15 маусым, KAZNEWS. Моңғолия Премьер-Министрі Л.Оюун-Эрдэнэ 26 маусым – 1 шілде аралығында Қытайға ресми іссапармен барады. Бұл туралы iToim хабарлап отыр.
Сапар барысында темір жолды қосу нүктелері, Моңғолбанкі мен Қытай Халық банкі арасындағы своп келісімін ұзарту, көмір экспортын арттыру қатарлы мәселелер талқылануы ықтимал.
Екі ел бұл сапарға толық келісіп, Сыртқы істер министрлігі дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, көмір экспорты қалыпты жүріп жатыр. Алғашқы алты айда ел бойынша 25 миллион тонна көмір экспортталса, «Эрдэнэс Тавантолгой» АҚ 11,5 миллион тонна көмір өткізіп, 1,2 миллиард доллар табыс тапқан.