22 тамыз, KAZNEWS. 2022 жылғы 18 тамызда Моңғолияның Түркиядағы елшісі, елшілік қызметті Әзірбайжан Республикасында қоса атқарушы Г.Мөнхбаяр Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевке Сенім грамотасын тапсырды. Бұл туралы Моңғолия СІМ қызметі хабарлады.
Елші Г.Мөнхбаяр Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүхтің Президент И.Әлиевке сәлемдеме сөздерін жолдап, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай Әзірбайжан Президентін Моңғолияға сапармен келуге шақырғанын жеткізді.
Елші Моңғолия мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынастардың бұрын да көптеген салаларда дамып келе жатқанына тоқталып, алдағы уақытта сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.