21 наурыз, KAZNEWS. Талын Монгол телеарнасы мен Моңғолия Жастар одағының Улаанбаатар қаласындағы Баян-Өлгий жастар бөлімшесі, Нұрбек Жырғауұлы жетекшілік ететін «Өлгейімнің өркені» мемлекеттік емес ұйымының қолдауымен «Жыл басы Наурыз – 2021» атты бағдарлама көрерменге жол тартты.
Бағдарламада қазақ халқының салт дәстүрі дәріптеліп, Моңғол халқына Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы туралы кең көлемде ақпарат берілді.
Салтанатты шара барысында Моңғолия эстрадасындағы қазақ халқынан шыққан жұлдыздар әнмен шәшу шашып, бишілер мың бұрала би биледі.
Бағдарламаның толық нұсқасын MNB телеарнасынан 2021.03.22 күні сағат 21:45-те, Талын Монгол телеарнасынан 2021.03.22-23 күндері 19:00 сағатта көре аласыздар. Әлеуметтік желісіндегі видеоны тамашалау үшін мына жерге басуыңызға болады.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ардақты ағайын!