Орта Азия және әлемде
Қандастарға арналған 9 ақыл кеңес
Published
4 years agoon
Қадірлі қандастарым!
Мен бүгін Сіздердің үнемі маған қоятын «Қазақстанға көшу үшін не істеуім керек? Көшіп барғаннан кейін қандай қарекет етсем болады? Болашақта Қытай мен Қазақстан қатынасы қалай болады? Қазақстанға көшіп барсам Қытайдағы туыстарымнан ажырап қалмаймын ба?» деген сұрауларыңызға осы хат арқылы жауап бергім келді.
Бұл жауап Қытайдан Қазақ еліне көшіп келгісі келгендер мен елге көшіп келіп, әлі де сіңісе алмай жүргендерге арналады.
Өзімнің Атажұртқа түбегейлі қоныс аударғаныма биыл – жетінші жыл. «Баспаған жердің ойлы-шұңқыры көп» деп, осы жеті жыл барысында талай иір-қиыр жолдарды басып өттім. Құдайға шүкір, сол иір-қиыр жолдар баса келе жәйлап даңғыл жолға айналды деуге болады. Бүгінгі күнде осы елдің елімен ел, жұртымен жұрт болып кеттік. Сарыарқаның сайын даласында кең тыныстап, бала шағамызбен бақытты өмір сүріп жатырмыз.
Қазақ «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» деген. Сол айтпақшы, Қытай мен Қазақстанның өз ара ұқсамастығы толып жатыр… Қандастарымның Қазақстан қоғамына тезден сіңісіп кетуі үшін, өзімнің көрген-түйгендерімді қорытындылап, сіздер көңіл аударуға тиісті бірнеше мәселелер туралы ой бөліскенді жөн көрдім.
Алдымен, мен «Қазақстанға көшу үшін не істеуім керек? Барғаннан кейін қандай қарекет етсем болады?» деген сұрақтан бастайын.
Бірінші, Егер, сіз қазақстанға көшуге ниеттенсеңіз, «қытайда істеген кәсібімді қазақстанда сөзсіз жалғастырам!» деп жоспар құрмаңыз.
Өйткені, бұл жақтың ортасы сіз ойлағаннан мүлдем басқа. Адамдардың тұрмыс әдеті, заң-тәртібі, бәрі-бәрі ұқсамайды. Сіз бар ақшаңызға қытайдағы кәсібіңізге байланысты құрал-жабдық сатып алып қойсаңыз, бұл жақта дәл сол жұмысыңыздың жүріп кетуі екіталай. Алда-жалда ойлаған ойыңыз жүзеге аспай қалса, үлкен күйзеліске түсесіз. Бұл өзімнің және мен сияқты көптеген қандастардың басынан өткен ащы шындық. Сондықтан, елге келем деп ниеттенсеңіз, барлық дүниеңізді сатып, нақ ақшаға айналдырып, қажетті кезде суырып алатындай етіп банкке салып қойыңыз. Сосын, қытайда істеген кәсібіңізді істеуге болатыны не болмайтыны туралы елге келгеннен кейін, жата-жастана жатып, осы жердің жағдайына қаныққан соң барып шешім қабылдаңыз. Егер, тұрмысыңызда өте мұқтаждық болмаса, кәсіп істеуге өте асығып кетпегеніңіз жөн. Өйткені, ақша бір кәсіпке салынғаннан кейін, ол кәсіп сәтсіздікке ұшыраса, ақшаны қайтадан қалпын құратпай қайтарып алу мүмкін емес. Сол үшін, үш өлшеп, бір кесіп барып кәсіп бастау қажет.
Екінші, «Қазақстанға бару үшін, белгілі бір өнер үйреніп келейін» деп уақытыңызды босқа сарып етпеңіз.
Үйренгіңіз келсе, алдымен орыс тілін жақсы меңгеріп келіңіз. Қытайдан келген Қазақтар үшін орыс тілін білу – үлкен өнер. Егер, орыс тілін білмесеңіз, сіздің үйренген өнеріңіз өз құнын жоғары деңгейде сәулелендіре алмайды. Қазақстан қазақтың Отаны болғанымен, орыс тілінің ықпалынан әлі арылған жоқ. Орыс тілі Қазақстанда күнделікті қызмет тілі, адамдар арасындағы қарым-қатынас тілі, экономика, ғылым тілі. Қазақстанда орыс тілін білмесеңіз, жұмыс орайынан 50% айырыласыз. Ал қазақ тілін, қытай тілін, орыс тілін жаттық сөйлей алсаңыз, сізге кез-келген жерден жұмыс табылады. Өзіңіз жеке кәсіп істесеңіз де тасыңыз өрге домалайды.
Үшінші, Қазақстаннан Қытайға барып сізбен дос болып, «барсаң бар мәселеңді шешемін!» деп, кеудесін ұрғандарға бар үмітіңізді артпаңыз!
Керісінше, өзіңіздің ішкі дайындығыңызды күшейтіп, көшіп келгеннен кейін, құжаттық мәселелерді сол жердегі арнаулы заңды түрде делдалдық қызмет көрсететін, тұрақты орны бар аударма орталықтарына дайындатып, өз қолыңызбен қатысты органдарға тапсырыңыз. Қытайға барып дос болған Қазақстандық досыңыздың ақылын естіңіз, бірақ сызған сызығы бойынша жүрмеңіз. Қазақстан – үлкен жақтан заң салтанат құрған, мәдениетті, демократиялы, өзі жақсы кісіге мың кісілік орыны бар мемлекет.
Сондықтан бәз біреулердің Қазақстан қоғамын кері жағынан суреттеп «бәрі байланыс, ақшамен шешіледі, ешқандай әділдік, заң жоқ!» дегеніне сенбеңіз! Кез келген қоғамның күнгей жағы да, теріскей жағы да болады.
Төртінші, елге көшіп келмей тұрып немесе келе салып дереу үй сатып алмаңыз. Себебі, көшіп келмей тұрып немесе көшіп келе салып жұмыс орныңыздың қай жерден бұйыратынын білмейсіз. Егер де алда-жалда сатып алған үйіңіз бен болашақтағы жұмыс орныңыздың аралығы өте алыс болса, онда жұмыс барысында жыл бойы табаныңыздан тозып жүретін боласыз.
Сол үшін, жұмыс орныңыз тұрақтанғаннан кейін ғана асықпай, аптықпай үй сатып алыңыз. Жұмыс орныңыз тұрақтанғанша, үйді жалға алып отыруыңызға болады. «Үйдің жал ақысы қымбат екен» деп ешқашан уайымдамаңыз. Бұл жақта депозиттің жылдық сыйақысы да жоғары (банктың аманат өсімі 11-13%). Үй алатын ақшаңызды депозитке қойып қойсаңыз, депозиттың өсімімен жалға алған үйіңіздің жалақысын жаба аласыз. Жұмысыңыздың жағдайын толықтай ойластырғаннан кейін, өзіңізге тиімді болатын ыңғайлы жерден үй сатып алыңыз. Мүмкін, сізде «алда-жалда аяқ астынан үй қымбаттап кетсе қайтем»-деген сұрақ туындайтын шығар? Ол жағын уайымдамаңыз! Бүкіл әлемдік дағдарысқа байланысты, Қазақстан үш төрт жылсыз экономикалық дағдарыстан толықтай шықпайды. Сондықтан, үйдің бағасы жақынғы мезгілде белгілі деңгейде өскенмен, аяқ астынан мүлдем шарықтай қоймайды.
Бесінші, Қазақстанға келгеннен кейін, зат сатып алғанда ақшаны юанға сындырып есептеуге дағдыланбаңыз.
Себебі, бұлай істеу кейде сүйіндірсе, кейде күйіндіреді. Қазақстанда кейбір заттардың бағасы қытаймен салыстырғанда төмен болғанымен, кейбірі өте жоғары. Қытайда жоғары тұтынбайтын қарапайым адамдар жөнінен алғанда, азық-түліктің бағасы қытайдан көп арзан. Ал, қытайда жоғары тұтынып үйреніп қалғандар үшін, бұл жақтың тұтыну өресі қытайдан да жоғары болып есептеледі. Қазақстанда жалақы мөлшері салыстырмалы түрде қытайдан төмен. Егер, тапқан жалақыңды юанға сындырып есептесеңіз, ол мардымсыз ақша болып шығады. Ол кезде істеп отырған жұмысыңа қызығушылығың салқындайды. Егер, сіз жұмысты салғырт көңіл күймен керенау атқарсаңыз, бірте-бірте мүлдем жұмыссыз қалуыңыз мүмкін. Сонымен бірге, Қазақстан қоғамына сіңісуіңіз де қиындай түседі.
Сондықтан, көшіп келгеннен кейін юанды бір жола ұмытып, ел қатарлы теңгемен есеп айырысыңыз.
Алтыншы, елге келгеннен кейін, Қытайдағы атақ-даңқыңызға, байлық-мансабыңызға мас болмаңыз. Оның бәрін артта қалдырып, бәрін нөлден бастаңыз. Сіздің бұрынғы мәнсабыңыз бұнда ешкімге керек емес. Тек еңбегіңізбен өзіңіздің мықты екеніңізді дәлелдей алсаңыз ғана кез-келген құрметке лайықсыз. Егер, «Мен қытайда керемет едім, мені кім жұмысқа шақырады?» деп, өткен шағыңызға мастаннып жатсаңыз, сізді ешкім жұмысқа шақырмайды. Сіз өзіңізді «қатардағы адаммын» деген көңіл күйде ұстағанда ғана бұл қоғамға тез сіңетін боласыз. Әрі Қазақстанды Қытаймен салыстырып сын-пікір айтып, бұл жердегі қалыпты тіршілік тәртібін өзгертуге тырыспаңыз! Бұл әрекетіңіз ешқандай нәтиже бермейді. Керісінше, жағаға шығып қайраңдап қаласыз. Елге келгеннен кейін, осы елдің «жақсы жағында сүйіңіз, жаман жағына да сүйініңіз!». Осылай болғанда көңіл күйіңіз көтеріңкі жүреді. Сіздің осы қоғамға тез үйлесуіңізге ерекше септігі тиеді. Қазақстан қоғамын Қытаймен салыстырып, үнемі мақтап жүріңіз. Сіздің аузыңыздан шыққан сөзді естіген ұрпағыңыз болашақта Қазақстанның патриоты (отаншылы) болып өседі.
Жетінші, елге келгеннен кейін, мүмкіндіктің барынша жергілікті адамдармен тығыз қарым қатнас жасауға талпыныңыз. Олардың орысша сөйлегеніне түсіністікпен қарап, үйренуге тиісті артықшылықтарынан жатпай-тұрмай үлгі алыңыз. Сіздің үлкен табысқа жетуіңіз, тікелей жергілікті адамдардың қолдауына байланысты. Егер бажайлап қарасаңыз, Қытайдан келіп табысты жұмыс жасаған қандастардың барлығы жергілікті «Мықтыбектермен» қоян-қолтық жұмыс жасай білгендер.
Сегізінші, елге келгеннен кейін, өзіңіздің орысшадан көрген қорлығыңызға бола, балаңызды орыс мектебіне бермеңіз. Балаларыңыз орыс тілін Қазақ мектебінде жүріп-ақ емін-еркін сөйлей алатын болады. Өзіңіздің «ұрпағым қытай болып кетпесін»-деп, елге келгеніңізді әсте естен шығармаңыз! «Бала қай тілде оқыса, сол ұлтқа қызмет етеді» деген Ахмет Байтұрсынның даналығы әлі құндылығын жоғалтқан жоқ. Ұрпағыңызды болашақта Қазақ үшін еңбек ететін азамат етіп тәрбиелеуге тырысыңыз!
Тоғызыншы, Қазақстанның көші-қон саясатына тұрақты көңіл бөліп тұрыңыз. Мәселен, Үкімет айқындаған өңірлерге қоныстану және зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс жасайтыны жөнінде. Ол сіздің біріншіден, Қазақстанға көшіп келгеннен кейінгі жүгіңізді жеңілдетсе; екіншіден, сіздің болашақтағы тұрмысыңыздың кепілдендірілуіне көмегін тигізеді. Емделу, оқу, кәсіптену – мұның барлығы мемлекеттің көші-қон саясаты мен тығыз байланысты.
Енді «Болашақта Қытаймен Қазақстан қатнасы қалай болады? Қытайдағы туыстарымнан мүлдем қол үзіп қалмаймын ба?» деген сұраққа келсек, бұл екі мемлекет шекаралас көрші ел. Олардың экономикалық байланысы, дәлірек айтсақ, қазір балықпен судай қатынаста. Осындай байланыстағы елдердің бір-бірінен дербес өмір сүруі мүмкін емес. Біздің кейбір популистеріміз айтқандай, «Қытай коммунистік партиясы құласа, Қытай Кеңес одағы секілді парша-парша болып кетеді» деуге әлі ерте. Егер, мен білсем, ҚКП аударылып, Қытайда басқа демократиялық қоғам орнағанымен де Қытай қазіргі негізгі тұлғасын сақтап қалады. Ол бәрібір әлемдегі екінші экономикалық тұлға болып қала береді. Қазақстанмен экономикалық саяси байланысын үзбейді. Ол кезде екі ел қазіргі қатынастан да жақсы деңгейге көшуі мүмкін. Екі мемлекеттің ара қатынасын дағдарысқа әкелетін бір мәселе болса, ол Қытай билігінің Шыңжаңдағы қазақтарға болған қысымы. Егер бұл мәселе өз деңгейінде дұрыс шешілсе, Қазақстанның қытайға байланысты басқа үлкен мүдде қақтығысы жоқ. Ал қытайдың да қазақстанмен жауласып өзінің Еуропаға шығатын ең үлкен құрлық портын жабуы мүмкін емес. Сондықтан, Қазақстан мен Қытай болашақта да тығыз әріптестік қатынасын сақтайды. Осындай жағдайда, Қытайдағы туысқандарыңызды мәңгілік көре алмай қалуыңызға негіз жоқ. Қазіргі бір отбасының екіге бөлініп қалуы да уақыттық мәселе. Әлі-ақ мамыражай тірлік орнайды деп сенем.
«Қазақстан – Қазақтың бірден бір Отаны». Оны гүлдендіруге есе қосу әлемдегі иісі қазақтың борышы. Десе де бір елден, екінші елге көшіп келіп орын тебу кімге болса да оңайға соқпайды. Сондықтан, мен қандастарымның елге келгеннен кейін қиындық көрмей, қара шаңыраққа тезден бір бір уық болып шаншылуын тілеймін. Осы айтылған сөздерді ескерсеңіздер, бәрі дұрыс болды деген ойдамын.
Алла шеттегі бар Қазақты Атажұртта бас қосуға нәсіп қылсын!
Ербосын Нұрмұхан
Орта Азия және әлемде
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Published
1 month agoon
November 19, 2024Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Д.Баярхүү 2024 жылы 15 қарашада Түркістан қаласында өткен Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына байланысты шараға қатысып, сөз сөйледі.
Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрар Рысқұлов (1894-1938) Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері 1924-1925 жылдары Моңғолиядағы Коминтерннің өкілетті өкілі қызметін атқара жүріп, Моңғолияның бірінші Конституциясының бекітілуіне және Республиканың жариялануына маңызды үлес қосты.
Орта Азия және әлемде
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Published
1 month agoon
November 15, 2024Қазақстан Президентінің Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру және дамытуға бағытталған тарихи инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл жоба Моңғолия үшін спутник құруды көздейді, ол жалпы қазақстандық-моңғолдық спутниктік топтаманың құрамына кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әр тараптың спутниктерді дербес басқаруы Қазақстан мен Моңғолияға табиғи ресурстарды мониторингілеу және ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті деректерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Айрықша атап өтетін жайт — бұл Қазақстан тарихындағы қазақстандық инженерлер толық әзірлеген алғашқы экспорттық спутник болмақ. Спутник Моңғолияның қажеттіліктеріне бейімделіп, өңірлік спутниктік инфрақұрылымды нығайтады және Қазақстанның ғарыш технологиялары саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді, — деп атап өтті ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.
Қашықтықтан зондтау технологиялары екі елге де жердің жағдайын тиімдірек бақылауға, су ресурстарын басқаруға және қоршаған ортадағы өзгерістерді талдауға мүмкіндік береді. Қазақстан мен Моңғолия өздерінің техникалық құзыреттерін біріктіре отырып, экономиканың өзекті мәселелерін шешуге және тұрақты дамуды қолдауға бағытталған құралдар әзірлейді.
Жоба Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығы базасында моңғол инженерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Қазақстандық мамандар жоба барысында моңғол әріптестерін оқыту міндетін өз мойнына алып, қажетті білімнің берілуі мен кәсіби байланысты нығайтуға үлес қосады. Мұндай өзара әрекеттестік моңғол инженерлерінің біліктілігін арттырып, екі ел арасындағы ғылыми және техникалық ынтымақтастықты тереңдетеді.
Бұл жоба Қазақстан мен Моңғолияның озық технологияларды дамытуға деген ұмтылысын білдіріп, ғарыш саласы мен табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануда серіктестікке жаңа перспективалар ашады.
Орта Азия және әлемде
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Published
2 months agoon
October 25, 2024Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің шақыртуымен Моңғолияға келеді.
Aist Global телеарнасының мәліметінше, екі ел көшбасшылары сауда-экономикалық байланыстарды арттыруды және өзге де мәселелерді талқылайды.
Тараптар елдер арасында тікелей әуе рейсін ашу және жоғары жылдамдықты магистраль құрылысы мәселелерін талқылау үшін іскерлік кеңес құрмақ, – делінген ресми баспасөз парағында.
Сонымен қатар келіссөздер барысында Қазақстанның Моңғолияға экспорттайтын мұнай өнімдерінің көлемін 500 миллион долларға ұлғайту (қазір – 100 млн), «Жол картасы» және Қазақстан мен Моңғолия арасында әуе рейстерінің санын арттыру мәселелері сөз болады.
Орта Азия және әлемде
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
Published
2 months agoon
October 24, 2024Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммиті аясында Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті.
Бізге жазылыңыз
Моңғолияның ҚР-дағы Елшісі Д.Баярхүү Тұрар Рысқұловқа арналған мерейтойға қатысты
Баян-Өлгий аймағының Әкімі қызметіне Заңғар Есентайұлы тағайындалды
Тарихи келісім: Қазақстан тұңғыш рет экспортқа жер серігін шығарады
Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті
Моңғолия Президенті мен Қазақстан Республикасы Президенті келісім шартқа қол қойды
Баян-Өлгий аймағының АӨХ-ның төрағасы қызметіне Бегарыс Алданышұлы тағайындалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға келеді
Қазақстан Президенті Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен әңгімелесті
ТАҒЫЛЫМЫ ЕРЕН БІЛІМ МЕКЕНІ
1 дана КАРТОП + 1 қасық БАЛ = желке мен мойындағы ТҰЗДЫ кетіреді
СУЫҚ ТИІП АУЫРҒАНДА ЖІБЕРЕТІН 10 ҚАТЕЛІК
Калифорния мемлекеттік унивеситетінің профессоры, доктор ТАНАЙҰЛЫ ЕРТАЙ
ШҰҒЫЛ: Баян-Өлгийде коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікті тіркелді
Әуез Таштуанұлы – Моңғолиядағы қазақ ұшқышы
Заманбек Абдуллинұлы: Аптасына бір рет отын салатын пеш жасап шығардық
Үш ойғырдың басынан ел көшкенде…
«Жас қазақ» жазғы этно-лагері – бір үйдің баласындай…
Бекнұр Қалиұлының Қырғызстандағы халықаралық турнирде чемпион атанған сәті
Мен сені сүйдім – Нұрсұлтан Төлеубай
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
Қоғам қайраткері Жеңісхан Дүзелбайұлы туралы деректі фильм һәм 10 дерек
FIFA World Cup Qatar 2022 | Official Song
KOBA & NY-ZA – NE BOLDY SAGAN
Төлеген Жапарұлының “Ай хой 25” атты ән кеші өтеді
Сөзге тиек
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...
Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді
05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....
Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀
24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...
Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де
6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...
Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды
Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...
1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар
06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...
Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS
24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...
Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты
04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...