Connect with us

Орта Азия және әлемде

Оңтүстік Корея 2027 жылға қарай 300 мың шетелдік студенттерді тартуды көздейді

Published

on

22 тамыз, KAZNEWS. Оңтүстік Корея 2027 жылға қарай 300 000 шетелдік студенттің отандық университеттерде білім алуын, жоғары технологиялық салаларда жұмыс істеу дағдылары бар шетелдік жұмысшыларды алдын ала дайындауды және елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп отыр, деп хабарлады сәрсенбіде елдің Білім министрлігі.

Бұл мақсат университеттерге, бизнеске және аймақтық үкіметтерге көбірек шетелдік студенттерді тартуға және Кореядағы мансапты анықтауға көмектесуге бағытталған «Кореяда оқу жобасы -300k» бір бөлігі, деді ол.

Министрлік бұл жобаны шетелдік студенттерді тарту бойынша жаһандық бәсекелестік күшейіп жатқан кезде қолға алуды ұйғарды. Ұлыбритания 2030 жылға қарай 600 000 шетелдік студентті тарту үшін 35 миллиард фунт стерлинг (44,6 миллиард АҚШ доллары) инвестициялауды көздеп отыр, ал Франция 2027 жылға қарай 500 000 шетелдік студенттерді тарту үшін виза алу процесін жеңілдетуге тырысуда.

Жоғары технологиялық салаларда білікті шетелдік жұмысшыларды алдын ала қамтамасыз ету үшін үкімет шетелдік студенттерге арналған Global Korea Scholarship бағдарламасын кеңейтеді және шетелдік зерттеушілерді жұмысқа орналастыру үшін университеттерге қаржылық қолдауды арттырады.

Кез келген адам кез келген уақытта, кез келген жерде корей тілін үйренуі үшін үкімет корей тілінің цифрлық оқу материалдарын әзірлеп таратпақ.

https://www.koreatimes.co.kr/www/nation/2023/08/356_357173.html

Моңғолияда

Моңғолия Президенті У.Хүрэлсүх Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті

Published

on

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх бүгін Әзербайжан астанасы Бакуде басталатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясына қатысушылардың 29-шы конференциясы барысында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.

Ең әуелі Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх өз елінде Біріккен Ұлттар Ұйымының ірі іс-шарасын сәтті ұйымдастырғаны үшін құттықтап, сәттілік тіледі.

Кездесу барысында Мемлекет басшылары Моңғолия мен Әзербайжан арасындағы достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық саяси салада белсенді дамып келе жатқанын атап өтіп, оларды өзара мүдделі барлық салаларда кеңейту және дамыту қажеттігін атап өтті.

Осы тұрғыда жақын арада екі ел арасында жоғары деңгейдегі сапарды жүзеге асыру және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың негізін нығайту келісілді.

Сонымен қатар, олар моңғол-әзербайжан қарым-қатынастарын экономикалық мазмұнмен байыту және инвестицияларды ұлғайту, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, білім беру салаларында тиімді ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ климаттың өзгеруі мен шөлейттену сияқты жаһандық проблемаларды еңсеруге екі елдің бірлескен үлесі талқыланып, халықаралық қатынастардың кейбір мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

Published

on

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақы­тыңыздың тығыздығына қара­мастан «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беруге келіскеніңіз үшін риза­шылығымызды білдіреміз. Сіздің қоғамды толғандыратын мәселелер туралы пікіріңіз қазақ баспасөзі үшін өте маңызды. Сондық­тан түрлі тақырыпта өзіңізбен ашық әңгіме өрбіткіміз келеді. Өткен жыл несімен есіңізде қалды?

– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мей­рамымен құттықтаймын!

2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық. Конституциялық Сот жұмысын бастады. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайладық. Ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасты. Былтыр 700-ге жуық ауыл әкімі сайланды.

Біз әділ және бәсекелі экономика жүйесін құруға кірістік. Экономиканы әртараптандыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаңғырту, бизнесті қолдау, инвестиция тарту жұмыстарымен мықтап айналыстық. Әлеуметтік салада қордаланып қалған мәселелер біртіндеп шешіле бастады. Еліміздің түкпір-түкпірінде білім ошақтары, оның ішінде, «жайлы мектептер» бой көтеруде. Ауылдарда денсаулық сақтау нысандары салынып жатыр. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға кешенді түрде қол­дау көрсету үшін Әлеуметтік кодекс қабылданды. Зиянды еңбек жағ­дайында жұмыс істейтін азамат­тар үшін арнайы төлемақы енгі­зіл­ді. Табиғатты қорғауға жауапты ме­ке­мелердің қызметкерлеріне олар­дың өмірі мен денсаулығына төне­тін қауіп-қатерге қатысты үстеме­ақы төленетін болды. Медицина қыз­мет­керлерінің, мектепте, колледж­де және балабақшада жұмыс істейтін педагогтердің жалақысы өсті. Ұлттық қордан балаларға қаржы беру мәселесін реттейтін заң күшіне енді. Негізгі экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде инфляция деңгейін ескере отырып ең төменгі жалақыны анықтайтын әдістеме қабылданды.

Осы жұмыстың бәрі 2024 жылы да жалғасады. Біз тиянақты және жоспарлы әрекет жасаймыз, мақсатқа жету үшін үздіксіз алға ұмтыламыз. Бұл – айрықша маңызды жыл болмақ. Өйткені осы кезең еліміздің алдағы бес жылдағы дамуына негіз болады.

Сұхбаттың жалғасын толық оқу үшін сайтқа өтіңіз.

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

“Mecenat.kz” әдеби байқауының III мауысымына романдарды қабылдау басталды

Published

on

“Mecenat.kz” әдеби байқауының III мауысымына романдарды қабылдау басталды. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 14-сәуіріне дейін жалғасады.

“Mecenat.kz” әдеби байқауы ІІІ маусымын ашық деп жариялап, өтінімдерді қабылдауды бастады. Қазақстан туралы қазақ немесе орыс тілінде жазылған шығармалар қабылданады. Байқауға қатысатын романның көлемі – бос орындармен есептегенде 150 000 белгіден бастап, 300 000 белгіге дейін болуы шарт. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 14-Сәуір күні, сағат 15:00-де (Астана уақытымен) аяқталады.

Байқау ережесіне басқа да өзгерістер енгізілген. Байқауға қатысушы өтінімді дұрыс, талапқа сай қылып ұсынуы тиіс екенін, өтінімде қандайда бір қателік болса, қатысушы өзі жауап беретінін ұйымдастырушылар ескертеді. Байқаудың ережелеріне сай келмейтін, ережені бұзған қолжазбалар байқаудың кез-келген кезеңінде шеттетіледі.

Байқаудың жалғыз жеңімпазы болады және ол өмір бойына айына 500 АҚШ долларын алып отырады.

Байқау шарттарымен https://mecenatkz.com/ сайтынан таныса аласыздар!

Идея авторы және жобаның ұйымдастырушысы
Ерлан Асқарбеков
Жоба меценаты – қазақстандық финансист Тимур Турлов

Continue Reading

Орта Азия және әлемде

Қазақстан мен Моңғолия Президенттері келіссөз жүргізді

Published

on

20 қыркүйек, KAZNEWS. Қазақстан Республикасының Қасым-Жомарт Тоқаев пен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен келіссөз жүргізді.

Келіссөз барысында:

✔️Мемлекет басшылары Қазақстан мен Моңғолия арасындағы тығыз әрі дәстүрлі достық қарым-қатынасты атап өтті.

✔️Президенттер екіжақты байланыстарды стратегиялық серіктестік деңгейіне дейін кеңейту мүмкіндігіне назар аударды.

✔️Сауда-экономикалық ықпалдастыққа тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырып, Қазақстан мен Моңғолияның Іскерлік кеңесін құру қажет екенін айтты.

Кездесу соңында президенттер жақын арада бір-бірінің еліне сапармен бару мүмкіндігін талқылады.

Continue Reading
Advertisement

Сөзге тиек

Дерек1 year ago

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжаттарқа қол қойылды, деп хабарлайды qazradio.fm Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркі мемлекеттері ұйымының...

Дерек1 year ago

Айдағы Үндістанның станциясы «ұйқы» режиміне көшеді

05 қыркүйек, KAZNEWS. Айдың бетінде күн батып, түн басталған кезде Үндістанның қондырғыш станциясы мен өздігінен жүретін станциялары «ұйқы» режиміне көшеді....

Дерек1 year ago

Кристиан Бэйл батыс Моңғолияға саяхаттады. #Бэтмэн😀

24 шілде, KAZNEWS. Жоғарғы суреттегі азамат әйгілі актер Кристиан Бэйл. Ол шілде айында батыс Моңғолияда саяхаттап, көшпенділердің салт дәстүрімен танысып...

Дерек2 years ago

Футзалдан ел біріншілігіне қатысқан футболшылардың орташа жасы – 23 де

6 сәуір, KAZNEWS. Моңғолия Президентінің қолдауымен Дорноговь аймағының Сайншанд қаласында ұйымдастырылған футзалдан 21 аймақтар арасындағы «Ұлттық кубок-2023» ел біріншілігі аяқталды. ...

Дерек2 years ago

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды

Ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялады. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген. Ерекше ілбісті...

Дерек2 years ago

1903-2023 жыл аралығындағы қоян жылында есте қалған оқиғалар

06 қаңтар, KAZNEWS. Қоян жылы– барыс жылынан соң, ұлу жылынан бұрын келетін мүшел есебінің төртінші жылы. Қоян қазақтың шаруашылық тарихында...

Дерек2 years ago

Жылдың үздік 10 оқиғасы – KAZNEWS

24 желтоқсан. KAZNEWS ақпараттық агенттігі жыл сайын «Жылдың үздік 10 оқиғасын» анықтауды дәстүрге айналдырған. Агенттіктің көзқарасы бойынша 2022 жылдың үздік...

Дерек2 years ago

Тұрды Төлекенұлы туралы деректі фильм жарыққа шықты

04 желтоқсан, KAZNEWS. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қобда беті қазақтары (Монғолия) арасынан мемлекеттік лауазым атқарған алғашқы қайраткерлердің бірі Тұрды...

Басты назарда