Connect with us

Моңғолияда

«Mobicom» ұтысынан Баян-Өлгийлік тұрғын «Suzuki Jimnу» автокөлігін ұтып алды

Published

on

14 қаңтар, KAZNEWS. Моңғолияның ұялы байланыс операторы «Mobicom» корпорациясы өткен жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Сыйлық берейік» акциясы аясында тұтынушыларға әр кұн сайын дата, бірлік, монпэй және партнерлердің баучерлерін беріп келген. Әр апта сайын ұялы телефон, робот шаңсорғыш, ауа тазартушы қатарлы сыйлықтар табыс еткен. Ал, 28 желтоқсан күні соңғы ұтыста iPhone 12 PRO ұялы телефонының 2 жеңіпазы, Suzuki Jimnу автокөлігінің 1 жеңіпазы анықталған болатын.

«Mobicom» ұтысындағы дөңгелегіне шаң жұқпаған, салоннан шыққан судай жаңа «Suzuki Jimnу»  автокөлігін Баян-Өлгий аймағының тұрғыны Сембі Қуанұлы тақымдап қайтты.

Баян-Өлгий аймағының Баяннуур ауылында тұратын Сембі Қуанұлы зейнет демалысына шыққанға дейін автотранспорт саласында үздіксіз қызмет еткен екен.

Ел көлемінде жүрілген ұтыстан жерлесімізге нарықтағы құны 64 миллион төгрөг тұратын автокөлік бұйырып отыр.

Моңғолияда

Моңғолияға 30 күннен көп уақытқа келген шетел азаматтары 48 сағат ішінде тіркеледі

Published

on

5 қаңтар, KAZNEWS. Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңға еңгізілген өзгерістер бойынша Моңғолия аумағына 30 күннен көп уақытқа келген шетелдік азаматтар 7 тәулік ішінде құзырлы мекемелерге тіркелуге тиісті реттеулер қуатсыз етілді. Енді ел аумағына 30 күннен көп уақытқа келген шетел азаматтары 48 сағат ішінде Көші қон және шетел азаматтары қызметіне тіркелуге міндетті. Бұл процедурадан онлайн өтуге болады.

Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңның өзгерістері 2021 жылғы 1 маусымда күшіне енеді.

Continue Reading

Моңғолияда

Сапа, стандартының таңдаулы адамы – Риза Мизанбай

Published

on

30 желтоқсан, KAZNEWS. Баян-Өлгий аймағының 2020 жылдың «Сапа, стандартының таңдаулы адамы» номинациясы сыйлығына Баян-Медиана компаниясына қарасты “Медиана” мейрамханасының директоры Риза Мизанбайқызы ие болды.

Бұл сыйлық аймақтық Стандарт, метрология басқармасы тарапынан Стандарттау, техникалық реттеу, сертификаттау және аккредитация туралы заң, Метрология туралы заңның орындалуына және тұтынушыларға стандарт талаптарына сай даяшылық қызмет көрсеткені үшін берілді.

Сыйлықты басқарма бастығы Өмір Құрметұлы табыс етті.

Continue Reading

Моңғолияда

Ұлттық бостандық пен тәуелсіздіктің қалпына келгеніне 109 жыл толуда

Published

on

29 желтоқсан, KAZNEWS. 1911 жылы 29 желтоқсанда 200 жыл бойы Манжурия билігінде болып келген Моңғол елі дербес Боғда (Моңғол) хандығын құрып, Боғда Живзундамбаны хан тағына отырғызады. Осылайша Моңғол халқы өз тәуелсіздігін жариялап, бес министрлікен тұратын үкімет құрып, Моңғолияның алғашқы Премьер-министріне Сайн ноён хан Намнансүрэн тағайындалды.

Боғда хан үкіметі барлық моңғолдарды біріктіретін Моңғол елін құруға ұмтылып, 1912 жылы басқа аймақтар секілді Цинь үкіметінің құрамында болып келген Қобда өлкесін азат етіп, Манж Цинь үкіметінің Қобда, Улиастай қалаларындағы өкілдігін қуып шықты.

1912 жылы шілденің 14 күні Шеруші руының Қылаң бастаған 11 билеушісі 400 отбасы атынан Боғда ханға ұсыныс хат жолдап, Моңғолия құрамына кіруге дайын екенін білдірді.

1912 жылы қарашаның 23 күні Боғда ханның жарлығы шығып Қобда өңіріндегі қазақтар Моңғолия құрамына қабылданды.

Моңғол елі 1915 жылы Қытаймен Ресей патшалығының арасындағы Хиагта келісімі бойынша автономиялық статус беріліп, 1919 жылы Қытайдың әскери басқаруында болғанымен 1921 жылы Ұлттық революция жеңіп, өз тәуелсіздігін қайта жариялаған болатын.

29 желтоқсан ел тұрғындары үшін мерекелік демалыс күні болып есептеледі.

Continue Reading

Моңғолияда

Моңғолия кириллицадан бас тартып, көне жазуын жаңғыртпақ

Published

on

26 – желтоқсан, KAZNEWS. КСРО-ның көмегіне тәуелді болған Моңғолия төл жазуынан бас тартып, 1943 жылдан бастап кириллицаға көшуге мәжбүр болған. Бұл Моңғолияны түпкі тарихынан ажыратуды көздеген сталиндік саясаттың нышаны болатын.

Қазіргі кириллицадан, латиницадан, тіпті заманауи қытай жазуынан айырмашылығы сол, көне моңғол жазуында сөздер көлденеңнен емес, тігінен – жоғарыдан төмен қарай жазылады. Моңғол жазуының түп-төркіні Таяу Шығыс тілдерінен тарайды екен. Ортағасырлық көне ұйғыр және соғды әліпбилерінен бастау алады. Тарихшылардың айтуынша көне моңғол алфавитін XIII ғасырда Найман хандығының оқымыстысы Тататунға жасаған.

Қолданыстағы кириллицадан бас тарту туралы ұсыныстар Моңғолияда 1990-шы жылдардан бері көтеріліп келеді. Әу баста латын алфавитіне көшу ұсынылды. Бірақ бастаманы қоғам да, зиялы қауым да қабылдамапты. Себебі, болмысы, бітімі, өмір салты моңғол ұлтымен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын батыстың жазуын қабылдау – тарихи сабақтастыққа балта шабу ретінде бағаланды.

Сол сияқты кириллицада қала беру де орынсыз: ол жыл өткен сайын ауырлай түскен керексіз жүк, саяси бодандықтың сарқыншағы ретінде қабылданады.

2015 жылғы ақпанда Моңғолия Парламенті – Мемлекеттік ұлы хурал «Моңғол тілі туралы» арнайы заң қабылдап, көне моңғол жазуын үйренуді міндетті етті, оны мектеп бағдарламасына енгізді. Заң сондай-ақ мемлекеттік қызметке тұратын барлық тұлғаларды көне моңғол жазуын білуді міндеттейтін талап енгізді. Жеке басты куәландыратын құжаттар осы жазбамен жазылады.

Моңғолия Президенті Х.Баттулга 2018 жылы «Моңғол тілі туралы» заңның 9.1.3 бабына сәйкес «Моңғол жазуының қолданыс аясын кеңейту» туралы жарлық шығарған. Моңғолия Үкіметі «Моңғол тілі туралы» заң, Моңғолия Президентінің жарлығы бойынша «Моңғол жазуының ұлттық бағдарламасы – III» -ын дайындаған болатын. Президент пандемиялық жағдайға байланысты барлық сатылы білім беру ұйымдарының қызметінің шектелуіне сай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, моңғол жазуын дәріптеу, үйрету, балалармен қатар ересектерге де ұлттық жазуды үйренуге құлшынысын ояту үшін телесабақ өткізуде.

Президенттің телесабығын Моңғолияның бұқаралық ақпарат құралдары мен Президенті әкімшілігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан көріп, үйренуге болады.

Бұдан бөлек, Моңғолияның заңдары мен мемлекеттік актілері міндетті түрде көне моңғол әліпбиімен қатар берілуге тиіс. Бұл заңның кейбір нормалары 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Осы арқылы моңғол елі біртіндеп, кириллица ықпалынан кетпек.

«Кириллицаны сақтап отыра берсек, біз ұлы тарихымыздың тек 80 жылдық үзіндісіне жабысып, соны ғана қолдаймыз. Ал көне моңғол жазуына көшіп, соны сақтасақ, онда мыңдаған жылдар бойғы мираспен байланысымызды қайта қалпына келтіріп, бабалармен қауышамыз», – дейді Моңғолия мемлекеттік университетінің көнемоңғол зерттеулер бөлімінің басшысы Далайн Заяабаатар.

Continue Reading
Advertisement

Бізге жазылыңыз

Сөзге тиек

Әлемде4 days ago

Түркі академиясы «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді

Халықаралық Түркі академиясы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференция өткізді. Бірқатар бауырлас...

Әлемде5 days ago

Үш партия Мәжілісте қанша мандат алды

12 қаңтар, ҚазАқпарат – ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысын шығарып, ол...

10 дерек7 days ago

Сіз қандай кітап оқисыз? #1

11 қаңтар, KAZNEWS. Казньюс ақпараттық агенттігі оқырмандар арасынан төменгі сұрақтар бойынша апта сайын жауап алып отыратын болады. Сіз қандай кітап...

Әлемде1 week ago

Қазақстанда Парламент, Қырғызстанда Президент сайлауы өтіп жатыр

10 қаңтар, KAZNEWS. Қазақстанның 9 облысы мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар...

Әлемде2 weeks ago

Қасым-Жомарт Тоқаев: Тәуелсіздік бәрінен қымбат

2021 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала жариялады Бағдар мен...

10 дерек2 weeks ago

Сиыр жылы қандай болған? 1901-2021 жылғы оқиғаларға шолу

2021 жылғы 02 қаңтар, KAZNEWS. Сиыр жылы қандай болады: Сиыр жылы халық есінде көбінесе ауыртпалық, дау- жанжал, қиындықтарымен есте қалған....

Әлемде4 weeks ago

Ақпараттық хабарлама: Құрметті сайлаушылар!

2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау...

Әлемде1 month ago

Қазақстан Республикасы: Даму және өркендеу жолында

Тәуелсіздік күніне орай  16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі, Қазақстанның Тәуелсіздік күні. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғары Кеңесі «Тәуелсіздік...

Басты назарда