Connect with us

Спорт

Азия кубогы: Моңғолия Тәжікстан, Ауғанстан және Шығыс Тимормен бір топқа түсті

Published

on

25 мамыр, KAZNEWS. Тәжікстан астанасы Ашқабат қаласында 17 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2023 жылғы Азия кубогы чемпионатының іріктеу турниріне жеребе тартылды.

Нәтижесінде 17 жасқа дейінгі еліміздің жасөспірімдер құрамасы H-топқа түсіп, 20 жасқа дейінгі құрамамыз E-топта ойын көрсетеді.

17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Азия кубогы чемпионатының іріктеу турнирінде Тәжікстан, Ауғанстан және Шығыс Тимор құрамаларымен кездеседі. Бұл топтың матчтары 2022 жылдың 1-9 қазан күндері Тәжікстанда ойналады. Ал финалдық кезең 2023 жылы Бахрейнде өтеді.

20 жасқа дейінгі құрамасының іріктеу турнирі 10-18 қыркүйек күндері Моңғолияда өтеді. Бұл топта Моңғолия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Шри Ланка құрамалары өнер көрсетеді. Ал финалдық кезең 2023 жылы Өзбекстанда өтеді.

 

Спорт

Галбадрах Отгонцэцэгтің ізбасары Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды

Published

on

27 маусым, KAZNEWS. Моңғолия астанасы Улаанбаатар қаласында өтіп жатқан дзюдодан «Grand Slam» турнирінде Қазақстан құрамасы 4 қола жүлдеге ие болды. 

Турнирде 48 келі салмақта сынға түскен Абиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясы атынан сынға түскен Сабина Гильниязованы жеңіп, жарыстың қола жүлдесін алды. 

Бұл салмақта жапон палуаны Нацүми Цүнода жеңімпаз атанса, моңғолиялық палуан Ганбаатарын Наранцэцэг  күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, екінші қола Оңтүстік Кореялық Ли Хе-Кюүн еншісінде. 

Айта кетейік, 48 келі салмақта Қазақстан абыройын бұған дейін халықаралық жарыстарда моңғолиялық легионер Галбадрах Отгонцэцэг қорғап келген болатын. 

Ал, Абиба Әбужақыноваға келер болсақ 48 келі салмақта жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. “Grand slam” жарыстарындағы алған алғашқы жүлдесі Улаанбаатардан бұйырып отыр.

Оқи отырыңыз: Галбадрах Отгонцэцэг спорттық мансабын аяқтады 

Галбадрах Отгонцэцэг 2021 жылғы қараша айынан бастап спорттық мансабын аяқтап, елге оралған. 

Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстан командасының намысын абыроймен қорғаған легионер спортшылардың бірі болған. 

Галбадрах Отгонцэцэгтің спорттық ғұмырындағы ең ірі жеңіс – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының қола жүлдесі. 48 келіде Қазақ елінің намысын қорғаған Галбадрах екі мәрте (2017, 2018) әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, 2018 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында топ жарған.

Continue Reading

Спорт

Ақжол Қайнарұлы ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Published

on

26 маусым, KAZNEWS. 21-25 маусым күндері Улаанбаатар қаласында жасөспірімдер арасында Моңғолия чемпионаты жүріліп өтті.

60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Баян-Өлгий аймағының боксшысы Ақжол Қайнарұлы алғашқы кездесуінде Хөвсгөл аймағының былғары қолғап шебері Б.Чагданхорлооны, ширек финалда “Алдар” спорт клубының спортшысы М.Санчирдоржны, жартылай финалда Сэлэнгэ аймағының спортшысы Ч.Шинэхүүді ұтты.

Финалда Дорноговь аймағының спортшысы Э.Тэмүүлэнге есе жіберіп, ел чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Continue Reading

Спорт

AFC: Моңғолия футболшылары Йемен құрамасын жеңді

Published

on

15 маусым, KAZNEWS. 14 маусым күні футболдан Моңғолия құрамасы 2023 жылғы AFC Азия кубогының іріктеу турнирінің “В” тобының үшінші ойынында Йемен құрамасымен кездесті.

Улаанбаатар қаласындағы ойын 2:0 есебімен аяқталды. Матчтың 9 және 53 минутында Г.Ганбаярдың соққан соққысы Йемен құрамасының қақпасына тоғытылып, Моңғолия құрамасына жеңіс сыйлады.

Бұл топта Палестина құрамасы Филиппин құрамасын 4:0 есебімен ұтып, көш бастап тұр.

Continue Reading

Дерек

Моңғолия қақпасына гол соққан Геррит Хольтман туралы 10 дерек

Published

on

11 маусым, KAZNEWS. 2023 жылғы AFC Азия кубогының іріктеу турнирі “B” тобындағы ойындар жалғасуда.

Бүгін Моңғолия құрамасы өз алаңында Филиппин құрамасын қабылдап, 0:1 есебімен ұтылып қалды. 

Бундеслиганың «Бохум» клубының ойыншысы, Филиппиндік легионер Геррит Хольтман Моңғолияға қарсы өткізген матчтың 90+3 минутында гол салды.

Казньюс ақпарат агенттігі Геррит Хольман туралы қызықты деректер ұсынады.

  1. Геррит Хольтман 27 жаста, 1995 жылы 25 наурызда дүниеге келген.
  2. Германияның Бремен қаласының тумасы.
  3. Анасы филиппин, әкесі неміс.
  4. Германияның 20 жасқа дейінгі құрамасында өнер көрсеткен.
  5. Филиппин ұлттық құрамасының шақыруын қабылдап, 2023 жылғы Азия кубогы чемпионатының іріктеу турниріне қатысуда.
  6. Қазіргі азаматтығы – Филиппин.
  7. Неміс Бундеслигасының «Бохум» командасының шабуылшысы ретінде 2020 жылы 24 тамызда келісім шартқа отырған. Келісім шарты 2023 жылы 30 шілдеде аяқталады.
  8. Неміс Бундеслигасының 2021-22 маусымында «Бавария Мюнхен» командасы төменгі лигадағы «Бохум» командасынан 4:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Бұл ойында Геррит Хольтман тамаша гол соқты.
  9. Оның Аусбург қақпасына соққан голы Бундеслиганың жылдың ең үздік голы атанған.
  10. Ойыншының құны 2022 жылғы 9 маусым бойынша 4.5 млн еуро.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Дерек2 weeks ago

Ел көлемінде инфляция деңгейі 15,1%, Баян-Өлгийде 13,8% -ден асты

21 маусым, KAZNEWS. 2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға салыстырғанда жылдық инфляция 15,1 пайызды құрады. Азықтүлік өнімдері мен бензин бағасы...

Дерек2 weeks ago

Ғарышкер В.А.Жанибеков “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атанды

17 маусым, KAZNEWS. Бүгін Кеңес одағының және Моңғол Халық Республикасының батыры, ғарышкер В.А.Жанибековке “Улаанбаатар қаласының құрметті азаматы” атағы берілді, деп...

Дерек3 weeks ago

Моңғолияға келген туристер арасында саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр

15 маусым, KAZNEWS. Моңғолияға келген туристер саны жағынан Қазақстан төртінші орында тұр. 2021 жылдың қаңтар-мамыр айында Моңғолияға 8,554 турист келген...

Дерек3 weeks ago

Баян-Өлгий һәм Ховд: Қай аймақтың инвестициялық әлеуеті жоғары?

13 маусым, KAZNEWS. Баян-Өлгий мен Ховд аймағы да Моңғолияның батыс өлкесінде орналасқан. Халық саны 2021 жылғы көрсеткіш бойынша Баян-Өлгийде 112,836...

Дерек3 weeks ago

Паспорт мұқабасының түсі нені білдіреді?

Дүние жүзінде төлқұжаттардың тек төрт негізгі түсі бар. Әр елдің төлқұжат мұқабасының түсін таңдауында өзіндік себептері бар дейді Массагет. Әуежайлардағы...

Дерек3 weeks ago

Моңғолия қақпасына гол соққан Геррит Хольтман туралы 10 дерек

11 маусым, KAZNEWS. 2023 жылғы AFC Азия кубогының іріктеу турнирі “B” тобындағы ойындар жалғасуда. Бүгін Моңғолия құрамасы өз алаңында Филиппин...

Дерек3 weeks ago

Қожаға қойылған ескерткіш туралы 10 дерек

1 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында «Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкеріне ескерткіш қойылған. Казньюс ақпарат агенттігі Қожаға қойылған ескерткіш туралы...

Дерек4 weeks ago

Студенттер үйге қайта алмай жүр!

04 маусым, KAZNEWS. Жаһанда коронавирус ауруы азайып, жағдай тұрақтала бастаған соң көршілес елдердің шекарасы ашылып, барыс-келіс жандана бастаған еді. Бірақ...

Басты назарда