08 ақпан, KAZNEWS. Моңғолия Үкіметі жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл туралы Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары С.Амарсайхан мәлімдеді.
Моңғолияның Төтенше жағдайлар бас басқармасының құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды. Құтқарушы топ Улаанбаатар қаласынан таңғы сағат 04:34 -те ұшып шықты.
Топ құрамын Төтенше жағдайлар бас басқармасының орынбасар басшысы, бригада генералы Б.Ууганбаяр бастап кетті.
Түркияға аттанған топ құрамында Төтенше жағдайлар басқармасынан 25 құтқарушы, 10 медициналық көмек көрсету қызметкерлері барлығы 35 адам бар.
Топ қажетті жабдықтармен де, құтқару жұмыстарын жүргізуде көп жылдық тәжірибесі бар құтқарушылармен де жабдықталған.
Еске салсақ, дүйсенбі күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәлімет бойынша, зілзала салдарынан 2 921 адам қаза тауып, 16 мыңға жуық адам жарақат алған.
Сондай-ақ Сирияның бірнеше аймағында зардап шеккендер бар. Жер сілкінісі Ливан астанасы Бейрутта да сезілген. Сирияда қазіргі уақытта құрбандар саны 700-ден асады, 1,5 мыңға жуық адам зардап шекті.