30 тамыз, KAZNEWS. Моңғолия үкіметінің құрамы қалай өзгергенін инфографикадан көріңіз.
Моңғолия Премьер-министрі Л.Оюун-Эрдэнэ үкімет құрамын өзгертті, осы жылдың 30 тамызында жаңадан тағайындалған министрлер белгілі болды.
Министрлер кабинетінің құрамына 10 жаңа министр кірді, оның ішінде 9 министр Моңғолия Парламентінің депутаты лауазымындағы тұлғалар.
Моңғолия Үкімтінің құрамы Премьер-министр және 21 министрден құралады.
Премьер-министрдің орынбасары, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Құрылыс, қала құрылымдары министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және Табиғат, қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басшылары өз орнында қалды.
Жаңа тағайындаудың ішінде төрт шенеунік бұрын министр қызметін атқарғандар: Ч.Хүрэлбаатар (Экономика және даму министрі), С.Бямбацогт (Жол транспорт министрі), Д.Сарангэрэл (Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі) және Б.Чойжилсүрэн (Энергетика министрі).
Үкімет құрамында үш әйел бар.
Жаңадан құрылған Цифрлық даму, коммуникациялар министрлігінің басшысы болып Моңғолия Парламентінің депутаты Н.Учрал тағайындалды.