Connect with us

Мәдениет

«Күлтегін» этно-фольклорлық ансамблі қазақтың көне аспаптарын насихаттап жүр

Published

on

16 қараша – KAZNEWS. Моңғолиялық «Күлтегін» этно-фольклорлық ансамблі қазақтың көнеден қалған аспаптарын қолданып, халыққа насихаттап жүр.

«Күлтегін» этно-фольклорлық ансамблі 2017 жылы құрылған. Туран Ворлд компаниясының директоры Ерболат Әшікұлы топтың бірнеше шығармасын тыңдап, топ мүшелерімен серіктесе жұмыс жүргізуге ниет білдіріп, 2018 жылдан бері компания жанына алып демеушілік жасап келеді.

«Күлтегін» этно- фольклорлық ансамблінің жетекшісі Еркінбек Мамырханұлы әңгімеге тартып көрген едік.

Топтың жетекшісі «Күлтегін», «Рухты ел» шығармаларынан кейін аудиториялары өсіп, әр түрлі іс-шараларға шақырту алып, туристік компаниялар үшін Баян-Өлгийге келген туристерге тамаша көрініс болғанын айтады.

«Күлтегін» тобы ойнап жүрген «Ер Жәнібек», «Күлтегін», «Мен қазақпын», «Ор теке» шығармаларын Еркінбек Мамырханұлы өзі жазған.

«Күлтегін» тобы күнде дайындық жұмыстарын жүргіземіз. Алайда осы еңбектің жемісін көріп отырмыз деуге әбден негіз бар.

Өнерге барыңмен берілсең – еңбегің ақталады.

«Күлтегін» тобының Дербес телеарнасы түсірген екі бейнебаяны бар. Топ құрамындағы өнерпаздар – бәрі бесаспап, яғни мультиинструменталистер. Бір шығарма ішінде топ мүшелері бірнеше аспапта ойнайды.

Топта шертер, домбыра, қыл қобыз, жетіген, дабыл аспаптары, сақпан, дарбука, мүйіз сырнай, тұяқ тас, аса таяқ, шаң қобыз, саз сырнай, сыбызғы, ор теке, шіңкілдек, су сылдырғы қатарлы аспаптарды қолданып, насихаттауда.

«Көне өнерді насихаттауға қолдау көрсетемін деген азаматтар болса мархабат.», – деп түйді Еркінбек Мамырханұлы.

Мәдениет

«Тас Маймылды» қазақша сөйлеткен дыбыс актері Бәтима Қызданаева

Published

on

Қытай елінде өмір сүрген қандасымыз, белгілі актер Бәтима Қызданаеваның өмірбаяны мен шығармашылық жетістіктері туралы мақала жарық көргенін Қазақпарат агенттігі хабарлады.

Аталған дереккөздің жазуынша, Қытайдағы қандастарымыздың арасынан шыққан білікті ұстаз, композитор, үздік дыбыс актері Бәтима Қызданаева 1936-шы жылы Тарбағатай аймағының Дөрбілжін ауданында туған. 1952-1955-ші жылдары Үрімжі ән-би ансамблінде, 1955- 1965-ші жылдары Іле Қазақ автономия облысының ән-би ансамблінде жұмыс істеген. Ал, 1965- 1980-ші жылдары Іле педагогика университетінің Өнер факультетінің оқытушысы, 1980- 1991-ші жылдары осы оқу орнының кітапханасында жұмыс істеп, зейнетке шыққан.

(Бәтима Қызданаеваның телеарнаға берген сұхбатындағы Сүн Укүңді қазақша қайталай дыбыстап берген сәті) Ол Іле Қазақ автономия облысының ән-би ансамблінде жұмыс істеген уақытында театр саханасында «Сырлы той», «Қос күрең», «Анархан» қатарлы ұйғыр, қазақ тіліндегі қойылымдарда басты рөлдерді сомдаған. Сондай-ақ, 1953 жылы түсірілген Қытайдағы тұңғыш қазақ фильмі «Қасен-Жәмила» мен 1963-ші жылы түсірілген «Тянь-Шань қызыл гүлі» киносында рөл сомдап, дыбыс актері болуымен бірге, фильмге арқау ән жазып, туындының сәтті шығуына жан-жақтылы атсалысқан. Осыдан кейін «Хаюанаттар хандығындағы ұрлық делосы» телефильмдегі панда аюды және қосымша кейіпкерлерді қазақша сәтті дыбыстайды.

Қытай жазушысы У Шынынның «Батысқа сапар» романы – дүниенің түкпір-түкпіріне кеңінен таралған ең үздік мифтік роман. Туынды алғаш рет 1967 жылы Гонконкта киноға таспаланғаннан, қазірге дейін 10-нан астам қайталай киноға түсірілген. Әсіресе, 1986-шы жылы көрермендермен жүздескен «Батысқа сапар» телефильмі, Қытай еліндегі 80-90-жылдардағы ересектер мен балалар қатар отырып, қызыға тамашалған фильмдердің бірі болған. Тіптен, 90-шы жылдары «Батысқа сапар» телефильмінің қазақша нұсқасын Қазақстанның Қытаймен шекаралас аудандарының халқы мен Моңғолия қазақтары да көрген. Өйткені, біраз жұрттың «Тас Маймылды» бізде көргенбіз» деп айтып жүргеніне куә болдық.

Ал Бәтима Қызданаеваның композиторлық қырын алып қарасақ та бір белеске көтерілген өнер жолын көреміз. Апамыз алғашқы әнін 1958 жылы Қасым Аманжоловтың «Орамал» атты өлеңіне әуен жазудан бастаған. Оның «Тянь-Шань қызыл гүлі» киносындағы «Жайлау әнін» және «Ахау Іле», «Ұялшағым» секілді көптеген әндері бар. Сонымен бірге мектеп оқушыларына арнап музыка пәнінен оқулықтар жазған. Қытайдың Шанхай секілді үлкен қаласынан оқып, үйреніп, өзінің дара талантымен, қажырлы ізденісімен осындай көл-көсір білім жинап, оны халқының рухани қазынасына үлес етіп қосқан, сан қырлы өнер иесі Бәтима Қызданаева 2013-шы жылы 5-ші қарашада 77 жасында өмірден өткен.

Continue Reading

Мәдениет

А.Мөнх-Ундрах халық әні “Ағажай Алтай”-ды шырқады

Published

on

Баян-Өлгийлік жас әнші А.Мөнх-Ундрах қазақтың халық әні “Ағажай Алтай”-ды шырқады. А.Мөнх-Ундрах бұған дейін де халық әндерінен попури орындаған болатын.

Бұл әнге бейнебаянды Дербес телеарнасы түсірген.

Continue Reading

Мәдениет

Домбырамен үйлескен ағылшын әні

Published

on

Әйгілі Rod Stewartтің – “Sailing” әнін Бай-Өлкелік дарынды Көгершіндер отбасы туристерге орындап берді. Бүркіттің дыбысы да әсер беріп тұр деп жазады блогер Нұрбол Ханағатұлы.

I am sailing, I am sailing,
home again ‘cross the sea.
I am sailing, stormy waters,
to be near you, to be free.

I am flying, I am flying,
like a bird ‘cross the sky.
I am flying, passing high clouds,
to be with you, to be free.

Can you hear me, can you hear me
thro’ the dark night, far away,
I am dying, forever crying,
to be with you, who can say.

We are sailing, we are sailing,
home again ‘cross the sea.
We are sailing stormy waters,
to be near you, to be free.

Continue Reading

Мәдениет

Түркиялық әнші Айбен Ерсой: Көзімнің қарасы

Published

on

Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойын Қазақстанмен бірге бауырлас елдер де атап өтуде. Мерейтой аясында түркиялық әнші Айбен Ерсой Абайдың “Көзімнің қарасы” әнін шырқап, клип түсірді.

 

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Әлемде2 weeks ago

Тұңғыш рет “Үркер” ұлттық журналистика сыйлығы шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа берілді

13 қараша Нұр-Сұлтан қаласында баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл «Отандастар...

Әлемде3 months ago

Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Құрметті отандастар! Құрметті Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, Үкімет мүшелері! Парламенттің кезекті сес­сия­сының жұмысы...

Әлемде3 months ago

ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ

Қымбатты достар! Биыл Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының 35 жылдық мерейтойы! Осы айтулы мерекемен Сіздерді шын жүректен...

Әлемде6 months ago

Маусымның соңында Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді

Маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады. Халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру...

Әлемде6 months ago

Мэнни Пакьяо президент сайлауына түседі

KAZNEWS – Жартылай орта салмақта WBА бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2022 жылы өтетін Филиппин президентін сайлауына үміткер болады. Дәл қазіргі...

Әлемде6 months ago

Түркия 31 елге шекарасын ашты

KAZNEWS – 20 мамырдан бастап медициналық мекемелерде емделу үшін 31 елдің азаматтарына Түркия шекарасынан өтуге рұқсат берілді. Бұл туралы Ийгл...

Әлемде6 months ago

Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды

Спутник ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанда 1 маусымнан бастап бидай, ұн және басқа азық-түлік өнімдерінің экспорты жанданады. “Төтенше жағдай аяқталып, еліміз...

Әлемде7 months ago

Ким Жон Ун қайтып келді

Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Жон Ун 20 күннен кейін алғаш рет көпшілікті қамтыған іс-шараға қатысты. Солтүстік Кореядағы орталық ақпараттық агенттігі...

Статистика

  • 88
  • 12,009
  • 204,600

Басты назарда