20 қаңтар, KAZNEWS. Моңғолия Футбол федерациясы футзалдан әуесқойлар арасындағы ел біріншілігін ұйымдастыруда. Бұл жарыста Номадик Хантерс командасы ширек финалға өтті.
Жарыс 18 қаңтарда басталған болатын. 16 команда, 4 топқа бөлініп өзара чемпион атану үшін бақ сынауда.
Баян-Өлгий аймағының жастарынан құралған Номадик Хантерс командасы D тобындағы алғашқы кездесуін Сор командасымен өткізіп, 5:2 есебімен жеңіске жеткен.
Сор гоол: №17 М.Бадрах 4′, №13 Б.Анхбаяр 30′
Номадик Хантерс гоол: №6 Б.Ертіс 5′, №17 Г.Жандәулет 8′, №22 А.Ерболат 18′, №23 С.Сүйеніш 20′, №3 С.Тасқынбек 27′
Екінші кездесуінде Шонхор командасымен ойын көрсетіп 3:6 есебімен есе жіберіп алды.
Номадик Хантерс 3-6 Шонхор
Номадик Хантерс гоол: №8 Қ.Дәуренбек 7, №23 С.Сүйеніш 4 28,
Шонхор гоол: №4 А.Бат-Оргил 5’, №19 Б.Амартүвшин 8’ 10’, №6 Б.Төмөрсүх 12’, №7 Т.Отгонбат 20’, №11 Х.Гарьдбилэг 25’
Топтық кезеңнің үшінші кездесуін «Алдарын дайчид» командасымен өткізді. Бұл ойында жігітттер өз мергендіктерін танытып 14:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Бұл жетістіктері футзалдан лига ойындарына қатысуға мүмкіндік тудырып отыр.
Номадик Хантерс 14-0 Алдарын дайчид
Номадик Хантерс гоол: №6 Б.Ертіс 2’ 18’ 20’ 29’, №23 Сүйеніш 7’ 9’, №9 М.Ертіс 12’ 23’, №3 С.Тасқынбек 13’, №8 Х.Дәуренбек 16’, №22 А.Ерболат 24’ 24’ 26’, №4 А.Турар 28’
Номадик Хантерс командасы 2018 жылы құрылған.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Номадик Хантерс футболдан 2018 жылғы ел біріншілігіне алғаш рет қатысып, В тобының алғашқы турында “Сонгинохайрхан Би Форвард” командасымен кездесіп, 0:0 тең тарқасып, екінші турында “ДМЮ” командасымен кездесіп 4:1-есебімен ұтылып, үшінші турында “Даланың көк арыстандары” командасымен кездесуінде 11-2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бірақ ел біріншілігінің ширек финалында “Ховд” командасымен кездесіп, 5:0 есебімен ұтылып, ел біріншілігін аяқтаған болатын.