15 қараша – KAZNEWS. 2020 жылғы Халықаралық фотофестиваліне әлемнің түпкір-түпкірінен 13 мыңға жуық кәсіби фотограф өз туындыларын келтірген. Фотофестиваль 13 аталым бойынша өткен.
Аталмыш фотофестивалда үздік атанған Моңғолия туралы екі фотоны назарларыңызға ұсынамыз.
Бүркітшілер (Туризм жанры бойынша жыл үздігі)
Бүркітшілер арасында қолында сұңқар ұстаған жас өспірім Сагсай сұмындық 9 жасар Бақытбол Байболатұлы.
Көнеден қалған өнердің мұрагерлері. Көптеген ғасырлар бойы олар бүркітпен қыстың қақаған аязына қарамай олжасын аулап келгені адам және жабайы жануарлар арасындағы байланыстың ерекше бір көрінісі деуге болады. Батыс Моңғолияның Алтай таулауларында орналасқан Баян-Өлгий аймағында 250 бүркітші тіркелген. Олар бүркітпен аң аулап көнеден келе жатқан саятшылық салт дәстүрін ұмытпай, сақтап келеді. Бүркітпен көбінесе таудың қызыл түлкісі мен қарсақтарды аулайды.
Цаатан халқы: Олар құрбандар ма, әлде кінәлілер ма? (Ақпараттық құрал және қоршаған орта жанры бойынша жыл үздігі)
Қазіргі мәлімет бойынша қырыққа жуық цаатан отбасы бар. Климаттық өзгеруінен және Тайгада Моңғолияның табиғат қорғау және экологиялық әсерден қорғау туралы заңнаманың жеткіліксіздігі олардың дәстүрлі өмір салтына қауіп төндіріп тұр.
Дүниежүзінде табиғи ресурстарды пайдалану, олардың тұрақтылығы арасындағы қайшылық байқалғаны соншалық, цаатандықтар осы шалғай аймақта тұрудан үрейленеді.