7 маусым, KAZNEWS. Моңғолиялықтар алдағы шілде айында мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 9 күн демалатын болады.
Моңғолияның “Наадам” мейрамы 11-15 шілде аралығында аталып өтеді. Күнтізбе де көрсетілгендей 11 шілде дүйсенбіге сәйкес келіп тұр. Осылайша, 9 шілдеден бастап моңғолиялықтар бірден тоғыз күн – яғни 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17 шілдеде демалады.
