14 қаңтар, KAZNEWS. Моңғолияның ұялы байланыс операторы «Mobicom» корпорациясы өткен жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Сыйлық берейік» акциясы аясында тұтынушыларға әр кұн сайын дата, бірлік, монпэй және партнерлердің баучерлерін беріп келген. Әр апта сайын ұялы телефон, робот шаңсорғыш, ауа тазартушы қатарлы сыйлықтар табыс еткен. Ал, 28 желтоқсан күні соңғы ұтыста iPhone 12 PRO ұялы телефонының 2 жеңіпазы, Suzuki Jimnу автокөлігінің 1 жеңіпазы анықталған болатын.
«Mobicom» ұтысындағы дөңгелегіне шаң жұқпаған, салоннан шыққан судай жаңа «Suzuki Jimnу» автокөлігін Баян-Өлгий аймағының тұрғыны Сембі Қуанұлы тақымдап қайтты.
Баян-Өлгий аймағының Баяннуур ауылында тұратын Сембі Қуанұлы зейнет демалысына шыққанға дейін автотранспорт саласында үздіксіз қызмет еткен екен.
Ел көлемінде жүрілген ұтыстан жерлесімізге нарықтағы құны 64 миллион төгрөг тұратын автокөлік бұйырып отыр.