты бойынша жұмыс жасай отырып, тыңдаушылар бос уақыттарын үнемді пайдалануға, адамдардың тұрмыстық сұранысын қамтамасыз ететін қолөнер бұйымдарын даярлаудың ең тиімді әдістерін меңгеруге дағдыланады. Білім алушылардың жасаған ең үздік бұйымдары университеттің мұражайларына қойылады.
Сонымен қорытар болсақ, бүгінде еліміздің білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңаруы жағдайында ұрпақ тәрбиесінің негізіне – қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған, уақыт сынынан өтіп, сараланған ұлттық тәлім-тәрбиесінің, ұлттық қолөнерінің бай қазынасы, мол тәжірибесі алынып отыр. Өйткені, жастардың ұлттық мәдениеті мен дәстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп дүниеге дұрыс көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық. Сондықтан басқа да оқу орындарында ұлттық өнерімізді насихаттайтын осындай үйірмелер көптеп жұмыс жасаса екен деген ниеттеміз.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының
оқытушылары М.Н. Ибрагимова, Г.А. Тастемирова, С.Р. Нұртілеуова

Continue Reading

Мақала

Сапалы білім – тұрақты дамудың негізі

Published

on

Қазақ елі әр жылы жаңа үмітпен күтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауының 1 қыркүйекте «Білім күні» мерекесімен тұспа – тұс келуі – еліміздегі саяси оқиғалардың ең маңыздысы ретінде қабылданатын тарихи құжат болып табылады. Жолдаудың мән – маңызы өте ерекше, ауқымы кең, мазмұны бөлек болып табылады.
Сондықтан оның әр бөліміндегі көтерілген мәселелер мен тапсырмалар ұлт ертеңі үшін атқарылатын нақты жол. Мемлекет басшысы кезекті Қазақстан халқына жолдауында алда тұрған маңызды бағыттарымыз бен мақсат – мұраттарымызды анықтап берді.
Бұл Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту, құрлықтың экожүйелерін және су ресурстарын ұтымды пайдалану, климаттың өзгеруі, инклюзивтік өсу жаһандық серіктестік, ресурстарды жұмылдыру, технологиялар, сауда мәселесі сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бойынша маңызды мәселелер көтерілді. Бұл Жолдау осы салалардың жұмысын жандандыруға қозғау салып, ширатуға үлкен серпін береді деп ойлаймын.
Президенттің биылғы Жолдауындағы білім саласына қажетті ең маңызды мәселе «сапалы білім» беру туралы, интернеттің жылдамдығы мен мұғалім кадрлардың біліктілігі туралы терең айтылды. Президент Жолдауда: «Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – «сапа». Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет. Бәріне бірдей білім беру үшін интернет жылдамдығы жоғары және білім берудің цифрлық ресурстары тегін әрі қолжетімді болуы шарт. Білім беру жүйесі еңбек нарығының сұранысына қарай өзгеріп отыруы керек», – деді. Президенттің бастамалары қазіргі заман талабына сай деп есептеймін. Сонымен қатар биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындау да үлкен жауапкершілік жүктейді.
Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Президенттің бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына, өзекті мəселелер ұтымды шешімін тауып, алдағы уақытта ел игілігі үшін оң өзгерістер болатынына кәміл сенемін.

А. Е. Саденова
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ,
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті,
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы

Continue Reading

Мақала

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дәріс оқыды

Published

on

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дәріс оқыды

Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңес мәжіліс залында Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаевтың ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің төрағасы Рахимов Арман Тастемірұлының көшбасшылық дәрісі өтті.
Қара шаңырақтың Басқарма Төрағасы – Ректор Ж.Қ.Түймебаевтың «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты көшбасшылық дәрісітің шымылдылығын ашып, баяндама жасады.
Баяндамада ректор тоқталып өткен өзекті мәселелер: «Сыбайлас жемқорлық – небір қарсылықтарға төтеп беріп, мол қаражат пен пайда бар жерде тамыр жайып, әлі күнге жойылмай келе жатқан кесел. Бұл кесел біздің жас мемлекетімізді де жойылмай келеді. Әр саладағы мамандар да сыбайлас жемқорлыққа бой алдырып жүр. Неліктен? Бұған мамандардың білім, мәдениеттілік деңгейі төмен болуы әсер ететін тәрізді. Кейбір азаматтардың құқық бұзушылыққа немқұрайлылығы, кәсіби мәдениеті жетіспеуі, жеке бас қамын ойлауы да парақорлықтың жойылмауына сеп болып жүр.
Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік органдағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын мойындамай, тиісінше жұмыс жүргізбеуі де жемқорлық тамырын тереңдетуге жәрдемдесіп отыр. Басқа салауатты, таза және сау ортаны да шарпып, заңсыз әрекеттермен қоғамдық орта және мемлекеттік органдар, ұйымдар, жеке кәсіпкерлер мен азаматтардың қызмет етуіне бөгет болатын қауіпті дертті болдырмау тетігі ендігі өскелең жастар, сіздердің қолдарыңызда. Сіздер бұл дерттің қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеулеріңіз қажет. Ол үшін аталған дертке қарсы қоғам болып біріге күресуіміз керек. Сонда ғана ел мүддесіне зор үлес қосып, халық сенімінен шыға алатындарыңыз анық. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесіне қатысты көптеген қатаң пікірлер айтып жүргені белгілі. Мысалға, қарамағындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапкершілікке тартылу мәселесін ерекше атап өткені баршамызға мәлім. Сондықтан Президентіміз көтерген өзекті мәселені түпкілікті шешу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
Қорыта айтқанда, қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз қажет».
Сондай-ақ көшбасышылық дәріске арнайы қонақтары: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Алматы қаласы бойынша департаментінің төрағасы Арман Тастемірұлы РАХИМОВ «Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыру», Превенция басқармасының басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Қанат Әсімбайұлы СӘЛІМБАЕВ «Жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» атты тақырыпта баяндама жасады.
Көшбасышылық дәріске қатысушы қонақтар “Жаңа Қазақстан” болашағына бастау алған сәтте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің болашағына қажетті маңызды мәселе екенін, осы жолда әрбір азаматтың адалдық әрі адамдық парызы мемлекеттік мүдденің басты қағидасы екенін баса айқындап атап өтті. Мемлекет баянды, дамыған қоғам құрып, өсіп-өркендеу жолында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрдайым басты назарда болып, білім алушы жастарға ізгі үлгі-өнеге көрсету барша аға буын өкілдерінің, әрбір Қазақстан азаматының қасиетті қағидасы болатынын конференцияға қатысушы қонақтар тілге тиек етті.
Көшбасшылық дәрістің соңы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://www.kaznu.kz ПОҚ өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, еркін сұхбаттасумен аяқталды.

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары:
Г.М. Мужигова, С.Р. Нұртілеуова

Continue Reading

Мақала

Маңызды міндеттер жүктелген жолдау

Published

on

1 қыркүйек – жаңа оқу жылының бірінші күні, жас балалар мен ұстаздар үшін білім күні ретінде қастерлі күн ғана емес, барлық Қазақстан азаматтары үшін, біздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ еңбек ұжымы үшін бұл күн – айрықша күн, себебі халықтың жарқын үміттерін, ғажайып армандарын жүзеге асыруға жол ашатын жаңа қадамдарына бағыт-бағдар беретін Президент Жолдауын асыға күтеміз https://www.kaznu.kz. 2023 жылы 1 қыркүйекте, бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кезекті Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы депутаттарды кезекті сессияның ашылуымен құттықтай келе, Парламенттегі саяси партияларының көбейгенін, депутаттар құрамының өзгергенін айта келе, халық қалаулыларының еліміздегі өзекті мәселелерді шешу жолында және көптеген заң жобасына бастамашылық жасап белсенді де табысты қызмет атқарып жүргеніне тоқталып, оларға алғыс айтты.
Президент өз Жолдауын Парламент сессиясының ашылуына орай жариялауының маңызын: «Себебі дәл осы сәтте және дәл осы жерде билік тармақтарының барлық өкілдері бас қосады. алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалады. Нақты тапсырмалар беріледі, жаңа міндетттер жүктеледі. Парламент, Үкімет және басқа құзырлы органдар тың қарқынмен іске кіріседі. Бір сөзбен айтсақ, мемлекеттік аппараттың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі үшін бұл іс-шара өте маңызды», – деп атап көрсетті.
Мемлекет басшысы бастамалары негізінен, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, Қазақстанның экономикасын арттырып, халқымыздың әл-ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған, олардың басым көпшілігі жүзеге асты, сонымен қатар бірқатар жұмыстар қазіргі кезде тың қарқынмен іске асырылуда. Мысалы, 2020 жылдан бастап ұстаздардың еңбекақысы 2 есе өсті, медицина қызметкерлерінің де жалақысы едәуір көтерілді. Халық зейнетақы қорындағы жинақтан бір бөлігін өз мұқтажына пайдалануға мүмкіндік берілді. Миллиондай халық баспана мәселесін оңтайлы шешіп, үйлі болуға қол жеткізді. Қазіргі уақытта «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 400-дей мектеп жаңа оқу жылында есік ашты, ауылдық жерлерде 300-ден астам денсаулық сақтау ғимараттары салынып жатыр. 2024 жылдан бастап балалардың жарқын болашағын қамтамасыз етуге бағытталған игілікті «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша олардың есепшотына қаржы түсе бастайды. Президент білім беру саласына сапалы біліммен қатар әр баланың, білім алушының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылыққа, буллингке тап болған балаларға арнап бағдалама мен психологиялық қолдау көрсететін қызметті институционалды түрде нығайту керектігіне баяндай келе, білім сапасын көтеру үшін интернет жылдамдығын көтерудің, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың ауадай қажеттілігіне тоқталды. Оқу орындарының түлектерге жұмыс ұсына алатын еңбек мекемелерімен байланыс жасап, ұзақ мерзімге әріптестік орнатуын ұсынды. Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттыра түскенін және мемлекетімізде білім саласында тұтастық, яғни жүйе жоқтығына тоқталып, сол себепті бес жастан балаларға арнап «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды.
Заңсыз берілген немесе игерілмей жатқан 8 млн жер мемлекеттің қарамағына қайтарылды. Мемлекет басшы осында игілікті шаралардың жүзеге асуының бір тетігі ауқымды саяси жаңғыру жұмыстарының тиімді де ауқымды түрде жүргізілуімен қатар билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнауының бар Президенттік Республикасы үлгісіне көшудің нәтижесі екендігін атап айтты. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыру барысында Парламенттің рөлі ерекшелігіне тоқталып, адам құқығын қорғау саласында маңызды жұмыстар атқарылып, қоғамымызда әділеттік орнауы үшін көлемді жұмыстар жүргізіліп жатыр дей келе, тек саяси реформалармен ғана шектеліп қалмай әлеуметтік-экономикалық реформаларды сабақтастыра жүргізудің қажеттілігін маңызын көрсетті. Мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтаудың маңызының зор екенін, бұл салада тың нақты іс-шаралар қажет екендігіне тоқталды.
Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті, дей келе Мемлекет басшысы еліміздегі экономиканың құрылымына қатысты реформаның басты тұстарына тоқталды. Елімізде мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру мен экономикамыз өз елімізді толық қамтамасыз ете алатындай деңгейге көтеру үшін өңдеу саласын қарқынды дамыту мен экономика әртараптандырудың қажеттілігін айтты. Еліміздегі кен өндіру мен агроғылымды дамытып, оны ауыл шаруашылығында тиімді қолдана білудің маңызы мен туризмнің елімізде экономикасын өркендетуде өз септігін тигізетін сала, сол себепті серпінді 15 ірі жоба дайындаудың керектігіне тоқталды. Қазақстан Республикасының ең ірі уран кен орны бар екендігіне байланысты Атом станциясын салу-салмау туралы даулы пікірлер бар екендігін айтып, Мемлекет басшысы 2019 жылғы уәдесі бойынша бұл мәселені референдум арқылы шешілетінін мәлімдеді. ҚР Президенті еліміздегі, жалпы Орта Азиядағы су тапшылығы – өткір мәселе, сол себепті суды үнемдеп жұмсау, суды үнемдейтін технология жүйесін енгізуді және Үкіметке су мәселесін көрші елдермен бірлесе отырып шешуді тапсырды. Еліміз үшін тағы стратегиялық маңызы зор сала – көлік-логистикасының әлеуетін толық пайдаланудың маңызы мен «құрғақ порт» салуды, Ақтау контейнер хабының құрылысын жылдамдатудың қажеттілігін, айлақ әлеуеттерін арттырсақ, жүк тасымалы 5 есе көлемде арттыру мүмкіндігіне ие болатындығымызды атап айтты.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары:

Наралиева Р.Т.,
Нұртілеуова С.Р.,
Мужигова Г.М.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек2 months ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек6 months ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек6 months ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек9 months ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек9 months ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек10 months ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Дерек10 months ago

“Бүркіт” поэмасы һәм Ақтан Бабиұлы туралы 10 дерек

22 қараша, KAZNEWS. “Бүркіт” поэмасы һәм ақын жазушы, Моңғолия өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Ақтан Бабиұлына байланысты 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз....

Басты назарда