17 қараша, KAZNEWS. 1 желтоқсаннан бастап Моңғолия мен Ресей арасындағы әуе рейстері қайта ашылады. Бұл туралы Interfax.ru хабарлады.
Моңғолияның Азаматтық Авиация басқармасы да бұл ақпаратты растады. Улаанбаатардан Мәскеу, Улаан-Үдэ, Иркутск, Красноярский бағыттары бойынша аптасына бір рет қатынайды.
Агенттіктің хабарлауынша Ресей Федерациясының Төтенше комиссиясының шешімі бойынша 1 желтоқсаннан бастап жүзеге асады.
Ресей азаматтық авиациясы Бангладеш, Бразилия, Моңғолия, Қырғыстан, Коста Рика, Аргентинамен халықаралық әуе қатынасын қалыпқа келтіру туралы да шешім қабылдады.
Ресей әлемнің 71 елімен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтірген.