KAZNEWS – 2020 жылғы 5 наурызда ҚР-ның Елшісі Ж.Әділбаев Моңғолия Президентінің экономика және индустрия саясаты жөніндегі кеңесшісі Ц.Эрдэнэбатпен кездесіп, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Тараптар ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен өндірісі, көлік логистикасы және авиация салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендерін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, қазақстандық өндірушілердің көрмесін және Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысын Улаанбаатарда өткізу мәселелері бойынша пікір алмасылды.